Миға шабуыл әдісі


Slide 1

«Миға шабуыл» әдісі

Миға шабуыл әдісін 1941 жылы А. Ф. Осборн ұсынған болатын. Әуел баста жарнамалық бизнесте қолданылған бұл әдіс адамның шығармашылық ойлауына қозғау салу мақсатын көздеген еді.

Бұл әдістің негізгі міндеттері:

Мүмкіндігінше көп идеяларды жинақтау;

ғылыми немесе оқуға қатысты мәселелерді шешу;

студенттердің шығармашылық ойлауын дамыту;

ынтымақтастықты дамыту.

«Миға шабуыл» әдісінің кезеңдері:

мақсатты анықтау (сізді не қызықтырады:көпшілік алдындағы сөздің идеялары ма, әлде белгілі бір мәселені шешу қамтыла ма, әлде тақырып па?…) ;

қатысушыларды өз идеяларын айтуға үндеу (көпшілікпен жұмыс жағдайында әр қатысушы кезекпен бір идеядан ұсынуы керек, ал топтық жұмыста әр топтан бірнеше идея қатар ұсынылады) ;

әрбір идеяны тақтаға жазып отыру;

басқалардың идеяларын жетілдіру мақсатында қолдану;

идеялардың бірін-бірі қайталамайтындай анық әрі дұрыс құрастырылуын, қайталанбауын қадағалау;

идеяларды жіктеп, жинақтап топтастыру.

Slide 2

Дұрыс ұйымдастырылған ми шабуылы сеансы үш маңызды кезеңді қамтиды. Кезеңдер оларды ұйымдастырудың және жүргізудің ережелерімен ерекшеленеді:

Мәселе туралы мәлімдеме. Алдын-ала кезең. Осы кезеңнің басында мәселе нақты айтылуы керек. Шабуылға қатысушылар таңдалады, жетекші анықталады және қатысушылардың басқа рөлдері қойылған мәселе мен шабуылдың таңдалған әдісіне байланысты бөлінеді.

Идеяны қалыптастыру. Негізгі саты, оған бүкіл ми шабуылының жетістігі (төменге қараңыз) байланысты болады. Сондықтан осы кезеңнің ережелерін сақтау өте маңызды:

Ең бастысы - идеялардың саны. Ешқандай шектеулер жасамаңыз.

Сынға толығымен тыйым салу және айтылған идеяларды кез-келген (оның ішінде оң) бағалауға тыйым салу, өйткені бағалау негізгі тапсырмадан алшақтап, шығармашылық көңіл-күйді бұзады.

Ерекше және тіпті абсурдтық идеялар құпталады.

Кез-келген идеяны біріктіріңіз және жетілдіріңіз.

Топтастыру, идеяларды таңдау және бағалау. Бұл кезең жиі ұмытып кетеді, бірақ бұл сізге ең құнды идеяларды бөліп көрсетуге және миға шабуыл сеансының соңғы нәтижесін беруге мүмкіндік береді. Бұл кезеңде, екіншіден айырмашылығы, бағалау шектелмейді, керісінше жағымды. Идеяларды талдау және бағалау әдістері әр түрлі болуы мүмкін. Бұл кезеңнің жетістігі қатысушылардың идеяларды таңдау мен бағалау критерийлерін «тең» түсінуімен тікелей байланысты.

Slide 3

«Миға шабуыл» әдісінің артықшылықтары:

Уақыт үнемделеді;

Топпен жұмыс істеу барасында қатысушылар арасында ынтымақтастық, сыйластық қасиеттер жақсы дамиды;

Ой еркін түрде жеткізіледі;

Кез келген пәнге қолдануға болады;

Қиын тақырыптарды оңай меңгеруге көмектеседі;

Ізденушілік, шығармашылық қасиеттер дамиды.

Slide 4

Әдіс өте ыңғайлы себебі бұл әдісті үй тапсырмасын сұрау кезінде де, жаңа сабақты түсіндіру барысында да, сабақты бекіту, қорытындылау және рефлексия кезінде де қолдануға болады. Мысалы, жалғастырушы деңгей бағдарламасындағы «Ғаламтор менің өмірімде» тақырыбын өткен кезде осы әдісті кері байланыс үшін қолдандым. Тіл үйренушілерге мынадай сұрақ қойылды: Ғаламтор бізге не үшін керек? Осы сұрақ төңірегінде өздерінің ойларын айтуға ұсыныс жасадым. Барлық ой-пікірлерді қабылдап, жазып алдық. Тыңдаушылардың арасында ғаламтор жаңалықтарды, қажетті ақпараттарды оқуға қажет десе, енді біреулері көп уақытты алады, көзге зиян келтіреді деген пікірлер айтты. Дегенмен басым көпшілігі ғаламтор-ақпаратты тез алуға, уақытты үнемдеуге, құжат алмасуға көмектеседі деген тұжырымдаманы ұсынды. Ереже бойынша барлық идеялар айтылып болған соң, қойылған сұрақ қайта еске салынды. Айтылған пікірлер бойынша қандай қорытынды жасауға болатынын сұрап, бұл әдіс бойынша жұмысты аяқтадым. Тыңдаушылар «Ғаламтор-заман талабы» деген қорытындыға келді.

Тыңдаушылардың қызығушылығын сабаққа аудару үшін де бұл әдісті қолдануға болады. Тереңдетілген деңгей тындаушыларымен «Тіл білудің пайдасы» тақырыбын өту барысында тіл үйренушілерден тақырып бойынша бір немесе бірнеше сөйлемнен тұратын ақпарат беруін сұрадым. Әр тіл үйренуші өз идеясын параққа жазды. Оған 5 минут уақыт бердім. Барлығы жазып болған соң, біртіндеп оқып шықты. Идеяларды тыңдап негізгілерін тақтаға жаздым. Жазылған идеяларға сүйене отырып, жаңа сабақты түсіндірдім. Бұл жағдайда барлық тыңдаушылардың назары сабаққа ауады. Себебі, әр тіл үйренуші өзі айтқан пікірдің дұрыстығына көз жеткізу үшін оқытушыны мұқият тыңдайды.

Сол сияқты, сабақты қорытындылау кезінде бұл әдісті қолдану тиімді. Миға шабуыл әдісі бойынша тыңдаушыға сабақта неше сөз есіңде қалғанын жазу ұсынылады. Әр тыңдаушы есте қалған сөздерін жазып болған соң, жалпы санын көрсетеді.

Slide 5

«Пазл әңгіме» әдісі

«Пазл әңгіме» - оқушыларды топқа бөліп, оларға берілген тақырып бойынша сурет қиындылары, яғни пазлдар берілуі тиіс. Әр топ өздерінің пазлдарын құрап, шыққан сурет бойынша шағын әңгіме құрастырып жазуы тиіс.

Slide 6

«Екі идея» әдісі

Бұл әдіс тақырып жайлы ойлануға және басқа адамдармен ол туралы ой алмасуға арналған құрылымдық тәсіл. Ол бірлесіп жұмыс істеуге ынталандырады.

Барлық оқушылар қатысады; өзара әрекеттестік жоғары деңгейде көрініс табады; оқушылар бір-бірінен үйрене алады.

1. Талқыланатын мәселе белгіленеді

2. Оқушылар өз жауаптары туралы ойланады

3. Жұп басқа жұппен немесе барлық топпен өз ойларымен бөліседі

Slide 7

Керемет пікірталас

«Керемет пікірталас» - оқушылар топқа бөлінеді. Әр топтан бір өкіл шығып, әрқайсысы бір кейіпкерді таңдап алады. Сол кейіпкерді шынайы өмірдегі адаммен салыстыра отырып баға береді.

Slide 8

«Бес жолды өлең» - Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы - оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады. Бес жолды өлеңді құрудың ережесі мынадай: бірінші жолда 1 зат есім, екінші жолда 2 сын есім, үшінші жолда 3 етістік, төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем яғни ойды түйіндеу, бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз жазылады.

«Бес жолды өлең»

Кім? Ана

Қандай?

Мейірімді, ақылды

Бағады,, тәрбиелейді, өсіреді

Ағайын - алтау, ана-біреу

Синоним:Адам

Slide 9

«Болжау стратегиясы»

«Болжау» стратегиясы - Оқушылардың алдына әңгімеден үзінді беру. Яғни, оны оқушылар ары қарай жалғастырып оқиғаны немен аяқталғанын өз ойларымен жеткізеді.

Slide 10

«Ақыл-ой картасы»

Ақыл-ой картасы - ақыл-ой картасы есте сақтап, одан соң қажетті мәліметті тез еске түсірудің оңай жолы. Ақыл-ой картасының орталық бөлігі қаланың орталығы, ол жерде негізгі идея орналасады. Орталықтан шығатын басты, кең көшелер - негізгі ойлар, тар көшелер, кіші көшелер негізгі ойдың мазмұнын ашатын ойлар. Суреттер арқылы қаланың маңызды орындары - маңызды идеялары белгіленеді. Ақыл-ой картасының үлкен проектісі немесе бүтіндей объектісі неге қол жеткізгенін білдіреді. Мысалы: Қай жерде болдың?Енді қай жерге барасың? - деген секілді сұрақтар қойылады.

Slide 11

«Бинго 101»

«Бинго 101» әдісі арқылы поэмадағы көркемдегіш сөздерді бірінші жұпта табады, екінші басқа жұппен ой бөліседі, үшінші топта өлең жолдарынан дәлел келтіре отырып, кестеге толтырып жазады.

Slide 12

«ИНСЕРТ» кестесі

«INSERT» картасы немесе түртіп алу стратегиясы - түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, «v»- білемін, «+» - білмеймін, «-» - мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» - мені таң қалдырды - деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады. Кесте толтырылады. v + - ?

Slide 13

«Plus, minus and interesting» әдісі


Ұқсас жұмыстар
Панорамалық сабақ
Оқу әдістері жәні құралжабдықтары
Сын тұрғысынан ойлау - оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы
ТИІМДІ СҰРАҚТАР
Смайлдер арқылы бағалау
Сыни тұрғысынан ойлау
ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕР
Интербелсенді оқыту әдістерінің ортакәсіптік білім беру саласындағы ерекшеліктері
Пассивті әдістер Активті әдістер Интербелсенді әдістер
Компьютер және қауіпсіздік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz