Агата Кристидің кітаптары екі миллиардтан астам дана болып


Slide 1

Орындаған:

КРО 2 курс магистранты

Берікбаева Қарлығаш

Slide 2

Жазушылардың артынан ерген аңыздар мен болжамдар өте көп. Тұлғатану мәселесі барлық елдерде жолға қойылған. Сондықтан да шығар, қаламгерлердің шығармашылық лабораториясы жайлы ақпараттарды кеңінен көсіліп айта беруге болады. Өзіміз қызыға оқитын шетелдік өмірін өз ақиқатын іздеумен өткізген атақты жазушылардың атақты шығармаларының дүниеге келуі мен жазу дағдылары туралы қызықты мәліметтерді іздедім.

Slide 3

Агата Кристи

Ұлыбританияның тұрғындарының Агата Кристиге деген құрметі патшайымға деген құрметінен кем түспейтін. Жазушы мемлекеті мен халқының ерекше бір символы іспеттес мақтанышы болып саналатын. Британияда оның кітаптарының тиражы Інжіл мен Шекспирдің шығармаларынан кем түспейтін. Талантты адамдардың басында түрлі жағдайлар болады. Агата Кристи де дисграфия дертімен ауырған. Жазуға жағдайы болмағандықтан ауызша көмекшісіне айтып отырған. Алғашында Агата Кристи Мартин Уэст немесе Мартин Грэй деген лақап атпен шығармаларын басып шығарғысы келді, бірақ оқырманға әйел детективтің есімі қолайсыз естіледі деген оймен бірінші күйеуінің тегінде қалуды ұйғырды. Ол - Кристи болатын.

Бірінші дүниежүзілік соғысы кезінде Агата Кристи әскери госпитальде мейірбике болып, кейін дәріханаларда жұмыс істейді. Бұл оған улы дәрі-дәрмектер туралы көп ақпарат алуына септігін тигізеді. Оның шығармаларындағы кейіпкерлерінің уланғаны жайлы оқиғалар жиі ұшырасатыны соның ықпалы болса керек.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Агата Кристи екі шығарма жазды. Олар: «Шымылдық» (Curtain) және «Ұмытылған кісі өлімі» (Sleeping Murder) . Бұл шығармалар Эркюле Пуаро мен мисс Марпл атты танымал кейіпкерлер жайлы болатын. Бірақ, Агата Кристидің өтініші бойынша бұл кітаптарды банк сейфіне тығып, Агата Кристи жазуға мүмкіндігі болмайтын кезге дейін сақтаған екен.

Slide 4

Агата Кристи

Аталмыш әңгімелер 1974 жылы жарыққа шыққан. Ол кезде жазушы 84 жаста болатын.

Жазушының «Убийство в Восточном экспрессе» атты фильмі экрандалғаны белгілі. Бұл жазушының ойынан шыққан, риза болған жалғыз ғана шығармасы. Өйткені, Экрюл Пуароны ойнаған Альберт Финни жазушының өзі ойлаған әдеби кейіпкерге әлдеқайда жақын болған еді. Агата Критси көп саяхаттайтын болған. Ал бұл шығармасы сондай саяхаттарының бірінде Стамбулда жазылған екен.

Агата Кристидің кітаптары екі миллиардтан астам дана болып 103 тілге аударылған. Сондай-ақ, Агата Кристидің театрға арналған қойылымдары ең үзік рекордты орнатып отыр. «Мышеловка» (Mousetrap) атты пьесасы 1952 жылы сахналанған болатын. Ал бүгінгі күні ол шығарма Лондон театрларлында үздіксіз қойылып, көрермендерінің көзайымына айналған.

Агата Кристидің ең танымал афоризмі: «Свобода стоит того, чтобы за нее бороться».

Slide 5

Михаил Булгаков

Булгаков Михаил Афанасьевичтің бала кезінен әдебиетке деген қызығушылығы болған әрі кітап оқуды жақсы көрген. Сегіз жасында ол «Собор Парижской Богоматери» атты кітапты оқып шыққан. «Похождения Светланы» атты ең алғашқы шағын әңгімесін ол жас кезінде жазған. Жазушының әпкелерінің айтуы бойынша Гоголь, Чехов, Салтыков-Щедрин, Дикенстерді көп оқыған. Михаил Булгаков бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, әскери дәрігер қызметін атқарған.

Жазушыда Бегемот деген ақылды қара иті болған. Жазушы тың дүниелерді шығару үшін біраз нәрселерден шабыт алатын. Соның бірі жұмыс үстелінің жоғарғы тұсында ілініп тұрған адам баласының туғаннан бақилық болғанға дейін жүріп өтетін қарапайым ғана баспалдақ салынған сурет болатын. Жазушы ол суретті қатты құрметтейтін. Өйткені, адам әр бір жасында өмірден өзіне бір «сыйлық» алуы мүмкін деп санайтын. Бастапқыда бұл сыйлықтардың саны өсіп, өмірден қалағанын алады, бірақ кейін біртіндеп сол сыйлықтар азаяды деген өз философиялық тұжырымы болған.

Slide 6

Ломоносов өте тапқыр әрі ақылды адам болған. Ол 12 тілді өз ана тіліндей білсе, 19 тілде еркін сөйлеген. Ломоносов 1757 жылғы «Гимн бороде» атты шығармасында христиан өкілдерінің қызметтеріне, жағымсыз істеріне қатысты ойларын ашық айтқан болатын.

Михаил Ломоносовтың өзге жазушылардан қарағанда көп білетін, жан-жақты адам болғаны жайлы жиі айтылады. Өйткені ол бір саламен ғана шектеліп қалмай, бірнеше саланы қатар алып жүрген.

Ақынның бұл іс-әрекетіне шіркеу қызметкерлері қатты алаңдап, Елизавета Петровнадан көмек сұраған болатын. Бірақ патшайымы ақынға еш көңіл бөлмеуді ұйғарған. Кейін Ломоносов «Гимн бороде за суд» деген сатиралық шығармасын жазады.

Михаил Ломоносов

Slide 7

Лев Толстой

Лев Толстой шығарма жазуды балалық шағында-ақ бастаған. Ол кішкентай кезінде Кремльде саяхаттап, көрген-білгенін, қызықты жайттармен бөлісіп, «Кремль» деген алғашқы шығармасын жазады. Шетелге сирек шығатын өте ұлтшыл адам болған. Өмірінде екі рет қана аз уақытқа шетелге барған. Жазушыны әсіресе Батыс Еуропаның білім беру жүйесі мен педагогикалық ойлары қатты қызықтырған. Лев Толстойдың үйленуі шығармашылығына қатты әсер еткен. Лев Николаевич Толстой үйленгеннен кейін «Соғыс пен бейбітшілік» және «Анна Каренина» атты үлкен романдарын жарыққа шығарды. Бірақ, шамалы уақыттан соң жазушының жұбайымен қарым-қатынасы нашарлай түседі.

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Батыс Еуропа, Поляк әдебиеті
1991 - 1999 жылдар аралығында
Заманауи технологиялар және олардың мүмкіндіктері
Қоршаған орта және адам қоғамының турақты дамуы
Еңбекжолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы
Әкесінен аздап хат таныған Бауыржан көрші
Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев
1980 жылы Жерұйық жыр кітабы үшін Қазақ КСР
Киберқауіпсіздік - құпиялылық, тұтастық және қол жетімділіктің қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын процес
Жаһандық денсаулық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz