Табиғаттағы маусымдық өзгерістер



Табиғаттағы маусымдық өзгерістер
Орындаған: ТОКМУХАНБЕТОВА АЙҒАНЫМ

Жыл мезгілдері.
Бір жылда төрт мезгіл - көктем, жаз, күз және қыс бар.
Көктем айлары - наурыз, сәуір, маусым. Қар наурыз айында ери бастайды. Сәуір айында барлығы көктей бастайды.
Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Жаз маусымнан басталады, қыркүйекке дейін созылады. Шілде - ең ыстық ай. Тамызда кейде жаңбыр жауады.
Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. Қазан мен қараша айлары жауынды және салқын болады.
Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыстың ең суық айы - қаңтар. Желтоқсанда күн қысқарып, түн ұзарады.

Біздің планетада жыл бойы тұрақты ауа райы өзгерістер орын алады. Бұл өзгерістер маусымдарда деп аталады. табиғатта Барлық маусымдық өзгерістер, олардың жеке аты бар. Бұл қыс, көктем, жаз және күз. Осы заманда ауа райы мен жануарлар әлемінің құлқында өзгерістер өзгеруі жер шарының әр түрлі аудандарында таратылады күн радиациясының сомасына байланысты. маңызы зор, сондай-ақ жер бетіндегі жарық бұрышы болып табылады. үлкен иілу бұрышы тікелей ұмтылады, ыстық сәуленің сырқаттанушылықтың нақты орналасқан жері болып. Сондай-ақ, маусымдық өзгерістер туралы әсер және күні бойлық.

Ежелгі дәуірде адамдар жылды әр түрлі бөліктерге бөлген. Үнді мұхитының аралдарындағы тайпалар муссон желінің соғуына қарай, жылды екі мезгілге бөлген. Олардың жерінде муссон 180 - 185 күн оңтүстік-батысқа қарай, содан кейін 180 - 185 күн солтүстік-шығысқа қарай соғады. Орталық Африка тайпалары өз жерлерінде ауа райының нөсер жауынды, қапырық ыстық және жайдары құрғақ болуына қарай жылды үш мезгілге бөлген. Осы күнгі халықтардың көпшілігі жылды жазғытұры (көктем), жаз, күз, қыс деп төрт мезгілге бөледі. Бұлай бөлуге тиянақты астрономиялық негіз бар. Жердің орбитасы, яғни оның Күнді айналып жүретін жылдық жолының түрі эллипс түрінде болады. Жер эллипстің доғасын бойлап, орбита бойынша Күнді айналумен бірге өз осінен де айналып тұрады. Ол өз осінен бір рет айналып шыққанда бір тәулік уақыт өтеді. Жердің «күнгейі» немесе «теріскейі» жоқ, осьтен айналу салдарынан оның бетіндегі нүктелер, мысалы, қалалар тиісті ретімен Күн жаққа ауысып отырады. Жердің жарық түскен жарты бетінде күндіз, көлеңкеде қалған жарты бетінде түн болады. Жердің осі - ойша болжанатын геометриялық түзу сызық. Бұл ось Жердің полюстерінен өтіп, оның Күнді айналу орбитасы жазықтығында жуық түрде 66°33` бұрыш жасайды. Осьтің бағыты өзгермейді деуге болады (мардымсыз аз өзгерісі есепке алынбайды) . Егер Жердің осі оның Күнді айналу орбитасы жазықтығына перпендикуляр болса, Күн сәулелері Жер бетінің әрбір нүктесіне бүкіл жыл бойы біркелкі түсіп, оны үнемі біркелкі жылытып отырар еді, яғни Жыл мезгілдері ауыспас еді. Күн мен түн де ұзарып-қысқарып отырмай, өзара тең 12 сағаттан болар еді. Жер әрі Күнді, әрі өз осінен айналып жүретіндіктен және осінің бағыты өзгермейтіндіктен, орбитаның АВС доғасында оның оңтүстік полюсі (S) көлеңкеде қалады да, солтүстік полюсіне (N) жарық түсіп тұрады, ал CDA доғасында - солтүстік полюсі көлеңкеде қалады да, оңтүстік полюсіне жарық түсіп тұрады. Сондықтан полюстерде жарты жыл түн - қараңғылық болады да, жарты жыл күндіз - жарық болады. Солтүстік полюстің түні қыркүйектен наурызға дейін созылады.

«Жыл мезгілдері» Абай жыл мезгілдеріне байланысты табиғат көріністерін суреттеуді дербес жанр етіп калыптастырды. Жылдың төрт мезгілін көркем бейнелейтін «Жазғытұры», «Жаз», «Күз». «Қыс» тағы басқа өлеңдеріңде табиғат суреттері өздерінің бар бояуымен, ақиқат қалпыңда, жаңды күйіңде көрінеді. Ақын табиғат көрінісін сол көздегі қазақ өмірінің тұрмыс тіршілігімен байланыстыра қарастырады.
«Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі. Жан-жануар, адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі»,
деп басталатын «Жазғытұры» өлеңінде көктемнің жайма-шуақ, жылы лебі есілгендей сезіледі. Өлеңнен мал баққан қазақ аулы тіршілігінің әр алуан көрінісі орын алған. Қазақ халқында жыл басы - наурыз айының «Ұлыстың Ұлы күнінен» басталатыны белгілі. Ақын жазғытұры деп, көктемнің осы кезеңін айтып отыр. «Жаз» өлеңінде адам мен табиғат туралы тақырып өзара ұластырыла, тұтас күйде алынған. Жазғы жайлауға көшіп қонған ауылдың бейнесі табиғаттың ғажайып бояуларымен ұштастырыла суреттелген. Жыл мезгілдерінің жадау да жабырқау, қайыршыдай жұтаң бір кезін суреттеуден басталатын «Күзде» ақын ескі ауыл тіршілігін, кедейлердің сол күз күніндей күйзелген, тоналған тұрмысын бейнелейді

Ақын қыс мезгіліне портреттік сипаттама бере, мінездей келіп, оны жанды адам бейнесінде суреттейді:
«Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, тұсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды».
Ақын табиғат суреттерін адамның әр алуан көңіл күйлері, сыр-сезімдерімен ұштастыра жырлайды. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінде ауылдың жанында гүрілдеп аққан өзен, сәулесі суда дірілдеген жарық ай, жапырақтары сыбдырлай, сыр шерткен тәрізді қалың ағаштар, тау жаңғыртқан ән, манаураған желсіз түн аясында кездесіп, тіл қатпай, үнсіз ұғынысқан екі жас ғажайып сырлы бояумен әсем бейнеленген. Абай жыл мезгілдері жайындағы өлеңдерінде табиғат суреттері арқылы әлеуметтік өмір шындығын терең ашқан. [2]

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz