Көз ұясының қабырғалары


Slide 1

АНАТОМИЯ

Презентация

Нұр-Сұлтан, 2020 жыл

Slide 2

Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлі

Астана Медицина

Университеті КеАҚ

Тақырып: Көз ұясының қабырғалары, құрамы және Мұрын қуысы

Орындаған: Темиралыев Агарыс

Тобы: 135 ЖМ

Қабылдаған: Сүйіндік Біржан Есжанұлы

Нұр-Сұлтан, 2020 жыл

Slide 3

Жоспары:

Көзұясының қабырғалары, құрамы. Көзұясының тесіктері мен қатынастары, олардың қызметі.

Мұрын қуысының қабырғалары, тесіктері мен олардың қызметі.

Slide 4

Көз туралы

Көз - оптикалық жүйе.

Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы, диаметрі 23-25 мм. Көз сыртқы жағынан үш қабықтан қапталған . Сыртқы ақ түсті қатты және мықты қабығы склера немесе ақ қабық деп аталады. Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды. Склераның алдыңғы мөлдір бөлігі - қасаң қабықша деп аталады. Көздің қалған бөліктеріндегі склера мөлдір емес, ақ түсті, ол белок деп аталады.

Жарық қарашық арқылы көз алмасының ішіне өтеді. Түсті қабық - күрделі тамырлы бұлшықет тарамдары. Ол деформациялану арқылы қарашықтың диаметрін өзгерте алады. Көздің қарашығы - ерекше келген тірі диофрагмалар.

Көру - заттардың ішкі құрылысы мен олардың кеңістікте орналасуы туралы ақпарат беретін қабылдау мүшелерінің бірі. Әсіресе көздңғ жақсы көруі балалар үшін маңызды, себебі көру өткірлігінің қандай да болсын бұзылысы баланың толыққанды дамуына кері әсер етеді.

Slide 5

Көз ұясы

Көз ұясы, orbita сыртқы пирамидаға ұқсап, бүкіл көру мүшелердің қуыстығын құраушы сүйектік кеңістік болып саналады. Көз шарасының кіреберіс тесігі, aditusorbitae, немесе көз шарасының табаны мен көру нерві өзекшесініңтесігіне бағытталған ұшы, ажыратылады. Көз шарасының кіреберіс тесігінің сыртқы пішіні, төрт бұрыш тәрізді доғаланып келген. Бұл жиек, жоғары да: көз шарасының жоғарғы жиегі - margo supraorbitalis, арқылы төмендекөз шарасының төменгі жиегі - margо infraorbitalis, арқылы шектелген. Көз шарасының тегістеу болып келген төрт қабырғасы ажыратылады.

Slide 6

Көз ұясының қабырғалары

Көз шарасының жоғарғы қабырғасы, paries superior, маңдай сүйектің көз бөлігінің көзшарасына қараған беті мен сына сүйектің кішіқанатынан тұрады. Сына сүйектің кіші қанатының көз шарасына қараған бетінде, көрунервінің өзекшесі, canalis opticus, айқын байқалады. Көз шарасының жоғарғы қабырғасының көз шарасына қараған беті тегістеу жәнеойыстау болып келген. Бүйір қапталында көзжас безінің ойысы, fossa lacrimalis, алдыңғыжәне медиалді қапталында: шығырлық қылқан, spina trochlearis, оның артында шығырлық қылқанның шұңқыршасы - fovea trochlearis, орналасқан.

Slide 7

Көз ұясының қабырғалары

Көз шарасының латералдық қабырғасы - paries lateralis: бетсүйек, os zygomaticum, пен сына сүйектің үлкен қанатының көзшарасына қараған бетінен тұрады. Латералдыққабырғасы, жоғарғы қабырғасынан көз шарасының ж оғарғы саңылауы, fissura orbitalissuperior, арқылы шектелген. Сонымен қатар, бетсүйектің көз шарасына қараған бетінде: бетсүйектік-көзшарасы өзекшенің тесігі, foramenzygomatico orbitalis айқын байқалады.

Көз шарасының медиалдіқ қабырғасы: paries medialis, алдында: көзжас сүйегімен тор сүйектің лабиринтінің көз шарасынақараған бетінен; артқы қапталы: сына сүйектіңденесінің латералдық бетінен тұрады. Медиалды қабырғасының ала, ыңғы бөлігінде көзж ас қапш ығына, saccuslacrimalis, бағытталған көзжас мұрын өзекшенің саласы, sulcus nasolacrimalis, орналасқан. Көзжас қапшығында жинақталған көздіңжасы, мұрын қуысына қарай көзжас - мұрын өзекшесі, canalis nasolacrimalis, арқылы мұрынқуысына қарай бағыт алады. Медиадды қабырғасының жоғарғы жиегініңбойында, тор сүйектің алдыңғы, артқытесіктері, foramen ethmoidale anterius et medius, орналасқан.

Slide 8

Көз ұясының қабырғалары

Көз шарасының төменгі қабырғасы, paries inferior, ол жоғарғы жақ сүйегі мен бетсүйектің көз шарасына қараған бетінен және таңдай сүйектің көз шарасына бағытталған өсіндісінен тұрады. Төменгі қабырғасы мен латеральдық қабырғалардың аралығында көз шарасын самайасты ойысын қанат-таңдай ойысы мен өзара байланыстырып тұрушы көз шарасының төменгі саңылауы, fissura orbitalis inferior, орналасқан. Сонымен қатар, көз шарасының төменгі бетінің бүйір қапталына таманкөз шарасының төменгі саласы, sulcus infraorbitalis, айқын байқалады. Бұл сала, горизонталді бағытта өтіп, жоғарғы жақ сүйегінің терең қабатында, көз шарасының төменгі өзекшесіне, canalis infraorbitalis, ұласып, жоғарғы жақ сүйегінің алдыңғы бетінде көз шарасының төменгі тесігі, foramen infraorbitalis, мен аяқталынады. Бұл өзекшеден, жоғарғы жақ сүйегінің терең қабатында, жоғарғы жақ сүйегі тістерінің түбіріне бағытталған жоғарғы альвеолярлық алдыңғы, аралық өзекшелер, canalis alveolarissuperior anterior et medius, өтеді.

Slide 9

Мұрын және мұрынның қосалқы қуысының анатомиясы.

Сыртқы мұрын

Slide 10

Сыртқы мұрында терісі мұрын түбірі аймағында жіңішке ал қанаттар мен ұшында қалың әрі май бездеріне бай. Тері асты шел қабаты әлсіз дамыған қантамыр мен нерв талшықтары өтіп жатыр. Мұрынның түбір аймағында тері қозғалмалы қатпар түзіп ұстауға болады. Қанаттары аймағында тері шемершекке тығыз бекітілген нашар ығысады. Танау тесігі тұсында мұрын қуысының кіреберісін құрастыратын шеміршектердің ішкі беткейіне өтеді, бұл жерде тері қысқа түктермен қамтамасыз етіледі.

Slide 11 Slide 12

Мұрын қуысы (cavum nasi) сыртқы мұрынның жалғасы болып, төменнен қатты және жұмсақ таңдаймен, жоғардан торлы сүйектің көлденең табақшасының аралығында орналасқан және мұрын пердесі арқылы екі бөлімге бөлінген кеңістік.

Сыртқы жақтан ол көз ұясының медиалды қабырғасымен және жоғарғы жақ қуысымен шектелген.

Мұрын қуысы

Slide 13

Мұрын қуысының әр жартысы

Латералды

Жоғарғы

Төменгі

Медиалды


Ұқсас жұмыстар
Төменгі жақ сүйек
КӨЗ ҰЯСЫНЫҢ ІСІКТЕРІ
Вегенер гранулематозы
Ірі - қара телязиозын және жылқы спируратозын балау
Төменгі жақ - бассүйек сүйектерінің ішіндегі жалғыз қозғалмалы, жұпсыз сүйек
Ара балы туралы
Көз жарақаттары
Балықтардың аурулары
Баланы курациялау, оның нерв- психикалық дене дамуын бағалау
Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz