ПРЕЗЕНТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІ




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ
МИНИСТІРЛІГІ
ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
САУДА УНИВЕРСИТЕТІ

ПРЕЗЕНТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ:
«БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІ»

Орындаған:2 курс студенті Марден Абылайхан

Т
Нұр-Сұлтан 2020 ж.
ЖОСПАР:
Басқару қызметінің мәдениеті.
Басшы іс-әрекетінің психологиясы.
Басқарудың корпоративтік мәдениеті.
БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘДЕНИЕТІ
Басқару еңбегі жалпы еңбек секілді әлеуметтік – экономикалық
табиғаты болады. Оның өзі қоғамдық еңбектің даму процесінде пайда болды.

Басқару еңбегі өндірістік еңбек
болып саналады. Мұның өзі
өндірісті, соның ішінде басқару
еңбегінің өнімділігін арттырудан
туындайды. Басқару еңбегінің
өзіндік ерекшелігі болады, оны
еңбек өнімділігін салыстыру
арқылы анықтайды.

Демек, басқару еңбегінің елеулі
ерекшелігі, оның өндіріс
енбегінен өзгешелігі еңбек
затының айырмашылығында.
Еңбектің маңызды сипаттамасының бірі, оның ақырғы
және тікелей мақсаты мен нәтижесі, өндірістік және
басқару еңбегінің түп мақсаты ортақ, өйткені басқару
еңбегі өндірістің бір бөлігі ретінде тұтастай жұмыс
ұғымына енеотырып, өндірістік еңбектің түпкі
мақсатынан өзгеше болуы мүмкін емес.
Басқару еңбегі басқаша мақсатты көздейді, оның сипаты
мен мәні де өзгеше. Басқару еңбегінің тікелей мақсаты —
ұжымның бірлескен күш жігерін үйлестіру және оның
мүшелерінің ақырғы жоспарланған нәтижеге жетуге
арналған бірлескен іс-әрекетін қамтамасыз ету.
БАСШЫ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Адамдармен жұмыс істеу өнері туа пайда болмайды, оның өзі
өмір бойы, өмір тәжірибесінің, өзімен өзі жұмыс істеудің, сан
салалы білім алудың нәтижесінде қалыптасады.
Басшылық тәсілі ұжым деңгейіне тығыз байланысты, олар өзара
қатысты әрі бірін-бірі жетілдіріп отырады.
Басшының ұжыммен қарым-
қатынасы көбінесе оның жеке
басына және де сол
ұжыммен ынтымақты, дұрыс
жұмыс істей білуіне
байланысты. Осыған орай
басшының ұжыммен қарым-
қатынас орната білуінің ұйым
үшін зор маңызы бар
БАСШЫЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯСЫ
МЫНАҒАН БАЙЛАНЫСТЫ:
- сөйлеу мәдениетіне, өз ойын сауатты, айқын жеткізе білуіне. Дауыс ырғағын
құбылту арқылы айтқан сөзін 40%-дай тиімді ете алады. Айта, тыңдай, сөйлей
білуге жаттығу қажет. Басшы сөйлей білумен қоса, тыңдай да, жұртшылықты
қызу әңгімеге тарта білу де тиісті;
- еңбек мәдениетіне, жұмыс уақытын ұтымды ұйымдастыруына;
мінез-құлық мәдениетіне; этика, эстетика. Сыртқы мәдениеті ішкі мәдениетіне
үнемі сәйкес келе бермейді;
- сезім мәдениетіне, эмоцияны, дауыс ырғағын, қол қимылын, бет қимылын
тежей білуінде. Мәселен, эмоция адамдармен жақындауға да, одан күдер үзуге
де ықпал етеді. Осының барлығы қызмет этикасына жатады. Басшының өресі
басқалардан әлдеқайда жоғары болуы, тәрбиеші болуы, өзінің үлгі -өнегесін
көрсете білуі тиіс.
- сынау өнері, сынды дұрыс қабылдай білу қажет;
сын жалпылама болмай, нақтылы адамға арналуы тиіс (жеке
басын емес, ісін сынау қажет);
-сынау мақсатын айқындау және сыналатын адам туралы мағлұматалу;
адамның дербес ерекшеліктерін ескере отырып сынау, алғашқы ескертуді
оңашада айту;
сынау орнын және тәсілін ойластыру;
сынай отырып, іскерлікпен жауап беруге жағдай жасау.
БАСҚАРУДЫҢ КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТІ.

Корпоративтік мәдениет – біз өмір сүретін орта, атмосфера. Біз
жұмыста қоршаған, яғни, біз байланысқа түсетін адам (зат).
Мәдениеттің көрсеткіші болатын, өмірдің материалдық және
рухани көрінісі және де көптеген мәдениеттердің ықпалынан
пайда болған өзіндік мәдениеттің тасымалдаушысы біз болып
табыламыз.
Біздің жүріс-тұрысымызды
өзіндік мәдениетпен қоршаған
орта мәдеиетінің азық-түлігі
ретінде қарастыруға болады, ал
қоршаған орта мәдениеті – ол
жүріс-тұрысты реттеуші болып
табылады.
Корпоративтік мәдениеті басқару мәселесі.
Басқару – біртекті материалды және
әлеуметтік ағзаның құрылуы, ғылыми
терминдерде мәдениетті саралау (жалпы,
элементтері арқылы), өзекті мәселелерді
көрсету.
Мемлекеттік құрылымдағы
мәдениеттің ең басты
мәселелерінің бірі
жұмысты ұыйымдастыруға
үйлесімділік жағдай
жасау.
Осылай корпорацияда жұмыс құралдарының қазіргі заманға
сай болуы мүмкін, бірақ жұмысшылар қауіпсіздігі мен
ыңғайлылығына, жалпы жұмыс өмірінің сапасына қарау
төмен болады. Үйлесімділік, өте жоғарғы даму деңгейіндегі
корпорациялар жете алады. Сондықтан, гармония
мәдениеттің дамуындағы ең басты фактор бола алмайды.
Мемлекеттік құрылымдағы корпоративтік мәдениетті
орнатуда, басқарушы мәселесі басты болып тұр.
А. Файоль айтқандай «Басқару – яғни болжау,
ұйымдастыру, реттеу, бақылау» . Басқару
объектісіне байланысты басқару функциясын бөліп
қарайды. Жобаны техникалық жағынан дайындау,
шығару, орнату, тарату, оның сапасына қарай топқа
бөлінеді. Осыған біз тағы бір басқару функциясын
қосуды қажет етіп отырмыз. Ол корпоративтік
мәдениет, яғни зерттеу, орнату, корпоративтік
мәдениетке көмек көрсету мен оны дамыту.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Слайдты безендіруде түстерді таңдау
Слайдтарды біріктіру
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ
Қазақстанның сауда жүйесінде маркетингті қолдану ерекшеліктері
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
Слайдтарды көрсету
БЕЗЕНДІРУ ШАБЛОНДАР
Office қолданбалы бағдарламасы
Пішін әдістері
Дәрілік заттардың тағайындалуына және пайдалануына әсері
Пәндер