Темір жолдағы жасанды құрылыстар


Slide 1

Темір жолдағы жасанды құрылыстар

Орындаған:

Slide 2

2

Темір жол көлігі күрделі құрылысқа ие. Темір жолдың негізгі элементтері: жоғарғы құрылыс, жер қабаты, инженерлік ғимараттар (көпірлер, тоннельдер, виадуктар, дренаждық ғимараттар, тірек асты қабырғалар) . Әр түрлі елдерде колеяның әр түрлі ендері қабылданған, бұл негізінен тарихи себептермен түсіндіріледі: Қазақстан мен ТМД елдерінде - 1520 мм; Батыс Еуропадағы, Канададағы, АҚШ пен Жапониядағы жаңа жерлерде - 1435 мм; Оңтүстік Американың кейбір штаттарында, Африка елдері мен Үндістанда - 1067 мм. Тар колея енінің 1000; 914; 891; 750 және 600 мм болуы мүмкін. Ені 600 және 750 мм колея Қазақстанның өндірістік темір жол көлігі үшін тән.

Slide 3

Қолдан жасалған жабдықтар

3

Жолдың төменгі құрылысына жол төсемінен басқа қолдан жасалған жабдықтар жатады.

Темір жол кедергілерінен (өзен, бұлақ, жыра) қиылысқанда көпірлер, құбырлар орнатылады. Егер де темір жол тау жотасынан (вершина) өтсе онда тоннель орнатылады. Ал терең жырамен қиылса - виадук.

Виадук темір жол, жардың, тас жолдың үстінен салынған көпір, қалаларда - эстакадо.

Эстакадо - транспорттың өтуіне арналып жер үстіне, су бетіне салынған көпірлік құрылыс. Темір жолы және автомобиль жолы қиылысқанда путепровод орнатылады.

Slide 4

Көпірлердің бірнеше түрі бар:

1. Тас көпірі;

2. Ағаш көпірі;

3. Металдық;

4. Бетондық;

5. Темір бетондық.

4

Slide 5

Жылжымалы составты әр түрлі салмағымен өткізу үшін темір жолдың жүк көтерілімдігіне қарай топтастырылады.

5

Тұрақты жүктеме - ол өзінің салмағы, судың қысымы және топырақтын қысымы.

Уақытша жүктеме - ол локомотивтан және вагонның көпір үстінен жүргендегі салмағы, желдің жүктемесі және көпірдің тірегіне түсетін мұздың қысымы.

Уақытша жүктеме үлкеюі мүмкін, өйткені салмағы үлкен вагондар қуаттылығы үлкен локомотивтар қолданылуға енгізіліп жатыр. Көпірдің көтерілімдігі - поезд қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезіндегі көпірдің көтере алатын ең жоғарғы жүктемесі. Қолдан жасалған жабдықтарды бақылау үшін, арнайы кітап жүргізіледі, оның ішіне бақылаудың нәтижесін жөндеу туралы жазылады. Қолдан жасалған жабдықтарды жол дистанциясының бастығы бақылайды.

Slide 6

6

Жасанды құрылыстар теміржолдың су кедергілерін, басқа теміржолдар мен автомобиль жолдарын, терең шатқалдарды, тау жоталарын, қала аумағын кесіп өтуіне және адамдардың жолдан қауіпсіз өтуіне, қиын жағдайларда жер төсемінің орнықтылығын қамтамасыз етуге арналған.

Жасанды құрылыстарға көпірлер, тоннельдер, құбырлар, тіреуіш қабырғалар, реттеу құрылыстары, дюкерлер, галереялар, сел ағызғыштар және басқалары жатады.

Сурет 13. Акведуктер

Жол өтпелері, акведуктер, виадуктер, эстакадалар көпірлердің бір түріне жатады.

Slide 7

Акведуктер

7

Акведуктер - өткізгіш көпірлер (құбырлы, науалы, арналы түрде болады), оларды жыралардан, шатқалдардан, өзендерден және басқа кедергілерден өтетін жерлерге салады

Slide 8

Жол өтпелері

Жол өтпелерін теміржол мен автомобиль жолының немесе екі теміржолдың қиылысқан жеріне салады. Олар жолдардың әр деңгейде қиылысуларының арқасында көліктің емін-еркін және қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді.

8

Slide 9

Эстакадалар

9

Эстакадаларды - қалалардағы үлкен үйінділердің орнына және арнасы кең жайылмалы өзендердің үлкен көпірлеріне кіреберісте салады. Олар көшелерді тарылтпайды, сондай-ақ астынан жаяулар мен машиналардың өтуіне кедергі жасамайды

Slide 10

Виадуктерді - кәдімгі биік үйіндінің орнына, теміржолдардың терең аңғарлардан, сайлар мен жыралардан өтетін жерлеріне салады.

10

Slide 11

Таулардың опырылып құлауы мүмкін жерлерінде - арнайы галереялар (1-сурет), ал батпақ-тасты тасқындар болуы мүмкін жерлерде - сел ағызғыштар (2-сурет) жасайды. Теміржолдан су тасқынын өткізу үшін дюкерлер салынады. Олар - жолдың екі жағына салынған, сондай-ақ өзара құбырмен жалғастырылған екі құдық.

11

Slide 12

12

Жолдың үстіңгі құрылысы дегеніміз - құрылыстар кешені. Оған балласт қабаты, шпалдар, релістер мен реліс бекітулері, ығысуға қарсы бекітпелер, бағыттама құрылысы, көпірлер мен бұрылма білеулері (брустары) кіреді. Балласт қабатының негізгі қызметі - шпалдардан алған қысым күштерін жер төсемінің негізгі көлеміне біркелкі тарату, тік және көлденең күштердің әсерінен шпалдардың орнықтылығын сақтау, реліс табанының астындағы негізінің серпінділігі мен релісті-шпалды тордың жазықтық және тік пішінінде жөндеу мүмкіндігін қамтамасыз ету, үстіңгі қабаттағы суды ағызып жіберу.

Slide 13

Релістер

13

Релістер - жылжымалы құрамның доңғалақтарын бағыттап, оның салмақ күшін шпалдарға жеткізеді. Одан басқа, релістер автоблокировкалы жол бөліктерінде сигнал токтарын өткізуге, ал электрлі жолда - тартым тоғын қайта алуға пайдаланылады.

Релістің салмағы мен көлденең пішініне қарай Р50, Р65, Р75 үлгілері пайдаланылады. "Р" әрпі "реліс" дегенді білдіреді, ал сан мөлшері релістің бүтін санға айналдырған бір метрлік салмағын көрсетеді. Релістің қалыпты ұзындығы - 25 м.

Slide 14

Шпалдар


Ұқсас жұмыстар
Бағыттамалы бұрмалар мен тұйық қиылыстарды салуға қойылатын талаптар
Екіншілік желі
Жол көлік оқиғасының алдын алу
Жылжымайтын мүлік нарығы
Топоматик Robur бағдарламасында
ҒАРЫШ ГЕОДЕЗИЯСЫ
КазТрансСервис
Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық қалалар
Топографиялық карта шартты белгілер түсінігі және түрлері Жер бедері және бедер түрлері Шартты белгілер
Мұнай қоймасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz