Ағаш төсек - жатып тынығуға арналған жайлы жиһаз




Презентация қосу
Ағаш және теріден
жасалған үй
жиһаздары
{Этнографиялық сипаты
Әбдіре — үй жиһазы, сандықтың үлкен түрі.
Тақтайдан жасап, алдыңғы бетін. Өрнектеп,
сырлайды. Орталық Азия халықтары кеңінен
қолданады. көне түркі қаңылтырмен қаптайды.
Қақпағы және қиюласқан
жіктері қаңылтыр қиықтарымен торланады тіліндегі
"абыд" (жасыру) деген сөзден шыққан. Оның көлемі
әр түрлі болады. Абдыраны мықты әрі
жеңіл ағаштың тегістеп жонылған тақтайынан
қиюластырып жасайды. Абдыра бір түсті сырмен
боялып, кейбірінің алдыңғы беті сәнді болу үшін түрлі
өрнектермен әшекейленген жұқа қаңылтырмен
қапталады. Қозғауға ыңғайлы болу үшін абдырадың
екі бүйіріне қос-қос тан төрт тұтқа орнатылып,
қақпағына құлып салынады

Әбдіре
Адалбақан — киім және т.б. үй мүліктерін
ілуге арналған жабдық. Адалбақан көбінесе
бұтағы
көп балапан қайың мен шыршадан (самырсынн
ан) жасалады. Жас ағашты кесіп алып
қабығын аршығаннан кейін, оның бұтақтарын
түп жағынан бір сүйемдей қалдырып, ұшын

{
кесіп тастайды, бұтақ түбірлерін бақанның
жоғарғы ұшының бағытымен майыстырып иеді
де, ұштарын қайыспен не мықты жіппен
бақанның діңіне таңып, көлеңкеде кептіреді.
Иілген бұтақтар жазылып кетпейтіндей болып
әбден кеуіп қалыптасқан кезде таңғышты
шешіп алып, оның ұштарын үшкірлеп жонып
ілгек жасайды. Кейде адалбақанды бұтақсыз
ағашқа басқа ағаштың бұтағын не
болмаса бөкеннің мүйізін бекіту арқылы да
жасайды. Адалбақан сәнді болу үшін шеберлер
оның сыртын әр түрлі бояулармен өрнектеп
сырлайды, бүршік бас алтын, күміс шегелерме
н нақыштайды.

Адалбақан
{
Ағаш төсек — жатып тынығуға арналған жайлы жиһаз. Ел арасында
"төсек ағаш", " төсағаш", "кереует", ал кейбір көркемдік ерекшеліктеріне
қарай "сырлытөсек", "күмістелген төсек", "сүйектелген төсек", "оюлы төсек"
деп аталады. Бетіне салынған ою-өрнек әр түрлі болғанымен, бәрінің сыртқы
пішіні ұқсас. Қайқылау келген екі басы жатуға ыңғайлы жалпақ арқалығымен
бірге бөлек дайындалып, төрт аяғы сүйек, күміс, әр түрлі тастар, көксауыр
былғары, қызғылт, күрең, сары, жасыл, қоңыр бояулармен өте әсем
көркемделетін екі бетімен тұтасады. Қақ ағаштың түзу тақтайларынан
құрастырылады. Ағаш төсек пішіні ұсталардың шеберлігіне, көркемдік
талғамына, қолданылатын құрама материалдарына қарай,
әрі Қазақстан аймақтарындағы ағаш шабу өнерінің жергілікті дәстүрлеріне
сай түрліше жасалуы мүмкін. Ағаш төсек кейде cәндеп көрпе-төсек те
жиналады
Асадал – тамақ, ыдыс-аяқ
сақтайтын үй жиһазы.
Кебеженің сирақты түрі.
Үстіңгі бөлігі қақпақталып,
бетіне
түрлі нақыштар салынады,
сүйекпен, қаңылтырмен, әр
түрлі тастармен безендіріледі.
Бөстек – құлын, бөкен, елік, ешкінің иленген терісінен
жасалатын жұмсақ төсеніш, көне түркі тіліндегі “посты”
(тері) сөзінен шыққан. Бөстекті құлын, бөкен, елік, ешкі
терісінен іш жағына қара бидайдың ұны мен кебегіне
айран қосып жасаған ерітінді жағып, бірнеше күн жылы
жерде ұстайды. Содан кейін сіңген теріні кергілеп, уқалап
жұмсартады да, қатты сүйекпен не қайрақ таспен сүргілеп
барқыт, шұға сияқты матамен көмкере астарлап
пайдаланады, көбіне иленген қалпында да төсене береді.
Бөстекті төрге не қарттар отыратын орынға төсейді.
Жүкаяқ – дәстүрлі қазақ қоғамында
қолданылған, сандықтың астына қойылатын
жиһаз. Ағаштан жасалады, төрт аяғы болады.
Жүқаяқтың беті металмен қапталып, әр түрлі
өрнектермен әшекейленген.
Кебеже - тамақ сақтауға арналған сандыққа ұқсас
ағаш бұйым. Кебеженің түбі қалың тақтайдан жасалады.
Оның қақпағы сандықтың қақпағы сияқты, кейде жармалы
да болып келеді. Жармалар не көлденең кергіш ағашпен,
не таспамен жалғастырылады. Кебеженің беті де кейде
сырмен, кейде сүйекпен ою салып өрнектеледі.
Соба - ертедегі көшпелі қазақтар
ас сақтайтын ыдыстардың біразын
мал терісінен жасаған. Ондай
ыдыстың ең үлкені соба
малшылықтың, байлықтың белгісі.
Жылқылы ірі байлар собаның
мөлшерін бәсекелесіп үлкен
жасауға тырысқан. Собаға биенің
сүтін сауып жинап, құйып қымыз
ашытқан.
Құр айыл-жіптен жасалған айыл.
Шап айыл-жалаң ердің үстінен тартылады.
Төс айыл-ат көрпенің үстінен тартылады.
Өмілдірік-екі ұшы ердің алдыңғы қасының екі
жағына бекітіліп, ортасы аттың омырауында
тұрады.
Жүген-қазақ шеберлері жүген жасауға көп көңіл
бөлген.Жүген қайыстан,былғарыдан

Ұқсас жұмыстар
Бөлмені тоқыма материалдарымен аймақтарға бөлу
Сүргілеу станоктары
Тынығу уақыты
Трансформер жиһаз жасайтын цех ашу
Бір орынды нөмір стандарт
Кеңселік жиһазды жасау цехын құру
Арқамен жатып, қолдарды дене бойымен ұстау
Киіз үйдің атаулары
Емдеу қорғау тәртібі
Қазақстандағықызықты қызықтыжаз жаз
Пәндер