Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби және коммуникативтік біліктілігі
Презентация қосу
6-тақырып. Жоғары мектеп оқытушысының
кәсіби және коммуникативтік біліктілігі
1.Оқытушы білім беру үдерісінің субъектісі ретінде
2.Педагогикалық іс-әрекет және оның құрылымы мен
құрамдары
3.Жоғары мектеп оқытушысының негізгі
құзырлықтары
4.Студенттердің танымдық іс-әрекетін
ұйымдастырудағы педагогикалық қарым-
қатынастың ролі
Оқытушы білім беру үдерісінің субъектісі
ретінде.
Жоғары мектеп оқытушысы — арнайы
даярлығы бар және педагогикалык ic-
әрекетпен айналысатын кәсіби адам.
Оқытушы – оқыту мен тәрбиелеу процесіне
ғылым жетістіктерін, қоғамдық жаңалықтарды
қабылдап, игеріп, енгізуші, білім
алушылармен белгілі бip қатынаста болатын
белсенді іс-әрекет иeci
Педагогикалық іс-әрекет - бұл болашақ маман тұлғасын
қалыптастыруға, оны кәсіби даярлауға бағытталған іс-әрекет.
Педагог мынадай бірнеше іс-әрекет түрлерін орындайды:
пән педагогы ретіндегі іс-әрекет – оқытушының тікелей сабақ
жүргізуі
әдіскерлік іс-әрекет – оқыту тәжірибесін қорытындылау,
оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін айқындау, оқытудың
технологиясы мен тәсілдерін құрастыру, оқу құралдары мен оқу
пәндерін дайындау
бағдарламалық іс-әрекет (бағдарламалау) – оқу бағдарламалары
мен жоспарларын құрастыру, пәндердің жұмыс-оқу
бағдарламасы, силлабустар, оқу-әдістемелік кешенін құрастыру
ғылыми-зерттеушілік іс-әрекет - жаңа білімдерді іздестіру,
білімдерді жүйелеу, ғылыми білімдерді оқу білімдеріне
айналдыру
тәрбиелік жұмыс – тәрбие ортасын ұйымдастыруға және
студенттердің түрлі іс-әрекеттерін басқаруға бағытталған іс-
әрекет
Педагогикалық іс-әрекет құрылымы
Құрастырушылық – Ұйымдастырушылы Коммуникатив Зерттеушілік –
мазмұндық (оқу қ – студенттерді тік- кәсіби білімді
материалын іріктеу түрлі әрекеттерге қатысымдық – жаңарту,
және құрастыру, тарту, ұжым құру тәрбиеленушіл педагогикалық
педагогикалық және бірлескен іс- ермен, құбылыстарға
үдерісті жоспарлау әрекетті әріптестермен ғылыми
және құрылымдау); ұйымдастыруға және өзге көзқарас,
құрастырушы- бағытталған түрлі адамдармен педагогикалық
оперативтік (өз іс-әрекеттер жүйесін қарым-қатынас зерттеу әдістерін
әрекетін және орындау орнатуға игеру, өз
студенттер әрекетін бағытталады тәжірибесі мен
жоспарлау); өзге
құрастырушы- оқытушылар
материалдық тәжірибесін
(педагогикалық талдау
үдерістің оқу
материалдық базасын
жобалау)
Кәсіби педагогикалық мәдениет - маманның кәсіби-
педагогикалық мәдениеті – бұл арнайы кәсіби міндеттерді шешу
амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы.
Кәсіби-педагогикалық мәдениет интериозацияланған жалпы
мәдениетті білдіреді және жалпы мәдениетті педагогикалық іс-
әрекет саласына арнайы жобалау қызметін атқарады.
Оқытушы педагогикалық мәдениетпен үш аспектіде өзара
байланысқа түседі:
- кәсіпті игеру барысында педагогикалық мәдениетті зерттеу
тұрғысынан;
- тәжірибелік іс-әрекеттің мәдени-педагогикалық саласына ену
арқылы;
Педагог педагогикалық құндылықтарды алып жүруші және
тасымалдаушы;
- педагог шығармашылық іс-әрекетте өзін жүзеге асырады және
педагогикалық мәдениетті туғызады
Педагогикалық мәдениеттің бірқатар мәселесі: педагогикалық іс-әрекет ерекшеліктері,
ұстаздың педагогикалық шеберлігі, жоғары оқу орны педагогы және т.б. А.А.Деркач,
З.Ф.Есарева, Н.В.Кузьмина, В.А.Сластенин, Н.Н.Тарасович және басқа ғалымдардың
еңбектерінде кеңінен сөз болады. Аталған мәселелер бойынша зерттеулер XX ғасырдың
90-шы жылдары мен XXI ғасырдың басында серпіліс алды. Философияда, әлеуметтануда,
педогогика мен психологияда мәдениеттану бағыттарын белсенді түрде жобалауда
көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді, атап айтсақ: педагогикалық мәдениет
(А.В.Барабанщиков, В.Л.Бенин, Е.В.Бондаревская, Н.Д.Никандров, В.А.Сластенин,
Г.И.Чижакова және т.б.) педагогикалық мәдениеттің жалпы теориялық негізіне және де
оның жеке бағыттарына: методологиялық бағыт (В.А.Сластенин, В.В.Краевскийй,
А.Н.Ходусов); гуманитарлық бағыт (Г.И.Гайсина, Е.Н.Шиянов); этнопедагогикалық
бағыт (В.А.Николаев, В.К.Шаповалов); тарихи-педагогикалық (А.К.Колесова,
В.А.Равкин); танымдық-эстетикалық бағыт (Е.Н.Богданов, Н.Б.Крылова);
коммуникативтік бағыт (В.С.Грехнев, Ш.А.Магомедов, А.ВМудрик); технологиялық
бағыт (М.М.Левина, Н.Г.Руденко); рухани (Е.И.Артамонова, Н.Е.Шуркова, Е.Г.Силяева).
Ғалымдардың еңбектерінде педагогикалық мәдениет ұстаздардың кәсіби құндылықтар
жүйесі мен педагогикалық іс-әрекетінің өзгешеліктері арқылы білінетін педагогтың
жалпы мәдениетінің маңызды бөлігі ретінде түсіндіріледі.
1980 жылдары алғаш рет жоғары оқу орны мұғалімінің педагогикалық
мәдениеті мәселесін көтерген ғалым А.В. Барабанщиков болды.
Педагогикалық мәдениет ұғымын ол ұстаздың жеке тұлғасын дамыту деңгейі,
оның педагогикалық іс-әрекеттегі шарықтау деңгейі, адамгершіліктің
педагогикалық тәжірибесіне ие болудың белгілі бір деңгейі ретінде
түсіндіреді.
Осы зерттеулер бұдан кейінгі жобаларға нақты негіз бола алды. Атап
айтқанда, 1980 мен 1990 жылдардың басында көптеген ғылыми еңбектерде
(Е.Б.Гармаш, Т.В.Иванова, Т.Ф.Рязанова) аталған бағыттың тұжырымдамалық
жағдайлары негізделген. Педагогикалық мәдениет кәсіби-педагог тұлғасының
интегративті қасиеті, әсерлі педагогтық іс-әрекеттің бастамасы мен
алғышарты, мұғалімнің кәсіби іскерлігінің жалпы көрсеткіші мен өзін-өзі
дамытудың кәсіби мақсатқа негізделуі.
Педагогикалық білімді зерттеу мәселелеріне мәдениеттану тұрғысынан
ықпал ету И.Ф.Исаевтің пікірінше, ұстаздың кәсіби і-әрекетіне, өзін-өзі
қалыптастыруды қамтамасыз ететін педагогикалық құндылықтар мен
технологияларды жүргізуге және ұйымдастыруға бағытталған педагогикалық
шаралар және теориялық-әдістемелік нұсқаулар жиынтығы.
Қазіргі кезеңде педагогикалық мәдениет мынадай үш бағытта зерттелу үстінде:
аксиологиялық, іс-әрекеттік және тұлғалық-шығармашылық. Мұғалімнің құндылықтар
жүйесіндегі бағытының интегративті қызметі мен аталған бағытты зерттеуде алынған
нәтижелерді ескере отырып, кәсіби-педагогикалық құндылықтар негізінде келесі
педагогикалық құндылықтар классификациясы ұсынылды:
білімділік құндылықтар, педагогикалық іс-әрекетте тұлғаның дамуы, қалыптасу үдерісі
туралы теориялық, әдіскерлік білім, педагогикалық үдерістегі тұжырымдар, идеялар,
заңдылықтарды білу, студент пен мұғалімнің арасындағы қарым-қатынас –психологиясын
білу, іс-әрекет пен тұлғаның қалыптасуының ескі тәжірибесін білуі және т.б. ашады;
қасиеттік құндылықтар мұғалімнің іс-әрекетінде тұлғалық қасиеттерінің мәні мен
мағынасын ашатын құндылықтар: ұстамдылық, бастамашылдық, талапшылдық, адалдық
және т.б.;
іскерлік құндылықтар, мұғалімнің педагогикалық мәдениетін арттыратын
педагогикалық іскерлігінің мәнін көрсетеді: гностикалық, аксиологиялық, коммуникативтік,
ұйымдастырушылық, жобалау, құрастырушылық т.б.;
әдіскерлік құндылықтар, педагогикалық мониторинг, заманауи технологиялар,
коммуникативтік құралдар мен т.б. кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыруға
қатысатын құралдар мен әдістердің мәнін ашады;
эмоционалды-құндылықты қарым-қатынастар, басқа адамдарға, өз-өзіне, рухани
құндылықтарға деген қарым-қатынасы, кәсіби Мен-ді сезіну және т.б. сияқты қарым-
қатынастарды оқу-тәрбиелік үдерістерде мәні мен мағынасын ашады;
шығармашылық құндылық, мұғалімнің тұлғалық мүмкіндіктерінің құрамын, оның
инновациялық іс-әрекетте жүзеге асыратын кәсіби және мәндік күштерінің мазмұнын
ашады.
Мұғалімнің құндылықтар жүйесіндегі бағытының интегративті қызметі мен аталған
бағытты зерттеуде алынған нәтижелерді ескере отырып, кәсіби-педагогикалық
құндылықтар негізінде келесі педагогикалық құндылықтар классификациясы ұсынылды:
білімділік құндылықтар, педагогикалық іс-әрекетте тұлғаның дамуы, қалыптасу үдерісі
туралы теориялық, әдіскерлік білім, педагогикалық үдерістегі тұжырымдар, идеялар,
заңдылықтарды білу, студент пен мұғалімнің арасындағы қарым-қатынас –психологиясын
білу, іс-әрекет пен тұлғаның қалыптасуының ескі тәжірибесін білуі және т.б. ашады;
қасиеттік құндылықтар мұғалімнің іс-әрекетінде тұлғалық қасиеттерінің мәні мен
мағынасын ашатын құндылықтар: ұстамдылық, бастамашылдық, талапшылдық, адалдық
және т.б.;
іскерлік құндылықтар, мұғалімнің педагогикалық мәдениетін арттыратын педагогикалық
іскерлігінің мәнін көрсетеді: гностикалық, аксиологиялық, коммуникативтік,
ұйымдастырушылық, жобалау, құрастырушылық т.б.;
әдіскерлік құндылықтар, педагогикалық мониторинг, заманауи технологиялар,
коммуникативтік құралдар мен т.б. кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыруға
қатысатын құралдар мен әдістердің мәнін ашады;
эмоционалды-құндылықты қарым-қатынастар, басқа адамдарға, өз-өзіне, рухани
құндылықтарға деген қарым-қатынасы, кәсіби Мен-ді сезіну және т.б. сияқты қарым-
қатынастарды оқу-тәрбиелік үдерістерде мәні мен мағынасын ашады;
шығармашылық құндылық, мұғалімнің тұлғалық мүмкіндіктерінің құрамын, оның
инновациялық іс-әрекетте жүзеге асыратын кәсіби және мәндік күштерінің мазмұнын
ЖОО оқытушысын шартты түрде
3 топқа бөлуге болады:
- педагогикалық бағыттылығы
басым
- зерттеушілік бағыттылығы
басым
-педагогикалық және зерттеушілік
бағыты тең
Семинар 6. Жоғары оқу орны оқытушының кәсіби құзырлықтарын
қалыптастыру технологиясы
1.Кәсіби білім беруде педагог тұлғасын қалыптастыру
2.Жоғары мектеп оқытушысының негізгі құзырлықтары
3.Кәсіби құзырлылықты дамыту құралдары
4.Кәсіби-тұлғалық өзіндік даму технологиясы
Әдебиеттер
1.Самоукина Н.В. Психология и педагогика профессиональной деятельности. - М.:
ЭКМОС,1999
2.Бабушкин Г.Д. Психологические основы формирования профессионального
интереса к педагогической деятельности. - Омск: ОГИФК, 1990.
3.Беркімбаева Ш.К., Құсайынов А.Қ және т.б. Жоғары мектеп
педагогикасы.Алматы. 2010.
4.Буланова-Топоркова М.В. Педагогика и психология высшей школы. - Рос-тов-на-
Дону.: "Феникс", 2006.
5. Т.А.Фугелова. Педагогика высшей школы.Тюмень, 2014.
МӨЖ Жоғары мектеп оқытушысы тұлғасы және оның біліктілігіне қойылатын
талаптар
Тапсырма
1.Білім беру теориясындағы педагог тұлғасы мен іс-әрекетін (мұғалім, тәрбиеші,
оқытушы және т.б.) модельдеуге қатысты көзқарастарды төменде берілген әдебиеттерді
пайдаланып оқып үйрену
2.Жоғары оқу орны оқытушысының негізгі кәсіби-педагогикалық қабілеттері мен
қасиеттерін анықтау – құзырлылық көзқарасқа негізделген біліктілік
сипаттамасын құрастыру
Әдебиеттер
1.Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования: От деятельности к
личности: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений / С.Д. Смирнов. - 3-е изд.,
стер. - М.: Академия, 2009
2.Медведев В. Подготовка преподавателя высшей школы: компетентностный
подход / Ю. Медведев, Ю.Татур // Высшее образование в России. - 2007. - № 11.
3.Самоукина Н.В. Психология и педагогика профессиональной деятельности. - М.:
ЭКМОС, 2011
4.Беркімбаева Ш.К., Құсайынов А.Қ және т.б. Жоғары мектеп
педагогикасы.Алматы. 2010
Негізгі әдебиеттер:
1.Беркімбаева Ш.К., Құсайынов А.Қ және т.б. Жоғары мектеп
педагогикасы.Алматы. 2010.
2. Бабанский Ю.К., Ильина Т.А., Жан Текеева З.У. Педагогика высшей
школы- Алма-Ата, 1989.
3.Педагогика и психология высшей школы /Под.ред.М.В.Булановой-
Топорковой.-М.,2002-545с.
4.Кенесарина З.У. Педагогика высшей школы. Учебно-методическое
пособие.Алматы,Триумф «Т», 2007.200с.
Қосымша әдебиеттер:
1.Исаева З.А.,Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Активное методы
обучения. –Алматы, 2005.
2.Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Инновационные методы обучения,
или Как интересно преподавать: Учебное пособие. –Алматы,2007.-284 с.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz