Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты


Slide 1

Негізгі сұрақтар: 1. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты

2. Сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстырудағы есімше, көсемше, шартты рай тұлғаларының қызметі.

Slide 2

Сабақтас сөйлем деп компоненттері өзара тең болмай, бір-біріне бағына, бағындырыла байланысатын құрмалас сөйлемдерді айтамыз

Сабақтас құрмалас сөйлемдегі негізгі ой көпшілік жағдайда басыңқы жай сөйлемде беріледі де, басыңқы компоненті көбіне сол басыңқыдағы пікірді түрлі жағынан айқындап, дәлелдеп түсіндіру үшін қолданылатын қосымша бір мүше ретінде қолданылады

Мысалы: Ақжан серуеннен қайтып оралғанда, киіз үйлердің маңында қара құра көбейіп қалыпты

Slide 3

Түркітанушы ғалымдар арасында бағыныңқы сөйлемдерді ажыратуда пікір алшақтығы әлі күнге дейін сақталып келеді. Ғалымдардың пікірлерін үш топқа бөліп қарастырамыз

1.

Ғалымдардың бірінші тобы бағыныңқы сөйлемді ажыратуда бастауыш меже бола алмайды дейді де, сөйлемнің сабақтас екенін ажыратуда баяндауышты негізгі тірекдейді(Н. Дыренкова, А. Баскаков, Т. Бертагаев, А. Абдуллаев, С. Аманжолов, М. Балақаев)

2.

Ғалымдардың екінші тобы бастауышты бағыныңқы сөйлем түрлерінде саралай қолдануды ұсынады, ол ортақ бастауыш ілімімен байланысты. (Г. Сагибатталов, А. Пешковский, С. Жиенбаев, Н. Сауранбаев, Ғ. Бегалиев, т. б. )

3.

Ғалымдардың үшінші тобы бағыныңқылардың барлық түрінде бастауыштың қажеттігін көрсетеді. Мұндай көзқарасты проф. Абдурахманов, М. Закиев, Т. Қордабаев, Қ. Есеновтер қолдайды . Олар құрмалас сөйлемнің әр компонентінде бастауыш-баяндауыштық қатынастың болуын жақтайды.

Slide 4

Компоненттің белгілі шамада сөйлемдік мағына дербестігі болады, яғни бұл компонент тұлғалық жағынан тиянақсыз болғанымен, толық сөйлемдік мағынаға ие болады;

Баяндауыш формасы есімше, көсемше, шартты рай тұлғаларымен бірге шылаулардың тіркесуі арқылы жасалып, шартты рай тұлғалы баяндауыштан басқасы өз бастауыштарымен жақтаспайды;

Бағыныңқы компонент дербес баяндауышты болады;

Бағыныңқы компонентке тән интонация - тиянақталмаған интонация

Сонымен, сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентін айқындауда мынадай белгілер негізге алынады:

Slide 5

Құрмаластарды топтастыру мәселесі

Топтастырудағы ұстанымдар:

1. Құрылымдық ұстаным

2. Семантика-грамматикалық

3. Функционалдық

Сабақтас байланыстың өзі:а трибутивтік, объектілік, адвербиалдық қатынастарға негізделеді

Сабақтастар байланысу тәсіліне қарай: Септеулікті, септеуліксіз деп бөлінеді.

Мағыналарына қарай:Шартты, қарсылықты, салыстырмалы, мезгіл, себеп, қимыл-сын, мақсат, мезгілдес бағыныңқылы деп бөлінеді

Сабақтас құрмалас сөйлемнің компоненттерін байланыстырушы грамматикалық тұлғалар қызметіне қарай, оның негізгі үш түрі көрсетіледі:

а) есімше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер;

ә) көсемше формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер;

б) шартты рай формасының және басқа есім, етістік формаларының қатысуымен жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер.

Slide 6

Есімшенің жұрнақты түрі шақтық мағынасына қарай, түркітану әдебиеттерінің кейбіреулерінде осы шақтық деп аталса екінші біреулерінде өткен шақтық есімше деп аталады. Ал қазақ тіл білімінде осының соңғы атауы қалыптасты

Есімшелер барыс, жатыс, шығыс, көмектес сияқты көлемдік септіктер тұлғасында келіп қана бағыныңқының баяндауышы қызметін атқара алады. Өйткені осы тұлғадағы есімшелер ғана етістік сөз табының барлық қасиетін сақтайды. Ал грамматикалық септіктерде ондай қасиет жоқ

Құрмалас сөйлем жасауда есімше түрлерінің атқаратын қызметі, формалық құбылыстары біркелкі емес. Мұндай қызметте ең жиі қолданылатыны -ған, -ген, -қан, -кен формалы есімшелер

Аталған тұлғалы есімшелер бағыныңқы компонент баяндауышы функциясында мынадай формаларда қолданылады:

1. Жатыс септік жалғаулы: а) мезгіл:Жанат ішкі үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Ержан тыста қалды; ә) шарт:Егер 10 минут кешіккенде, атқа да мініп үлгермейді екенбіз.

2. Көмектес септік /қарс. / Ұлберген кедей болғанмен, киім-кешектерін таза ұстайтын еді;

3. -ша, -ше жұрнақты формада:а) мезгіл:Жасақшылар жеткенше, үй иесі дайын отырды; ә) салыстыру мәні:Көп істеп, шала бітіргенше, аз істеп, бабына келтір

Slide 7

Түрі

жасалуы

Жалғау, шылаулары

Мысалы

Мезгіл бағыныңқы:

Есімшенің жатыс, шығыс септікті формалары жиі қолданылады.

-ған/-ген, -ар/-ер, -тын/-тін Кезде, шақта, соң, сайын, кейін, бері, былай шылаулары да осы мәнді береді

Бір мезгілдес:Шай ішіп болған кезде, бала да оралып келіп қалды;

Әр мезгілдес:Қыс ішінде үй тұрғызатынымда, сен келдің

Себеп бағыныңқы

Шығыс септік формасы арқылы

есімшеге -дықтан/-діктен жалғануы арқылы, соң, үшін шылауының тіркесуі арқылы

Ең жақын адамы айтқан соң, расында да ойланып қалды

Қарсылықты бағыныңқы

көмектес септік жалғауының жалғануы арқылы

-ғанмен

Әріптестері қанша айтқанмен, бұл көне қоймады.

Шартты бағыныңқы

Болымсыз тұлғалы есімшеге жатыс септігінің жалғануы арқылы

-ма+ған+да

Мен сендерді апармағанда, сендер мұның бірін де көрмейтін едіңдер

Slide 8

Әрі қимылдың өзің, әрі қимылдың амалын білдіретін етістіктің ерекше формасы көсемше сөйлемде екі түрлі қызмет атқарады:


Ұқсас жұмыстар
Сөздердің байланысу тәсілдері
Сабақтас құрмалас сөйлем
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ҚАЛЫПТАСЫП ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
Аралас құрмалас Көп бағыныңқы сөйлем сабақтас
Құрмалас сөйлем және оның түрлері. ҰБТ - ға дайындық
Аралас құрмалас сөйлем туралы ақпарат
Аралас құрмалас сөйлем
Частных детских Мини - центра сада
КҮРДЕЛІ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz