Психологияны оқыту әдістемесі оқу пәні ретінде



Психологияны оқыту әдістемесі оқу пәні ретінде

Психологияны оқыту әдістемесінің пәні, тапсырмалары.
Психологияны оқыту әдістемесі кез - келген педагогикалық пән ретінде педагогикалық пәндер қатарына жатады және оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарына сүйенеді. Нақты психологияны оқыту болғандықтан ғана оқыту психологиясы, психологияны оқыту әдістемесінің негізі болып саналмайды, себебі оқыту әдістемесі мәннің мазмұнына қатысы жоқ.
Педагогикалық психология тұрғысынан алғанда оқушы мен оқытушының әрекеттерін ажырата білу қажет. Студенттің оқу әрекеті оны жоғары дәрежелі маман етеді, ал оқытушының әрекеті студентті маманға айналдырудың тиімді жолдарын қамтамассыз ету болып табылады. Осы себептен ғылыми негізделген оқыту әдістемесі үшін студенттің оқу әрекетінің психологиялық шарттарын, нақтырақ айтсақ, білімді игерудің (психологиялық механиздерін) дайындалып жүрген болашақ мамандығының кәсіби әрекетінің дағдылары мен іскерліктерін игеруінің психологиялық механизмдерінашуды қарастыру қажет.
Психологияны оқыту әдістемесі ықпал ету обьектісінің ерекшеліктерін яғни студенттің ерекшеліктерін ескеруі қажет. Психология мен көптеген студенттер қызығады, олар оны оқи отырып өздерін таниды, кейін олар психологиялық білімді өзінің болашақ адамдармен жұмыс барысында қолданатынын түсінеді.

Психология оқытушының алдында тұрған негізгі міндет - оқушының оқу әрекетін қалыптастыру немесе психологияны оқуға үйрету. Оқу әрекетін қалыптастыру бұл - психологияны дұрыс оқуға үйрету. Психологиялық тұрғыда бұл мәселе былай тұжырымдалады: оқушының санасынан тыс белгісіз игеріліп қалай белгілі болады, обьективтіліктен субьективтілікке қалай айналады? Осы сұраққа жауап дұрыс оқуға жол көрсетеді.
Осы мәселемен отандық психологияда50жылдары айналысқан Г. Я. Гальперин және оның ізбасарлары болды.
Адам санасынан тыс нәрселер қалай ішкі ақыл - ойға яғни сананың жетістігіне, оның ақыл - ой жемісіне айналады? Деген сұраққа жауап іздеу П. Я. Гальпериннің жоспарлы кезеңмен ақыл - ой әрекетін қалыптастыру концепсиясына әкелді.

Бұл концепцияның жалпы психологиялық мәні өте кең, себебі ол қойылған сұраққа жауап беріп ғана қоймайды сонымен қатар бұл бағдарлаушы әрекет ретіндегі психология пәні тұралы ілім, жануарлар психикасы дамуынан айырмашылығы бар адам психикасы эвалюциясы тұралы білім, психикалық әрекеттің түрлері мен формалары (қабылдау зейін, ойлау) және олардың қалыптасу заңдылықтары тұралы ғылым, психикалық әрекеттің негізгі элементтері, яғни мұраттағы әрекеттер мен образдардың қалыптасу заңдылықтары, яғни ақыл - ой амалдары мен ұғымдарының (қаалыптасуы тұралы) педагогика тілінде “білім - іскерлік - дағды ” деп белгіленетін ұғымдарының қалыптасуы тұралы ғылым.
Осы теорияға сәйкес (ғылым) оқу саналы әрекетті қалыптастыратын іс - әрекет ретінде құрастырылыды.
Қазіргі қоғам білім беру жүйесіне қоғамның өзгермелі жағдайына жеңіл бейімделетін болашақ мамандарды даярлауға мүмкіндік беретін жаңа талаптар қояды. Мұндай дайындық әртүрлі ғылыми саладағы білімдердің тек жиынтығына ғана тәуелді болмауы тиіс. Оқылатын пәндердің мазмұны мен әдістемесі, нәтижесінде бітіруші студент психологиялық ойлаудың қызметтік мүмкіндіктерін меңгеріп шығатындай, нәтижелі әрі ғылыми тұрғыдан дұрыс жоспарланған болуы қажет.

ЖОО оқу нақты студент үшін болашақта өзінің кәсіби іс-әрекетінде сәтті қолдануға мүмкіндік беретін негізгі теориялық және практикалық білім алу болып табылады. Оқытушының мақсаты - болашақ маманға өзінде жинақталған білім мен іскерліктерді беру, сонымен қатар оларды тәжірибеде және шындық өмірде қолдануға үйрету. Бірақ, психология - бұл гуманитарлық танымға жататын ерекше ғылым. М. М. Бахтин гуманитарлық таным - ғылыми танымның ерекше типі, оның негізінде зат емес, тұлға, субъект - субъект қатынасы тұрады деп атап өткен. Тұлға танылушы ретінде танымның нақтылығын талап етпейді, ол танымның тереңдігін қалайды. Оның бірегейлігі студенттің дамуын “Психология ” пәнін оқу барысында тек нәтиже ретінде ғана емес, сонымен қатар оны өзіндік сана, өзін-өзі тану және өзін -өзі жетілдіру процесі ретінде қарастыру қажеттігінде. Мұндағы маңызды сәт әлемді бейнелеу ғана емес, сонымен бірге қазір және болашақта осы әлемде өзін, өзінің жағдайын, өзінің әлемге қатынасын, өзінің мінез-құлқын бейнелеу болмақ.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz