Элодея бұтақшасының тыныс алудағы активация энергиясын есептеу және температуралық коэффициентін анықтау


Slide 1

СӨЖ

Факультет: Биология және Биотехнология

Кафедра: Биотехнология

Тақырыбы: Элодея бұтақшасының тыныс алудағы активация энергиясын есептеп шығару жəне температуралық коэффициентін анықтау

Тексерген: Есенбекова А. Е.

Орындаған: БТ 17-11

Қаймолданова А. Ғ.

Мырзахметова Г. М.

Ысқақбек А. А.

Ермекова Ә. Қ.

Slide 2 Slide 3

Жоспары:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

II. 1. Жарық пен температура әсері

II. 2. Зертханалық жұмыс барысы

III. Қорытынды

Slide 4

Әсер етуші факторлар

Эволюция кезінде әуе-құрлық ортасын сулы ортадан кейін тірі организмдер игерді. Бұл орта үшін температура, жарық, ылғал, ауа құрамы маңызды факторлар болып табылады.

Тірі организмдер үшін, әсіресе, көруге болатын жарықтың маңызы зор. Жарықтың әсерінен хлорофиллдердің түзілуі және биосферадағы аса маңызды процесс - фотосинтез жүреді. Күн энергиясының Жер бетіне түсуі жылдық маусымға және тәулік ұзақтығына байланысты. Организмдердің жарықтың тәуліктік ырғағына реакциясы, яғни тәуліктің жарық және қараңғы мезгіліне арақатынасы фотопериодизм деп аталады.

Өсімдіктерге жарықтың белсенділігі мен сапасымен қатар, жарықтың ұзақтығы да әсер етеді. Өсімдіктер белсенділігінің тәуліктік және маусымдық режимі осыған байланысты. Олардың тіршілік процесстерінің маусымдық ырғағы күзде - тәуліктің жарық бөлігінің қысқаруымен, көктемде - ұзаруымен анықталады.

Slide 5

Жарықтың әсері

Жер бетінде жарық режимі әртүрлі. Сондықтан өсімдіктерде табиғи сұрыпталу процесі кезінде жарықтың әртүрлі жағдайларында өсуге бейімделушіліктері пайда болады. Жарыққа байланысты өсімдіктерді 3 экологиялық топқа бөледі:

Гелиофиттер немесе жарық сүйгіш өсімдіктер - күн сәулесі жақсы түсетін ашық кеңістікте өсетін өсімдіктер. Әдетте, олардың жапырақтары қалыңдау, мезофилл және эпидермис клеткалары майда болып келеді.

Сциофиттер немесе көлеңке сүйгіш өсімдіктер - жарық аз түсетін жерде өсетін өсімдіктер. Бұларға фитоценоздың төменгі ярусында өсетін саумалдық, құсықшөп, жасыл мүктер, плаундар жатады.

Факультативті гелиофиттер немесе көлеңкеге төзімді өсімдіктер - жарықтың көп мөлшерінде де және аз мөлшерінде де өсе беретін өсімдіктердің үлкен тобы. Оларға жөке, мойыл, бүлдірген және шалғындықта, орман алаңқайларында өсетін көптеген өсімдіктер жатады.

Slide 6

Температураның әсері

Температура - күннің ұзын толқынды инфрақызыл сәулелерінен бөлінетін және организмдер үшін аса қажетті, тіршілік иелері үшін маңызды экологиялық фактор. Өсу және тіршілік ету үшін қолайлы температура (-10°С + 30°С) оптималды деп аталады.

Салқын жерде тіршілік етуге бейімделген организмдерді криофилдер тобына жатқызады. Олар белсенділігін клеткалардың температурасы -8°С . . . -10°С жағдайда да жоғалтпайды. Криофилия төменгі температура жағдайында тіршілік ететін көптеген организмдерге - бактерияларға, саңырауқұлақтарға, қыналарға, мүктерге және т. б. тән.

Оптимум аймағы жоғары температурада орналасқан түрлерді термофилдер деп атайды. Бұларға микроорганизмдер мен жануарлардың көптеген топтары, мысалы, нематодтар, насекомдар личинкалары, кенелер және шөлді аймақта тіршілік ететін көптеген организмдер жатады.

Slide 7

Қоршаған ортаның температурасы және топырақ температурасы өсімдіктердегі физиологиялық процесстерге ғана емес, мүшелердің түзілуіне де әсер етеді. Тәжірибе салқын жерде өсірілген өсімдіктердің жапырақ тақталарының жиегінің өзгеретінін көрсетті. Салқын жерде (+4°С . . . +6°С) өсірілген бақбақтың жапырақтарының жиектері тілімделген, ал жылы жерде өскен (+15°С . . . +18°С) особьтарында жапырақ жиектері тегіс болатыны байқалды.

Температура өсімдіктер үшін аса маңызды, өйткені фотосинтез процесі +15°С . . . +25°С-та белсенді жүреді.

Slide 8

Зертханалық жұмыс

Жұмыстың мақсаты: Тірі ағзадағы физико-химиялық заңдылықтардың сақталуын тəжірибе жүзінде көз жеткізу.

Құрал-жабдықтар мен материалдар: элодея бұтақшасы бар кішкентай ыдыс, бөлме температурасынан 10 °С-ге жоғары жəне төмен темпераутарлары келтірілген суы бар үлкен көлемдегі ыдыстар, термометрлер, секундомер, Брадис кестесі.

Slide 9

Жұмыс барысы

Ең бірінші санақты балдыры бар кішкентай ыдысты бөлме температурасындағы суы бар үлкен ыдысқа салғаннан кейін 5-7 минут өткеннен соң бастайды. 1 минутта бөлініп шығатын газ көпіршіктері саналады.

Енді балдыры бар кішкентай ыдысты термостатқа қояды, термостат температурасы бөлме температурасынан 10 °С-ге жоғары болу керек. 3-5 минут өткеннен соң 1 минутта бөлініп шығатын газ көпіршіктері саналады.

Балдыры бар кішкентай ыдысты қайтадан бөлме температурасындағы суы бар ыдысқа (үлкен ыдыс) салып, бөлініп шығатын газ көпіршіктерінің бастапқы ырғағы қалпына келуін бақылайды. 3-5 минут өткеннен соң 1 минутта бөлініп шығатын газ көпіршіктері саналады.

Slide 10

Енді балдыры бар кішкентай ыдысты бөлме жағдайынан 10 °С-ге төмендетілген температурадағы суы бар үлкен ыдысқа салады. Судың температурасын салқындатуға мұзды пайдаланады. 3-5 минут өткеннен соң 1 минутта бөлініп шығатын газ көпіршіктері саналады.

Балдыры бар кішкентай ыдысты қайтадан бөлме температурасындағы суы бар ыдысқа (үлкен ыдыс) салып, бөлініп шығатын газ көпіршіктерінің бастапқы ырғағы қалпына келуін бақылайды. 3-5 минут өткеннен соң 1 минутта бөлініп шығатын газ көпіршіктері саналады.

Slide 11

Қорытынды

Жағдай-лар, С температура

Жиырылу саны

Vt2/Q10=Vt 1

Vt2/Q10=Vt1

Vt2/Q10=Vt1

Vt2/Q10=Vt1


Ұқсас жұмыстар
Көкет (диафрагма): анатомиясы мен тыныс алудағы рөлі
Вариациялық көрсеткіштер: ауқым, орташа және квадраттық ауытқулар, дисперсия мен вариация коэффициентін есептеу әдістері
Жасанды жарықтандыруды есептеу және нормаланған минималды жарық деңгейін анықтау
Қышқылдар, негіздер мен тұздардың ерітінділеріндегі рН анықтау: теория және есептеу әдістері
Молекулалардың қозғалысы, термометрлер және температуралық шкалалар
Каналдардағы су өтімін анықтау: гидравликалық есептеу және жобалау талаптары
Мал қораларындағы жарықтандыруды анықтау, есептеу және өлшеу әдістері
Тұқым қуалайтын ауруларды алдын алудағы диагностикалық әдістер
11-дәріс: Нанофотоника, нанотермофотоника және күн энергиясын түрлендіру
Электр энергиясын үнемдеу және жаңартылатын энергия көздерін дамыту стратегиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz