Жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту және білімін тексеруді өткізу тәртібі


Slide 1

Тақырыбы: " Жұмыс орнында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізу (мамандыққа байланысты өзінің болашақ мамандығына сәйкес қауіпсіздік саласындағы өз міндеттерінің тізбесін қысқаша қалыптастыру) "

Slide 2

Жоспар:

Жалпы ережелер;

Жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту және білімін тексеруді өткізу тәртібі;

Басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан өткізу тәртібі.

2

Slide 3

1. Жалпы ережелер

1. Осы Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі - Қағидалар) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 16-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқау беру және білімін тексерудің тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

2. Қағидаларда мынадай анықтамалар мен ұғымдар пайдаланылады:

1) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы өкілеттіктерді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

2) еңбек қауіпсіздігі - еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген жұмыскерлердің қорғалу жай-күйі;

3) жауапты жұмыскерлер - өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар;

4) желілік технология - оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуді, білім алушылардың оқытушымен және бір-бірімен интерактивтік өзара іс-қимыл нысандарын, сондай-ақ Интернет желісін пайдалану негізінді оқу процесін әкімшілендіруді қамтитын технология;

5) қауіпсіздік нормалары - жұмыскерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитариялық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, қағидаларды, рәсімдер мен критерийлерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;

Slide 4

6) қашықтықтан білім беру технологиясы - білім алушы мен педагогтің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;

7) оқу орталығы - басшыларға және жауапты жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды жүргізетін ұйым;

8) рұқсат беру наряды - белгіленген нысандағы арнайы бланкіде ресімделген және жұмыс мазмұнын, орнын, оның басталу және аяқталу уақытын, оны қауіпсіз орындау шарттарын, қажетті қауіпсіздік шараларын (оның ішінде радиациялық, өрт қауіпсіздігі және газдалған жұмыс орындарында), бригада құрамы мен жауапты жұмыскерлерді айқындайтын, жұмысты қауіпсіз жүргізуге арналған тапсырма.

4

Slide 5

3. Жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту және білімін тексеру жылына бір реттен сиретпей өткізіледі.

4. Жұмысқа қабылданған адамдар міндетті тәртіппен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жұмыс беруші ұйымдастыратын оқытудан өтеді, кейіннен міндетті түрде олардың білімін тексеру жүргізіледі. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімдерін тексеруден өтпеген жұмыскерлер жұмысқа жіберілмейді.

.

5

Жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту және білімін тексеруді өткізу тәртібі

5. Ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты жұмыскерлерінің тізімін, оқыту жүргізіліп жатқан жұмыстар мен кәсіптер тізбесін, сондай-ақ оқытудың тәртібін, нысанын жұмыс беруші кәсіптің сипатына, жұмыстардың түріне, өндірістің ерекшелігі мен еңбек қауіпсіздігі жағдайына қарай, жұмыскерлер өкілдерімен (олар болған кезде) келісе отырып белгілейді.

6. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеруге жататын жұмыскерлерді жұмыс беруші ол өткізілгеннен кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын ескертеді.

7. Жұмыстардың, лауазымның, кәсіптің осы түрі бойынша үш және одан да көп жыл, ал қауіптілігі жоғары жұмыстарда бір жылдан астам үзілісі бар жұмыскерлер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту мен білімін тексеруден өзіндік жұмысы басталғанға дейін өткізіледі.

8. Кәсіптер бойынша оқытуды (сабақтар, дәрістер, семинарлар) жұмыс беруші өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша оқудан өткені туралы сертификаты бар тиісті салалардағы жоғары білікті мамандарды, кемінде үш жыл еңбек өтілі бар инженерлік-техникалық жұмыскерлерді және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларды, ұйымның өзінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерін тарта отырып жүргізеді.

9. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқу бағдарламалары осы ұйымның ерекшелігін ескере отырып, теориялық және өндірістік оқытуды көздейді және оны жұмыс беруші бекітеді.

Slide 6

10. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша, еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне өндірістік оқыту ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға жауапты жұмыскерлерінің басшылығымен оқу сыныптарында, шеберханаларда, учаскелерде, цехтарда өткізіледі. 11. Еңбек қауіпсіздігінің заңнамада белгіленген арнайы талаптары қойылатын жұмыстармен байланысты жекелеген өндірістерде жұмыскерлер қосымша арнайы оқудан өтеді. 12. Жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша мәселелері бойынша оқыту еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексерумен (емтиханмен) аяқталады. 13. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерді тексеруді жұмыс берушінің бұйрығымен құрылатын, кемінде үш адамнан тұратын емтихан комиссиясы өткізеді және комиссия төрағасы мен осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген мамандардың ішінен комиссия мүшелерінен тұрады. 14. Емтихан комиссиясының жұмыс істеуі тұрақты негізде жүзеге асырылады. 15. Емтихан комиссиясының жұмыс тәртібі жұмыс берушінің актісінде белгіленеді. 16. Жұмыскерлердің білімдерін тексеру нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға төраға және емтихан комиссиясының мүшелері қол қояды. 17. Білімін тексеруден сәтті өткен жұмыскерге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерді, қағидаларды, нормалар мен нұсқаулықтарды тексеру жөніндегі куәлік беріледі. 18. Жұмыскер қанағаттанарлықсыз деген баға алған кезде білімін қайта тексеру бір айдан кешіктірмей белгіленеді. Жұмыскер қайта оқудан өтеді және білімін тексеруге дейін жұмыскер Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 48-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәртіппен жұмыстан шеттетіледі.

6

Slide 7

Басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан өткізу тәртібі

19. Басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар (бұдан әрі - жауапты жұмыскерлер) мерзім сайын, кемінде үш жылда бір рет кадрлардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімін тексеруден өтеді.

20. Жұмысқа қабылданған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты жұмыскерлер тағайындалған күннен бастап бір айдан кешіктірмей еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеруден өтеді.

21. Ұйымның жұмыскерлерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту "оn-lіne" режимінде желілік технология арқылы қашықтықтан оқыту нысанында жүргізілуі мүмкін.

22. Кадрлардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымның мыналарды:

1) аудио-бейнетехникамен жабдықталған оқу сыныбын (меншікті немесе жалға алынған) ;

2) тестілеу үшін компьютерлерді;

3) оқытудың әртүрлі тақырыптары бойынша көрнекі құралдарды;

4) оқу-әдістемелік материалдарды (мерзімді басылымдар) қамтитын материалдық-техникалық базасы болуға тиіс.

7

Slide 8

Жалғасы:

Қашықтықтан оқыту нысаны бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін оқу орталығында:

1) оқу контенті мен білім алушыларға арналған оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әкімшілік ақпараты бар парақтардан тұратын білім беру порталының;

2) оқытуды интернет желісі арқылы "оn-lіne" режимде (бейнеконференция) жүргізу мүмкіндігі бар мультимедиалық сыныптардың болуы талап етіледі.

23. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі оқу бағдарламалары мен жауапты жұмыскерлерге арналған тақырыптық жоспарды оқу орталығы бекітеді, олар ұйымның ерекшелігін ескере отырып, экономиканың салаларына теориялық оқытуды көздейді және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органмен келісіледі.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқытудың ұзақтығы оқытуға 36 академиялық сағат пен білімін тексеруге 4 академиялық сағатты есепке ала отырып, кемінде 40 академиялық сағат болуға тиіс.

8

Slide 9

Қашықтықтан оқыту нысаны бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін оқу орталығында:

1) оқу контенті мен білім алушыларға арналған оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әкімшілік ақпараты бар парақтардан тұратын білім беру порталының;

2) оқытуды интернет желісі арқылы "оn-lіne" режимде (бейнеконференция) жүргізу мүмкіндігі бар мультимедиалық сыныптардың болуы талап етіледі.

23. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі оқу бағдарламалары мен жауапты жұмыскерлерге арналған тақырыптық жоспарды оқу орталығы бекітеді, олар ұйымның ерекшелігін ескере отырып, экономиканың салаларына теориялық оқытуды көздейді және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органмен келісіледі.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқытудың ұзақтығы оқытуға 36 академиялық сағат пен білімін тексеруге 4 академиялық сағатты есепке ала отырып, кемінде 40 академиялық сағат болуға тиіс.

24. Жауапты жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту (сабақтар, дәрістер, семинарлар) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар, жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша оқу және білімін тексеруден өткені туралы сертификаты бар мемлекеттік қадағалау және бақылау органдары мамандарын (келісу бойынша), бейінді оқу орындарының оқытушыларын, заңгерлер мен инженерлік-техникалық жұмыскерлерді және ірі өнеркәсіп ұйымдарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің мамандарын тарта отырып жүргізіледі.

25. Жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту білімдерін тексерумен (емтиханмен) аяқталады.

26. Емтихан тестілерін өндірістік ерекшеліктерді, мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын және оқу бағдарламаларын ескере отырып оқу орталығы әзірлейді.

Тестілік сұрақтар оқыту бағдарламасының әрбір тақырыбы бойынша жасалады. Бұл ретте тестідегі сұрақтардың жалпы саны 80-нен көп болмауға тиіс.

9

Slide 10

10

Тест бойынша шекті мән тесті бойынша кемінде 70 % дұрыс жауаптарды құрайды.

Тесттерді орындауға берілетін жалпы уақыт 60 минутты құрайды. Тесттерді орындауға берілген уақыт аяқталғанда тестілеу автоматты түрде аяқталады.

27. Жауапты жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексеруді оқу орталығы актісімен құрылатын, саны үш адамнан кем болмайтын емтихан комиссиясы оқу орталықтарында (сабақтар өтетін орында) жүргізеді.


Ұқсас жұмыстар
Еңбек қорғау әдістері мен түрлері
ЕҢБЕК ҚОРҒАУ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ЗАҢДАР
Қауіпті өндірістік факторлар
Еңбек қорғау заңнамасын бұзған жағдайдағы жауапкершілік
1 Еңбек қорғау жөнінде нұсқаулар беру және іс-жүргізу 2 Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тіркеу 3 Жұмыс орнындағы микроклиматқа баға беру
Өндірістік жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және тіркеу
Еңбек қорғау жөнінде нұсқаулар беру және іс-жүргізу
Өндірістегі жазатайым оқиғалар
Жұмыскердің негізгі құқықтары
Телевизиялық тарату құрылғыларын техникалық эксплуатациялау ережелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz