Әубәкір Ахметжанұлы Диваев (1855-1932): қазақ ауыз әдебиетін жинаушы, фольклоршы-этнограф


Slide 1

ДИВАЕВ ӘБУБӘКІР АХМЕТЖАНҰЛЫ

(3. 12. 1855, Ресей, Орынбор қаласы - 5. 2. 1932) - Ташкент қаласы)

Slide 2

ӨМІРБАЯНЫ

Әубәкір Ахметжанұлы Диваев - фольклоршы, этнограф. 1876 жылы Орынбор кадет корпусының Азия бөлімін бітірген. Диваев өзбек, парсы, қазақ тілдерін меңгерген. Кадет қорпусында оқып жүріп қазақ халқының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпына қатысты құнды материалдар, ауыз әдебиеті жинаумен шұғылданды. Диваевтың қатысуымен 1895 жылы Қожа Ахмет Иасауи мешітінен табылған көне жазулар Түркістан өлкесі тарихын зерттеуге қойылған елеулі үлес болды.

Slide 3

Қазақ ауыз әдебиетi үлгiлерiн жинау, бастыру мәселелерi ХIХ-ғ. мен ХХ-ғ. Басында бiр топ орыс ғалымдары айналысты. Олардың iшiнде Сырдария генерал-губернаторы Н. И. Гродековтың 1884 ж. қазақ, өзбек, қырғыз халқы ауыз әдебиетiн жинауды қолға алып, бұл жұмысты жергiлiктi халықтың тiлiн, салт-дәстүрiн жетiк бiлетiн Орынбор кадет корпусiнiң түлегi Ә. Диваевқа тапсырды. Ол араб, парсы тiлдерiмен қоса қазақ, өзбек, тәжiк тiлдерiн де жетiк бiлетiн едi.

Slide 4

Ә. Диваев белгiлi түркiтанушы В. Н. Наливкинмен, тарихшы, этнограф, филолог А. Н. Вышнеглярскиймен жүздесiп, ақыл-кеңес ала отырып, зерттеу жұмысының жоспарын жасады. Ел аузындағы ертек, аңыз-әңгiме, батырлар жырын жетiк бiлетiн қариялармен пiкiрлесiп, олардың бiлгендерiн жазып алып жiберiп отыратын мұғалiм-молдаларды бұл iске тартты. Өзi жинаған материалдардың бiр тобын Ресей география қоғамының Қазандағы бөлiмшесiне жiберiп отырды. Сондай-ақ 1886 ж. Ташкентте шыға бастаған "Түркiстан уалаяты” газетiнде жариялады.

Slide 5

Мақал-мәтелдер тақырыбы:

Slide 6

Түстің баяны

Slide 7

Ырым

Slide 8

Қазақ балаларының ойындары

Соқыр теке

Үйшік-үйшік

Бөрік жасырмақ

Орда

Домалақ ағаш

Шелек

Slide 9

Диваев бiрiншiден қазақ ауыз әдебиетi үлгiлерiн келешек ұрпақ үшiн, тарих үшiн қажеттi дүние деп қараса, екiншiден жиналған материалдарды орыс тiлiне аударып, бастыру арқылы қазақтың көне мәдени мұрасымен орыс, батыс халық өкiлдерiне таныстыруды көздедi. 1896 ж. Қазан университетi жанындағы археология, тарих және этнография қоғамы Ә. Диваевқа хат жолдап, аталған қоғамға мүшелiкке алғанын хабарлайды.

Бұл қоғамның белсендi мүшелерi; В. В. Радлов, ВАлекторов, Г. Н. Потанин, В. П. Наливкин, Н. П. Остраумовтар да түркi халықтарының мұраларын жинау, зерттеу iсiмен айналысатын.

Slide 10

Диваев "Шора батыр", "Бекет батыр", "Алпамыс батыр", "Кобыланды батыр", "Ер Тарғын", "Айман-Шолпан" жырларын, көптеген ертегілер, шешендік сөздерді жинап, олардың кейбіреуін орыс тіліне аударды. Диваев Сырдария қазақтарының өмірінен көлемді этнографиялық материалдар жинады. Қорқыт Ата бейіті су үңгіп, жоғалып кету алдында тұрғанын айтып, жергілікті әкімшіліктен адамзат мәдениеті тарихындағы қымбат ескерткішті қорғауға алуды сұраған. Диваевтың ғылымға сіңірген еңбегін П. М. Мелиоранский, А. В. Гордлевский, В. В. Бартольд сияқты ғалымдар жоғары бағалаған. Әбубәкір Диваевтің аты Қазақстанның ірі қалалары - Астана, Алматы, Шымкенттегі көшелерге берілген.


Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезов және фольклортану: қазақ ауыз әдебиетін жинау мен зерттеу тәжірибесі
Мұхтар Әуезов және фольклортану: халық ауыз әдебиетін жинау мен зерттеу тәжірибесі
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889): қазақ ағартушы-педагог, жазушы және этнограф
4-сыныпқа арналған халық ауыз әдебиетін оқыту: 34 сағаттық жылдық оқу-әдістемелік жоспар
Мұхтар Әуезовтің қазақ әдебиеттануы мен фольклортануындағы орны: халық әдебиетін жинау және Абайтану
Мұхтар Әуезов: қазақ әдебиетін әлемдік мәдениетпен тоғыстырған ғалым-жазушы
Қазақ әдебиетін оқытудың технологиялары: Қ. Бітібаеваның оқыту жүйесінің құрылымы
Қазақ АКСР-дегі ұжымдастыру (1927-1932): Голощекин, қуғын-сүргін және Ұлы Жұт
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда интерактивті және инновациялық технологияларды қолданудың әдістемесі
Шәді Жәңгіров (1855-1933): өмірі мен шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz