Жеке түр экологиясы - аутоэкология
Презентация қосу
2 ДӘРІС.ЭКОЛОГИЯНЫҢ
ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІНІҢ
ӨЛШЕМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ
ЖІКТЕЛУІ
ОРЫНДАҒАН:ОРАЗБЕКОВА АҚНИЕТ
Дәрістің мақсаты:Экологияның негіздері,
ондағы зеттеулер,экожүйе туралы
мәліметтермен таныстыру.
Мазмұны.
1. Жеке түр экологиясы – аутоэкология.
2. Популяциялар экологиясы – демэкология.
3. Қауымдастықтар экологиясы – синэкология
(биогеоценология).
4. Экожүйе.
1.Жеке түр экологиясы –аутоэкология
Аутоэкология-түр өкілінің оны қоршаған табиғи ортамен
байланысын,факторлардың жеке ағзаға әсерлерін және оның оған жауабын
да зерттейді.
Экологиялық факторлар: абиотикалық, биотикалық, антропогендік.
Абиотикалық факторлар – бұл тірі емес табиғи факторлар, ең алдымен
климаттық:күн сәулесі, температура, ылғалдылық, жел, қысым және тағы
сондайларжәне жергілікті: рельеф, топырақ қасиеті, тұздылығы, радиация
және т.б.
Биотикалық факторлар – тірі ағзалардың бір-біріне тура немесе жанама түрде
әсер етулері.
Антропогендік факторлар – адамның қоршаған табиғи ортаға тура немесе
жанама түрде әсер етуі.
Экологиялық факторлар мына түрде білінеді: қоздырғыштық (физиологиялық
және биохимиялық функциялардың бейімделушілікке қарай өзгерістерін
тудырады); шектеушілік (берілген шарт жағдайында тіршіліктің мүмкін
еместігін айқындайды); модификаторлық(ағзалардың анатомиялық және
Ағзалардың бейімделуі, акклиматизация.
Ағзалар бейімделу жолында ортаның қолайсыз шарттарынан құтылудың үш
жолын таңдап алған: белсенді, белсенсіз, ортаның қолайсыз жағдайынан
қашу.
Ортаның ағзаларға әсері орта факторлары мен жағдайының қаншалықты
тұрақты екендігінде, бірінші ретті және екінші ретті қайталанбалы және
қайталанбайтын болып бөлінеді.
Тіршіліктің құрылымы: қоректену, тынысалу, өсу және даму, тұқым
қуалаушылық,.
Тіріағзаға әсер етуші әртүрлі факторлардың ыңғайлы мәндерінен ауытқуына
олардың көніп, шыдай алуы толеранттылық (төзімділік) деп аталады.
Толеранттық диапазонына байланысты тірі ағзалар эврибионтты және
стенобионтты деп бөлінеді.
Эврибионт– әсер ету шарттарының бір- бірінен өте көп ауытқуы бар ортада да
өмір сүру қабілеті бар ағза. Мысалы, қасқыр барлық географиялық
аймақтарда тіршілік ете береді.
Стенобионт – ортаның тұрақты ғана жағдайында тіршілік ететін ағза.
Мысалы,форель балығытау суы немесе таза суда ғана өмір сүре алады.
Бұл жағдайлар үшін 2 негізгі заң орындалады.
2 Популяциялар экологиясы – демэкология
Демэкология түрдің жекелеген өкілдерінің құрылымы мен динамикасын зерттейді.
«Популяция» терминін ғылымға алғаш 1903 ж. В.Иогансен енгізді.
Экологияда популяция дегеніміз – бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және бір
территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы.
С.С. Шварцтың берген анықтамасы бойынша популяция – бұл қоршаған ортаның үнемі
өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап тұруға қажетті жағдайлармен
қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің ағзаларының элементарлық тобы.
Популяция немесе түрдің өз тіршілігінің соңына дейін мекен ететін жері және таралу
аймағы ареал деп аталады.
Ареал көлеміне және таралу деңгейіне байланысты мынандай топтарға бөлінеді:
–космополиттер – өкілдері Жердің тіршілік аймақтарының көпшілік бөлігінде
кездесетін ағзалардың түрлері (мысалы, бөлме шыбыны);
–убиквистер– кең ареалға ие және ортаның алуантүрлі жағдайында да тіршілік ете
береді (мысалы, қасқырлар);
–эндемиктер– өте шектелген ареалға ие (мысалы, пингвиндер).
Популяцияның сандық көрсеткіштері статикалық және динамикалық деп бөлінеді.
Статикалық көрсеткіштер популяцияның осы мезеттегі жағдайын сипаттайды және
мыналардан құралады:
–саны– популяциядағы жекелеген түрлер саны;
–тығыздығы – жекелеген түрлер саны немесе бірлік ауданға не бірлік көлемге келетін
популяцияның биомассасы;
–құрылым көрсеткіштері – жыныстық және жастық құрамы;
–популяцияның өсу жылдамдығы– бірлік уақыттағы популяцияның көбею
қарқындығы. Популяцияның өсу жылдамдығы оң, теріс, нөлдік болуы мүмкін. Бұл
көрсеткіш көбеюдің, өлімнің және орын ауыстырудың көрсеткіштеріне байланысты;
– өлу көрсеткіші – бірлік уақыттағы популяцияның жеке түрлерінің азаю саны.
Белгілі түрдің аса көбейіп кетпеуін реттейтін физикалық және биологиялық
факторлардың жиынтығы ортаның қарсылығы деп аталады. Олар: азық
тапшылығы, су тапшылығы, тіршілік ортасының тапшылығы, қолайсыз ауа райы,
жыртқыштар, аурулар, паразиттер және бәсекелестік. Ал тіршілік ету қабілеттілігі
биотикалық потенциалмен анықталады, олар –көбейуі, таралу қабілеттілігі, жаңа
жерлерді тартып ала алу қабілеттілігі, қорғану механизмдері, қолайсыз
жағдайларға төзу қабілеттілігі.
Популяцияға әсер ететін экологиялық факторлар: биотикалық, абиотикалық және
антропогендік.
Биотикалық байланыстар алты топқа бөлінеді: бейтараптылық, аменсализм,
комменсализм, симбиоз, жыртқыштық, паразиттілік, бәсекелестік.
Гаузенің бәсекелестік негізінде жою заңы: экологиялық талаптары бірдей түрлер
ұзақ уақыт қатар өмір сүре алмайды. Бәсекелестік түр ішіндегі және түр аралық
болып бөлінеді.
Популяция ішіндегі түрлер жалғыз, топтанып және жанұялық тіршілік ете алады.
Биологиялық көрсеткіштердің уақыт бойынша өзгеру процесі популяция
3 Қауымдастықтар экологиясы – синэкология(биогеоценология)
Өзара байланысқан және бірдей жағдайда тіршілік ететін
өсімдіктердің, жануарлардың, жәндіктердің ұйымдасқан тобы
биоценоз деп аталады (биоценоз - ортақ өмір). Биоценоз ағзадан да
жоғары сатыда орналасқан тіршілік етудің ұйымдық түрі. Ал ортақ
тіршілік ортасы уақыт пен кеңістікте фауна мен флорасын өзгертпей,
жануарлардың белгілі бір топтарымен сипатталынады. Биоценоз
мыналардан құралады: фитоценоз (өсімдіктер), зооценоз (жануарлар),
микробоценоз (микроағзалар). Бұл биоценоздың дәл бір шекарасы
жоқ, олар кеңістікте бір біріне үзіліссіз өтіп те кетеді.
Қауымдастықтардың қосылу заңдылықтары мен олардың ортақ өмір
сүруін зерттейтін экология бөлімі синэкология немесе
биоценологиядеп аталады.
Жалпылай біртекті жағдайларымен сипатталатын биоценоз биотоп
деп аталады. Биоценоз бен биотоп бір-бірінен ажырамас ұғымдар.
Принциптері: әртүрлілік, жағдайлардың ауытқуы және ортаның
жайлап өзгеру принциптері.
4 Экожүйе
Экожүйе –бұл бір-бірімен белгілі бір заңдылықтармен тығыз байланыста тіршілік етуші әртүрлі ағзалардың
жиынтығы мен тіршілік ортасының жағдайы.Терминді 1935жылы ағылшын экологы Тексли енгізген. Ең
үлкен экожүйе–Жер биосферасы, ары қарай кішірейе береді: құрлық, мұхит, тундра, тайга, орман, көл,
көлшік, гүл отырғызылған ыдыс және тағы сондайлар (2 суретті қара).
Экожүйеде азық табуда әртүрлі өзара қарым-қатынастар орын алған. Оның құрамды бөліктері: фитоценоз –
продуценттер (өсімдіктер), күн энергиясын қабылдау арқылы алғашқы азық қорын құрады; зооценоз –
консументтер (жануарлар), екінші ретті азық қорын құраушылар; микробоценоз – редуценттер – өлі
органиканы қорек қылып, оны қорыту негізінде өсімдіктер қоректене ала алатындай түрде минералды
элементтерге айналдырушы ағзалар.
Экожүйенің қаситеттері– гомеостаз, өсімшілдігі, өздіктазалануы,төзімділігі, тұрақтылығы, эмерджменттілігі,
сукцессиясы, зат айналымына қатысушылығы:
– гомеостаз – тірі ағзалардың зат алмаса алатындығы және әртүрлі химиялық реакциялар түзе алушылығы;
– өсімшілдігі– бірлік уақыт аралығындағы экожүйедегі биомассаның артуы. Ең жоғарғы өсімшілдік
тропикалық ормандарға тән, өте төмені – шөлдер мен тундрада;
– өздіктазалануы – ластаушы заттардан құтыла алуы не оны түрлендіре алу қабілеттілігі;
– төзімділігі–сыртқы факторлар әсері кезінде экожүйенің өз құрылымын және әрекет ету қабілеттілігін
сақтауы;
– тұрақтылығы –экожүйенің тепе теңдік жағдайынан шыққаннан кейін өзінің бастапқы қалпына келе алу
қабілеті;
– эмерджменттілігі– экожүйенің ерекше қасиеті, ол белгілі қасиеттерінің жай қосындысы емес;
– экологиялық сукцессия – табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен биогеоценоздардың біртіндеп
қайтымсыз ауысуы.лек
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz