Құлжабасы петроглифтері
Презентация қосу
Құлжабасы
петроглифтері
Ерте қола дәуірінен қазіргі заманға
дейінгі суреттерді қамтиды.
Археологиялық кешен Құлжабасы
жотасының ландшафтында, оның тіктеу
келген оңтүстік баурайында (Қопа өзенінің
аңғарына түскен жағында) орналасқан
(Жамбыл облысы, Қордай ауданы). Шу-Іле
(Айтау) тауының оңтүстік жағын жиектей
өтеді, бұл жердің су көздері мол. Алматы
облысымен шекаралас жерде, Отар
стансасынан 10–40 км батыста созылып
жатыр. Құлжабасыдан жалпы 26 шатқал,
ал Костөбеден 6 шатқал зерттелген.
Құлжабасы Аңырақай және Қордай
теміржол бекеттеріне шектесіп, Қостөбе
жотасымен жалғасып барлығы 29 км
ұзындықты құраған ладшафт болғанымен,
әлі зерттелмеген 16 км жер «Гвардейский»
полигоны аумағында жатыр.
Құлжабасы ландшафтының ені
3–3,5 км, оның өзіндік заңдылықта
орналасқан ескерткіштері бар: таулы
бөлігіндегі петроглифтер мен бұлақ
маңындағы қоныстар, шатқалдың
аузындағы (қола дәуірі), сонымен
бірге су айрықтағы (ерте темір
ғасыры), таудың жоғарғы жағындағы
қорымдар. Кешенді алғаш 1950 ж.
аяғында П.И. Мариковский ашқан.
2000 ж. Р. Сала мен Ж. М. Деом
қайта ашқаннан бері зерттелініп
келеді.
Петроглифтердің саны
жағынан басым бөлігі қола
дәуіріне жатады. Олардың
арасынан бұқалардың бейнесі,
оның ішінде тұлғалы күн
символикасы, «күн бастылар»,
адоранттар, арбалар, аң аулау
көріністері, соның ішінде салттық
(бетпердедегі) және құрбандық
шалу суреттерін атап өтуге
болады. Сонымен қатар көп
мәнерлі композициялар түскен ірі
жартас беті, мысалы, әр түрлі
көлемдегі 30-дан астам
бұқалардың суреті, «көктегі
табын» суретінің басқа түрлері,
сонымен бірге әр түрлі уақыттарға
жататын «әлем көріністері»
ерекше көзге түседі.
Бірнеше шатқалдардағы
петроглифтердің арасынан ерте
уақытқа жататындарын көруге
болады. Олар: торлардың суреті, әр
түрлі белгілер немесе таңбалар, оның
ішінде гантельге ұқсайтындары да
бар. Сақ кезеңінің петроглифтері
бірегей болып келеді, тік тұтқалары
бар қазанның жанында «босану», бес
қаруын асынған екі сайыпқыран
(рыцарь), ерте сақ уақытына жататын
бұғылар бейнесі және т.б.
Ескерткіштердің алуан түрлілігі таңғалдырады: жылға жанындағы неолиттік құралдар,
жүздеген үлкенді-кішілі петроглифтердің шоғырлары, қола дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі
қоныстар мен қорымдар, ауыл шаруашылығына арналған гидротехникалық құрылыстар.
Құлжабасыда ежелгі дәуір мен орта ғасырларда мекен еткен тұрғындардың тұрмыс-
тіршілігін осы жартас өнері біртұтас кешенге байланыстырып, біріктіріп жатыр.
Олардың сақталуы да бірегей. Жартасқа қашалып салынған қандай да бір бейненің
қасиетті мағынасы ежелгі дүниетанымдық тұрғыдан ерекше деп айтуға болады.
Рухани мәдениет тұрғысынан аса маңызды көріністер, таңбалар мен бейнелер
әрбір нақты жағдайға байланысты қашалып салынған. Олар игерусіз қалған табиғи
ландшафтысы әрі қоғам игерген киелі ландшафтысы болуымен ерекшеленеді.
Құлжабасыда айтарлықтай көлемде
«күн бастылар» (7) бейнесі бар, олар –
Орталық Азиядағы барлық осы сияқты
бейнелердің генезисін анықтау үшін аса
құнды. «Аяққа», тұғырға орнатылған
антропоморфты дискілердің айтарлықтай
саны, сонымен бірге қола айна жеке
түрде де, адамның қолында да кездеседі.
Мұндағы диск қола дәуіріндегі күн
культі рәсіміне қолданылған бұйым
ретінде түсіндірілуі мүмкін.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz