Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері
Презентация қосу
Мектепке дейінгі
балалар ұжымының
қалыптасу ерекшеліктері
Орындаған: Токмуханбетова А.Б
Тексерген: Нурдавлетова З.Н
Жоспары:
Ұжым, ұжымшылдық,
ұжымның қалыптасу
кезеңдері
Ұжымның қалыптасу
шарттары.
Латынның "коллектив" деген сөзі "жиын", "ұжым", "топ" дегенді
білдіреді. Осыдан коллектив, яғыи ұжым - бұл адамдар тобы.
Бірақ кез-келген топ ұжым ба? Қазіргі әдебиетте "ұжым"
түсінігінің екі мәні қолданылады. Бірінші: кез-келген адамдар
тобы ұжым болып табылады; екінші: жоғары ұйымдасқан топ
қана ұжым болып есептеледі. "Ұжым" педагогикалық
әдебиеттерде тәрбиеленушілср (оқушылар) бірлестігі деп
түсіндіріледі. Ал мұндай ұжымның өзіндік маңызды белгілері
бар:
Адамдар белгілі бір мақсат жолында ұжымдарға бірігеді. Бұл
үшін ұжымның әрбір мүшесі біріккен іс-әрекетке белсенді
қатысуы керек және жалпы іс-әрекет ұйымдастыруы шарт.
Ұжым мүшелерін ерекшелейтін белгі — олардың іс-әрекет
қорытындысы үшін болған жоғары өзіндік жауапкершілігінің
болуы.
Ұжым аталған қасиеттерінен басқа да маңызды
ерекшеліктерімен бөлектенеді. Бұл ұжымның ішкі хал-
ахуалын, ұжым мүшелерінің бір-біріне деген қарым-
қатынасын білдіретін сипаттама. Жақсы ұйымдасқан ұжымда
бір-біріне көмек, бір-біріне жауапкершілік, дұрысын айту, өзін-
өзі сынау, бәсекелестік сияқты сана қалытасады.
Формалды қатынастағы адамдар тобында мұндай қасиеттер
болмайды, ал ұжым бұл қасиеттерсіз өзінің артықшылығынан
айрылады.
Ұжымда мақсатты таңдай білу маңызды рөл атқарады. Тәрбиеленушілер мұрат еткен мақсат
перспектива деп аталады. Адам өмірінің негізгі стимулы (ынтасы) ~ ертеңгі қуаныш. Тәрбиеленушіге
түсінікті перспективалы мақсат - қиыншылықтар мен кедергілерді жеңіуге көмектесетін үлкен күш .
Тәрбие жұмысы тәжірибесінде перспективаның үш түрі кездеседі, олар: жақын, орташа және алыс
перспективалар.
Жақын персмектива — ертеңгі серуен, яғни ұжым мүшелерінің жеке қызығушылығынан туындайды .
Орташа перспектива — уақыт бойынша алыстау ұжымдық оқиғаның жобасы.
Алыс перспектива - ұзақ уақытқа көзделген үлкен мағыналы, маңызды талаптарға қол жеткізуге
арналған мақсат.
Ұжым түсінігі, кезеңдері және олардың бір - бірімен
сабақтастығы.
Ұжым және жеке адам проблемасы қазіргі заманның ең
өзекті әлеуметтік проблемаларының бірі болғандықтан
педагогика ғылымының да басты мәселесі болып
отыр.
Педагогика оқушылар ұжымын ұйымдастыруды және
тәрбиелеуді жан - жақты тәрбиенің теориясы мен
практикасының негізгі, жетекші проблемалары ретінде
қарайды.
Тәрбие теориясының негізгі бір принципі - "ұжымда
ұжым үшін, ұжым арқлы тәрбиелеу" деп анықталған.
Тәрбиенің ең негізгі құралы мектеп ұжым, ол - ортақ
мақсатпен, іс - әрекетпен, гуманистік қарым -
қатынаспен және жоғары жауапкершілікпен біріккен
балалар мен ересектердің одағы.
Оқушылар ұжымы - тәрбиенің шешуші факторы және
біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың
негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда
қолайлы жағдайдың болуы қажет.
Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын,
еңбегін, жасампаздығын, күш - қуат мәдениетін,
ойын ұйымдастырудың ең тимді құралы.
Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері
және халық ағарту органдарының озат өкілдері А.В.
Луначарский, Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, П.П. Блонский,
С.Т. Шацкий, В.А. Сухомлинский аса зор көңіл аударып
зерттеді.
А.С.Макаренко жеке адам тәрбиесінің
қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан
ұжымның кейбір сапасын, яғни
белгілерін көрсетті.
1. Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке
адам ұжымнан тыс дамымайды.
2. Ұжым адамдарда жалпы мақсатқа, еңбекке
және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.
3. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи
байланысты қоғамның бөлігі.
4. Ұжымның өзін - өзі басқару органдары және
өкілдері - ұйымдастырушылары болады.
Әрбір ұжым -- бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола
алмайды. Ұжым контактылы ұжым -- бұл ұжым
белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым -- бұл
контактылы ұжымдардың бірлестігі, Мысалы,
контактылы ұжым -- бұл студенттер тобы, негізгі ұжым
-- факультет т.б.
Бірінші кезенде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған
топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін
жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап іс - әрекетінің
барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою
балаларды мінез - құлық нормасын үйрету, әлеуметтік
тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін
құбылыс. Мұндай жағдайларда бастауыш сыныптарда және әр
мектептен біріктірілген оқушылардың жоғары сыныптарында
болуы мүмкін.
Бірінші кезең аяқталуы үшін мына мәселелерді еске алған жөн:
:: ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;
:: ұжым іс - әрекетінің дамуы;
:: жеке адам арасындағы қарым - қатынас іскерлік және
гуманистік қатынастардың пайда болуы;
:: барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының
бөлінуі;
Екінші кезенде ұжым өзін - өзі басқаруға, яғни сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық
қызметінен тұрақты ұжым органдарыно көшеді. Сондықтан бұл кезеңде белсенді топпен
жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық
еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс - әрекеттерін
бақылау т.б.
Мұғалімнің қызметі -- коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі
үшін оқушылардың ынтасын қуаттау жалпы міндеттерді орындауда барлық
оқушылардың күш қуатын нығайту.
Ұжымның бұл даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принципі қолданылады, яғни
тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең - бұдан былай белсенді топтың және ұжым іс -
әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі
деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық (ұжымдық)
пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым
өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың
арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, демек,
ұжымда тілектестік, бір -- біріне ілтипатты болу сияқты
болымды қасиеттер пайда болады.
. Балалар ұжымы және оның ерекшеліктері
Жеке тұлға және ұжым мәселелерімен философтар, әлеуметтанушьшар, әлеуметтік психологтар,
педагогтар айналысуда. Бұл аталған мәселенін педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен
әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымның педагогикалык теориясын дамытуға П.П.
Блонский, Л.С. Выготский, Н.К. Крупская, П.Н. Лепешинский, В.И. Сорока-Росинский, С.Т. Шацкий және
т.б. өз үлестерін қосты.
Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А.С. Макаренко еңбектеріңде жатыр. Ол ұжымда
жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты нәтижесі оның қоғамдық бағыттылығы деп есептейді. А.С.
Макаренко ұжымның басты белгілерін нақгы тұжырымдап берді: ұжым -- басқа ұжыммен
органикатық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі; қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы;
ұжым мүшелерінің қызметін ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті
қарым-қатынас орнату; өзін-өзі басқару органдарының болуы.
. Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері.
Балалар ұжымымен жұмыс істеу үшін мұғалімнің белгілі бір кәсіби қасиеттері қажет. Кәсіби маңызды
қасиеттер мәнін анықтауға бірқатар ғалымдар (А. Сатынская, В.А.Сластенин, Г.Сманова, К.Успанов және т.б.)
көңіл бөлді. Тұтас педагогикалық процесс теориясының негізгі зандарын басшылыққа ала отырып (Н.Д.
Хмель), педагогикалық процестің іске асыруын қамтамасыз ететін тұлғаның салыстырмалы орнықты
сапалары мен ерекшеліктер жиынтығын педагогтың кәсіби маңызды қасиеті деп санауға болады. Сонымен,
тұтас педагогикалық процестін нәтижелілігі "педагогтар-оқушылар" жүйесіндегі өзара қатынастың
ықпалдастықтың деңгейіне байланысты. "Оқушы" жүйесі үшін педагог тұлғасы қоршаған болмысты
пәндендіру арасындағы делдал, ал мұғалім оқушы мен материалдық және рухани құндылықтар
арасындағы делдал болып табылады. "Оқушылар" жүйесінде қарым-қатынас "педагогтар-оқушылар"
жүйесінде бар қарым-қатынас салдары ретінде жасалады. Бұл болашақ мұғалімді даярлауда мектептік
педагогикалық процестің қызметін жандандыруға мүмкіндік беретін кәсіби манызы бар сапаларды
қалыптастырудың неге қажет екенін көрсетеді.
Жоғарыда баяндалғандардың балалар ұжымымен тиімді жұмыстар істеудің тиімділігінің шарттарының бірі
ретінде қарастырылатын қжымшылдық сияқты мұғалімнің жеке ұасиеттерін қалыптастыруға қатысты.
Мұғалімнің ұжымшылдығы оның оқушылармен және оқушылардың бір-бірімен дқрыс өзара қарым-
катынас жасауының негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға даярлығы арқылы көрініс
табады. Тұтас педагогикалық процесс теориясында бұл өзара қарым-қатынас, өзара ықпалдасатын
тәрбиелеуші механизм болып табылады және қызмет барысындағы ынтымақтастықтың сипатына тәуелді.
Қызмет барысындағы сипатын түсіну мұғалімнің құзырлығына кіреді. Соған байланысты мұғалім өзінін
жинақтаған білімінің негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға дайын болуы керек.
2 Балалар ұжымынын жағдайын диагностикалау әдістемесі.
Мұғалімнің диагностикалық бағдарламасының бір нұсқасында "оқушылармен ынтымақтастықта бола алу
кабілеті" критерийі - қазіргі мектеп мұғалімдерінің зерттеу іс-әрекеттерінін ең жоғары деңгейі және ол өзара
ықпалдастыққа ұмтылдыратын жаңа тәсілдерді үнемі іздестіру, оларды қарым-қатынас жасауда қолданудың
мүмкіңдіктерін байқай алу, басқа адамдардың көзқарастарын түсіне білуге тәрбиелеу аз уақыт аралығында
және мұғалім мен оқушының ақыл-ойын, ерік-жігерін пайдалана отырып эмоционалдық күш салуымен оқыту
мен тәрбиелеудін әдістерін үйлестіруді негіздей отырып қолдана алу (В.И.Зверева).
Педагогтардың балалар ұжымымен кәсіби ұйымдастырылған жұмысы барысында әлеуметтік (қоғамдық)
белсенділік ретінде күрделі тұлғалық қасиеттер қалыптасады. Қазіргі кезеңде бұл қасиет ерекше манызға ие
болады, өйткені ол қоғамадқ іс-әрекеттердің маңыздылығын оқушылардың санасына сіңіруін, олардын оған
жауапкершілік, белсеңділік, ізденімпаздық таныта отырып қатысуға дайындалуын ұмтылуын қамтиды.
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz