Қазақ халқының әншілік өнер




Презентация қосу
Қазақ халқының
әншілік өнер
Орындаған:Нисанбаева Асем
Қзақтың ән өнері
• Қазақ халқының музыка саласы сонау түркі дәуірінен басталады.Қазақ
музыкасы ауызекі дістүрге негізделген суырып салмалық өнермен қатар
жеке өнер саласы,ілім ретіндеде қалыптасып келеді.Ертедегі орхон-енисей
жазбалары,орта ғасырдағы Қорқыт,одан бергі ХІХ ғасырлардағы атақты
күйшілір:Ықылас,Сарымалай,Құрманғазы,Дәулеткерей,Қазанғап,Сейтек,Сү
гі,Тәттімбет т.б
• ХІХғ ортасындағы:Біржан,Ақан,Мұхит,Мәди,Жаяу Мұса,Естай,Үкілі
Ыбырай,Нартай,Майра т.б
• ХІХғ екінші жартысы музыка өнерінің
дамуына:Дәулеткерей,Тәттімбет,Ықылас т.б композитор-музыканттар үлес
қосты және Абай әндері.
• Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы
бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылыды. Көне
заманнан келе жатқан ән – күй туралы халықтың аузында
қалыптасқан көптеген мақал – мәтелдер, аңыздар, жырлар осының
айғағы. Халықтың: «Сөз күміс - ән алтын», «Ел көркі – қыз, той
көркі - ән», немесе «Ән өмір ұзартады» деген асыл сөздері осы
өнерге арналған.
• Қазақтың ұлы ақыны Абай да ән мен күйдің құдіретін жырлап:
• Құлақтан кіріп, бойды алар
• Жақсы ән мен тәтті күй.
• Көңілге түрлі ой салар
• Әнді сүйсең, менше сүй – деген.
Өз мазмұны бойынша, тұрмыстағы орнына сай
қазақтың халық әндері бірнеше түрге бөлінеді:

• 1.Халықтың ескілікті наным – сенімінентуған әндер.
• 2 .Еңбек пен шаруашылық кәсібіне байланысты туған
әндері
• 3.Тұрмыс – салт әндері.
• 4.Эпикалық жырлар.
• 5.Тарихи әндер.
• 6.Лирикалық әндер.
Халықтың ескілікті наным –
сенімінен туған әндер
• Ескілікті наным – сенімнен туған әндердің бір алуаны –
бақсылар сарыны. Бақсылар сарынының негізгі мақсаты – түрлі
ауруларды емдеу. Бақсы жын, пері, албасты басты делінетін
ауруларды қобыз арқылы сарнап, көшіреді.
• Қазақтың емшілік кәсібінен туған бәдік әндерінің өз заманы
үшін өмірлік мәні болған. Өйткені, ол адам баласына қас күштер
мен әртүрлі ауру, індет «иелерін» әсерлі, сырлы сазбен көшіріп,
көндіруге болады деген сенімнен шыққан еді. Сондықтан бәдік
тек мал ауырып, адам сырқаттанған кезде ғана айтылған.
Еңбек және шаруашылық
әндері
• Қазақ халқының негізгі тіршілік күн көрісі мал шаруашылығы болды. Шаруаның малды жоғары
багалағаны сонша, тіпті ең асыл, ең қымбатты адамдарын солармен теңейтін. Мысалы, сұлу,
келбетті, үлкен көзді қызды «Ботагөз», мықты, сымбатты жігітті, «Жігіттің нары» деп атады.
Анасы баланы еркелетіп «қозым», «ботам», «құлыным» дейді. Кездескен кісілердің «Мал – жан
аман ба?» деп сұрауы дамалдың ел тұрмысында келелі орын алатындығының белгісі.
Сондықтан да мал жайында көптеген мақал – мәтелдердің қалуы да тегін емес. Халық ертеден
әрбір малдың өзінше әулие иесі, бабалары бар деп сенді. Сол себепті мал туралы тілек тілесе
де, малға өз бағасын берсе де әуелі малдың «иелеріне» сөз арнады:
• Шаруаның бір түлік пірі – Шопан
• Келтірмей қу, пір ата, қойға топан.
• Ай мүйізді шоқпақтай
• Шүйделері тоқпақтай,
• Тегене құйрық қошқарлы,
• Малды берсең, қойдан бер. . .
Тұрмыс – салт әндері
• Бұл түрдің әндері халық өмірінің
айнымас серіктері болып келеді. Олар
адам өмірінде кездесетін әртүрлі салт,
әдет – ғұрыптармен байланысты.
Мысалға, үйлену тойында айтылатын
әндер немесе нәрестенің
шілдеханасында орындалатын әндер.
Сондай – ақ адамды ақырғы жолға
аттандыратын жоқтау әндері.
• Сонау заманнан қазіргі күнге дейін
тойда атақты «Жар-жар» әні айтылып
Лирикалық әндер
• Лирикалық шығармалардың әуендері ерекше сазды, әуезді, кең ауылқымды болып келеді.
Бұларға күрделі ырғақ пен көлемді құрылым тән. Лирикалық жанр адамның ой-сезімі мен
толғаныс, көңіл-күйінің түрлі қырларын суреттейді
• Лирикалық әндердің мазмұны мен тақырыбы әр алуан. Бұлар махаббат сезімін, сүйікті
адамның асыл қасиеттері мен ажарлы көркін («Назқоңыр», Абайдың «Айттым сәлем,
қалам қасы», Мәдидің «Үш тоты құсы», Біржанның «Ақ тентегі»); сүйгеніне қосыла
алмаған жастардың қайғы-зарын («Ақбөпе», Ақанның «Сырымбеті», Абайдың
«Татьянаның сөзі»), толғайды.
• Бұл әндердің енді бір үлгілерінде сұлу табиғаттың көркем суреттері бейнеленеді(Абайдың,
«Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып»әндері). Лирикалық әндерде
албырт жастық шақ, адамның өмірдегі орны туралы терең философиялық ой-толғамдар
үлкен тебіреніспен жырланады(Абайдың «Қарашада өмір тұр», «Сұлғылт тұман дым
бүркіп», Естайдың «Дүние-айы»)т.б. әндерді үлгі ретінде келтіруге боладыЖақын
адамның не жақсы көретін құсының, атының өліміне арналған зарлы әндерде қайғылы
сезім, мұң әсерлі беріледі(Ақан серінің «Құлагері», «Қараторғайы»)
Айтыс
• Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан
поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып
салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.
• Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Қазақ
қоғамында ақынның ақын болып танылуы да тек айтыс
арқылы жүзеге асқан. Көбіне-көп айтыста жеңілген
ақын өткен айтысты ел арасына таратуға міндетті
саналған. Сөйтіп, бір-біріне логикалық ой-жүйемен
терең жымдасқан екі ақынның өлеңдері біртұтас
дүниеге, қисса, дастан секілді желілі шығармаға
айналған. Айтыс ақындарының ұғымында өлең белгілі
бір кісіге қонатын өнер саналған. Кемпірбай, Базар,
Бұдабай, Бақтыбай, Сүйінбай, Жамбыл тәрізді ақындар

Ұқсас жұмыстар
Халықтың әнші-композиторларының шығармашылығы
Біржан сал Қожағұлұлы
Ақан Сері
XIX ғасырдағы және XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің ақындары
Қазақ өнерінің дамуы
Шығарманың аты
Ақан сері Аөжігіт Қорамсаұлы
ӘМІРЕ ҚАШАУБАЕВ
Музыканы тыңдау әдістемесі
Әміре Қашаубаевтың өмірі
Пәндер