Ортағасырлық мұсылман философиясы



Ортағасырлық мұсылман философиясы
Орындаған:Кулбаева А. А
Группа:102Б-6В01509
Қабылдаған:Пернекулова М. М
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университеті
Биология мұғалімдерін даярлау мамандығы

Жоспары:
Кіріспе
Ортағасырлық мұсылман философиясы
Негізгі бөлім
Әл-Кинди философиясы
Әл-Фараби философиясы
Ибн-Сина философиясы
Қорытынды
Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары
Пайдаланылған әдебиеттер:

Ортағасырлық мұсылман философиясы
Арабмұсылман философиясы дегеніміз - мұсылман дінін қабылдаған және араб тілінде сөйлейтін Шығыс халықтары ойшылдарының орта ғасырлар дәуіріндегі ілімдерінің жиынтығы. Философияның, жалпы мәдениеттің даму тарихы ұзақ жылдар бойы бір жақты, европоцентристік қарастырылып келгені белгілі. Осы көзқарыстың салқыны салдарынан Орта ғасыр философиясы тек христиандық философия шеңберінде ғана қарастырылды. Шындығында, сонау антика заманы мен оның бер жағын байланыстырып, жай байланыстырып қана қоймай, дүниежүзілік мәдениеттің, өркениеттің дамуына мықты ісер еткен Шығыстағы мұсылман философиясы еді. Бұл салада атқарар жұмыс өте көп, бірақ аз ғана уақыттың ішінде жүргізілген ізденістердің өзі мұсылман мәдениеті мен филососфиясының Батыс философиясынан мүлдем өзгеше екенін көрсетеді.


Араб тілді философияның қалыптасуына әсер еткен ислам діні, Арабияда VI ғасырда дүниеге келген Араб халифаты XVI ғасырға дейін мәдениеттің ірі ошағы болды, ал ғалымдар халифат Рим империясынан мықты болған деген пікір айтады. Бұл пайымдаулармен келісуге де болады, себебі осыншама ұзық өмір сүруге кез келген империяның шамасы келмес еді. Араб халифатының экономикалық дамуы күшті болуы оның философиясының да айқындаушы факторы болды.
Ислам діні негізгі діні, араб тілі Құран тілі болған Араб халифатында мұсылман діні өзінен VI ғасыр бұрын пайда болған христиан дінімен күрес нәтижесінде қалыптасты. Өзінің таралу барысында әсіресе, кіші Азияда Ислам антика философиясының ошақтарымен бетпе-бет келіп отырды. Қазіргі заманғы белгілі қазақ философы Ғ. Есімнің пікірінше, әлемді күшпен ғана емес, философия мен ғылымды тарату арқылы да билеуге болатынын ұғынған халифтер грек және үнді философиясын тереңдеп зерттеуге ерекше көңіл бөлді.

Адам, оның тағдыры мәселесін түсіндіруде, оған рухани басшылық жасауға моральдық жауапкершілік ісінде олар антика философиясының категориалдық аппаратына жүгінді. Сондықтан да философияның практикалық қажеттілігінен грек философтарының еңбектері әуелі Сирия, кейін араб тіліне аударылды. Тіпті Византиямен соғыста олар тұтқындарды олар қолжазбаларға айырбастап алып отырды. Осы араб тіліне аударылған еңбектер кейін Еуропаға жетті. Яғни, Еуропа өркениеті үшін антика философиясын сақтап алған араб ойшылдары деуге болады. Орта ғасырдағы мұсылман философиясының басты өкілдері: әл-Кинди, әл-Фараби, ибн Сина, әл Ғазали, Таза ағайындар, ибн Бадж, ибн Араби, ибн Туфейль, ибн Рушд.

Әл-Кинди философиясы
Әл Кинди - 800 жылы туған жан-жақты білімді, терең ойлы ғұлама. Еңбектері: метафизика, логика, этика, математика, астрономия, медицина, метеорология, музыка теориясы және оптика сияқты білім-ғылымға арналған. Әл Киндидің ерекше ерлігі Аристотель еңбекткрін грек тілінен арабшаға аударып, оларға түсінік, герменевтикалық талдау беруінде. Оның айтуынша, философиямен шұғылданбақ болған адам Аристотель еңбектерін танудан бастауы керек. «Әрине, әрбір істің басшысы Алла, -дейді, бірақ білім бұлағы Аристотель еңбектерінде».

Ол Аристотель шығармаларын төрт түрге бөліп, топтаған. Бірінші топтамаға - логика,
Екіншіге-физика туралы кітаптар,
Үшінші топтамаға- өздігінен өмір сүріп, нақтылы нәрселерді қажет етпейтін, бірақ солармен бірге өмір сүріп, бірге байланыс тәсіліне болатын білімдер туралы кітаптар.
Төртінші- нәрселерді қажет ететін және олармен ешқандай байланыста емес білімдер туралы кітаптар. «Категориялар» деп аталатын кітабында - сөз ұғымдар, сипаттар туралы.
Субстрат дегеніміз - субстанция(зат) .
Сипат(атрибут) дегеніміз - акциденция. Сипат деген заттың ішінде болып, не өзінің аталуы, не өзіндік белгісі болмайды. Бұл кітапта, әл-Кинди айтуынша, тоғыз акциденталдық ұғым бар, олар: сан, сапа, қатынас, орын, уақыт, әрекет, өзгеріске түсу, қабылдану және орын алу немесе орналасу.


Әл-Фараби философиясы
Әбу Насыр Әл-Фараби - азан шақырып қойған есімі:Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки. Өмір сүрген уақыты 870 - 950 жылдары. Әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Отырар қаласында туған.
Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб, Бағдат шаһарларында білім алған.

Әбу Насыр әл-Фараби ілімінің ерекшелігі:
1. Аристотель шығармаларына герменевтикалық талдау жасаған.
2. Дін мәселесіне келгенде, Құдай деген идеяны жоққа шығармаған. Ол аристотель ілімі негізінде әлемнің алғашқы себебін мойындайды, алғашқы себеп ол құдай. Фараби: форма үздіксіз өзгерісте, ал материя мәңгі деген.
3. Ғылым, Фарабидің айтуынша, ақылдың нәтижесі, оның екі түрі болады: теориялық және практикалық. Теориялық ғылымдар: логика, табиғаттану ғылымдары, метафизика, практикалық - этика мен саясат.
4. Фарабидің мемлекет, саясат, қала өмірі туралы «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы»және «Азаматтық саясат» деген еңбектері бар.
5. Фарабиді таза рационализм тұрғысынан түсінген, толық емес.

Ибн Сина философиясы
Ибн Сина-980 - 1037жылдары өмір сүрген. Ол әлемге әйгілі ұлы емші ретінде кеңірек мәлім, медицина тақырыбына 43 трактат жазған. Осы саладағы басты еңбегі «Емшілік ілімінің каноны».
Ибн Сина грек философы Аристотель еңбектерін жоғары бағалай келіп, оның ізбасарларын Шығыс перпатетиктерін сынға алған, себебі, олар өз ұстаздарының ойларын түсініп алуға бар күштерін жұмсап, оның кемшіліктерін көре білмеген.

Ибн Сина метафизиканы Аристотельдік түсінікте ала отырып, оның предметін анықтаумен бірге, субстанция, дене, форма, себептілік, қажеттілік, мүмкіндік, мән, қозғалыс сияқты негізгі ұғымдарға талдау берген. Ал «Жан туралы кітабында» ол Аристотельден гөрі Плотиндік концепцияға жақын. Дене мен жан деген проблема - Ибн Сина дүниетанымының басты арнасы.

Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары
Қалам (сөз, тіл) - спекулятивтік теология.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz