Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ
МИНИСТІРЛІГІ
ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
САУДА УНИВЕРСИТЕТІ
Презентация тақырыбы:
«Дүниені философиялық түсінудің негіздері»
Орындаған:2 курс студенті Марден Абылайхан
Жоспар
Антика философиясының пайда болуы және
даму ерекшелігі.
Милет және Элей мектептері.
Классикалық философия.
Эллиндік философия.
Антика философиясының пайда болуы және даму ерекшелігі.
Антикалық философия (лат. antiquitas "ежелгі") - бзд. VIғ-да Сократқа
дейінгі философиядан басталып, 529 жылы Афинада соңғы
философиялық мектепті Император Юстиниан І жарлығымен
жабылғанға дейін жалғасқан Ежелгі Грек және Ежелгі
Рим философиясы (бзд. VІғ - VIғ). Дәстүр бойынша Фалес алғашқы
антикалық философ, ал Боэций соңғы антиккалық философ саналады.
Ертедегі Грекияның алғашқы философтары стихиялы реализмдік
бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып
қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын, түпнұсқа
элементін табуға тырысты. Олар "дүние қалай пайда болды", "неден
жаралды", "ең бірінші не пайда болды", "бәрінің негізі не" деген
секілді сұрақтар қойды. Антикалық философтарды
"натурфилософтар" деп те аталады, олар философиялық ойларын
табиғат құбылыстарымен байланыстыра тұжырымдауға тырысты.
Ертегірек (антикалық) философиясы өзінің даму тарихында
үш кезеңнен өтті:
1.Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл
кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет,
Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің
қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.
2.Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель
философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.
3.Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ. басы).
Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер
басымдылық танытқан кезең
Милет және Элей мектептері.
Милет мектебі – ежелгі Грекиядағы көне философиялық мектеп (б.з.б. 6 ғасыр).
Негізгі өкілдері – Фалес, Анаксимен, Анаксимандр. Ионий аймағындағы (Кіші
Азияның батыс жағалауы) Милет қаласының атымен аталған. Милет
мектебі ежелгі грек философиясының негізін қалады. Милет
философтары құбылыстың мәніне байсалдылықпен қарап, барлық заттар
біртұтас алғашқы негізден пайда болған, әр алуан құбылыстардың ар жағында
онан өзгеше заттардың мәні (“алғашқы негіз”) бар деп білді. Милет мектебі
өкілдері көңіл аударған басты мәселе – әлемнің негізін іздеу. Фалестің пікірінше,
әлемде барлық заттар судан пайда болған. Тіпті жердің өзі су бетінде қалқып
жүрген жалпақ дөңгелек. Анаксимандр дүниенің негізі – су немесе басқа бір зат
емес, белгісіз, байыпталмайтын бастама – апейрон деп білді. Дүние пайда
болып, жойылып жатады, ал мәңгі өзгермейтін, жойылмайтын тек апейрон ғана.
Ол әлемнің түрлері көп болатынын болжады. Анаксимен дүниенің негізі ауа деп
есептеді. Оның көзқарасы бойынша, ауаның қоюлануы мен
сұйықталуынан су, жер, тас, от пайда болған. Милет мектебі
кейінгі грек ойшылдарының дүниетанымдық көзқарастарына зор ықпал
етіп, ежелгі Грекияда философтар ойдың әрі қарай дамуына елеулі әсер етті
Элей Мектебі – б.з.б. 6–5 ғ-ларда Ежелгі Грекияда болған
философиялық мектеп. Оңт. Италиядағы грек колониясы – Элей қ-
ның атымен аталған. Өйткені мұнда Э. м-нің ірі өкілдері тұрды. Ілім
негізін қалаған Колофондық Ксенофан, ал басты өкілдері элейлік
Парменид пен Зенон және Мелисс Самосский болды. Э. м. тұңғыш
рет ойлауды (санадағы болмысты) сезімдік қабылдауға (сезімдік
қабылдау болмысына) қарсы қойды. Ол адам түйсігінің және сезімдік
болмысының тұрақсыз, аумалы-төкпелілігін ескере отырып,
танымдағы басты рөлді ойлау процесіне береді. Э. м. философия
тарихында тұңғыш рет болмыстың біртұтастығы жайлы ұғымды
ұсынып, оны филос. ойдың негізіне айналдырды. Э. м. біртұтас
болмысты шындықтың әрбір ұсақ элементінде болатын үздіксіздікті
өзгермейтін, бөлінбейтін нәрсе деп түсінді. Кейіннен бір тұтас
өзгермейтін болмыс ұғымы Платон мен неоплатонизм
философиясының қайнар көзіне айналды.
Классикалық философия
Классикалық философия – антика философиясының екінші кезеңі.
Ол Сократтың есімімен (б.д.д. 469-399 жж.) тығыз байланысты
болғандықтан, «Сократтан кейінгі» немесе «классикалық кезең»
деп аталады. Сократ жазбаша еңбектер қалдырмаған, оның
философиялық көзқарастары бізге Платон, Аристотельдің
еңбектері арқылы жетті. Сократ ауызша пікірталастырып, диалог
арқылы өзінің қарсыластарын қарастырылып отырған мәселе
туралы жаңа, тың білімге сендіруге тырысты. Оның қағидалары:
«Мен өзімнің түк білмейтіндігімді білемін» және «Өзіңді өзің
танып-біл».
Киниктер философиясының («Киносарг» деп аталған
гимназияның атымен аталып кеткен, аудармасы – «көреген ит»)
негізін қалаушы Антисфеннің (б.д.д. 444-368 жж.) пікірінше,
нақты өмір сүретін тек жеке заттар ғана, ал жалпы ұғымдар
заттардың қандай зат екенін анықтайтын сөз ғана. Антисфен
өзінің ұстазы Сократтың рақымшылық, ізгілік, басқа туралы
ілімін ілгері қарай жалғастырып, түкке тұрмайтын құндылығы
жоқ байлық, денсаулық, т.б. сияқты игіліктермен
салыстырғанда, рақымшылық – ең құнды және жалғыз ғана
игілік деп уағыздаған. Себебі, адам өзінің негізгі мақсаты
бақытқа тек рақымшылық арқылы жетуге болады. Рақымшыл
болу үшін ол туралы көп сөздің, немесе көп білімнің қажеті
жоқ, ол – тек іс-әрекет арқылы ғана көрінеді.
Эллиндік философия
Эллинизм дәуірінде платондық Академия, аристотельдік Ликей (перипатетик.
мектеп), киники мен кирен мектебі өз қызметін жалғастырды. Осы кезде
эллиндік дүниеге өз ықпалын жүргізуге бәсекелес үш жаңа филос. мектеп:
скептицизм, эпикуреизм мен стоицизм пайда болды. Скептиктер мектебінің
негізін б.з.б. 4 ғ-дың 2-жартысында Пиррон қалады. Бұдан кейін
скептицизм Платон академиясымен қосылды. Өз ілімін Демокриттің атомдық
ілімі мен киренаик. этиканың негізінде жасаған Эпикур мектебі эллиндік
дәуірдің дүниеге деген көзқарасына елеулі ықпал етті. Стоицизмнің негізін
салушылар – китиондық Зенон, Клеанф пен Хрисипптің қызметі б.з.б. 3 – 2 ғ-
ларда өтті. Сократқа дейінгі философияның (бәрінен бұрын Гераклиттің)
тұғырнамасын жаңғырта отырып, стоиктер ғарышты біреуі адам болып
табылатын сан алуан логостарға бөлінетін саналы отты тыныс алу деп
түсіндірді. Б.з.б. 2 ғ-дың ортасынан діни мифол. дәстүрлері
бар Грекия мен Шығыс философиясының жақындасу процесі басталды. Бұл
процестің негізгі тұлғасы пифагорлық, платондық және стоиктік философияны
қосқан Посидоний болды.
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz