Торлы құрылым физиологиясы


Slide 1

Тақырыбы:Торлы құрылымның физилогиясы

ПРЕЗЕНТАЦИя

Шымкент 2020ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

Орындаған:Нигматиллаева Севара

Тобы:ЖМҚ-Б 201-19

Қабылдаған:Керимбекова Мариям

Slide 2

Жоспар

Кіріспе;

Негізгі бөлім;

ОЖЖ-нің жеке физиологиясы

Торлы құрылым физиологиясы

Сопақша ми

Қорытынды;

Қолданылған әдебиеттер.

Slide 3

Кіріспе

Орталық жүйке жүйесі- адам мен жануарлардың жүйке клеткалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі. Орталық жүйке жүйесі омыртқасыз жануарларда бір-бірімен тізбектеле орналасқан жүйке түйіндерінен (ганглийлерден), ал омыртқалы жануарларда жұлын мен мидан тұрады. Тірі организмді құрайтын түрлі органдар жүйелерінің қызметтерін үйлестіріп, реттеп отырады. Осы қызметтерді Орталық жүйке жүйесі жұлын жүйкелері (31 жұп) мен ми жүйкелері (12 жұп) арқылы атқарады. Бұл жүйкелер омыртқааралық және вегетативтік жүйке түйіндерімен бірге шеткі жүйке жүйесін құрады. Әр түрлі рецепторлардан тітіркену процесінде пайда болатын жүйке импульстары орталыққа тепкіш (афферентік) жүйке талшықтары арқылы Орталық жүйке жүйесіне келеді. Бұл жерде импульс мәліметтері өңделіп, Орталық жүйке жүйесінің орындаушы бөлімдері - орталықтан тепкіш (эфференттік) жүйке талшықтары арқылы “бұйрықты” тиісті орнына жеткізеді. Нәтижесінде Орталық жүйке жүйесінің ең негізгі қызметі - рефлекстің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

Slide 4

ОЖЖ-нің жеке физиологиясы

Нейрон немесе жүйкелік жасуша - мидың құрылымдық-қызметтік бірлігі. Нейрон мынадай бөліктерден тұрады: дендрит, нейрон денесі немесе сомадан, жалғыз өсінді аксоннан; аксон төмпешігі мен кішігірім құрылымдардан.

Дендриттің қызметі келген қозуды қабылдау, ал аксонның қызметі қозуды келесі нейронға өткізу.

Нейронның түрлері: Өсінділеріне байланысты: униполярлы (жалғыз өсінділі жасуша), биполярлы (екі өсінділі жасуша), мультиполярлы (көп өсінділі жасуша) .

Әсеріне байланысты: қоздырушы (бөлінген медиатор қоздырушы болса, мыс: ацетилхолин, катехоламин) және тежеуші (бөлінген медиатор тежеуші болса, мыс: ГАМҚ, глицин) .

Түрлі тітіркендіргішке сезімталдығына қарай нейрондар моно-, би- және полисенсорлы деп бөледі.

Slide 5

Нейроглияның қызметі. Глия (желім) - бұл мидың көлемінің 10%-тін құрай отырып, нейрон арасындағы кеңістікті толтыратын, арнайы әр түрлі пішінді жасушалардан түзілген жүйке жүйесінің құрылымы.

Глиальды жасушалардың өлшемі жүйке жасушаларынан 3-4-есе кіші болып келеді, сүтқоректілердің ОЖЖ-де олардың саны 140 млрд-қа дейін жетеді. Жас ұлғайған сайын мида нейрондардың саны азайып, ал глиальды жасушалардың саны өседі.

Глияның мынадай түрлерін ажыратады: астроглия, олигодендроглия, микроглия.

Астроглия - көп өсінділі жасуша. Астроглия нейронға тірек болу қызметін атқарады, жүйке талшықтарын оқшаулап, нейронның метаболизміне қатысады.

Олигодендрологлия - бұл бір өсінділі. Ол аксонның миелинуінде, нейрондардың метаболизміне қатысады.

Микроглия - глияның өте кіші жасушалары. Оның фагоцитозға қабілеті жоғары.

Slide 6

Рефлекс доғасы, жүйке доғасы - рефлекс процесіне қатысатын жүйкелік құрылымдар жиынтығы. Бұл терминді 1850 жылы ағылшын ғалымы М. Холл ұсынған. Рефлекс доғасы жүйке жүйесінің функциялық негізі болып табылады; қарапайым (екі нейронды, жалғыз синапсты) және күрделі (көп нейронды, бірнеше синапсты) болып бөлінеді. Рефлекс доғасының күрделілігі оның құрамына енетін аралық нейрондар санына байланысты.

Slide 7

Ең қарапайым доға бес буыннан: рецепторлар, орталыққа тепкіш жүйке, жүйке орталығы, орталықтан тепкіш жүйке және атқарушы орган - эффектордан тұрады. Орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметі рецепторлар мен эффекторлар арасын шапшаң және тиімді түрде байланыстыру, яғни сыртқы орта мен организмнің жауап реакциясының арасындағы үйлесімдікті қалыптастыру. Кез келген рефлекс дұрыс өту үшін Рефлекс доғасының тұтастығы қажет. Егер бұл тұтастық бұзылса, рефлекс туындамайды. Кез келген рефлекс атқарушы органның тітіркеніске қайтарған жауабымен ғана шектелмейді. Тітіркенуге жауап берілгеннен соң эффектордан орталық жүйке жүйесіне афференттік сигналдар, қайтарымды импульстар жіберіледі. Осы импульстар арқылы орт. жүйке жүйесі эффектор қызметінің тітіркеніс сипатына сәйкестігін анықтап, оның әрекетін бақылап, қажет болса қосымша импульстер жіберіп, түзетулер енгізіп отырады. Осыған байланысты соңғы кезде Рефлекс доғасы деген ұғым рефлекс сақинасы деген ұғыммен алмастырылып жүр. Рефлекс сақинасы Рефлекс доғасынан қосымша буындардың болуымен ерекшеленеді. Сақина қосымша афференттік жолмен аралық нейрон арқылы тұйықталады. Бұл құрылымдар арқылы тітіркеніс мүшенің өзіндегі рецепторлардан қозғағыш нейрон орталығына қайта оралуын қамтамасыз етеді.

Slide 8

Рефлекторлық доға. Әрбір рефлекстің жүзеге ауысуына, рецептордан орындаушы ағзаға жүйкелік импульс тарайтын жол рефлекторлық доға (РД) деп аталады. РД келесі 5 бөлімнен тұрады:

1. Рецептор, ол тітіркендіргіш әсерін қабылдайтын құрылым.

2. Афферентік жол, ақпаратты рецептордан ОЖЖ немесе жүйке орталығына жеткізетін жол.

3. ОЖЖ немесе жүйке орталығы -ақпаратты афференттік жолдан қабылдап, оны түзеді және талдау қызметін атқарады.

4. Эфференттік жол- талданылған ақпаратты ОЖЖ -шеткі мүшеге немесе орындаушы мүшеге жеткізетін жол.

5. Орындаушы мүше- жеткізілген ақпарат бойынша өз әрекетін өзгертеді, яғни белсенділікке өтеді.

Slide 9

Жұлын. Жұлын - ағзаның барлық қимыл-қозғалыс реакцияларының жүзеге асуына қатысады. Ол бастың бұлшықеттерінен басқа, барлық қаңқа бұлшықеттерін жүйкелендіреді.

Жұлын - мойын, көкірек, бел, сегізкөз, бөлімдерден тұрады.

Кескенде; а) сұр затында алдыңғы; артқы; бүйірлі (көкірек және бел) мүйіздер болады. б) Ақ затында- жұлынның өткізгіш жолдары бар .

Жұлынның артқы түбірі сезімталдылықты, ал алдыңғы түбірі қозғалысты қамтамасыз етеді. Бұл Белла-Мажанди заңдылығы деп аталады.

Жұлынның алдыңғы түбірін кескенде ® қозғалысы(-) ; сезімталдығы(+) ; ал оның артқы түбірін кескенде ® қозғалыс(+) ; сезімталдығы(-) болады.

Slide 10

Торлы құрылым физиологиясы

Торлы құрылым (ретикулярная формация) (formatio reticularis, лат. formatio - құрылым, reticulum - тор) - сопақша ми сұрзаты ядроларының арасында орналасқан, жүйке жасушалары мен жүйке талшықтарының торланған өрімдерінен құралған мидың үйлестіргіш аппараты. Торлы құрылым ми діңгегі құрылымдарын (сопақша ми, ортаңғы ми, аралық ми) байланыстырып, күрделі рефлекторлық доғаның іс жүзіне асуын қамтамасыз етеді. Ол ортаңғы жөне ромбы төрізді ми орталықтарын біріктіріп, үйлестіру қызметін де атқарады. Торлы құрылым сопақша мидағы тыныс алу және жүрек-тамырлар жүйесінің орталықтарын түзеді.

Slide 11

Орталық жүйке жүйесінде сүр және ақ заттармен қатар торлы құрылым (ретикулярлы формация) деген атпен белгілі болған түзіліс кездеседі. Ол пішіні мен мөлшері әртүрлі торшалардың шоғырлануы нәтижесінде пайда болады. Осы торшалардың шашыраңқы орналасқан өсінділері бір-бірімен айқасып, қиылысып, тор тәрізді зат құрайды. Торлы зат орталық жүйке жүйесінің көптеген бөлімдерінде орын тебеді. Жұлында ол астыңғы және үстіңгі мүйіздер аралығында - бүйір бағанда орналасады. Торлы құрылым жұлынның мойын бөлігінде анық байқалады, дегенмен, ол ми сабағында жақсы шоғырланған. Торлы құрылым ми сабағының медиальдық бөлігі мен өзегін ала жатады да, көру төмпектеріне дейін созылады. Тіпті, көру төмпешіктері мен гипоталамусте де бүл күрылымның элементтерін кездестіруге болады. Торлы құрылымды алғаш XIX ғасырдың аяғында Дейтерс ашқан. XX ғасырда оның морфологиясы терең зерттеліп, көптеген ерекшеліктері анықталған.

Slide 12

Торлы құрылымды қоршайтын нейрондар өсінділері қысқа келеді де, өте көп тарамданады және олар топтасып, көптеген ядролар құрайды. Тек қана сопақша мида торлы құрылымның 90 ядросы орналасады. Мидың ешбір бөлімдерінде торлы құрылымдағыдай мөлшерде ядролар кездеспейді. Бұл торлы құрылым қызметінің күрделілігінің, жан-жақтылығының белгісі. Торлы құрылым нейрондары дененің белгілі бір бөліктерімен нақтылы байланыс түзбейді. Олар әртүрлі рецепторлардың -көру, есту, жанасу, дэм сезу, терморецепторлар, т. б. тітіркенуі нэтижесінде қозады. Кез келген рецептор тітіркенгенде тітіркеніс орталыққа тепкіш арнаулы жол арқылы ми қыртысына бағытталады да, тітіркенген рецептордың табиғатына байланысты оның белгілі бір бөлігінде қозу пайда болады. Сондықтан бұл жолды арнаулы немесе классикальщ өткізу жолы деп атайды. Бүл жол үшін көру төмпегі (таламус) өткел болып табылады. Арнаулы өткізгіш жол арқылы импульс өте шапшаң таралады және ми қыртысының нақтылы бөлігіне бағытталады да, шоғырланған қозу процесін тудырады. Ол өзіндік қасиетін сақтап, әсер еткен тітіркендіргіштің сипатын бейнелейді, тітіркендіргіш жайлы анық мәлімет жеткізеді, нақтылы түйсік туғызады. Демек, бұл импульстер белгілі бір хабар (сигнал) ретінде қабылданады.

Slide 13

Ми сабағы деңгейінде эрбір арнаулы өткізгіш жолдан торлы құрылым торшаларына бүйір тармақ бағытталады. Осының нэтижесінде арнаулы өткізгіш жолмен тараған импульстің әсерімен торлы қүрылым торшалары қоса қозады. Бұл торшалар әртүрлі жолдардың бүйір тармақтарымен жалғасатын болғандықтан торлы құрылымда импульстер өзіндік сипаттарын жоғалтады. Қозған торлы қүрылым торшаларынан да импульстер ми қыртысына бағытталады, бірақ олар шашырай, жайыла таралады да, барлық қыртыс торшаларының жалпы белсенділігін арттырады. Осымен байланысты торлы құрылымның өрлеу жолын жалпылама афференттік жол деп атайды. Бұл жолмен импульстер баяу тарайды және өзіндік сипатын жоғалтып, сигналдық маңызынан айрылады. Сонымен, ми қыртысының эрбір нейроны импульстерді арнаулы және жалпылама афференттік жүйелер арқылы қабылдайды. Бұл жүйелер ортақ әсердің салдарынан кез келген рецептордың тітіркенуі нәтижесінде қозады.

Slide 14

Бірақ жалпылама афференттік жүйе импульстерді өткізудің қосымша, айналма жолы болып табылады. Арнаулы жүйе арқылы келген импульстер белгілі түйсік тудырса, жалпылама жүйе ми қыртысы нейрондарының белсенділігін арттырып, олардың қызметінің атқарылуына жағдай туғызады. Торлы қүрылымның афференттік жолын толығымен қиып тастаса организм ессіз күйге (кома) көшіп, соңынан өліп қалады. Ал, осы жол жарым-жартылай қиылса, үйқышылдық, селқостық байқалады. Торлы құрылым ми қыртысымен қос бағытты байланыста болады. Ми қыртысы торлы күрылым нейрондарынан импульстер қабылдап қана қоймай, оның афференттік жүйесінің қызметін не жандандырып, не тежеп отырады. Демек, үлкен ми жарты шарларының қыртысы торлы қүрылымның қызметін басқарып, бағыттап отырады.

Slide 15 Slide 16

Сопақша ми

Сопақша ми (продолговатый мозг) ; (лат. medulla oblongata; medulla - ми, oblongata - сопақша) - мидың жұлынмен шекарасыз жалғасатын, пішіні сопақша келген артқы бөлігі. Оның алдыңғы жағы ми көпірімен жалғасады. Сопақша мидың төменгі бетінде вентральды орталық саңылау (лат. fissura mediana ventralis) мен оның екі бүйіріндегі латеральды вентральды сайлар (лат. sulcus lateralis ventralis) арқылы бөлінген: оң және сол сопақша ми пирамидалары (лат. piramis medullae oblongatae) білеуленіп көрініп тұрады.

Slide 17

Сопақша ми пирамидалары үлкен ми қыртысын жұлынның қозғалтқыш орталықтарымен байланыстыратын пирамидалы жүйке талшықтары аларынан (лат. fasciculus cerebro-spinalis) құралған. ( Сопақша ми пирамидаларының пирамидалы жүйке тал тары будаларынан құралған өткізгіш жолдары - жұлынның бүйір арқаншаларына өтер алдында, оң ми пирамидасының жүйке талшықтары жұлынның сол жақтағы бүйір арқаншасына, ал сол ми пирамидасының жүйке талшықтары жұлынның оң жақтағы бүйір арқаншасына бағытталып, жүйке талшықтарымен алмасады да, пирамидалар айқасын (лат. decussacio pyramidum) жасайды.

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Торлы құрылым
Торлы құрылымның физиологиясы
Торлы құрылым - көптеген талшықтармен бөлінген әртүрлі типтегі және өлшемдегі жасушалардың диффузиялық жинақталуы
Торлы құрылым және оның организмдегі орны, лимбикалық жүйе
Вегетативтік орталықтары
Жұлын жане ми функциялары
ЖҰЛЫН ЖӘНЕ АРТҚЫ МИ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Торлы құрылымның байланыстары
Торлы фармацияның ағзадағы рөлі. Лимбикалық жүйе
ЛИМБИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz