Бұғы шаруашылығындағы азықтар




Презентация қосу
МАРАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ БҰҒЫ
ЖАЙЫЛЫМДАРЫНЫҢ ҚОРЕК ТҮСІМДІЛІГІН
АНЫҚТАУ
Бұғы шаруашылығындағы азықтар
• Солтүстік бұғыларға күйіс қайыратын малдар жатады. Жазда бұғы негізінен
көк шөпті өсімдіктермен бұталардың жапырақтарын жейді. Олар өте
сүйсініп жейтін аласа тундра бұталары: тал және қайың жапырақтары.
Көктемде қыстан жүдеп шыққан жартылай аш бұғылар көк шөпке жағадан
шығып келе жатқан өлең шөптерден басқа жаңа шыққан көк шөптердің
бәрін жейді. Көктемде қыстан жүдеп шыққан жартылай аш бұғылар көк
шөпке жағадан шығып келе жатқан өлең шөптердің өскіндеріне ұмтылады.
Жалпы бұғы ірі сабақты және улы шөптерден басқа жаңа шыққан көк шөп
тердің барін жейді. Қыста қар астындағы қураған сарғайған шөптерді және
жапырақтарды тебіндеп жейді. Қыста қар астындағы қураған сарғайған
шөптерді және жапырақтарды тебіндеп жейді бірақ бұғылардың негізгі
азықтары болып осы кезде бұталы қыналар мен бұғы мүгі болып табылады.
Бұғы мүгінің әр түрлерін бұғылар бірдей сүйсініп жейді ал калғандарын
онша көп жей қоймайды.
• Солтүстік бұғыларының негізгі азықтарының бірі дәнді өсімдіктер болып
есептелінеді. Соның ішінде көп таралған және жақсы желінетіндеріне
солтүстік түлкіқұйрық, шалғындық түлкіқұйрық, сарылау мұсат, жалпақ
жапырақты мұсат, майысқақ селдіршөп, алтай бетегесі,биіктау бетегесі, әлпі
бетегесі шалғындық бетеге жатады.
• Дәнді өсімдіктер жайылымды толықтай алып жатқанда құрғақ-ауалық
жағдайында әр гектардан- т көк шөптен түсімін береді. Бірақта басқа
өсімдіктерімен салыстырғанда дәнді өсімдіктердің жайылымда алатын үлесі
өте жоғары емес.
• Бұғылар дәнді өсімдіктердің көктемде және жаздың басында өсімдіктердің
гүлдеу кезеңінде сүйіп жейді. Дәнді өсімдіктер тез өсуіне байланысты
бұғылардың ерте көктемде таптырмайтын азығы болып саналады. Солай
болғанымен олар қоректілік жағынан тал жапырақтарынан, дөңгелек
жапырақты қайыңдардан төмен. Қоректік заттардың қорытылу
коэффициенті бойынша сарылау акротофилдікі мынадай,%: протеин - 72;
май - 55; клетчатка – 65 және АЭЗ-72.
Бұғылардың негізгі азықтары
• Бұғылардың негізгі азықтары – көк шөп, бұталы және бұғы мүгінің жапырақтары
болса, олар кейде балықтарды, ет және тундра тышқандарын жейді. Кейбіреулердің
ойлауынша, бұғы мүгі, әсіресе өыс кезінде бұғылардың ең негізгі қорегі деп есептейді
және осы өсімдіктер болмаса бұғылар өмір сүре алмайды деп қате ойлайды. Бұғылар
тәжірибе көрсеткендей бұғы мүгін жемей қыс кезінде денсаулықтарына ешқандай кері
әсер тигізбей көк азыөтарды (қара бидай және сұлы) жеп өысстан шыққан. Химиялық
талдаулар көрсеткендей бұғы мүгінде қоректік заттар өте аз.
• Бұғы мүгінің ерекшелігі онда белоктың мөлшері өте төмен. Мысалы, тундра
бұталарының жапырақтарында белок 20% дейін болса, бұғы мүгі, бұғы қыналарында
белок небарі 0,2%, немесе 10 есе аз. Сонымен қатар бұғы мүгінде тұздардың
мөлшерлі көк шөптерге қарағанда көп есе аз. Бұғы мүгінің кейбір түрлерінде көп
мөлшерде қына қышқылы болады, олар өте ащы, сондықтан оларды көп жемейді.
Бұғы мүгі бұғылардың белок және тұздарға деген қажеттілігін орындай алмайды.
• Сондықтан олардың жай тұздарға, адамның зәріне тұра жүгіруі түсінікті жағдай, теңіз
жағасындағы балдырларды жейді, кейде етті және тундра тышқанын сүйсініп жейді.
Осы азықтарды жей отырып бұғы мүгіндегі жетпейтін заттардың орынын толтырады.
Қысқы жайылымдарда, бұғы мүгі көп болсада, құрғақ шөптер қар астында қалған
оларды бағу қиынға соғады.
• Бұғылар қарды ашып, шөп таба алмаса басқа орынға жылжиды, одан да
ештеңе таба алмаса тағы басқа орынға қозғалады. Сөйтіп табын басқа шөпті
азық тапқанша өздерін беймаза ұстайды. Бірақ, бұғы мүгі қыс кезінде жақсы
сақталады, жақсы сақталады. Жақсы жайылымдарда көп өседі және қар
астынан тез табылады.
• Бұғылар жайылымды еркін, тыныш жайылғанда орта есеппен 4-5 кг құрғақ
түрінде азық жейді (ал шөп түрінде 10-12 кг болады). Жүк таситын бұғылар
ауыр жұмыс істегенде көп азықты қажет етеді. Алыс жерге ауысқанда,
Аляскадағы тәжірибе көрсеткендей, бұғы күніне 10 кг құрғақ бұғы мүгін
жейді.
• Жазғы жайылымдарда көп азықтары бар соның ішінен бұғы өзіне ең дәмді
шөптермен жапырақтарды таңдап жейді, оның өзі жайылымдағы барлық
шөптердің 1/10 қорын құрайды.
• Қысқы жайылымдардағы бұғы мүктері көп тапталады, Оралда және Анадыр
өлкесінде жүргізілген тәжірибелердің қорытындысына қарай 1 бұғы
тәулігіне жеген және таптаған азықтарын қоса алғанда 20-25 кг болады.
Жаюды дұрыс ұйымдастырған жағдайда азықтардың тапталуы едәуір
азаяды.
Көктемде, бірінші көк шөптер көріне бастағаннан бастап, бұғы
мүгі екінші сортқа азыққа айналады. Шырынды көктемгі шөптер
бұғы мүгіне қарғанда қоректік заттарға өте бай. Сонымен бірге
оларда витаминдер бар, олар өсіп келе жатқан жас малдарға өте
қажет. Бұғылар жаз бойы көк шөпті жеп семіреді, салмақтарын
көбейтеді, денесіне май жинайды, жас төлдер өсіп, жетіледі.
Бұғыны азықтандыруды қалай жақсартуға болады?
• Табиғи жайылымнан бұғының жеген азықтары барлық уақытта жақсы
қоректілігімен көріне бермейді. Әсіресе кейбір қысты жайылымдардағы
жағдайлар жақсартуды талап етеді. Алыс қашықтықтарға жүк таситын
бұғылардың жағдайы өте қиын, неге десеңіз жолдың жағасындағы
жайылымдар пайдаланудан жойылып қалған. Бұғы шаруашылығы
дамытудағы міндеттер олардың етінің сапасын жақсарту, тасымалдауға
арналған бұғыларды дамытудың бәрі мал азығына келіп тіреледі.
• Сондықтан табиғи жайлымдардан басқа мал азықтарын дайындау негізгі
міндет болып есептелінеді. Осы уақытқа дейін бұғылардың негізгі азық қоры
табиғи жайылымдар болып келеді, ал бұғыларды қосымша азықтандыру өте
сирек жағдайларда ғана қолданылады, сондықтан негізгі мақсат бұғыларды
дұрыс азықтандыруда жайылымды жақсартып, оның түімін жоғарлату болып
табылады.
• Жайылымның түсімділігі деп, оның азық қорының жыл сайын кобеюін
айтады. Жайылымының әр азық қоры гектардағы центнермен өлшенеді
(ц/га).
• Осы жағдайда ылғал шөпті өлшемей, оның құрғақ кезінде өлшейді. Егер
жайылымының түсімділігі 20 ц көк шөп болды десек, онда 1 га жайылымның
барлық өсімдіктерін тамырына дейін орып, бұталардың жапырақтарын жұлу
арқылы 20 ц азық алған боламыз. Егер бізде жаздық жайылым болмай, ол бұғы
мүгі болса, онда жайылымның түсімділігін бұлай есептеуге болмайды. Бұғы
мүгінің көк шөптермен бұта жапырақтарынан айырмашылықтары ол қыста өліп
қалмайды, келесі жылы қайтадан өсе бастайды.
• Кішкене ғана бұғы мүгінің бұтасының биіктігі 5 см болғанымен оның ашық
тундрадағы жасы 15-20 жылға жетеді. Сондықтан бұғы мүгі өсетін жайылымының
түсімділігін онда қанша бұғы мүгінің азығы бойынша есептеуге болмайды.
Жайылым түсімділігі ондағы бұғы мүгінің қанша қоры барында емес, бірр жылда
қанша өскіні бойынша есептелінеді. Оны қалай анықтауды кейінірек көреміз.
• Осының өзі жайылымдағы барлық өсімдіктерді бұғылар бірдей жей алмайды.
Кейбір өсімдіктерді бұғылар жалпы жемейді, оларға жататындар ормандағы биік
өсетін өсімдіктер, шалғындық шөптер және улы шөптер. Кейбір өсімдіктерді
бұғылар олардың өте аласа өсуіне қарай жей алмайды, өйткені олар жерге өте
жақын өскен. Сондықтан жайылымының өнімділігін есептегенде жыл сайын өсіп
бұғылар жейтін өсімдіктердің салмағымен өлшеу керек. Жайылымды дұрыс
пайдаланбағандықтан оның барлық өнімділігін игере алмайды, оның тек бір
бөлігін ғана немесе бұғы мүгі бар жайылымдарда – жылдық өнімнен де жоғары
болып кетеді.
Бұғылар жайылым кезінде жеген
азықтардың салмағы нағыз өнімділік
деп аталады. Сонымен, жыл
сайынғы жайылымда өсетін
шөптердің жасаруы немесе
жайылымдағы шөптердің өсуі,
жайылымның жалпы өнімділігі,
оның бір бөлігі бұғылар
пайдаланғаны негізгі өнімділік деп
аталса ал жалпы қолданылған шөп
өнімі – нағыз өнімділік деп аталады.
Азиялық бұғылар немесе канчилилер (Tragulus) ең ұсақ тұяқтылардың бірі. Денесінің
ұзындығы 40-тан 75 см дейін, салмағы 0,7-ден 8 кг дейін болады. Түгінің түсі ақшыл
немесе қара-қоңыр, мүйізсіз, Азияның Оңтүстігі мен Оңтүстік Шығысын мекендейді.
Түнде белсенді. Орманда жасырын тіршілік етеді. Екі ұрпағы болады. Олар жақсы
малтиды, сүңгиді, бірақ құрғақшылық жерде тіршілік еткенді ұнатады. Олар Гималай,
Үнді Қытай, Манғолия, Қытайда мекен етеді. Қынамен, балқарағаймен, қылқан
жапырақтылармен қоректенеді. Жылына бір рет түлейді. Қыстың аяғынан көктемнің
соңына дейін ескі түктерді жаңа түктер біртіндеп алмастырады. 15- 18 айларда жыныстық
жағынан толысады. Жүктілігі 185 - 195 тәулікке созылады. Май айында аналығы 1 сирек
жағдайда 3 бала туады. Аңшылық – кәсіптік маңызы зор.
Африкалық немесе су бұғысы (Hyemoschus aquaticus) тұқымдас ішіндегі ең ірі түр.
Денесінің ұзындығы 75-100 см, биіктігі 45 – 75 см, салмағы 9 – 15 кг. Артқы аяғы
алдыңғысынан қысқа. Түсі ақшыл-қоңырша. Арқасында ақшыл дақтары болады.
Бүйірлерінен екі ақшыл жолақ созылып жатады. Олардың мүйіздері болмайды, бірақ
аталығының өткір, ұзарған сыртына шығып тұратын жоғарғы азу тістері болады. Олар
негізінен түнде тіршілік етеді. Буаздығы 5 айға жуық созылып, аналығы бір ұрпақ
әкеледі.Реңі күрең – қоңыр, жоғарғы ерні мен көзінің аймағы ақ түсті. Жазда терісі қысқа,
қыста қалың, мамықты. Азия, Шри – Ланка, Қытый, Индияда таралған. Өзен және көл
маңындағы шалғында,шөптесіндерде мекендейді. Жүктілігі 6 айға созылады. Маусым-
шілде айларында 1 – 2 бала туады. Қиыр шығыс бұғыларының шағылысу уақыты
қыркүйек және қазан айларының басында басталады. Қысқа қарай табынға бірігеді, сәуір
айында ескі мүйіздерін тастап, маусым айында 2-3 жаңа мүйіз өскіні пайда болады.
• Америкалық бұғы (Odocoileinae). Ергежейлі мазама көлемі бір түрінен басқасына
қарағанда құбылмалы келеді. Салмағы шамамен 10 кг-ға жуық, биіктігі 40 см,
қояннан біраз ірірек болады. Оның ішіндегі екі ірі түріне: қызыл және сұр мазама
жатады, биіктіктері 70 см, ал салмағы 25 кг, жетеді. Реңі бірыңғай түсті, түріне
орай ақшыл-сұрдан қызыл-қоңыр түске шейін құбылып байқалады.

• Пампас бұғысы (Ozotoceros bezoarticus ) денесінің ұзындығы 110- нан 140 см,
дейін, салмағы 25-тен 40 кг, дейін. Басқа европалық бұғылармен салыстырғанда
әсем болып келеді. Денесңнің үстінгі жағындағы түгі жирен, ал төменгі жағы
ағарыңқы келеді. Аталығының әр мүйізінде үш өсіндіден болады. Көбінесе
Бразилия, Аргентина, Уругвай және Парагвайда таралған. Буаздығы 7 айға
созылып бір бұзау туады.

• Батпақ бұғылары (Blastocerus dichotomus) денесінің ұзындығы 153- тен 195 см-ге,
дейін, салмағы 80-нен 150 кг-ға дейін жетеді. Ол Оңтүстік Американың ең ірі
бұғыларының бірі. Түктері күйлеу кезеңінде ашық қызыл, қоңыр, басқа
уақыттарда біраз ақшылдау болады. Аяқтары қара-қоңырдан қара түске дейін
боялады. Бұғылар мүйіздері тармақталған, қосарланған, сондықтан төрт
өсінділері болады.
• Пуду (Pudu) денесінің ұзындығы 80см-ге жетеді, салмағы шамамен 10 кг-ға
жуық. Дене бітімі тығыз, аяқтары қысқа келеді. Көздері мен танауы қара түсті.
Басқа бұғыларға қарағанда мүйіздері тармақталмайды, олар жіңішке және
ұзындығы 10 см-ді құрайды. Буаздығы 7 айға созылады. Бір бұғы бұзауы туады.

• Кербұғы (Dama dama) елікке қарағанда біршама ірі, бірақ кермаралдан кіші
және жеңіл. Денесінің ұзындығы 130-дан 175 см-ге дейін, ал салмағы 65-110 кг,
аралығында. Оның реңі жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады. Жазда
оның үстіңгі жағы, құйрығының ұшы ақ дағы бар қызғылт-қоңыр. Төменгі
жағы мен аяқтары біраз ақшылдау. Қыста басы мен мойыны, құлағы қара қоңыр
түске, арқа мен бүйірлері таза қараға, төменгі жағы күлгін сұрға боялады.
Иранда, Палестинада, Иракта, Украйнада, Беларуссияда таралған. Буаздығы 32
аптаға созылады. Ұясында 1-2 бұғы бұзауы туады.

• Нағыз бұғы (Cervinae) ұсақтан іріге дейінгі мөлшерінің ұзындығы 105-265 см,
биіктігі 100 см, салмағы 40 – 80 кг болып келетін ірі жануарлар. Бұл тұқымдас
2 туысқа жататын 12-14 түрлерді біріктіреді. Тұқымдастың барлық түрлері
өкілдеріне қысқа мүйіз түбірі және аталықтар мүйізінің кем дегенде 3
өсіндісінің үлкен бөлімінің түсуі тән.
• Кермарал (Cervus elaphus) өзіне көптеген түрлер тармағын біріктіреді, олардың өкілдері
бір-бірінен тек мөлшерімен, салмағымен, боялуымен және басқада кейбір белгілерімен
ерекшеленеді. Кавказ, Европа, Бұқар немесе тоғай бұғылары, марал, вапити, үзбара –
бұлардың бәрі кермарал түрінің тармақтары болып келеді. Мүйізінің өсінділері көп
саналады (қағида бойынша, олар 5-тен кем болмайды), олар мүйізінің шыңында өзінетән
танымал ұшар басын құрады. Оның барлық түр тармақтары 15-тен артық саналып, түрлі
мөлшерлі болады. Мысалы, ең ірі марал мен вапити 300 кг, артық салмақ құрып, денесінің
ұзындығы 2,5 м, артық болады, ал кішкене бұқар бұғысы 100 кг-ға аз тартып, денесінің
ұзындығы 175-190 см болады. Түр тармақтары мүйіз формасына қарай ерекшеленуі мүмкін.
Европа бұғысы өсінділерінің саны көп болады, ал маралда ұшары болмайды, ал мүйізінің
өзі өте шомбал, 6-7 өсінді береді.

• Теңбіл бұғы (Cervus nippon) денесінің ұзындығы 160-180 см, салмағы 75-130 кг. Жазда
бояуы ақ дағы бар қызыл-жирен, қыста күңгірттенеді. Өсімдік шөптерімен қоректенеді.
Батыс Қазақстан мен Қостанайда мекендейді. Күйлеуі қазан айында өтеді. Аналықтары
алғашқы бұзауды 2-3 жасында әкеледі.

• Ақ тұмсықты бұғы (Przewalskium albirostris) жаз мезгілінде түктері қысқа, түсі қоңырға
боялады, қыста - түгі сұр, біршама ұзын. Атауы басының алдыңғы бөлімі мен мойынының
ақ түске боялғаны себеп болған. Өте ірі, денесінің ұзындығы 190-230 см., ал салмағы
шамамен 125-200 кг. Басқа тұқымдастарынан ерекшелігі сол, оның тұяғы биік, кең. Тағы бір
ерекшелігі, ол тек аталығында болатын ақ түсті ірі мүйізі, онда бес өсінділері болады.
Елік (Capreоlus pygаrgus) 2-ге: сібірлік және
европалық деп жіктеледі. Сібірліктің
ерекшелігі сол, оның дене мөлшері (денесінің
ұзындығы 126-144 см, салмағы 32-48 кг.)
және мүйізі (ұзындығы 27-33 см.) үлкен.
Жазғы үлбірінің бояуы сібірліктің басында
сұр емес жирен, арқасы мен бүйірлерінде бір
түсті келеді. Мүйізі кең алшақтанған, тым
дөңесті, кейде қысқа қосымша өсіндісімен.
Қазақстанда олар Алтай, Орталық Қазақстан
мен Тянь-шаньда таралған.
Бұлан (Alces) тұқымдас ішіндегі ең ірі түр.
Аталығы денесінің ұзындығы 3 м, салмағы
360-600 кг-ға жетеді. Қиыр Шығыс, Ресей,
Канадада таралған. Қазақстанда Ақтөбе,
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар,
Шығыс Қазақстан облыстарында кездеседі.
Жазық, таулы аудандарды ұнатады.
Өсімдіктер, ағаштар және жапырақтармен
қоректенеді. Тұлғасы мен мойыны қысқа,
шоқтығы өркеш тәрізді биік.
• Мунтжак (Muntiacus muntjac) кішкене көлемді, оларға қарапайым бір немесе екі ұштары
бар мүйіздер тән, олардың тек аталықтарда болады. Олардың үстіңгі жақтарында ұзын
азу тістері дамыған, олар аузынан шығып тұрады. Боялуы сарғылт-қоңырша түсті келеді.

• Құдыр тұқымдасы (Moschidae) бұғы тәріздес кішкене жануар. Денесінің ұзындығы 90
см, салмағы 15-17 кг-нан аспайды. Реңі қоңыр немесе қоңырша. Мүйіздері болмайды,
бірақ аталықтарында таңқаларлық ұзын қылыш тәрізді иілген жоғарғы азу тістері,
жоғарғы ернінің астынан 7-9 см, шығып тұрады. 4-5 жыл өмір сүреді. Мойынының
астында төменгі жағынан кеудесіне дейін қос ақ жолақ созылады. Дене бүйірлерінің
бояуы арқасына қарағанда біраз ақшыл. Бүйірлері мен арқасында ақшыл қоңыр-сары я
қызыл қошқыл немесе жирен-сары дақтар шашылған. Бас сүйегі кішкентай, біршама
қысқа беті және ми бөлімдері бар. Артқы аяқтары алдыңғыларынан ұзын, ол денесінің
артқы бөлімі айтарлықтай шомбал және алдыңғыларынан биік. Тұмсықтарының ұшында
танауы айналасында үлкен түксіз алаң бар. Құлақтары үлкен, сырты домалақтанған.
Құйрығы өте қысқа. Аяқтарында 4 саусақтары бар: бүйірдегілері (II, V) жақсы дамыған,
олардың тұяқтары тек біраз ортаңғы (III, ГУ) саусақтарынан кіші. Аталықтарының
құрсағында күлек қабы аумағында үлкен мускусты без және құйрық безі де болады.
Гималай, Индоқытай, Шығыс Азия, Қиыр Шығыс, Монголия және Қытайда таралған.
Негізінен қына, бал қарағай, қылқан жапырақтарлары және т.б. қоректенеді. Жыныстық
жетілуі 15-18 айында өтеді. Буаздығы 185-195 күнге созылады. Мамыр айында бір, сирек
3 ұрпақ әкеледі.

Ұқсас жұмыстар
Эхинококкоз ауруын диагностикалау шаралары
Күйіс қайыратын жануарлар
Терісі бағалы аңдарды азықтандыру
Мес қарын паракератозы
Бұғы етінің биохимиялық құрамы
Жануарлар биотехнологиясының әдістері
Шошқаны азықтандыру ерекшеліктері
Мал азығына санитарлық­гигиеналық баға беру
Мүйізді ірі қараны бордақылау
Құс стоматиті
Пәндер