Макроэкономика түсінігі




Презентация қосу
МАКРОЭКОНОМИКА

Орындаған: Құ
Тексерген: А
Жоспар:
1.Макроэкономика түсінігі
2.Макроэкономикада зерттелетін негізгі мәселелер
3.Макроэкономикалық реттеу
4.Макроэкономикалық тәсіл
Макроэкономика
Макроэкономика (грекше μακρός — ұзын, үлкен, οἶκος — үй және Nόμος —
заң) —экономикалық теорияның экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі.
Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер мен экономикалық өрлеу,
жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, жалпы экономика ауқымындағы
басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын
зерттейді. Экономистер, әдетте, экономикадағы үдерістердің бәрін —
жиынтық өндірісті, бағаның жалпы деңгейін, экономикалық саясаттың
мақсаттары мен міндеттерін, сыртқы сауданы, жұмыссыздықты, мемлекеттік
сектордың жұмыс істеуін, т.б. зерделеуді “макроэкономикалық теория” деп
атайды. Жан-жақты көрсеткіштерді бағалауға негізделген экономикалық
талдау әдісі. Макроэкономикалық талдау нышандары саяси экономияның
классикалық мектебінің өкілдерінде ғана кездесетін. Француз экономисі Ф.
Кенэнің (1694 — 1774) экономикалық кестесі алғашқы макроэкономикалық
үлгілердің бірі болып табылады.
Макроэкономикалық дәрежеде
зерттелетін негізгі мәселелер
ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен
құрылымын анықтау;
ұлттық экономика масштабында жұмыспен
қамтуды реттейтін факторларды айқындау;
инфляцияның табиғатын талдау;
экономикалық өсудің механизмі мен факторларын
зерттеу;
Экономикалық процестер мен құбылыстарды зерттеудің
макроэкономикалық бағыттарының ерекшеліктері
Біріншіден, ол тұтас экономиканың дамуын немесе дәрежесін сипаттайтын
агрегаттық көрсеткіштердің қалыптасуының принциптерін, яғни ұлттық
табыстың, жұмыспен қамту және инвестициялардың жалпы көлемін,
бағалардың жалпы дәрежесін, экономикалық өсудің қарқынын, т.б зерттеуді
кездейді. Нарықтық экономиканың негізгі субъектілері (өндірушілер мен
тұтынушылар) агрегатталған жиымтықтар деп қаралады.
Екіншіден, макроэкономикалық талдауда, жеке нарықтардағы өндірушілер мен
тұтынушылардың шешімдері және іс-әрекеттері бір-бірінен тәуелсіз деп
қаралса, экономиканы тұтас зерттеу, экономикалық субъектілердің өзара әсер
етулерін өзара байланысты нарықтар жүйесі арқылы қаралуын талап етеді
Үшіншіден, макроэкономикалық талдауда, экономиканың болмысы мен
дамуын белгілейтін экономикалық субъектілердің саны көбейеді. Осы
субъектілердің құрамына өндірушілер мен тұтынушылардан басқа,
экономикаға әсер етуі зерттеудің объектісіне айналып отырған мемлекет кіреді.
Макроэкономикалық реттеу

Макроэкономикалық реттеу — экономиканы басқару тәсілі.
Макроэкономикалық реттеу жалпы елдің
экономикалық жүйесінің жұмыс істеуіне бағытталған.
Макроэкономикалық реттеуде нарыққа қатысушылардың іс-
қимыл ережелері белгіленіп, қажет болған жағдайда түзетулер
енгізіліп отырады. Бұл мағынадағы нарықтық қатынаста
макроэкономикалық реттеу мен шаруашылық жүргізуші
субъектілердің өзін-өзі реттеуі ұштастырылады.
Макроэкономикалық реттеу экономикалық жүйені межеленген
бағытта ұстауды көздейді және екі түрге бөлінеді: межелі
бағыттан ауытқу бойынша реттеу және қайсыбір параметр жол
беруге болмайтын мүшкіл деңгейге жеткенде реттеу.
Макроэкономикалық тәсіл

Макроэкономикалық тәсіл —
экономикалық құбылыстарды зерделеу тәсілі. Мұнда
объектінің ішкі байланыстары, ішкі құрылымдары
ескерілмейді, тек экономикалық жүйенің тұрақты жұмыс
істеуінің жалпылама, сыртқы көрсеткіштері ғана
зерделенеді. Макроэкономикалық тәсіл экономиканы
зерттеуге макроэкономикалық ғылым (жалпы
экономиканың тұрақты жұмыс істеуін зерделейтін ғылым)
тұрғысынан қарау дегенге саяды. Ол мемлекеттің жалпы
елдің экономикасына ықпал ететін саясат ретіндегі
макроэкономикалық саясаттың негізгі ұстанымын
білдіреді.
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Ағымдық тұтыну шығындары
МАКРОЭКОНОМИКА ПӘНІНЕ КІРІСПЕ
Қор инвестициясы
НЕГІЗГІ МАКРОЭКОНОМИКА ЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
Ұлттық Экономикалық
Қазақстан экономикасына тарихи экскурс
Экономикалық цикл түрлері және олардың себептері
Инфрақұрылым түсінігі
Макроэкономикалық үлгілердің экономикалық мәні
Макроэкономикаға ғылымы
Пәндер