Жалпы әдіснама




Презентация қосу
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Тақырыбы : Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері

erkebulannuradynov@gmail.com
Тексерген : аға оқытушы , магистр Маденова Л.М
Орындаған : Есенов Еркебұлан Ист-21
• Әдіснама (методология; грек. мethodos – зерттеу жолы, теория, ілім
және ,,,, логия) – 1) ғылыми таным әдісі; 2) ғылымда қолданылатын
негізгі принциптер. Педагогика теориясына лайықты танымның
ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы педпгогикалық
болмысты өзгеріске түсіру. Зерттеуші педагогиканың нәтижеге жетуі
оның ғылыми-құрал жабдықтармен қарулануымен қатар, түрлі
тәсілдерді әдіснама қорынан таңдап алуына байланысты; 3) дүниенің,
қоғамның обьективті заңдылықтары мен құбылыстарын практика және
теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным
принциптерінің жиынтығы.
Педагогика – адамзат қоғамының даму тарихымен бірге
өмір сүріп, дамып келе жатқан, адамдардың тәрбие, оқыту,
білім беру деп аталатын саналы әрекетін зерттейтін
ғылым. Педагогика ұғымы екі мағына береді. Біріншіден -
білімнің ғылыми аумағы, ғылым; екіншіден - өнер, қолөнер,
педагогикалық іс-әрекет аумағы. Педагогикалық білім – жан-
жақты, адамды дамытудың тәсілдері мен жолдарын
әмбебап оқытуды тұтасымен зерттейді.
Педагогика әдіснамасының мазмұнын анықтаудың қалыптасқан бағыттарына
тоқталайық. М.А. Даниловтің педагогика әдіснамасы жайлы ғылыми мақалалары осы
саладағы еңбектердің іргетасына жатады. М.А. Данилов педагогика әдіснамасының
келесідей анықтамасын ұсынды: «Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық шынайы
болмысты бейнелейтін педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздері, білімдер
жасауға қажет тұғырлар мен тәсілдердің қағидалары туралы білімдер жүйесі болып
табылады».
В.В. Краевский, М.А.Данилов ұсынған педагогика әдіснамасының анықтамасын қабылдай
отырып, «педагогиканың әдіснамасы педагогикалық шынайы болмысты бейнелейтін
педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздері, білімдер жасауға қажет тұғырлар мен
тәсілдердің қағидалары туралы білімдер жүйесі, сондай-ақ, арнайы ғылыми-педагогикалық
зерттеулердің бағдарламаларын, логикасын және әдістерін, сапасын бағалау туралы
білімдерді алу бағытындағы әрекет жүйесі»,- деп тұжырымдайды.
Заманауи анықтамаларға жақынырақ әдіснама мазмұнының анықтамасын В.И.
Загвязинский берді: «Педагогиканың әдіснамасы – бұл педагогикалық білім туралы, оны
меңгеру үдерісі, түсіндіру әдістері және оқыту мен тәрбиелеу жүйесін түрлендіру немесе
жетілдіру үшін практикалық қолдану шарттары туралы білім».
Педагогиканың әдіснамасы бұл
педагогикалық теориялардың негіздері мен
құрылымы, білімдердің жүйесі,
педагогикалық құбылыстармен үрдістерді
зерттеу амалдары және білім алу
амалдарының
Педагогика түрлері туралы білімдер жи
жиынтығы.
әдіснамасының
деңгейлері:
1. Логикалық
гносеологиялық;
2. Ғылыми мазмұндық;
3. Дүниетанымдық;
4. Гносеологиялық.
Әдіснама үшке бөлінеді:
1) Жалпы әдіснама;
2) Арнайы әдіснама;
3) Жеке әдіснама.

• Жалпы әдіснама - қоршаған әлем құбылыстары мен соның жағдайында адамдарды оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне
диалектикалық амал тұрғысынан келу. Жалпы әдіснама әлем дамуының жалпы заңдары туралы сол ғылым
зерттейтін феноменнің алатын орнымен ролі туралы неғұрлым дұрыс және нақты көзқарасты қамтамасыз етеді.
• Арнайы әдіснама - адам психикасы мен санасының, оған педагогикалық және тәрбиелік ықпалдың мүмкіндіктері
туралы көзқарасты қарастырады. Арнайы әдіснама немесе нақты ғылымдардың әдіснамасы ғылымға зерттеуші
феноменінің қызмет етуіне, дамуына, қалыптасуына қатысты өзінің заңдылықтарын нақтылауға мүмкіндік
береді.
• Жеке әдіснамаға мінезқұлықтық құбылыстар мен үрдістерді зерттеудің әдістері мен ұстанымдары және т.б.
кіреді. Жеке әдіснама түрлі құбылыстарды нақты ғылымда зерттеу әдістемесін, оны талдау нысанын, пәнін, амал
тәсілдерін және әдістерінің жиынтығын білдіреді.
Э.Г.Юдин пікірінше, әдіснамалық білімнің төрт деңгейі белгілі:

Философиялық деңгейге ғылымның категориялдық тізбегі мен
танымның жалпы ұстанымдары кіреді.

Жалпы ғылыми деңгейге ғылымның көбінде қолданылатын теориялық
тұжырымдамалар жатады.

Нақты ғылыми деңгей нақты пәнде қолданылатын процедура, ұстаным,
әдістердің жиынтығы.

Технологиялық деңгей зерттеу әдістемесі мен техникасы жатады.

Педагогикадағы әдіснамалық амалдар:

1. Тұлғаға бағдарланған амал

2. Құзырлылық амал

3. Жүйелілік амал

4. Тұтастық амал және т.б.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері
Педагогика ғылымындағы әдіснамалық амал тұғырларының плюрализмі
ЖОО педагогика ғылымының әдіснамасы мен әдістемесі
Оқыту үрдісінің әдіснамалық тұғырлары
Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістері мен әдіснамасы
ТАРИХИ ДЕРЕККӨЗДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ
Педагогика әдіснамасы
Әдістанымның жалпы сипаты
Әдістеме деңгейлері
Педагогика ғылымының әдіснамасы
Пәндер