Ісік ауруларының емдеу жолдары


Slide 1

« КАНЦЕРОГЕНЕЗ НЕГІЗДЕРІ»

Орындаған: Бахыт Танатар

Тобы: 115 A

Тексерген: Ерешова Айгерім Тұрарбекқызы

Slide 2

ЖОСПАР:

Кіріспе.

Канцерогенез ұғымына түсінік.

Тақырыптың өзектілігі: Ісік ауруларының Қазақстанда кездесу жиілігі.

Негізгі бөлім.

Ісік жасушаларының пайда болу ерекшіліктері.

Ісіктің пайда болуына әсер ететін факторлар.

Ісік жасушаларының пайда болуы.

Ісік жасушаларының дамуы, метастаз беруі.

Қорытынды.

Ісік ауруларының емдеу жолдары.

Slide 3

КАНЦЕРОГЕНЕЗ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.

Канцерогенез дегеніміз-(“канцер”-ісік, “генезис”-пайда болу), яғни ісіктің пайда болу процесі.

Б. з. б. 460-370 ж. ж. Гиппократ қатерлі ісікті “карцинома” деп атаса, Гален ғылымға “oncos” терминін енгізген.

Slide 4

Ісік ауруларының Қазақстандағы кезде-су жиілігіне келетін болсақ, мысалы Маңғыстау облысында ерлер арасында

Өкпе рагы- 21, 5% өңеш рагы-17, 1% асқазан рагы-17, 0%

Әйелдер арасында өңеш рагы-21, 6% сүт безі рагы-15, 3% асқазан рагы- 4, 3%;

Ходжкиндік емес лимфомаға шалдығу Ресейде 100 балаға - 2, 2; Қазакстанда 100-1, 8 ;

Slide 5

Қазақстанның басты қалаларының бірі - Алматыдағы онкодиспансерде 16 мың алматылық тізімде тұр. Оның саны жыл сайын 3000 адамға көбейіп отырады. Жыл сайын 1300-ге жуық қала тұрғыны рак ауруынан қайтыс болады.

Slide 6

ІСІК ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

Ағзадағы қалыпты жасушалар өзіне көршілес жатқан жасушалармен байланыс орнатқанға дейін бөлінеді. Жасушалар арасында қатынас орнағаннан кейін жасушалардың бөліну тоқтайды. Мұны ғылымда жанасып тежелу деп атайды. Ал ісік жасушалары, эмбриондық жасушалар, ішек эпителиі, ми жасушалары бұл заңдылыққа бағынбайды. Еш жүйемен басқарылмайтын пролиферация-ісік жаушаларының айрықша белгісі болып табылады. Сонымен қалыпты жасушалар in vitro шарты бойынша, көршілес жасушалармен жанасқанға дейін бөлінсе, ал ісік жасушаларының бөлінуі шегі шексіз. Мұны төмендегі схемадан көруге болады:

Slide 7 Slide 8

Ісік жасушаларының мембранасының гликопротеидтік құрамы өзгереді-көміртегі тізбегі қысқарады. Жасушада үздіксіз өзге эмбриональды ақуыздар синтезделеді, фосфотирозин мөлшері көбейеді. Бұл жасушаның жанасып тежелу механизмінің бұзылуына алып келеді. Ісік жасушаларының мембранасы өзгереді. Мұны төмендегі суреттен көруге болады:

Slide 9 Slide 10

ІСІК ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ ИНИЦИАЦИЯСЫ.

Кез келген ісіктің пайда болуы жасушадағы ДНК-ның зақымдануынан басталады. Бұл - генетикалық дефект сыртқы канцерогендердің: онкогендік вирустар:(мысалы Эпштейн-барр вирусы), гепатит в вирусы, бензпирен, фенантрен, аминоазоқосылыстар, анилиндік бояғыштар, ароматты қосылыстар, асбест; темекі түтінінен, ультракүлгін сәулелердің, рентгендік сәулелердің әсерінен; ішкі канцерогендердің:стероидтық гормондар(әсіресе экстрагендер) холестерин, витамин Д, алкоголь, триптофанға айналатын өнімдер әсерінен, сонымен қатар, протогендер мен антионкогендердің зақымдалуынан пайда болады.

Slide 11 Slide 12

80 ЖЫЛДАРЫ КӨПТЕГЕН ҒАЛЫМ-ДАР in vitro ЖАҒДАЙЫНДА ДНК - ҒА ГОРМОНДАР ӘСЕР ЕТЕ МЕ ДЕГЕН СҰРАҚТЫ ҚАРАСТЫРДЫ. СОҢЫНДА ЭСТРОГЕНДЕРДІҢ АЛМАСУ ПРОЦЕССІНДЕ ДНК-НЫ ЗАҚЫМДАЙТЫН РЕАКТИВТІ МЕТОБОЛИТТЕР ТҮЗІЛЕДІ ДЕП ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ. ФЕРМЕНТАТИВТІ РЕАКЦИЯ АРҚЫЛЫ МИШЕНЬ-ҰЛПАЛАРДА

ЭСТРАДИОЛ НЕМЕСЕ ЭСТРОНДАРДАН КАТЕХОЛЭСТРОНДАР ТҮЗІЛЕДІ, СОНЫМЕН БІРГЕ БОС РАДИКАЛ, СУПЕРОКСИДТІ АНИОН ЖӘНЕ ЛИПИД ПЕРЕКИСТЕРІН ТҮЗЕТІН

СЕМИХИНОНДАР ТҮЗІЛЕДІ, ОЛАР

ДНК МЕН АҚУЫЗДАРДЫ ЗАҚЫМДАЙДЫ- ІСІК ПАЙДА БОЛАДЫ.

Slide 13

ІСІК ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ.

Қалыпты жасушалардың ісік жасушаларына айналу процесі трансформация деп атайды. Медицинада ісіктің 2 түрін ажыратады: қатерлі, қатерсіз; Қатерсіз ісік дифференциалданған жасушалардан тұрады және соған қатысты баяу өседі. Ал қатерлі ісік тез әрі инвазивті өседі және (екінші реттік ісіктердің пайда болуына әсер етеді) метастаз береді. Ісік жасушаларының көпшілігі дифференциалданбаған, олардың қасиеттері эмбриональді жасушалардың қасиеттеріне ұқсас келеді және шектеусіз бөлінеді; оладың жасушалық мембранасы өзгерген, сол себептен олар жанасып тежелуге бейімсіз. Ісік жасушаларының цитоқаңқасының формасы өзгерген, сондықтан олар дөңгелек пішінді, олар көлемі мен формасы әр түрлі ядролардан тұрады.

Slide 14 Slide 15

ІСІК ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ ПРОМОЦИЯСЫ МЕН ПРОГРЕССИЯСЫ.

Ісік жасушасының промоциясы - бұл зақымданған жасушалардың түрлі инициаторлық факторлар арқылы көбеюі. Мұндай процесс жылға созылуы мүмкін. Ісіктердің көбеюіне протеинкиназа С-ның активаторы болып табылатын форбол эфирі әсер етеді.

Жасуша прогрессиясы-бұл қатерлі ісік жасушаларының көбею процесі, метастаз беруі. Метастаз процесі - жасушалардың гематогендік, лимфогендік жолмен барлық организмге жайылуы және ісік ошағын тудыруы.

Slide 16

ІСІК АУРУЛАРЫН ЕМДЕУ ЖОЛДАРЫ:

Химиотерапия- қазіргі кезде ісік жасушаларының бөлінуіне қарсы дәрілер қолданылады. Дәрілер жасушадағы ДНК дупликациясын тоқтатады, алайда ағзада интенсивті және тез бөлінетін сау жасушалар да бар, мысалы ішек эпителиі. Сондықтан дәрілер мұндай жасушаларды да зақымдайды, химиотера-пия аяқталған соң, сау жасушалар калпына келеді.

Slide 17

GA-40

Ісік ауруларын емдеуде қолданылатын препараттар-дың бір түрі - GA-40 . Препарат 2-түрлі жолмен әсер етеді:

1) некроздық жолмен, яғни бүкіл ағзаның дәнекер және эпителиалды ұлпаларындағы ісік жасушаларына тікелей әсер етеді.

2) жолы ісікке қарсы иммунитті активтендіру арқылы

ісік жасушаларының регрессиясына, метастазға әсер етеді, ауру сезімін төмендетеді, науқастың өмір сүру ұзақтығын арттырады.

Бұл препарат ісік ауруының 3-4 сатысында 2 жыл зерттелуден өткен. Зерттеу қорытындысы бойынша:

12%- ісік жасушаларының регрессиясы,

33%-метастаздың, ісік ошағының 25% -50 % жойылуы,

46%-ісік баяу ғана өсуі,

9%-эффект бермеуі анықталған.

Препаратты қабылдау ісіктің қатерлі кезеңінде жылына 12 курсқа дейін, арасына 10 күн салып өтеді.

Slide 18 Slide 19

Радиотерапия. Сәулелену- рак жасушалары-ның генетикалық материалын зақымдай отырып, өлтіреді. Сәулеленуге гамма-сәулеленуді, нейтрондарды, электрондарды қолданады.


Ұқсас жұмыстар
АНТИБЛАСТОМДЫ ДӘРІЛЕР
Кеуде мүшелері және сүт бездерінің хирургиялық аурулары
ЯДРОЛЫҚ МЕДИЦИНА
Дисфагия синдромы
Антиблостамды дәрілер. Радиопротекторлар
Пародонт тіндерінің зақымдалуының таралуы мен қарқындылығын бағалау
Жатыр мойнының ісік алды аурулары
Интервенциялық ядролық медицина
Терінің жұқпалы аурулары
Қатерлі ісік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz