ПРЕЗЕНТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУЛЕР


Slide 1

Презентация тақырыбы: «Маркетингтік зерттеулер»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ

ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА УНИВЕРСИТЕТІ

Орындаған:2 курс студенті Марден Абылайхан

Тобы:ӘЭ-207

Тексерген:Шаймерденова А. К

Slide 2

Жоспар:

Маркетингтік ақпарат жүйесі.

Маркетингтік ақпарат жүйесін құраушылар және оларды жіктеу

Маркетингтік зерттеулер ұғымы, олардың рөлі және қажеттілігі. Маркетингтік ақпаратты жүргізу принциптері

Маркетингтік зерттеулер жүргізудің негізгі бағыттары

Slide 3

Маркетингтік ақпарат жүйесі

Маркетингтік ақпарат жүйесі - маркетинг саласында шешімдер қабылдау үрдісінде қолданылатын ақпаратты жүйесі, жоспарлы түрде жинақтаудың, талдаудың және таратудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.

Ол ішкі ақпарат, маркетингтік зерттеулер, ағымдағы сыртқы ақпаратты өңдеу және талдау секілді салыстырмалы ерекшеленген төрт жүйеден тұрады. Маркетингтік ақпарат жүйесі дұрыс қалыптаспаған болса, онда маркетингтің дұрыс жүзеге асырылуы да екіталай. Сондықтан шетелдік БАҚ, әсіресе АҚШ, Еуропа БАҚ-ы маркетингтік ақпарат жүйесіне аса мән береді

Slide 4

Маркетингтік ақпарат жүйесін құраушылар және оларды жіктеу

Маркетинг бойынша менеджер, фирманың клиенттерін, оның бәсекелестерін жақсы білуі үшін, маркетингтік зерттеу жүргізуі қажет. Мысалы, «Проктер энд Гэмбл» типті ірі компаниядағы маркалы тауар жөніндегі менеджер, жыл сайын үш-төрт маркетингтік зерттеу жүргізуді тапсырады.

Маркетингтік ақпараттық жүйені жіктеу.

Ф. Котлердің айтуы бойынша маркетингтік ақпараттық жүйенің моделі төрт құраушыдан тұрады:

- ішкі есептілік жүйесі;

- маркетингтік бақылау, маркетингтік барлау;

- маркетингтік зерттеу;

- маркетингтік ақпаратты талдау жүйесі.

Slide 5

Маркетингтік зерттеулер ұғымы, олардың рөлі және қажеттілігі. Маркетингтік ақпаратты жүргізу принциптері

а) ішкі есептілік жүйесі негізгі МАЖ болып табылады.

Ішкі есептілік жүйесі - бұл фирманың ішінде болатын оқиғалар туралы ағымдағы ақпаратты білдіретін, үнемі жұмыс істейтін тәсілдер мен ресурстардың жиынтығы. Кез келген фирмада ағымдағы өткізу көрсеткіштерін, дайын өнім мен шикізат қорларын, шығындар сомаларын және қолма-қол ақшаны, дебиторлық және кредиторлық қарыздарды білдіретін, ішкі есептілік бар болады. Ішкі есептілік жүйесінің негізгі тағайындалуы - тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыру бойынша фирманың ішкі мүмкіндіктерін қадағалау.

Slide 6

б) маркетингтік бақылау.

Маркетингтік бақылау - бұл маркетингтік жоспарларды әзірлеу үшін де, түзету үшін де қажетті, маркетингтің сыртқы ортасындағы өзгерістер туралы ағымдағы ақпаратты жинау бойынша тұрақты қызмет

Slide 7

в) маркетингтік зерттеулер жүйесі.

Маркетингтік зерттеу маркетингтік бақылаудан ерекшелігінде әр түрлі тексерістерді дайындау мен жүргізуді, фирманың алдында тұрған, нақты маркетингтік міндет бойынша алынған деректерді талдауды болжайды.

Отандық тәжірибені жалпылап қорытып, маркетингтік зерттеу деп фирманың алдында тұрған маркетингтік проблеманы шешуге, міндеттерді қою, маркетингтік ақпаратты алу, оны жоспарлау мен ұйымдастыру, талдау және нәтижелері туралы есепті ұсыну процесіне мақсатты бағытталған зерттеуді түсіну керек.

Кез келген маркетингтік зерттеудің соңғы мақсаты нақты қалыптасқан және перспективада ықтимал шарттар мен факторларды есепке алып, оңтайлы стратегия мен тактиканы, фирманың потенциалын есепке алып, рынок субъектісін құру болып табылады.

Slide 8

г) маркетингтік ақпаратты талдау жүйесі (МАТЖ) .

МАТЖ - бұл басшыға сәйкес деректерді түсіндіруге және оларды өз қызметі үшін жіберу нүктесі ретінде пайдалануға көмектесетін, шешім қабылдауды қолдау үшін ақпаратты өңдеу және талдау мүмкіндігін білдіретін, үнемі жұмыс істейтін тәсілдердің, әдістер мен ресурстардың жиынтығы. Маркетингтік ақпаратты талдау жүйесінің негізін статистикалық банк және модельдер банкі құрайды.

Slide 9

Маркетингтік зерттеулер жүргізудің негізгі бағыттары

Екінші реттік ақпаратты алу көздерін ішкі және сыртқы деп бөлуге болады. Ішкі көздерге фирманың пайдалар және шығындар туралы есептері, баланстық есептер, шотфактуралар, тауарматериалдық құндылықтардың есептік ведомостері, алдыңғы зерттеулер туралы есептер кіреді.

Сыртқы көздердің құрамында, басты түрде, статистикалық, анықтамалық, шолу, аналитикалық және болжамдық және арнайы немесе салалық мәліметтер бар. Жалпы шаруашылық конъюнктураны зерттеу кезінде - жалпы экономикалық сипатты басылымдар, ал жеке рыноктар конъюнктурасын зерделеу кезінде салалық басылымдар зерделенеді, өйткені олар осы рынок пен шектес рыноктар үшін барлық маңызды өзгерістер туралы жаймаланған ақпаратты береді

Slide 10

Коммерциялық емес ұйымдардың көпшілігі оларға да маркетингтік зерттеулер керек екенін байқайды.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның сауда жүйесінде маркетингті қолдану ерекшеліктері
Маркетинг және Маркетингтік зерттеулер
МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУЛЕР
Маркетинг тік зерттеулер
Ақпарат жинау әдістері
Кәсіпкерлік қызметтін
Бақылау әдісі
МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ МАРКЕТИНГТЕГІ
Слайдтарды біріктіру
Кәсіпорынның маркетингтік қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz