БЕЙІНДІК ОҚЫТУ




Презентация қосу
СӨЖ
Тақырыбы: ҚР жалпыға білім беру
мемлекеттік стандарттарына шолу

Тексерген: Амирова А.
Орындаған: Нұрлан А.Н.
1 курс 3 жылдық
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандарты. Орта жалпы білім.
Негізгі ережелер.
• Стандартқа 12 жылдық орта жалпы білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жалпы
ережесі енгізілген. Стандартта орта жалпы білім беру
мазмұнының міндетті минимумына қойылатын
талаптар, оқу процесін ұйымдастыру нормалары
және күтілетін нәтиже реттелген.
• Құжат барлық типтегі білім беру ұйымдарының
жетекшілері мен педагогтарына, білім беруді басқару
органдарының қызметкерлеріне, ата-аналар
қауымына арналған.
КІРІСПЕ
• Қазақстан Республикасының 12 жылдық оқыту мерзімімен мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандартын әзірлеудің негізінде мынадай түбегейлі жаңа
тұжырымдамалық негіздер жатыр:
• - мектеп бітірушілердің тұлғалық сапалары ретінде құзыреттіліктер түріндегі
күтілетін нәтижелерді анықтау арқылы білім беру жүйесінің «шығуын» реттеу;
• - мектептік білім берудің түрлі деңгейлеріндегі тұлғаның даму дәйектілігін
сипаттайтын оқытудан күтілетін нәтижелердің көпдеңгейлі жүйесін құру;
• - оқудың рөлiн «дайын білімдерді алушы» баяу оқушыдан танымдық процестің
белсенді субъектісі бола алатын оқушыға ауысуын көздейтін бiлiм берудiң негізгі
процесі ретінде күшейту;
• - негізгі құзыреттіліктерді, білімдерді, біліктер мен дағдыларды меңгеру жөніндегі
оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейлерін анықтау негізінде білім беру жүйесі
мен мектептің, оқушылардың даму динамикасын бақылауға бағдарланған
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін енгізу;
• - жоғарғы мектепте бейіндік оқытуды енгізуге негізделген білім беру мазмұнының
тұлғалық бағдары мен вариативтілігі;
• - педагогикалық саралау мен бейіндендіру негізінде оқушылардың оқыту
процесiндегi жеке білім алу траекториялары бойынша табысты әлеуметтенуін
қамтамасыз ету;
• - жалпы орта білім берудің құрылымы мен мазмұнының білім берудің әрбір
сатысындағы психологиялық-физиологиялық және жас ерекшеліктеріне,
мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкестігі
ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
– Осы стандарт:
• білім беру салалары бойынша бiлiм, бiлiк, дағдыларды
қалыптасқан негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін
нәтижелер ретінде нақтылайтын жалпы орта білім берудің
мақсаттары мен міндеттерін анықтайды;
• Оқушылар мен тәрбиеленушiлердiң оқу жүктемесінің көлемі
мен оқу жетістіктерінің деңгейлерін белгілейді;
• жалпы алғанда еліміздің білім беру жүйесінің, мұғалімнің,
оқушының дамуын және өзіндік дамуын, білім беру процесінің
ұйымдастырылуын реттейді.
• Стандарт:
• білім сапасын бақылаудың ережелері мен рәсімдеріне;
• білім беру процесін қамтамасыз етуге (оның ішінде
кадрлық, материалдық-техникалық, оқу-зертханалық,
ақпараттық-әдістемелік) қойылатын талаптарды анықтайды
Стандартты қолдану мынадай мақсаттарға жетуді
көздейді:
• білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету;
• елiмiздiң білім беру жүйесін қазақстан мектебiнiң ең жақсы дәстүрiн сақтай және
әлемдiк тенденцияларды ескере отырып дамыту;
• жалпы орта білім беру құрылымының жас кезеңдеріне сәйкестігі;
• ерекше білім берудi қажет ететiн балаларды жалпы білім беру процесіне енгізу;
• білім сапасын қалыптасқан негізгі құзыреттіліктер түрiндегi білім беру
нәтижелерiн енгiзу есебінен арттыру және оқушының, педагогтың, білім беру
ұйымдарының қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін құру; жалпы орта білім беру
саласындағы білім беру процесінің барлық субъектілерінің міндеттерін сақтау
мен құқықтарын қамтамасыз ету;
• балалардың дене және психологиялық денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету
және жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, оның ішінде оқушының қосымша білім
алудағы сұраныстарын қанағаттандыруға қолайлы жағдай жасау;
• ұйымдардың типтері мен түрлерінің көптүрлігі жағдайында бастауыш, негізгі орта
және жалпы орта білім берудің баламалылығын қамтамасыз ету;
• жалпы орта білімді қаржыландыруға бөлінген мемлекеттік бюджеттің
қаражаттарын ұтымды және тиімді пайдалану
Стандарттың мынадай
талаптары:
• оқу пәндері бойынша білім беру бағдарламаларын
әзірлеу;
• елiмiздiң жалпы орта бiлiм беру ұйымдарының
меншік нысандарына, түрлері мен типтеріне
қарамастан, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру;
• жалпы орта білім беру жүйесіне арналған оқулықтар
мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу;
• білім беру ұйымдарын қаржыландыру;
• жалпы орта білім беру ұйымдарын мемлекеттiк
аттестациялау;
• білім берудің барлық сатыларында білім сапасына
мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру міндетті
болып табылады
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
• Осы стандартты әзірлеу төмендегi нормативтік-
құқықтық және тұжырымдамалық құжаттарға
негізделген:
• - Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
• -Қазақстан Республикасының «Қазақстан
Республикасындағы тілдер туралы» Заңы;
• - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы;
• - «Білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті
стандарттарын әзірлеудің, бекітудің және қолданылу
мерзімдерінің тәртібі туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 1290 қаулысы.
Пәндер бойынша бiлiм беру және
оқу бағдарламалары
– оқу пәндерiн оқытудың мақсаттары мен мiндеттерiн;
– оқу пәндерi бойынша оқытудың жоспарланған
нәтижелерiн;
– оқу пәнiнiң базалық мазмұнын;
– құзыреттiлiктердi қалыптастыруға бағдарланған
тапсырмалар жүйесiн;
– пәндер бойынша оқу жетiстiктерiнiң деңгейiн бағалау
жүйесiн;
– оқу пәндерi бойынша бiлiм беру процесiн ұйымдамтыру
және iске асыру жағдайларына қойылатын талаптарды:
• бiлiм беру технологияларын;
• материалдық-техникалық жабдықталуын анықтауы
тиiс
ҰЛТТЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ
МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

• Жалпы ұлттық деңгейдегі жалпы орта білім берудің басты мақсаты: Қазақстан
Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға
дайын, құзыреттi тұлғаның қалыптасуына ықпал ету.
• Жалпы орта білім берудің негізгі міндеттері әрбір оқушыға мынадай мүмкіндіктердің
жасалуын көздейді:
• жеке және қоғам өміріне қажетті әрi қарай кәсiби білім алуы мен жұмысқа
орналасуының негізі ретінде сапалы білім алу;
• өзінің білім алу қызметiн тиімді жоспарлау, ұйымдастыру, білімдерді меңгеруде өз іс-
әрекеттерінің рефлексиясын жүзеге асыру және талдау;
• түрлі өмірлік жағдаяттарда өз бетімен шешім қабылдау және әрекет жасау, өз
тұжырымдарын дәйектеу және айналадағылармен өзара қарым-қатынас орнату,
орын алып отырған әлеуметтік жағдайларға баға беру;
• қазақтың және әлемдік мәдени мұралардың негіздерін білу, өзінің бірегей
мәдениеттілігін дамыту;
• Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен міндеттерін білу және сақтау,
елдің мемлекеттік жүйесін түсіну және бағалау;
• ұлтына, діни нанымына, мәртебесіне, жынысына және т.б. қарамастан, өзге мәдени
түсінікке төзімділік таныту, олардың өзге көзқарастағы, ұстанымдағы өкілдерімен
құндылықты-саналы ынтымақтастыққа дайын болу;
• мәдени және шығармашылық істерге қатысу, және тұлға мен қоғамды
қалыптастыратын мәдениеттiң маңызды тұстары мен аспектілерін түсіне және
бағалай білу.
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

• Жалпы орта білім беру Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру
жүйесіндегі білім беру деңгейлерінің бірі болып табылады және 6
жастан бастап оқыту мен тәрбиелеудің ұйымдасқан жүйесін көрсетеді.
• Жалпы орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделінің негізінде
кіші мектеп жасы, орта мектеп жасы, жоғары мектеп жасы сияқты жас
кезеңдеріне тән жетекші іс-әрекеттер түрлерінің типологиясы болып
табылатын негізгі мазмұн және жеке тұлға дамуын кезеңге бөлу
жатыр.
• Жалпы орта білім берудің жалпы оқу ұзақтығымен үш сатысы
белгіленеді: 12 жыл: 5+5+2
• I - саты – бастауыш білім беру. (1 - 5- сыныптар).
• Оқытуды бастау жасы – 6 жас. Оқыту ұзақтығы – 5 жыл.
Бастауыш білім берудің негізгі мәні– білім алушының даралығын ашу
және оқу әрекетін игерту.
• Бастауыш мектептегі оқу әрекетін ұйымдастыру оқу, жазу, санау
бойынша қажетті білім, білік және дағдылар жүйесін игертуiн, осы
сатыдағы негізгі құзыреттіліктердің қалыптасуын қамтамасыз етеді.
II - саты - негізгі орта білім беру. (6-10 - сыныптар).
Оқыту ұзақтығы – 5 жыл.

• Негізгі орта білім берудің негізгі міндетi – игерген білім,
білік, дағдылар мен әрекеттердің базалық тәсілдеріне
негізделген базалық мәдени деңгейі мен дүниетанымын
қалыптастыру.
• Негізгі орта мектепте оқу әрекетін ұйымдастыру жеке
тұлғаның өзін-өзі таныту тетіктерін, ғылыми таным мен
ойлау әдістерін, зерттеу мәдениетінің негіздерін игеруді,
кәсіби мақсаттарын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
• Оқушыларды болашақ кәсіби қызметінің бағытын саналы
түрде таңдауға даярлауды жүзеге асыратын мектептің
психологиялық-педагогикалық, ақпараттық және ұйымдық
қызметінің жүйесі ретінде бейіналды дайындық енгізіледі.
• Негізгі орта мектеп міндетті базалық деңгей болып
табылады және базалық білім беру бағдарламаларын
аяқтауды және негізгі орта білім берудің негізгі
құзыреттіліктерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді
ІІІ саты - жалпы орта білім беру. (11-12- сыныптар
- бейіндік мектеп). Оқыту ұзақтығы - 2 жыл.

• Орта жалпы білім берудің негізгі міндеті – оқушының
саналы түрде кәсіби және азаматтық өзін-өзі
анықтауына мүмкіндік туғызатын негізгі
құзыреттіліктерді игеруін, сондай-ақ жеке білім алу
қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
• Оқушының бейімділіктері мен қабілеттерін есепке ала
отырып, білім беру траекториясын барынша даралау
мақсатында бейіндік оқыту енгізіледі.
• Бейіндік оқыту жаратылыстану-математика,
әлеуметтік- гуманитарлық, технологиялық бағыттары
бойынша жүзеге асырылады
БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
• Білім, білік, дағдылардың, қалыптасқан негізгі
құзыреттіліктердің, әлеуметтік дағдылардың негізінде
тұлғаның алдына қойған мақсаттарына жету үшін ішкі
және сыртқы ресурстарын тиімді пайдалануға
дайындығынан көрінетін құзырет - білім берудің негізгі
нәтижесі болып табылады.
• Осы стандартта реттелген білім, білік, дағдылар,
сондай-ақ негізгі құзыреттіліктер түріндегі білім беру
нәтижелері, әлеуметтену нәтижелері жалпы білім
беретін пәндер мен оқу-әдістемелік қолдау бойынша
білім беру және оқу бағдарламаларының мазмұны
арқылы қалыптасады
Оқыту процесін ұйымдастыру негізінде
мынадай тәсілдер жатыр:

• - тұлғаға бағдарланған;
• - іс-әрекеттік;
• - құзыреттілік;
• - денсаулық сақтау
Тұлғаға бағдарланған тәсіл
• Тұлғаға бағдарланған тәсіл оқушы
тұлғасының әлеуметтік мүмкіндіктерінің
дамуы мен есебіне бағытталған.
• Оқытудағы тұлғаға бағдарланған бағыттылық
вариативтік және сараланған
бағдарламаларды, оқу және оқудан тыс іс-
әрекетті ұйымдастырудың, оқушылардың
жеке білім траекторияларын құру мәселелерін
шешудің түрлі нысандарын пайдалану
арқылы қол жеткізіледі
Іс-әрекеттік тәсіл
• Іс-әрекеттік тәсіл оқушының дербес
өнімді іс-әрекетін ұйымдастыру
жағдайында тұлғаның мүмкіндіктері мен
қабілеттері неғұрлым толық көрсету мен
дамытуға бағытталған.
Құзыреттілік тәсілі
• Құзыреттілік тәсілі оқушылардың
тұлғалық сапаларының кешенін
дамытуға, білім беруден күтілетін
нәтижелер ретінде негізгі
құзыреттіліктерді қалыптастыруға
бағытталған.
Денсаулық сақтау тәсілі
• Денсаулық сақтау тәсілі жеке және ұлттық
құндылықтар ретінде оқушы денсаулығын
нығайту, салауатты өмір салтын
қалыптастыру мәселелерінің шешілуін
қамтамасыз етеді.
• Бұл тәсіл төңірегінде білім беру процесін
ұйымдастыруда психикалық және дене бітімі
жағынан дені сау тұлғаның дамуын
қамтамасыз ететін денсаулық сақтау заттық-
кеңістіктік орта құрылады.
Білім беру процесін ұйымдастыруда мынадай
қағидаттар сақталуы тиіс:
• - білім берудің құзыреттілікті - білімдік-бағдарлы нәтижелерін
қолдайтын білім беру салалары мазмұнының тепе-теңдігі;
оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларынан құзыреттілікті-
бағдарлы тапсырмаларды орындауға 25%-дан кем емес оқу
уақыты бөлінеді;
• - оқушылардың өнімді және репродуктивті іс-әрекеттерінің
тепе-теңдігі; оқушылардың өзіндік жұмыстарын (оның
ішінде ақпараттық технологияларды) ұйымдастыруға бастауыш
мектепте - 20%, негізгі орта мектепте - 35% және жоғарғы,
бейіндік мектепте - 50% кем емес оқу уақыты бөлінеді;
• - ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалану, оларды
оқушылардың өзіндік іс-әрекеттеріне, оның ішінде жобалау және
зерттеу қызметтерін ұйымдастыру арқылы енгізу;
• - оқушылардың өзіндік белсенді оқу іс-әрекетін, оқу материалын
блоктық-модульдік құрылымдау және т.б. қамтитын оқытудың
әдістері мен нысандарын, инновациялық педагогикалық
технологияларды пайдалану және дамыту.
Сабақ ұзақтығы
• 1-сыныпта – 35 минут;
• 2-сыныпта – 35 минут;
• 3-5-сыныптарда – 40 минут;
• 6-12-сыныптарда – 45 минут
Оқу тоқсанының ұзақтығы – 8
апта:
• 1-тоқсан – 1 қыркүйек пен 29 қазан
аралығы;
• 2-тоқсан – 6 қараша мен 31 желтоқсан
аралығы;
• 3-тоқсан – 15 қаңтар мен 14 наурыз
аралығы;
• 4-тоқсан – 30 наурыз бен 31 мамыр
аралығы.
Демалыс уақытының бөлінуі:
• 1-тоқсаннан кейін – 1 апта;
• 2-тоқсаннан кейін – 2 апта;
• 3-тоқсаннан кейін – 2 апта.
Жазғы уақыттағы демалыс
күндерінің ұзақтығы:
• 1-4-сыныптарда – 1 маусым мен 31
тамыз аралығы;
• 5-сыныпта – 10 маусым мен 31 тамыз
аралығы;
• 6-9-сыныптарда – 15 маусым мен 31
тамыз аралығы;
• 10-11 сыныптарда – 20 маусым мен
31 тамыз аралығы.
БАҒА
• БАҒА - бағалау процесі нәтижесінің
шартты-формальды (белгілік) көрінісі;
оқушылардың оқу жетістіктері
бағасының сандар мен ұпайлар
түріндегі сандық көрінісі.
БАҒАЛАУ
• БАҒАЛАУ - бұл оқушының шынайы қол
жеткізген іс-әрекет нәтижелерін
жоспарланған мақсаттармен салыстыру
процесі
БЕЙІНДІК ОҚЫТУ
• БЕЙІНДІК ОҚЫТУ - білім беру
процесінің мазмұнындағы,
құрылымындағы және
ұйымдастырылуындағы өзгерістер
есебінен оқушылардың
қызығушылықтары мен қабілеттерін
неғұрлым толық ескеруге мүмкіндік
беретін оқытуды саралау мен даралау
құралы
БЕЙІНДІК ПӘН
• БЕЙІНДІК ПӘН - жалпы орта білім
берудің жоғарғы (бейіндік) мектебінде
бейіндік оқытудың әрбір бағытының
мазмұнын анықтайтын оқу пәні
БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ
МОНИТОРИНГІ
• БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ
МОНИТОРИНГІ - білім беру
ұйымдарында білім беру процесін
жүзеге асыру жағдайларын және
нәтижелер өзгерісі серпіні мен жай-күйін
жүйелі бақылау, талдау, бағалау және
болжау.
ДИАГНОСТИКА
• ДИАГНОСТИКА - оқу процесінің жағдайларын
объективті және жан-жақты зерттеуді
қамтамасыз ететін оқытудың өлшенетін
көрсеткіштерін алу тәсілі; танымдық процесте
орын алып отырған барлық өзгерістерді
анықтау тәсілі. Диагностика бақылаудан
(тексеру), бағалаудан, статистикалық
деректердің жинақталуынан, олардың
талдауынан, серпін мен беталысты
айқындаудан және одан әрі дамудың
болжауынан тұрады.
МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ
СТАНДАРТЫ
• МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ - білім
беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты
жүргізуге септігін тигізетін, мақсаттар мен
міндеттердің жиынтығын, базалық білім мазмұнын,
оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің
ең жоғарғы көлемін, оқыту процесін ұйымдастырудың
және білім беру салалары мен жекелеген оқу пәндері
бойынша білім сапасын бағалаудың негізгі
қағидаттарын, білім, білік, дағдылар мен қалыптасқан
негізгі құзыреттіліктер түрінде күтілетін білім
нәтижелерін, білім сапасын мемлекеттік бақылау
ережелері мен рәсімдерін анықтайтын нормативтік
құжат.
ОҚЫТУ БАҒЫТЫ
• ОҚЫТУ БАҒЫТЫ - белгілі білім беру
салаларының пәндер топтарын кеңейте
оқытуды қамтамасыз ететін бейіндік
оқытуды ұйымдастыру нысаны
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
• ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ - әрбір оқу пәні
бойынша меңгерілуі тиіс білім, білік,
дағдылар мен іс-әрекет тәсілдерінің
мазмұны мен көлемін, сондай-ақ
бөлімдер мен тақырыптардың оқу жылы
бойынша бөлінген мазмұнын
анықтайтын құжат.
ТИПТІК ОҚУ ЖОСПАРЫ
• ТИПТІК ОҚУ ЖОСПАРЫ - жалпы орта
білім беру деңгейлері бойынша оқыту
тілі мен бағыттарына сәйкес базистік
оқу жоспары негізінде әзірленген
нормативтік құжат.
ЭЛЕКТИВТІК КУРСТАР (ТАҢДАУЫ БОЙЫНША
КУРСТАР)

• ЭЛЕКТИВТІК КУРСТАР (ТАҢДАУЫ
БОЙЫНША КУРСТАР) - мазмұны
оқушылардың жеке икемділіктері мен
таңдауына сәйкес оқушылардың танымдық
қызығушылықтарын қанағаттандыруға
мүмкіндік беретін оқу курстары, пәндер
бойынша білімдердің кеңейтілуі мен
тереңдетілуіне септігін тигізеді. Элективтік
курстардың жиынтығы (таңдауы бойынша
курстар) базистік оқу жоспарының вариативтік
бөлігін құрайды.

Ұқсас жұмыстар
Жаратылыстану - математикалық бағыттағы
Бейіндік оқытуды ұйымдастыру формалары
БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖОЛДАРЫ
Портфолио құрамы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Орта жалпы білім
Ауызша тіл дамыту
ТАНЫМДЫҚ УӘЖДЕМЕЛЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ІРІКТЕУ
Бейінді оқытуда таңдау курстары арқылы оқушылардың таным белсенділіктерін арттыруды ұйымдастыру жолдары
Бейіндік оқытудың нормативтік құқықтық Республикасын базасы
Бағдарламаны іске асыру нәтижелерін сипаттау
Пәндер