Жоғарғы жақ тістерінің төменгі жақ тістерін жабуы



СӨЖ
Орындаған: Адильбекова Д. Н. Қабылдаған: Шотаев С. Ы.
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
СТОМАТОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
Тақырыбы:Ортопедиялық стоматология клиникасында науқасты тексеру әдістері

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
---Анамнез
---Қарап тексеру әдістері
---Қосымша зерттеу әдістері
---Арнайы зерттеу әдістері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе
Науқастарды дұрыс және толыққанды қарап тексеру біріншіден дұрыс клиникалық диагноз қою үшін міндетті болып табылады.
Диагноз - заманауи медициналық номенклатуралар мен классификацияларда қабылданған терминдармен сипатталатын индивидуальды ауру немесе патологиялық жағдай туралы дәрігерлік қорытынды.
Ортопедиялық стоматология клиникаларында тіс-жақ жүйесінің дұрыс емін тағайындау үшін келесі жағдайларды нақтамалау міндетті болып табылады:
Аурудың себебі (этиологиясы)
Даму механизмі (патогенезі)
Ағзаның морфологиялық және функциональды өзгерістері
Клиникалық көрінісінің ерекшелігі
Диагностикалау диагноз қою және ортопедиялық емнің жоспарын құрумен аяқталады.
Тексеру әдістері субъективті және объективті болып бөлінеді. Біріншіге - науқасты сұрап тексеру жатады, екіншісіне - инструментальды және лабораториялық, қосымша зерттеу әдістері жатады.

Диагностикалық үрдістің этаптары:
Клиникалық және параклиникалық зерттеулер арқылы аурудың барлық симптомдарын анықтау
Алынған ақпараттардың дұрыс анализі, салыстырмалы диагностикасын құрю және ойластыру
Анықталған белгілер негізінде бәрін біріктіре отырып диагноз құру.
Ортопедиялық стоматологияда ауру болжамы: қолайлы, қолайсыз, белгісіз ( сомнительный) болып бөлінеді
4


Ортопедиялық стоматология клиникасында науқастарды қарап тексеру келесі кезекпен жүреді:
Анамнез жинау (сұрап тексеру)
Қосымша зерттеу әдістері
Арнайы зерттеу әдістері
6

Ортопедиялық стоматология клиникасында науқастарды қарап тексеру келесі кезекпен жүреді:
Вербальды әдіс
Клиникалық әдіс
Параклиникалық әдіс
7


Науқасты сұрап тексеру (анамнез)
Анамнез жинау жалпы диагностикалаудың бірінші сатысы болып табылады. Оның келесідей құрамдас бөліктері бар:
9

Сұрап тексеру науқастың шағымын тыңдаудан басталады. Науқасты мұқият соңына дейін тыңдау керек. Қойылатын сұрақтар науқасқа түсінікті, жан-жақты, толыққанды болу керек. Анамнез жинау барысында аурудың басталу мерзімі мен біріншілік көрінісі маңызды роль атқарады. Сонымен қатар ауру тарихын зерттеу барысныда аурудың ағымын, түрін, бұрын көрсетілген көмек көлемін, тістерін жоғалту мерзімін, асқазан-ішек жолдарының жағдайын анықтаған жөн. Өмір анамнезін жинау барысында негізгі анықталатын қағидалар: туған және тұрып жатқан жері, үй және жұмыс жағдайы, тамақтануы, басынан өткен аурулар, зиянды әдеттері және өмір сүру салты жатады. Жанұя анамнезін жинау кезінде туыстары арасында тіс-жақ аномалияларының (патологиялық тістем түрлері, микро- макрогнатиялар) болуын анықтаймыз.
Сұрап тексеру негізінде дәрігер стоматолог ортопед алдын ала болжам нақтама жасайды. Нақты диагноз қою үшін дәрігер міндетті түрде зерттеуді қосымша және арнайы зерттеу әдістері арқылы жалғастыруы керек.

Қарап тексеру
Сырттай қарап тексеру науқасқа білдіртпей, сұрап тексеру барысында жүргізіледі. Қарап тексеру барысында:
Беттің симметриялылығы (ерін, ұрт, ерін бұрышы, жоғарғы және төменгі еріннің қатынасы, беттің төменгі үштен бір бөлігінің көлемі, төменгі жақ бұрышы)
Беттің үштен бір бөлігінің ұзындығы
Әр түрлі деформациялар
Тері жабындысынң түсі, жағдайы
Мимикалық бұзылыстар
Қатпарлардың жағдайы
Парездер
Иектің орналасуы
Қабыну белгілері мен жаңа түзілімдер
Тыртықтар мен дефекттерді бар жоқтығын анықтаймыз.
Бұл жағдайларды анықтау барысында патологиялық және физиологиялық жағдайды ажырата білу үшін беттің 4 типін жақсы білу керек. Олар: церебральды, респираторлы, дигестивті және бұлшық еттік

Беттің төменгі үштен бір бөлігінің анатомиялық құрылысы
А - мұрын-ерін қатпары; б - фильтр; в - жоғарғы ерін; г - ерін бұрышы; д - еріндердің түйісу сызығы; е, ж - еріндердің қызыл жиегі, 3 - иек қатпары
Ортопедиялық мақсатта беттің төменгі үштен бір бөлігінің ұзындығын екі жағдайда анықтайды:
1 - тістесу кезінде, окклюзиондық. 2 - функциональды тыныштық жағдайында

Ауыз қуысын қарап тексеру
Ауыз қуысын қарап тексеруден бұрын міндетті түрде анықталады:
Ауызды ашу дәрежесі
Төменгі жақтың қозғалысы
Тыныс алу жағдайы
Лимфа түйіндерінің жағдайы
Лимфа түйіндерін бағалау: орналасуы; көлемі; формасы; консистенциясы; ауыратыны; жанындағы тіндерге қатынасы арқылы бағаланады.

Ауыз қуысын тексеру кезінде анықталады:
Тіс қатары, формасы, акаулары мен кетіктері
Әрбір тістің көлемі, түсі, морфологиялық өзгерісі, орналасуы, қозғалғыштығы, антогонист тіспен қатынасы,
қажалуы, пломбалардың бар жоқтығы
Шырышты қабаттың түсі, өзгерістері, патологиялық элементтердің болуын анықтаймыз.
Альвеолярлы өсіндінің жағдайын пальпаторлы тексеру арқылы атрофиялану дәрежесі
Пародонттың жағдайы
Тістем түрі

Шырышты қабатты зерттеу
Шырышты қабатты зерттеу барысында міндетті түрде анықталады:
Түсі
Ылғалдылылығы
Бүтіндігі
Қозғалмалылығы
Шырышты қабатты зерт еу барысында ең бірінші және маңызды рөл атқаратын: Онкологиялық сақтық

Арнайы инструментальды зерттеу барысында қолданылатын негізгі тәсілдер:
Перкуссия ( окклюзионды және вестибулярлы)
Бұл кезде ауру сезімінің бар жоқтығы, қағып тексеру кезінде дауысының айқындылығын анықтаймыз
Зондпен тексеру - кариозды қуыстарды, пародонт
қалтасының тереңдігін анықтайды
Пинцетпен қозғалмалылықты тексеру,
қызылиектің жағдайын тексереді

Пальпация
Ортопедиялық науқастарды тексеру кезінде пальпация міндетті түрде жүргізіледі. Сипап тексеру арқылы біріншіден - шайнау бұлшықеттерінің тонусын, ауыратын нүктелердің орналасуын, сүйек негізін, ауыздың еркні ашылуын, СТЖБ жағдайын, шырышты қабаттың қозғалмалылығын, үзеңгілердің жағдайын анықтай аламыз.

Самай- Төменгі жақ буынын зерттеу
Шағымы
Төменгі жақ буын өсінідісі басының ауыз ашқан кездегі синхронды қозғалысы
Пальпация арқылы буын аймағындағы ісінулерді
Төменгі жақтың қозғалысы
Ауызды ашқан кездегі сықырлардың болуын (крепитация) анықтаймыз
Пальпаторлы зерттеу 3 түрлі жағдайда жүргізіледі:
1-тістем кезінде
2-ауызды ашу барысында
3-ауыздың кең ашылған кезінде

Қосымша зерттеу әдістері:
Ортопедиялық стоматологияда негізгі қосымша зерттеу әдісі ретінде қолданылады:
Ғаныштық диагностикалық мүсіндерді зерттеу
Рентгенологиялық зерттеу ( панорамды, ауызішілік, ауызсыртылық, тістем кезіндегі, контрастты заттар қолдану арқылы)
Термо- және электрометриялық зерттеу
Томография
Ангиография, артрофонография
Шайнау пробалары
Электромиография, миография
Мастикоциография,
Миотонометрия
Реография
Гнатодинамометрия
Электроодонтометрия
Гальванометрия

Диагностикалық мүсіндерді зерттеу
Бұл әдісті жүргізу үшін ең алдымен қалып аламыз. Қалыптан ғаныштан мүсін құямыз. Кейін арнайы артикуляторға орнатамыз. Ең алдымен анықтайтынымыз:
Тіс доғасының формасы, деформациялары
Таңдайлық және тілдік төмпешіктердің қатынасы
Жоғарғы жақ тістерінің төменгі жақ тістерін жабуы
Окллюзиялық қисықтың сипаттамасы
Тіс қатары окклюзиялық бетінің деформациясы
Тіс сауытының қисаю осі

Рентгенологиялық зерттеу әдісі
Ең кең тараған зерттеу әдісі болып табылады. Рентгенологиялық зерттеу әдісі арқылы біз тіс қуысының ерекшелігін, периодонтальды саңылау жағдайын, компактты табақшаның және альвеолярды өсіндінің жағдайын көре аламыз. Сонымен қатар рентгенограммада тіс түбірлерінің көлемін, бағытын, ретенирленген және комплектті тістерді анықтай аламыз. Қабатты рентген сурет арқылы төменгі жақтың структурасын, самай-төменгі жақ буынының жағдайын, патологиялық өзгерістердің бар-жоқтығын білеміз. Рентгенологиялық суреттердің кең тараған тәсілдері: панорамды сурет, ауызішілік рентген сурет, томография, телерентгенография

Инструментальды және рентгенологиялық зерттеулер нәтижесінде науқастың жеке құрамыз.
Одонтопародонтограмма - тістің сауыт бөлімінің және пародонттың функциональды жағдайын зерттеу нәтижесін кесте түрінде белгілеу. Бұл кестеде тіс формуласы және тістердің жағдайы көрсетіледі.
С - тіс жегі; Р - ұлпа қабынуы; Рт - периодонтит; R - түбір; П - пломба; К - сауыт; И - жасанды тіс
Пародонт жағдайы: N - патологиялық өзгеріс жоқ, 0 - тіс жоқ; ¼ - атрофияның бірінші дәрежесі; ½ - атрофияның екінші дәрежесі, ¾ - атрофияның үшінші дәрежесі


Термометрия және электрометрия
Ортопедиялық стоматологияда бұл зерттеу әдістері маңызды роль атқарады. Себебі, тірек тістердің жағдайын, өміршеңдігін анықтамай - біз оған протез жасай алмаймыз. Осы зерттеулер арқылы ұлпа жағдайын анықтап, протез дайындауға дұрыс шешім қабылданады. Ұлпа жағдайын анықтау үшін қазіргі кезде көптеген аппараттар қолданылады. Олар:
Электроодонтометр
Электроодонтотестер
Parkell Digitest, Geosoft, Parkell Gentle-Pulse

Шайнау қызметін анықтау әдістері
Шайнау қызметін анықтау үшін ортопедиялық стоматологияда Гельманның, Христиансенның, Рубиновтың физиологиялық пробалары қолданылады.
Рубиновтың пробасы бойынша Науқасқа 800 гр 1 жаңғақ жұту рефлексі пайда болғанша біржақты шайнау ұсынылады. Шайналған массаны жуып, кептіріп, сито арқылы өткізеді. Ситоның тесіктері 2, 4 мм. Өтпей қалған массаны өлшейді.
Қалыпты жағдайда жұту рефлексі пайда болғанша дейінгі уақыт - 14 секунд, қалған масса 0-ге тең. Егер 2-3 тіс жоқ болса- шайнау уақыты 22 секунд, ал масса 150 мг тең болады.
Гельман дәл осы әдістіі проценттік көрсеткішін анықтап көрсетті. Бұл жағдайда өтпей қалған массанының 100-ге қатынасын анықтайды.
Христиансен дәл осы пробаны 50 шайнау қозғалысына қарап тексерді.
Шайнау қызметін анықтаудың функциональды әдісіне гнатодинамометрия жатады

ГНАТОДИНАМОМЕТРИЯ
Гнатодинамометрия - жақтарды түйістірген кезінде шайнау бұлшықеттерінің күші мен тістердің тірек тіндерінің шыдамдылығын анықтайтын әдіс болып табылады. Бұл әдісті жүргізу үшін гнатодинамометр аппаратын қолданады. Аппараттың екі ұртшасы мен ажыратушы пружинасы бар. Соңғы кездері аппараттың электронды түрі ойлап табылған. Ең алғаш рет 1960 жылы И. С. Рубинов пен Л. М. Перзашкевич ойлап тапқан. Бұл құрылғының тістейтін табақшасы және индуктивті катушкасы бар. Әдістің көрсеткіштері адамның жасына, жынысына тікелей байланысты. Бірақ жалпылай алғанша орташа көрсеткіштер: алдыңғы тістерде 15-35 кг аралығында, бүйір тістерде 45-75 кг аралығында

Ер адамдар үшін
Тіс формуласы
1
2
3
4
5
6
7
8
Жоғарғы жақ
12
7
17
21
22
37
34
21
Барлығы
342 кг
Төменгі жақ
7
7
17
21
22
37
34
21
Барлығы
332 кг
Әйел адамдар үшін
Тіс формуласы
1
2
3
4
5
6
7
8
Жоғарғы жақ
8
5
12
15
16
27
24
16
Барлығы
244 кг
Төменгі жақ
5
5
12
15
16
27
24
15
Барлығы
238 кг

Статикалық әдістер
Ауыз қуысында тістер жоқ болған кезде шайнау функциясының бұзылуы дәрежесін анықтау үшін Агапов және Оксман бойынша статикалық әдістер қолданылады.
Н. И. Агапов барлық тіс аппаратының шайнау эффективтілігін 100 % деп алып, шайнау қабілетінің бірлігі ретінде бүйір күрек тісті алған. Соған қарап барлық тістерді салыстыра отырып тұрақты шайнау коэффициентін анықтаған.

Агаповтың шайнау коэффициенті кестесі
Тістер
1
2
3
4
5
6
7
8
Барлығы
Шайнау коэффициенті (в%)
2
1
3
4
4
6
5
-
25
И. М. Оксман тістердің шайнау қабілетін анықтау үшін олардың анатомо-физиологиялық ерекшелігін ескерген: төмпешіктер мен түбірлерінің саны, көлемдері мен окклюзиялық беттерінің жағдайы, альвеоланың атрофия дәрежесі. Антогонист тіс жоқ жағдайда - тіс эффективтілігі 0-ге тең.

Мастикоциография
Төменгі жақ қозғалысын жазу үшін қолданылады. Әдістің принципі төменгі жақтың қозғалысы кезіндегі ауаның ауытқуын жазуға негізделген. Бұл жүйе резиналы баллоннан, иек байламынан, резиналы трубкадан және Марей капсуласынан тұрады.
І - физиологиялық тыныштық кезі
ІІ - сілекейді жұту кезі
ІІІ - ауызды ашу, тағамды қабылдау кезі
ІҮ - тамақты тістеу
Ү - тағамды шайнау
ҮІ - тағамды жұту кезі

ГАЛЬВАНОМЕТРИЯ
Күші аз электр тогын анықтау үшін қолданылатын әдіс. Бұл әдісті жүзеге асыру мақсатында гальванометр құралы қолданылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz