Әкімшілік құқықтың нормалары
Презентация қосу
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФАКУЛЬТЕТ «Экономика және бизнес»
«ФИНАНСЫ 20-11»
Әкімшілік құқық
Орындаған: Таутай Алия, қаржы 20-11
Тексерген: Ынтымақов Советжан
Жоспар:
1 Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы
Әкімшілік құқықтың дербес
2 салаларының бірі-атқарушы билік
Әкімшілік құқықтың нормалары
Олардың түрлері мен қайнар көздері
Қортынды
КІРІСПЕ:
ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖҮЙЕСІ - бұл салаларды
құрайтын салашықтарға жиыстырылған топтар – құқықтық
институттар бойынша бөлінген құқық нормаларының
ғылыми–ұйымдастырылған жиынтығы – біртұтас нормативті
құрылым.
Әкімшілік құқық бойынша көптеген заң әдебиеттерінде
әкімшілік құқық жүйесінің мынадай анықтамасы беріледі:
ҚР ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҒЫ -бір-бірімен тығыз байланысты
жекелеген әкімшілік-құқықтық институттар мен нормалардан
тұратын жүйе.
ҚР Әкімшілік құқығының жүйесі үш бөлімнен тұрады:
1 БӨЛІМ - жалпы сипаттағы басқару қатынастарын реттейтін нормалар жүйесі; 1
бөлімге мыналар кіреді: ҚР Әкімшілік құқық курсына кіріспе, әкімшілік құқық
субъектілері, мемлекеттік басқарудың әкімшілік - құқықтық нысандары мен әдістер,
мемлекеттік басқаруда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету.
2 БӨЛІМ - басқару саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар
жүйесі. 2 бөлімінде халық шаруашылығының негізгі салаларын: әлеуметтік-мәдени
(өнер, білім, денсаулық сақтау және т.б.), әкімшілік -саяси (қорғаныс, ішкі істер,
қауіпсіздік және т.б.) және әлеуметтік - экономика (сауда, қаржы, индустрия және т.б.)
салаларын басқаруды реттейтін нормалардың жиынтығынан тұрады.
3 БӨЛІМ - әкімшілік - юрисдикция қызметі саласында туындайтын қоғамдық
қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі. 3 бөлім мына жиынтықтардан тұрады:
әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауаптылық, әкімшілік процесс; әкімшілік
құқық бұзушылық туралы істерді қарауға өкілеттілігі бар органдар мен лауазымды
тұлғалар және әкімшілік істердің қарастылығы; әкімшілік құқық бұзушылық туралы
істерді жүргізу.
Әкімшілік құқық - ҚР құқық жүйесінің жетекші құқық
саласы ретінде
Жалпы, "администрация" - "әкімшілік" (латынша "administratio" сөзінен алғанда)
термині әкімшілік қызмет немесе басқару дегенді білдіреді. Ал "администрация" -
"әкімшілік " сөзі басқа да мағыналарда қолданылады, мысалы, кәсіпорынның,
мекеменің әкімшілігі туралы. Осылай, әкімшілік - құқықтық реттеу мемлекеттік
қызметтің бір түрінің , атап айтқанда, мемлекеттік басқару шегінде шектелген, яғни
әкімшілік құқық реттейтін қоғамдық қатынастар басқарушылық сипатта болады.
Сонымен, әкімшілік құқық мемлекеттік басқару сферасында туындайтын
қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы болып табылады. Әкімшілік құқық
Қазақстан Республикасының жетекші, негізгі саларының бірі, сондай-ақ Қазақстан
Републикасының құқық жүйесінің маңызды құрамды элементі бола отырып,
атқарушы биліктің ерік-жігерін жүзеге асырудың әдеттегі нысаны ғана емес, одан
да кең мағынадағы құбылыс болып табылады. Мамандар айтқандай, құқық
қоғамның мәдени институты, жалпы өркениеттік процестің тіршілік үшін маңызды
құрамдас бөлігі болып табылады деп белгілі заңгер-ғалым С.С. Алексеев айтқан.
С.С. Алексеев құқықтанушы ғалым құқықтың қоғам өміріндегі тарихи
миссиясы тікелей оның маңызды талаптарынан бастау алады деген, атап
айтқанда:
таптық, саяси күрес, этникалық, топтық және өзге де қақтығысулармен,
жеке жанжалдармен туындаған өзекті әлеуметтік жағдайларға азаматтық
келісім, әртүрлі мүдделерді есепке алу, өзара, үйлестірілген жол
берушіліктер қағидаларына тұрғызылған тұрақты нормативті бастаулар
енгізу;
жеке бас мәртебесін, мінез-құлық бостандығының берік және
кепілдендірілген кеңістігі мен өлшемін қамтамасыз ету және қорғау.
Осы талаптарды толығымен әкімшілік құқыққа да жатқызуға болады.
Әкімшілік құқықты дамыту проблемалары осы саланың әрекет ету аясын
адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің өзара
байланыстыра отырып концепция әзірлеу болып табылады.
Қоғамдық санада әкімшілік құқық атқарушы биліктің күш қолданушы
құралы жөніндегі ұғымы қалыптасқан. барлығы мемлекеттік жүйенің,
биліктің өмір сүруіне бағытталған болатын, әлеуметтік центризм
тенденциясы басым болып тұрған тоталитарлық қоғамда құқықтың өзі
де тек бұқаралық оқу -ағартуды білдірді. Осындай жүйеде Әкімшілік
құқықтың жағдайы ерекше болды.
Бұл әкімшілік құқықтың көмегімен мемлекетпен арадағы байлыныстың
құралуы, оның органдары мен азаматтардың арасында, қоғамдық
ұйымдар арасындағы байланыстардың құралыуында көрініс тапты.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін оның алдында
мемлекеттік құрылымдар мен құқық жүйесін әрбір адам құқықтың
толыққанды субъектісі бола алатын құқықтық, демократиялық,
әлеуметтік мемлекет талаптарына сай құру міндеті тұрды.
Әкімшілік құқықты оқуды бастамастан бұрын, оның "басқару" сияқты
кең тараған әлеуметтік құбылыспен байланыстылығын қарастыру
қажет.
• Латын сөзінен шыққан администрация - әкімшілік - басқару терминінің
қоғамдық маңызды мақсаттарға жету үшін жасалынатын іс-әрекеттерді
сипаттау үшін жан-жақты құрал болып табылатындығымен
байланысты болып келеді. Кең мағынасында басқару қандайда біреуге
немесе бір нәрсеге жетекшілік ету дегенді білдіреді. Дәл осындай
түсінікте қазіргі уақытта да қолданылады. Бірақта дәл осындай
ұйғарыммен шектеліп қана қоймай, оның мән-маңызын, мазмұнын,
мақсат - міндетін ашып көрсету қажет.
• Әкімшілік құқықтың пәнін мемлекеттік басқару сферасында
қалыптасқан қоғамдық қатынастар құрайды, сондықтан мемлекеттік
басқарудың мәнін қарастырып өткен жөн.
БАСҚАРЫЛАТЫН ЖҮЙЕНІҢ БІРНЕШЕ ТҮРІ БАР:
• механикалық – басқарылатын машиналар, технологиялық
процестер;
• биологиялық – тірі ағзалардағы болып жатқан процестер;
• әлеуметтік – адамдар мен олардың ұжымдарының мінез-
құлықтарын басқару.
• БАСҚАРУ- бұл нақты бір нәтижеге жету үшін жүзеге асырылатын,
мақсатқа жетуге көзделген екі немесе одан да көп адамдардың,
олардың бірлестіктерінің (қоғамдық ұйымдардың) келісімді
әрекеттері. Басқару кез келген адамзат қоғамында болады, өйткені
адамзат қоғамы өздігінен басқарыла алмайды, сондықтан алдыға
қойылған мақсаттарға жету үшін, барлық міндеттерді үздіксіз жүзеге
асырылуын қамтамасыз ету басқаруда қажеттілік туындайды. Кез
келген басқарудың мәні – мақсатты түрде реттеушілік ықпал ету,
тәртіпке келтіру.
ӘЛЕУМЕТТІК БАСҚАРУ:
• ӘЛЕУМЕТТІК БАСҚАРУ -бұл адамдарға қатысты мақсатқа сай және
өкімді түрде адамдармен жүзеге асырылатын басқару, яғни қоғам істерін
басқару.
Әлеуметтік басқару элементтері:
• басқарудың мақсатын анықтау;
• нақты билігі немесе өктемдігі бар басқару субъектісі (басқарушы).
Әлеуметтік басқару субъектісі - бұл мемлекеттік немесе қоғамдық
органның рөлінде қатысушы адамдар ұжымы немесе лауазымды тұлға.
Оның өз еркіне басқарылатындардың мінез-құлқын бағындыратын қабілеті
болады. Басқаруды жүзеге асыру үшін сәйкес өкілеттілік беріледі;
• Басқару объектісі (басқарылатын адам );
• Басқару бойынша қызмет (субъект пен объект арасындағы тура
байланыстар);
• Басқару субъектісі мен объектісі жұмыс істейтін орта;
• Басқарудағы адам факторлары (психика, эмоция, көңіл-күй);
• Басқару еңбегінің нәтижелері (алдыға қойған мақсатқа жету).
Атқарушы билік органдары
қызметі:
БОЛЖАУ- Қолда бір ақпараттың, оның ішінде ғылым негізінде қандай
болса да оқиғалардың немесе процестердің дамуындағы өзгерістерді
алдын ала болжайды.
ЖОСПАРЛАУ – әлде бір басқарылатын қызметтің бағыттарын, мақсатта-
рын, міндеттері мен күтілетін нәтижелерді, пропорцияларды, қарқындар
мен нақты сандық және саналық көрсеткіштерді анықтау; басқарушы
және басқарылушы кіші жүйелерді ұйымдастыру.
ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ– қандай да болмасын бір қызметтің және тиісті
құрылымдардың жұмыс істеуінің құқықтық тәртібін белгілеу.
ЖАЛПЫ БАСШЫЛЫҚ ЖАСАУ ЖӘНЕ ЖЕДЕЛ ҮКІМ ЕТУШІЛІК ЖҰМЫС –
әртүрлі басқару органдарының, лауазымды адамдардың, ұйымдардың іс
– қимылдарын алдын ала және күнделікті үйлестіру.
БАҚЫЛАУ – заңдарды, жоспарларды, бағдарламаларды орындаудағы
бұзушылықтарды табу және жою және шаралар, оның ішінде белгіленген
тәртіпті бұзушыларға, қолдану үшін істің нақты жағдайын тексеру.
ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ НОРМАЛАРЫ.
Әкімшілік құқықтың нормада атқарушы билік аясындағы
қоғамдық қатынастарды реттейтін мінез – құлықтың ережесі блады.
Әкімшілік құқықтың нормасы өзімен реттелетін қоғамдық қатынастың
мәнін білдіреді, нақты әкімшілік құқықтық актінің ″кірпіші″ болып
табылады.
• Әкімшілік құқықтың нормалары Қазақстан құқығының жүесінде
маңызды орын алады, өйткені әр түрлі қоғамдық қатынастардың үлкен
тобын реттейді.
• Әкімшіліқ құқықтың нормалары мен басқару мен жергілікті өзін –
өзі басқару субъектілерінің өзара қарым – қатынастарының құқықтық
режимін белгілейді, азаматтардың атқарушы билік аясындағы
құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін және оларды жүзеге
асырудың кепілдіктерін айқындайды.
• ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘКІМШІЛІК – ҚҰҚЫҒЫНЫҢ
ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ МЫНАЛАР:
Конституция;
әкімшілік – құқықтық нормалар болатын заңдар;
тиісті кодекстер;
Президенттің, Үкіметтің, орталық атқарушы билік
органдарының нормативтік актілері;
әкімшілік – құқықтық қатынастарды реттейтін
жергілікті өкілді және атқарушы билік органдарының
нормативтік актілері болып табылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
• Яғни, әкімшілік – құқық ұғымын қортындылай кетсек – ол атқарушы билікті
және қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы
екенін білдік.
• Әкімшілік – құқық азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуларының
құқықтық және ұйымдық нысандарын бекітіп қана қоймай, сонымен қатар
өкілетті органдар мен лауазымды адамдар үшін де, сондай – ақ қатардағы
азаматтар үшін де тиісті мінез – құлық ережелерін
тағайындайды. Оның көмегімен Қазақстан Республикасында құқықтың
мемлекет құрудың міндеті шешіледі және әкімшілік – құқықтық
қатынастарға барлық қатысушылардың құқықтық мәдениеті қалыптасады.
• Әкімшілік – құқықта біз қарастырдық оның жалпы ұғымын, нормаларының
түрлерін және қайнар көздерін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Баянов Қ.Р. Әкімшілік құқығы. Алматы, 2003жыл
Таранов Қ.Р. Әкімшілік құқығы. Алматы, 2003
жыл.
Бекіш Сейдешұлы Әкімшілік құқық дәрістемесі.
Алматы, 2003 жыл.
Баянов Әкімшілік құқық бойынша анықтамалар.
Алматы, 2003 жыл
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz