Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университеті



Заманауи қыз имиджі
Орындаған:Кулбаева А. Ә
Группа:102Б-6В01509
Қабылдаған:Байсултанова С. Ч
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университеті
Биология мұғалімдерін даярлау мамандығы

Жоспары:
Кіріспе
Бүгінгі қазақ қызының сырт бейнесі мен келбеті
Негізгі бөлім
Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі
Қыз баланың денсаулығы-ұлт болашағының кепілі
Қыз бала бойына дарыту керек қасиеттер
Қорытынды
“Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы”
Пайдаланылған әдебиеттер:

Бүгінгі қазақ қызының сырт бейнесі мен келбеті
Бүгінгі күнгі қазақ қыздарының бейнесі қандай? Көпке топырақ шашқаным жарамас, әйтсе де қазақ қыздарының арақтың түбіндегі арбаушы жынға еріп, тарсылдаққа бұрала билеп, қалталы өзге ұлт өкілдерінің құшағында кетіп бара жатқанын көргенде, ашуға булығып, еріксіз көзіме жас үйіріледі. «Қырық үйден тыйым» көрген, көктем шыға бүршік атқан тау гүліндей нәзіктігі мен Алтайдан аққан тау суындай мөлдір пейілі жарасқан қос бұрымды қазақ аруларының азайғаны қалай? Жоқ, олай емес, қазақ қыздарының жүректері имандылық пен ибалылыққа толы дейін десең, арзан сыйға тәнін жалаңаштап, шарапқа мастана бұралаңданып, арын аяққа таптаған қыздарының қара қылықтары оған кедергі.

Алатаудың шыңын жапқан ақша қардай аппақ арлы қазақ қыздарының бейнесі осынау сорақы қылықтармен даттануына не себеп? Заманды кіналаймыз ба, әлде батыстың әсері ме? Мүмкін, бар кінә өзіміздің, қазақ жігіттерінен бе? Азаматтарымыз долларға құрақталып тәнін сатқан салдақыларды баба салтымен пәктігін жарына арнаған, жаны жаздай сұлулардан артық қоймағанда, жолы түссе жылмаңдап клуб жағаламағанда, бір түндік ләззат үшін қара көз қарындастарымызды алдап-арбап арын таптамағанда мұндай қорлыққа куә болмас едік. Бар кінәны батыс пен заманға артпай, ботакөз қандас қарындастарымыздың арларын аяққа таптамай, ел тағдырын тамырсыздық індетінен қалқалайық, ағайын.
Қыз намысы - ел намысы.

Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі
Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
Ана - адамды өмірге әкеледі, өзінің ақ сүтімен алғашқы тәрбиесін береді, адамды адам етіп тәрбиелейді, аяғынан тұрғызып, азамат етіп өсіреді. Сондықтан да ертеңгі ананы тәрбиелеу - баршамыздың төл міндетіміз. Қыз тәрбиесінен ешкім де қалыс қалмауы керек. Қыздың теріс қылығына оның ата-анасы, туыстары, ауылдастары ғана емес, кез келген адам тиым сала алады. «Қызға қырық үйден тиым, тіпті құлдан да тиым» деген сөзде қаншама философиялық ой жатыр. Яғни, қыз бала тәрбиесіне тек ата-анасы ғана емес, бүкіл ауылы, ел-жұрты жауапты.

Мұхаммед Пайғамбар «Кімнің үш қызы болып, оларға дұрыс тәрбие берсе, маңдай терімен тапқанына киіндіріп бақса, олар сол үшін тозақ отынан қалқан болады», - деген. Шынымен де қыз бала тәрбиесінің ата-анаға оңай түспейді. Қыз баланың ары мен абыройы, сыры мен сымбатын сақтауы, келешек өміріне даярлығы әрқайсысы өз алдына дербес тақырып. Қазақ халқы қыз баланың қадір-қасиеті мен қылығы ұлттың ұлылығын танытады деп халықтық болмыспен астастырған. Сондықтан қыздың тәрбиесіне ерекше мән беріп, сол тәрбиені қалыптастырудың жолына барлық игі жақсылықты топтастырған. Қазақ қауымында қыз баланың орны айрықша болған. Ата-бабаларымыз қызды қонақ деп есептеп, барған жерде бағының ашылуын үйде отырып қамдаған. Барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған. Еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген. Қазақ халқында «Қыз - елдің көркі, гүл жердің көркі» деген мақал бар. Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін көрсетеді.

Қазақ отбасында қыз баланы қалай тәрбиелеген екен, соған тоқталайық. Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі -тәрбие. Ата-ананың міндеті -жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған. Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді.

Қыз бала анаға бір табан жақын ғой. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ келіншектерінің бойында ізеттілік, ар - ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе - көлденең кесіп өтпеу, жаны ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші - ол анасы. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, т. б. жанұяның үй жұмысын үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған. Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешісі, жанұя ұйтқысы деп түсінген халқымыз оның еңбексүйгіш, өнерлі болып өсуімен қатар көрікті болып өсуіне де ерекше көңіл бөлген. Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі - жалы, қыздың көркі - шашы» деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған.

Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген: «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты», «Қаз омырау кеудеге, құлап түссе қос бұрым». Сонымен қатар қыз тәрбиесіндегі жеңге рөлі де көзден таса болмайды. Бұл байланысты аталарымыз «Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді келеді» деп тұжырымдаған. Өйткені әке-шеше айта алмайтын сырды жеңге жеткізеді. Қыздың балғын болмыс-бітімі мен тәрбиесінің басы-қасында аяулы жеңгелер жүреді. Қазақтар әдетте елге келін болып түскен қыз өз елінің барлық жақсы қасиеттерін, рухани - моральдық құндылықтарын өзімен бірге ала келіп, табалдырығын аттаған босағасының игілігіне, қала берді бүкіл сол бір қалың елге сіңірген. Бұл жақсы үрдіс, ғибратты кәде бүкіл ұлттық бірлігіне, рухани болмысына игі ықпалын тигізген.

«Қызға - қырық үйден тию» - деген мақал - ауыл болып, ағайын болып қызға ақыл айту, өсиет айту, өнеге көрсету деген сөз. Олай болса қыз тәрбиесі тек әке мен шешенің ғана емес, ағайын - туыстың, бүкіл ауылдық қоғамның мәселесі болуы тиіс. Қазір «жастар азып барады», «жастар тәрбиесіз» дегенді жиі айта бастағандаймыз. Біле білсек, бұл жастардың емес, мына біздердің, яғни ата-аналардың, қоғамның қасіреті. Өйткені, нарық қыспағына тап болған, дәулеті шағын отбасынан шыққан жастар тұрмыс тауқыметке көп шалдығады. Сондықтан бұл мәселеде мемлекет, қоғам болып ойланатын жағдайлар тым көп. Мұның өзі үлкен бір тақырыпқа өзек болар ауқымды мәселе дер едік. Жалпы алғанда, аналардың жағдайы, бала тәрбиесі қоғам үшін де қажет. Дені таза, ширақ туып, ширап өскен, сіз - бізбен тілі шыққан, ата-анасын, ағайын-туысын, үлкені сыйлап өскен ұл мен қыз халқымыздың болашағы, қоғамымыздың тұтқасы болмақ. Әр қыз өз отбасының тәрбиесімен ұядан ұшып, өмір деген үлкен әлемге қанат қағып жатады.

Қыз баланың денсаулығы ұлт болашағының кепілі
Кей қыздар сән қуамыз деп, түрлі бояуларды баттастырып, өзінің кімге айналғанын білмей де қалады. Олар баттасқан бояу жаққанда өздерін әдеміміз деп ойлайды, ал шындығында олар сорақы көрініп, айналасындағылардың зәресін ұшырып, жиркенішін тудырады. Сен табиғи, шынайы, жылы жүзді болуың керек. Сонда ғана жұртты өзіңе тарта аласың. Тартымды бол. Бұл дегеніміз қуыс кеуде болма деген сөз. Барлық қымбат пен жақсыны үстіне кигенімен, ол қыздың ішкі өресі болмаса, онымен не туралы сөйлесуді білмесең, он жерден үлде мен бүлдеге оранып тұрса да мұндай қыздар тез жалықтырады. Көбірек оқы, танымдық теле бағдарламалар мен фильмдер көр, мұражай, театрлар мен көрмелерге жиірек барып, өзіңнің көкжиегіңді кеңейт, спортпен айналыс.

Қыз бала бойына дарыту керек қасиеттер
Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт - қыздарға берілетін тәлім мен тәрбие арқылы өлшенеді. Біздің халқымызда «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Біз қыз баланың бойынан нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайылықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерлік пен іскерлікті, шеберлік пен ақ ниеттілікті, ақкөңіл қасиеттерді көргіміз келеді. Сондықтан да болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу қазіргі отбасындағы үлкен міндет. Ал ұрпағымыздың бойына ұлттық тәрбиені, имандылық қасиеттерді сіңірсек, халқының әдеп-салтын жақсы білетін, ата-анасын сыйлайтын, ел үшін еңбек ететін ұрпақ тәрбиелеген боламыз.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz