ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ШАҒЫН ЖАНРЛАР ПОЭТИКАСЫ


Slide 1

ЖАҢАРТЫЛҒАН ӘДЕБИ БІЛІМ МАЗМҰНЫНДАҒЫ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ШАҒЫН ЖАНРЛАР ПОЭТИКАСЫ

Орындағандар:

Жүнісбек Муслима

Рәтбек Нұрай

Қалижанқызы Ания

Ғылымхан Инабат

Абдықал Мөлдір

Сабыржанова Шолпан

Slide 2

Поэтика деген не ?

Поэтика (грек тілінде poietik fehne - шығармашылық өнер) -әдебиеттанудың пәні, көркем шығарма құндылығын бар болмысымен айқындайтын жүйе туралы ғылым. Поэтика негізгі 3 саланы, мәтіннің дыбыстық, сөздік, образдық құрылымын зерттейді. Поэтиканың басты мақсаты-осы үш саланың толық жүйеленген эстетикалық амалдарын анықтау. Кең мағынасында поэтика әдебиет теориясымен үндес ұғымды білдірсе, ал нақтылы мағынада сол теориялық әдебиеттің бір саласы ретінде қабылданады.

Әдебиет теориясының саласы ұғымындағы поэтика әдеби тек пен түрдің, ағым мен бағыттың, стиль мен әдістің ерекшеліктерін зерделейді, сондай-ақ көркемдік тұтастық деңгейлерінің ішкі байланыс заңдылықтарын, олардың ара қатынасын зерттейді. Оның өзі зерттеу нысанына байланысты романтизм поэтикасы, романның поэтикасы немесе белгілі бір суреткер шығармаларының поэтикасы не көркем шығарма поэтикасы болуы мүмкін.

Slide 3

Қазақ фольклоры жанрға аса бай. Музыкалық фольклор жанрларын есепке алмағанның өзінде ауызша сөз өнерінің 50-ге жуық жанры бар.

Қазақ фольклор жанрлары

тұрмыс-салт жырлары: жар-жар, беташар, сыңсу, тойбастар, қоштасу, естірту, көңіл айту, арбау, дұға, бәдік, бақсы сарыны, бата, жарапазан сынды үлгілері

Көне жыр, батырлар жыры, тарихи жыр, ғашықтық жыр, тарихи өлең, қисса, дастандар;

Жыр додасы айтыс (айтыс өз ішінде: ақындар айтысы, қыз бен жігіт айтысы, бәдік айтыс, қайым айтыс т. б. деп бөлінеді) ; шешендік сөздер, толғау, терме, желдірме, арнау, қара өлең, тақпақ;

Қара сөз түрінде айтылатын миф, ертегі, әңгіме, аңыз, әпсана, хикая, хикаят, шежіре; шағын жанрлар: жұмбақ, мақал-мәтелдер, нақыл, жаңылтпаш, мазақтама.

Slide 4

Сөз өнерінің бастауы ауыз әдебиетінде жатқандықтан, тарихи поэтика өзінің негізін ауызша сақталған сөз өнерінен алады. Тарихи поэтиканың негізгі мәселесі - жанр, жанрлық түрлер тарихи қалыптасқан жағдайға байланысты бірлікте не жеке қарастырылады. Жанр мен жанрдың шекарасы өзгермелі, сондықтан поэтикалық жүйе дәуір ықпалында өзгеріске түседі де, осы өзгерістерді тарихи поэтика зерттейді. Қазақ әдебиеттануында А. Байтұрсынов поэтика ұғымын қисын деп алады. Ол тіл қисыны яки лұғат қисынына сөздің келісті болатын заңдарын, шарттарын біліп тізу деген анықтама береді. Шығарманың өңді, ұнамды болу шарттарын белгілейді: ақын тілі сөздің дұрыстығының, тазалығының, дәлдігінің үстіне, көрнекті, әуезді болу жағын да талғайды.

Slide 5

Өлең (стих)

Біздің ойымызша, фольклордағы жанр ұғымы әдебиеттегіден сәл өзгешелеу. Фольклорда жанр-сюжеттің шығармаға айналу жолдары мен елге тарау, айтылу, орындалу мәнері. Яғни, фольклордың поэтикасы мен әлеуметтік-тұрмыстық функциясы оның жанрларын сипаттап, әдебиеттен ерекшелендіріп тұрады. Демек, егер біз әдебиеттің эпос, драма, лирика тектері бар десек, онда фольклор орындалу мәнері мен ел арасында өмір сүру жағдайына байланысты өзінше текке және жанрға саралануы керек. Осы тұрғыдан келгенде, фольклорды үш үлкен текке бөлуге болады.

Фольклор

Сөйлесу (диалог)

Қара сөз (проза)

Slide 6

Фольклордың шағын жанрлары

Тұрмыс-салт жанрлары

Жаңылтпаш

Жұмбақ

Мақал-мәтелдер

Мысалдар

Тұрмыс-салт жырлары - қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-жораларына байланысты туындаған өлең-жырлар.

Жаңылтпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылтпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады.

Жұмбақ- адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.

Мақал-нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі.

Мәтел-өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз.

Мысал-шағын көлемді, адамға сабақ боларлық тәрбиелік, тағлымдық мәні бар шығарма. Көбінесе аң, xайуанаттар, жәндіктер туралы жазылады. Сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік мазаққа айналдырып, сықақпен сыналады.

Slide 7

ЖАНР дегеніміз. . .

Жанр - өнердің, әдебиет пен фольклордың, бір жағынан, жалпы, көп қырлы (универсалды) категориясы да, екінші жағынан, нақтылы категориясы

Көп қырлы болатыны - онда әр түрлі әдістер мен тәсілдер көрініс табады

нақтылы болатыны - шығарма белгілі бір жанрдың аясында туады

Әр жанрдың өзіндік ерекшелігі, заңдары болады. Оларды білмейінше өнердің, фольклор мен әдебиеттің табиғатын, сырын түсіну мүмкін емес, сондай-ақ шығарманы дәл танып, терең талдап, әділ бағалау да қиын.

Фольклордың шағын жанры дегеніміз- көлемі жағынан шағын шығармалар. .

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Жанр поэтикасы
Эпикалық роман
Әдеби тек
Көркем әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық мәселесі
Атың шықпаса, жер өрте мақалы туралы жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат
Қазақ ауыз әдебиетінің этнопедагогикалық мәні
Кескіндеме - белгілі бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын көркем шығармалар атауы
Көркем шығармадағы суреткер шеберлігіне аса ден қоятын ғалым
Стиль және сән
Мұхтар Әуезов, оның қазақ әдебиетіндегі орны және фольклортану мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz