Саяси элитаның қалыптасуы мен дамуы


Slide 1

Саяси элита

Дайындаған:Ғабитжанұлы рИШАД

Slide 2

Жоспар:

1. Саяси элита түсінігі мен негізгі қызметі.

2. Саяси элитаның қалыптасуы мен дамуы.

3. Саяси жетекшілік.

Slide 3

“Элита” термины француздың elite деген сөзінен шыққан, сұрыпталған іріктелген, таңдалған деген мағынаны білдіреді. XVIII ғ . бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. ХХ ғасырдан бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді.

Slide 4

Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б. з. б. 551-479) адамдарды асыл азаматтарға (билеуші элитаға) төменгі (қарапайым) адамдарға бөлді. Платон билеуші - философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпкерлерге ажыратты. Алайда элиталық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде ХХ ғ. басында италия ғалымдары Г. Моска, В. Паретто, неміс Р. Михельс және т. б. қалыптастырды.

Slide 5

Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын “Саяси ғылым негіздері” (1896) деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарушыларға бөлінеді деді. Оған ұйытқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені(мәртебені жатқызады. Осы үш қасиет, оның ойынша, адамға басқарушылар (элита) қатарына кіруге есік ашады.

Slide 6

“Элита”терминін ғылыми айналымға енгізген Вальфредо Парето (1848-1923) . “Жалпыға” бірдей социология трактатында (1916) ол “элиталардың айналу” теориясын жасады. Ол бойынша элита билік басында алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, дейді олар бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып қоғамды алға жылжытып отырады.

Slide 7

Роберт Михельс (1876-1936) “Саяси партиялар, демократияның олигархиялық үрдістері туралы очерк” (1911) деген еңбегінде “олигархияның темірдей заңын” шығарды. Оның ойынша, бұқара халықтың өзін-өзі ұйымдастыруға және басқаруға қабілеті жетпейді. . Парламенттік демократия жағдайында кейбіреулер жұртшылықтың қолдауына ие болды. Сөйтіп кәсіби дайындалған адамдардан тұратын басқару аппаратыпайда болады. Ол көпшілікпен біртіндеп алшақтайды, қоғамның қарапайым мүшелеріне өздерін қарсы қояды. Соның нәтижесінде билікті өз қолдарынаншығармай, сақтап қалуға тырысатын томаға-тұйық дөңгелек, шеңбер пайда болады. Мұнда ат төбеліндей байлар саяси және экономикалық байлар саяси және экономикалық билікке ие болады. Халықтың егемендігі, билігі дегеннің бәрі бос қиял. ”Огархияның темірдей заңы “ осы дейді. . Р. Михельс.

Slide 8

Американың саясаттанушысы Райт Миллс (1916-1962) “Билеуші элита” атты еңбегінде АҚШ-тың ХХ ғ ортасындағы элитасына талдау жасайды. Ол элитаны мәртебелер және стратегиялық рөлдер атқаратын топ деп анықтайды. Оның ойынша қоғам үшін ең маңызды рөл атқаратын саяси, экономикалық және әскери институттар. Соған орай билік элитасын мемлекет, корпорациялар және әскери басшылар құрайды.

Slide 9

Франция саясаттанушысы Р. Ж. Шварценбергер “Абсолюттік құқық” деген еңбегінде қазіргі элитаны жабық каста ретінде сипаттайды. Францияда ол саясаткерлерден, жоғары әкімшіліктерден және іскер адамдардан тұратын биліктің үшбұрышын құрайды. Олар үкіметті қалыптастырады, мемлекетті билейді, ірі коорпорациялар мен банктерді басқарады.

Slide 10

Сонда қоғамда саяси элитаны тудыратын факторлар қандай?

Оларға мыналар жатады:

қоғамға арнайы білімі, тәжірбиесі қабілеті бар кәсіби басқарушылар керек;

адамдардың психологиялық (туа біткен) және әлеуметтік (оқу тәрбие, барысында қолы жеткен) теңсіздіктері;

қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырады;

бұқара халықты саяси енжарлығы, селқостығы (күнделікті өмірде әркім саясаттан шалғай өз жұмысымен айналысады. ) .

Slide 11

Саяси элита стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді, өз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдында қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бақылау жасайды. Сонымен саяси элита деп қазына-байлықты, қаржы қаражатты бөлуге байланысты және т. б. Саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мәртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады.

Slide 12

Қазіргі саясаттану ғылымында білімнің элитология деген арнайы саласы бар. Ол элиталардың қалыптасу жағдайын, оның қағамдағы рөлін, әлеуметтік-саяси процестерге ықпал ету әдіс-тәсілдерін және т. б. зерттейді.

Slide 13

Саяси элиталарды қалыптастырудың, жоғары лауазымды қызметке іріктеп алудың 2 түрі бар: антрепренерлық және гильдия жүйесі. Антрепренерлық түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабілетібасты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына, кәсібіне, біліміне, мамандығына, т. с. с. Онша мән берілмейді. Ол ең алдымен өзінің тапқырлығын, жасампаздығын, белсенділігін көрсете білу қажет. Мысалы, АҚШ -та актер болған Рональд Рейган да президенттікке сайланды. Элитаны қалыптастырудың бұл түрі өзінің ашықтығымен, демократиялылығымен, үміткерге қойылатын шектеулердің аздығымен сипатталады. Сондықтан тұрақты демократиялық елдерде бұл тү кең тараған.

Slide 14

Саяси элиталарға сұрыптаудың мұндай түрінің кемшілігі - саясатқа сырттай жағымды көрінгенімен шын мәнінде кездейсоқ, принципсіз, ұрыншақ, авантюрист адамдардың билікбасына келуі. Ондай адамдардың іс-әрекетін болжап, пішіп болмайды. Сондықтан қоғам өмірінде дау-жанжалдар, саяси шиеленістердің мүмкіндігі көбейеді.

Slide 15

Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяуболса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады. Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т. с. с. жатуы мүмкін. Талапкерлер белгілі бір таптың, топтың, тектің, партияның мүшелерінің арасынан шығуы керек. Сондықтан билік басына таңдаудың бұл түрі жабық болып саналады. Гильдия жүйесі бәсекелестікке жол бермейді, билеушіні тұйық қоғамдық топтан іріктеп алатын, кертартпа тұр. Оның артықшылығы-- саясаткерлердің болашақ іс- әрекетін алдын-ала болжауға, соған орай шара қолдануға болады. Билеуші элитаның арасында дау-жанжалдардың мүмкіндігін кемітеді. Осындай жүйенің бір түріне бұрынғы социалистік елдерде кең тараған номенклатуралық элита жатады.

Slide 16

Қалай болғанда да қоғам саяси элитасыз, кәсіби маманданған басқарушыларсыз өз қызметін толық атқара алмайды. Орыс филосовы Н. А. Бердяев қоғамның даму деңгейі мен саяси элитасанының арасында өзара байланыс барлығын ашып, “элита коэфицентін” шығарды. Ол жоғары зерделі, зияткерлік бөлігінің халықтың жалпы сауатты санымен салыстырғанда бір пайызын құраса, ол қоғам өмірін тоқырауға әкеледі. Ал элитаның коэфиценті 5 пайыздан асса, қоғам дамуының жоғары мүмкіндігі барлығын айғақтайды дейді ғалым.

Slide 17

Саяси элита әр түрлі келеді. Сондықтан ол жіктеледі, топтастырылады. Билікке иелігіне қарай басқарушы және оппозициялық элита деп бөлінеді. Басқарушы элита деп мемлекеттік билікке ие, маңызды саяси шешімдерді қабылдаушыларды айтады. Олардың қатарына ене алмай қалған, бірақ сол үшін күрес жүргізетіндер билік басындағылардың іс-әрекетін сынап, олқылықтарын тауып, қателіктерін көрсетеді. Оларды оппозициялық немесе контрэлита деп атайды.

Slide 18

Саяси элитаның жаңару, қайта жасақталу тәсіліне сай ашық және жабық элита деп бөлінеді. Ашық элиталарда барлық әлеуметтік топ өкілдеріне есік ашық. Жабық элитада ол белгілі бір таптан тектен шыққандармен ғана толықтырылады.

Slide 19

Индия саясаттанушысы П. Шарин билік ету қорына байланысты элитаны дәстүрлі және қазіргі деп бөледі. Дәстүрлі элитаға дін, салт, жол-жораға байланысты бөлінуді кіргізеді. Оған жоғары дін басыларын, ақсүйектерді, дамып келе жатқан елдердегі әскери басшыларды жатқызады.

Slide 20

Қазіргі элитаға, заңға, формалды ережелерге сүйенушілерге жатқызып, оларды өз кезегінде 4 топқа бөледі:

билік құрылымдарын басқаратын, маңызды шешімдер қабылдайтын жоғары элита;

мемлекет қызметкерлерінің жоғары жігін (министрліктер, ведомствалар, комитеттер басшылары) құрайтын әкімшілік элита;

белгілі бір табысы, кәсіби мәртебесі және білімі бар адамдар(жоғарықызметкерлер, менеджерлер, ғалымдар, зияткерлер) ;

жоғарыда көрсетілген үш көрсеткіштің (табысы, кәсіби мәртебесі, білімі) біреуі немесе екеуі жетіспейтін аралық (маргинарлық) жағдайдағы адамдар.

Slide 21

Қоғамның толыққанды өркендеп, қарқынды дамуы үшін элитамен кереғарлыққа келіп, күреспей, қудаламай, шектеулер қойып, шеңберін тарылтпай, зиялы зерделі қауымның, дарынды тұлғалардың өзін-өзі көрсетіп, халыққа, еліне қызмет етуіне жағдай жасап, сапасын арттыра түскен абзал. Біздің Қазақстандағы элитаға келсек, еліміз егемендігін алғанымен билеуші топ онша өзгере қойған жоқ. Олардың көбі Кеңес Одағы кезінде номенклатуралық қызметтер атқарып, коммунистік партия ыдырағанна кейін мемлекеттік институттарға (Президент, Үкімет әкімшілігіне) қызметке көшті. 1993 жылғы конституция бойынша биліктің 3 тармағы тең делінді. Алайда шын мәнінде билік атқарушы органның қолына тиді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы Президенттік билікті бекітіп, атқарушы биліктің мәртебесін арттыра түсті. Жекешелендіру кезінде халықтың еңбегімен жасалған мүлікке ие болды.

Slide 22

Қазақстан қазіргі элитасына кімдер жатады десек, оған Президент аппаратының құрамы (Президент, оның әкімшілігінің бастығы, орынбасарлары, дипломатиялық элита кіреді. Олардың арасында тиімді несиелер алып, бизнеспен айналысып, байығандар баршылық. . Олар қаржа-қаражат, экономикалық қорлар, қажетті мағлұматтарға иелік етеді. Аймақтық элитаға облыс әкімдері жатады.

Slide 23

Билеуші элитаға тарту, оларды жаңғырту мәселесіне келсек, жоғары басшыларға берілген немесе солардың балаларымен толығуда. Олар орындарынан босатылса, келесі лауазымды орынға отырады. Соның салдарына ол “ сырттан келетін” адамдарға жабық элитаға айналды. Шынайы көппартиялық болмаған соң, саяси билікке олардың ықпалы шамалы. Сыбайлас жемқорлықтың саны көбеюде. Билік басындағылардың көбі өз күнін күйттеп, жалпы халықтың жағдайы төмендеп, жұмыссыздық белең алуда.

Slide 24

Мұндай жағдайды болдырмай, тығырықтан шығу, саяси элитаның саны мен сапасын көтеру үшін оларды ашық, жариялылық жағдайында, зерделі, білімді, білікті, еліне, халқына шынайы жаны ашып, қызмет ететін азаматтардан таңдаған жөн.

Slide 25

Саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың (лидер), серкелердің орны ерекше. Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл атаудың мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси топ бастаушыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды да жатқызып жүр.

Slide 26

Саяси жетекшіліктің, топ бастарлықтың (лидерліктің) табиғатын, сыр-сипатын ғалымдар ерте заманнан ақ білгілері келген. Солардың ішінде ерекше көзге түсетін Н. Макиавеллидің “Патша” деген еңбегіндегі тиімді басшылық.

Slide 27

Ол басшы мен бағынушының өзара қатынасына негізделген мынадай төрт ережеден тұрады:

басшының билігі оны жақтаушылардың қолдауына сүйенеді;

бағынушылар өз басшысынан нені күтеді және өз кезегінде басшы олардан нені күтуі мүмкін - соны білулері керек;

топ бастаушының қандай жағдай болмасын аман қаларлық қайрат-жігері, қабілеті болуға тиіс;

басқарушы өз жақтастарына даналық пен әділеттіліктің үлгісі болуы керек.

Slide 28
Ұқсас жұмыстар
Саяси элита және саяси көшбасшылық
Саяси элита және оның түсінігі
Саяси элита
Қазақстанның саяси элитасы
СӨЖ САЯСИ РЕЖИМДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ
Билік
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК
Саяси партиялары
Саясат субьектілері
Саяси көшбасшылар мен саяси элита
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz