Қазақстан - 2050 жолдауының негізгі бағыттары


Slide 1

«Қазақстан - 2050» стратегиясы

Орындаған: Нұрбаева Меруерт

Тексерген: Ахмуллаева Мадина

Slide 2

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің алдына жаңа өршіл мақсат қойып отыр.

Ол - әлемнің дамыған отыз мемлекетінің қатарына кіру.

Slide 3

2014 жылғы 17 қаңтарда

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

«Қазақстан жолы-2050 : бір мақсат, бір

мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауын жариялады

Slide 4

Бір мақсат - Мәңгілік елді нығайту, біздің Отанымыз Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту!

Бір мүдде - біздің ортақ құндылығымыз, тәуелсіз және гүлденген елде өмір сүруге ұмтылу!

Бір болашақ - Мәңгілік елдің, біздің ортақ Отанымыз- Қазақстан Республикасының гүлденуі

Slide 5

"Қазақстан-2050" Стратегиясы - 2012 жылдың желтоқсан айында Мемлекет басшысының ел халқына жолдауында таныстырылды.

Оның басты мақсаты - мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.

Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.

Барлығы да адам игілігі үшін лайықталған мемлекетке айналу.

Slide 6

«Бүгінде отанымыздың жетістіктері - әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. «Қазақстан - 2050» стратегиясы - барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол - елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту - ортақ парыз, абыройлы міндет!»

Елбасы Н. Ә. Назарбаев “Қазақстан 2050: стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Жолдауы. 14 желтоқсан, 2012 ж.

Slide 7

«Қазақстан-2050» жолдауының негізгі бағыттары:

1. Инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм.

2. Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау - ұлттық экономиканың жетекші күші.

3. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары - әлеуметтік кепілдемелер мен жеке жауапкершілік.

4. Білім және кәсіби біліктілік - қазіргі білім жүйесінің, кадрлерді даярлау мен қайта даярлаудың кілтті бағыттары.

5. Мемлекеттіліктің одан әрі дамуы және қазақстандық демократияның дамуы.

6. Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көп ұлтты және көп конфессиялық қоғамның жетістік негізі.

7. Дәйекті және жорамалды сыртқы саясат - ұлттық мүдделерді өрлету және аймақтық пен жаһандық қауіпсіздікті нығайту.

Slide 8

Білім беру жүйесін жетілдіру

Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыттары және қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы, қарқындылығы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Бұл білім беруді жаңарту педагогтардың жауапкершілікті түсінуі мен олардың кәсіби деңгейіне және білім беру үдерісіндегі көптеген мәселелерді шешуге қосқан үлесіне байланысты. Он екі жылдық білім беруге көшуге байланысты Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру кеңістігіне енуі, педагогтар қауымынан кәсіби міндеттер мен оны жүзеге асыруда жаңаша көзқарасты, яғни инновациялық қызметті дамытуды талап етеді.

Slide 9

Еліміздегі білімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы міндеттер

Оқу процесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу

Педагогикалық кадрлардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру

Педагогикалық базалық білім беру стандарттарын, мектеп мұғалімдері мен ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру талаптарын жаңарту

Кадрларды даярлауды экономика қажеттілігіне сәйкес келтіру

Білім саласына әлемнің үздік жетістіктерін енгізу

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін дамыту

Slide 10

Инновация ұғымы

Инновацияға нақтылы анықтама әлі де жасала қойған жоқ. Ш. Таубаева мен Қ. Құдайбергенованың берген анықтамасына сүйенсек, «инновация» - бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсат дегеніміз не? Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже - жаңалыққа бет бұрудың кілті»

Slide 11

Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін негізге ала отырып, инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп ұғамыз.

Негізгі әдістемелік инновациялар бүгінгі таңда оқытудың интерактивті әдістерін қолданумен байланысты. «Интерактив» сөзі бізге ағылшын тілінің «interact» деген сөзінен келген. «Іnter» - бұл «өзара», «act» - әрекет ету дегенді білдіреді.

«Интерактивті» сөзі - өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлденемен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режимінде болады. Демек, интерактивті оқыту - бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында оқытушы мен студенттің өзара әрекет етуі жүзеге асырылады.

Slide 12

Бұл өзара әрекеттестіктің ерекшелігі мыналар

Білім субъектілерінің бір мағыналық кеңістікке келуі

Күрделі мәселелер өрісінде шешілетін тапсырмаларды бірігіп көтеру, яғни бірыңғай шығармашылық кеңістікке қосылу

Тапсырмаларды шешуді жүзеге асыратын әдістер мен құралдарды таңдауда келісушілік

Жақын эмоциялық жағдайларда оң-сол күйге бірге түсуі, тапсырмаларды қабылдау мен жүзеге асыруда бойдағы ұқсас сезімдерді бастан кешуі.

Slide 13

Жолдауда Елбасы: «Біздің басты жетістігіміз -тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз» деп атап көрсетті. Осы ретте тарих өлшемімен салыстырғанда қас-қағымдай уақыт - тәуелсіздіктің жиырма бір жылында еліміз қол жеткізген, Жолдауда атап айтылған табыстарға қысқаша тоқтала кеткен жөн: «Біз шекарамызды заңдық тұрғыдан ресімдедік. Елдің жаңа елордасы - Астананы салдық. Біз «Алдымен экономика - cодан соң саясат» деген айқын формуламен ілгерілеп келеміз. Этникалық, мәдени және діни әралуандыққа қарамастан, елімізде бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты сақтадық. Қазақстан жаһандық конфессияаралық үнқатысу орталығына айналды.

Біз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке, еркін бәсекелестікке және ашықтық принциптеріне негізделген нарықтық экономиканың заманауи үлгісін жасадық. Біз елімізге 160 млрд доллардан астам шетел инвестициясын тарттық. Стратегия - 2030 қабылданғаннан бері 15 жыл ішінде мемлекетіміз әлемдегі ең серпінді дамушы елдер бестігіне енді. Нәтижесінде, 2012 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің көлемі жағынан біз әлемнің 50 ірі экономикасының қатарына кіреміз. 15 жыл ішінде қазақстандықтардың табысы 16 есе өсті. Табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтардың саны 7 есе азайды, жұмыссыздар саны екі есе қысқарды».

Slide 14

Осы жылдарда Қазақстанда: «Білім алуға тең мүмкіндіктер жасалуда. Соңғы 15 жылда білім алуға жұмсалатын қаржы 9, 5 есе өсті. Соңғы бес жылда ана өлімі шамамен 3 есе азайды, бала туу көрсеткіші бір жарым есе өсті. Біздің адам капиталын дамытудағы ұзақмерзімді салымдар саясатымыздың арқасында қазіргі талантты жас ұрпақты өсірдік».

Әлемдік саясатта біздің еліміз - талассыз халықаралық беделге ие жауапты да сенімді серіктес. Соңғы 2-3 жылда Қазақстан Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына, Ислам ынтымақтастығы ұйымына және ұжымдық қауіпсіздік ұйымына төрағалық етті. Астана экономикалық форумында біз диалогтың жаңа форматын - G-global-ды ұсындық.

Slide 15

Әлемде алғашқы болып Семей ядролық полигонын жауып және атом қаруынанбас тарта отырып, біз қауіпсіздігімізге берік халықаралық кепілдік алдық. Біз Орталық Азияда ядролық қарусыз аймақ құруда негізгі рөл атқардық және жер шарының басқа да аймақтарында, әсіресе, Таяу Шығыста осындай аймақтар құруға белсенді қолдау көрсетеміз. Қазір біз ядролық қатерді таратпау жөнінде одан әрі табанды шешімдер қабылдау қажеттілігі туралы батыл айтамыз. Осындай жауапты саясатының арқасында Қазақстан ядролық қаруды таратпау режімінің көшбасшысы, басқа мемлекеттер үшін үлгі болып танылды».

Мемлекет басшысы Жолдауда осыдан дәл 15 жыл бұрын қабылданған Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының мерзімінен бұрын орындалғандығын атап өтті. Оның басты қорытындылары: «Болашақта кез келген аумақтық даулардың туындау қаупі қазір сейілген. Біз ұрпақтарымызға көршілермен даулы аумақтар қалдырған жоқпыз.

Slide 16

Біз адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшті, заманауи, қорғанысқа қабілетті әскерді, пәрменді құқық қорғау жүйесін құрдық. Бізде көппартиялы Парламент, парламенттік көпшілік қолдаған Үкімет бар. Азаматтық қоғам дамуда, тәуелсіз БАҚ жұмыс істеуде. Түрлі бағыттағы 18 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді. 2, 5 мыңдай БАҚ бар, оның 90%-ы - жеке иелікте. Қазақстан бүгінде мәдениетаралық және конфессияаралық үнқатысудың халықаралық орталығына айналды. Әлемдік және дәстүрлі діндердің алғашқы төрт съезі нақ біздің елімізде өтті.

Нәтижесінде, 15 жыл ішінде ұлттық экономиканың көлемі 1997 жылғы 1, 7 триллион теңгеден 2011 жылы 28 триллион теңгеге өсті. 1999 жылдан бастап Қазақстанның ІЖӨ-нің жыл сайынғы өсуі 7, 6%-ды құрап, алдыңғы қатарлы елдерді басып озды. Жан басына шаққанда ІЖӨ 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 жылы 12 мың долларға жетіп, 7 еседен астам өсті. Біз сыртқы сауданың - 12 есе өсуіне, ал өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің 20 есе өсуіне қол жеткіздік. Осы жылдар ішіндемұнай өндіру - 3 есе, табиғи газ өндіру 5 есе ұлғайды. Біз шикізат ресурстарынан түскен кірісті Ұлттық қорға жібердік».

Slide 17

Сонымен қатар республикада «үдемелі индустрияландыру бағдарламасы аясында 2010 жылдан бастап жалпы құны 1 797 млрд теңге болатын 397 инвестициялық жоба іске асырылды, 44 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Орташа айлық жалақы 9, 3 есе өсті. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 10 есе ұлғайды. Халықтың нақтылы ақшалай кірістері 16 есе өсті.

Егер 1999 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 46 млрд теңгені құраса, 2011 жылы 631 млрд теңге болды. Дәрі-дәрмекпен тегін және жеңілдікті қамтамасыз ету енгізілді. Соңғы 15 жылда халықтың саны 14 млн-нан 17 млн адамға дейін өсті. Өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін ұлғайды.

«Балапан» бағдарламасын іске асыру балаларды мектепке дейінгі білім берумен65, 4%-ға дейін қамтуға мүмкіндік берді. Міндетті мектепалды даярлық енгізілді, ол мектеп жасына дейінгі балалардың 94, 7%-ын қамтыды. 1997 жылдан бері республика бойынша 942 мектеп, сонымен қатар, 758 аурухана және өзге де денсаулық сақтау нысандары салынды. Соңғы 12 жылда жоғары білім алуға берілетін гранттар саны 182%-ға ұлғайды.

Slide 18

1993 жылы біз «Болашақ» атты бірегей бағдарлама қабылдадық, соның арқасында 8 мың талантты жас әлемнің таңдаулы университеттерінде озық білім алды. Астанада халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін заманауи ғылыми-зерттеу университеті құрылды. Электронды үкімет азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылын едәуір жеңілдетті. Біз мемлекеттік басқаруда өзіндік тұрғыда төңкеріс жасауға қол жеткіздік, оны халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға қайта бағдарладық».

Slide 19

Осылайша 2030 стратегиясында белгіленген негізгі міндеттер орындалды, қалғандары орындалу үстінде. Сондықтан Елбасы Жолдауында негізделген еліміз дамуының жаңа стратегиясы «Қазақстан - 2030-дың» үйлесімді жалғасы болып табылады. «Қазақстан-2050» стратегиясы - бұл тым құбылмалы тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси бағыт. Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс.

Президент бұл биікті бағындыру жолындағы бірінші дәрежедегі маңызды мақсат-міндеттерді айқындады:

Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту.

Экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу.

Ұлттық экономиканың жетекші күші - кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету.

Жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру.

Білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру.

Мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдығын арттыру.

Халықаралық және қорғаныс саясатының жаңа сын-қатерлеріне парапар саясат құру.

Slide 20

Осынау өршіл мақсат-міндеттерді іс жүзіне асыру қай салада болсын қарбалас жұмыстарды талап ететіні даусыз. Оның ішінде білім беру саласының алдында тұрған міндет аса жауапты екені даусыз. Өз дамуының құбылмалы әлемдегі жаңа кезеңіне қадам басқан еліміздің қатаң бәсекелестікте жаһандық экономикалық тайталасқа дайын болуы - осы міндеттерді іске асыратын мамандардың біліктілігіне байланысты. Сондықтан Қазақстан дамуының жаңа стратегиясы жоғары мектептің алдына қоятын міндет аса жауапты: «Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Көп жағынан бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді».

Slide 21
Ұқсас жұмыстар
Инновация ұғымы
Елбасының биылғы Қазақстан жолы
Үш тұғырлы тіл
Елбасы және бір сөзінде
Қазақ жүздерін ата
Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Жаңа дәуірдегі ұлттық мемлекет пен ұлттық идея эволюциясы
Энергетикалық қорлар
Тартылыс күші
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz