Арнайы мектептегі қазақ тілі әдістемесі жалпы шолу



Мүмкіндігі шектеулі балаларға тілге оқыту әдістемесінің пәні, міндеттері, мазмұны
Орындаған: Қалыбай А. А.
Деф 306 топ
Тексерген: Бекжанова Ж. С.
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Инновациялық білім беру факультеті
Психология және арнайы білім беру кафедрасы

Жоспары
Арнайы мектептегі қазақ тілі әдістемесі жалпы шолу
Қазақ тілін оқытудың арнайы әдістемесі мен міндеттері
Арнайы әдістемеде қолданылатын әдістер

Арнайы мектептегі қазақ тілі әдістемесі басқа әдістемелер сияқты педагогика негіздерінің бірі болып табылады. Ол ақыл-ойы кем тұлғаларды қазақ тіліне оқытудың заңдылықтарын, мақсат-міндеттерін, әдістерін, қағидаларын, құрылымын зерттейді. Қазіргі таңда әр әдістеме жеке ғылым болып табылатыны дәлелденген.

Қазақ тілін оқытудың арнайы әдістемесіне келетін болсақ, оның негізгі мақсаты: ақыл-ойы кем тұлғаларды оқыту, қарым-қатынас құралы ретінде ауызша және жазбаша сөйлеу тілін қалыптастыру. Таным процестерін түзету, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, оқыту мақсаттарына сәйкес және зерттеу пәні ретінде келесі міндеттерді шешеді.
1. Зияты зақымдалған оқушыларға қазақ тілін оқытудың негізгі бағыттарын анықтау.
2. Оқу материалының құрылымын және көлемін ақыл-ойы кем тұлғалар жетік меңгеретіндей етіп қалыптастыру.
3. Қазақ тіліне олқыту кезіндегі жалпы дидактикалық қағидаларды іске асырудың жағдайларын анықтау, берілген пәнді өткізудің арнайы әдістемелік қағидаларын ұйымдастыру.
4. Оқытудың рационалды және продуктивті сипаттамаларын ұйымдастыру, арнайы мектеп оқушыларының кемістіктерін түзету мақсатымен және сөйлеу тілі мен ақыл-ой дамуының жоғары деңгейіне жету үшін арнайы жаттығулар жүйесін ұйымдастыру.
5. Балаларға тіл құралдарымен әсер ету жолдарын іздеу.

Әдістері:
1. Мұғалімдер тәжірибесін зерттеу, өз тәжірибесімен жалпылау. Мұғалім тәжірибесін талдау, қазақ тіліне оқытудың заңдылықтарын анықтау психологиялық негіздеу, заңдылықтардың логикалық қатынастарын қалыптастыру. Белгілі бір әдістемелік концепцияларды шығаруға мүмкіндік береді және ол түгелдей бір курсты оқыту барысында қолданылады. Осылайша ақыл-ойы кемтар тұлғаларды әліппеге дейінгі кезеңге оқытудың теориялық дәлелденген әдістемелік жүйесі қалыптасқан. Кейін бұл әдістеме М. Ф. Гнездилованың еңбектерінде көрініс табады.
2. Педагогикалық эксперимент-бұл әдіс дәлел түрде болатындығымен ерекшеленеді. Экспериментке гипотеза қою алғаш жүреді және ол жұмыс жүргізу барысында дамиды, дәлелденеді. Экперименттің екі түрін ажыратады: а) табиғи - ол қарапайым сынып жұмысы негізінде жүреді;
б) зертханалық - арнайы ұйымдастырылған жағдайда талап етеді.
Эксперименттің нақтылығын, дәлелділігін қамтамасыз ету мақсатымен оған мынадай талаптар қояды:
а) Қорытынды және шығындыларын міндетті түрде белгілеп отыру.
ә) Бақылау сыныбын таңдау, дәстүрлі жағдайларда және тәжірибе жүргізу барысында берілгендерін салыстыру.
б) Тәжірибені бірнеше рет қайталау.
в) Тәжірибенің барысын сипаттайтын нақты құжаттарды дайындау.
г) Жүргізілген әдістің немесе жалпы жұмыстың жүйесін бағалау мақсатымен сәйкес критерийлерді таңдау.

3. Ғылыми зерттеу әдісі ретінде оқушыларды қазақ тіліне оқыту барысында бақылау әдісі қолданылады. Ғылыми дәлелдемелерді бұл әдіс тек ұзақ уақыт қолданған жағдайда ғана нақты нәтиже береді. Осы әдіс көмегімен оқушылар және түрлі топтардың мүмкіншіліктері жайлы мағлұмат алуға болады. Ойын әрекеттерін қолданған кезде оқушылардың белсенділік деңгейін анықтауға болады. Бақылаулардың берілгендері хаттама негізінде жазылады. Бақылау тәжірибе сияқты басқа әдістемелермен бірге қолданыла береді.
4. Ғылыми зерттеулерде бақылаумен қатар балалардың жұмыстарын және құжаттарын зерттеу әдісі де қолданылады. Жазбаша жаттығуларын талдау, шығармаларын, мазмұндамаларын, бақылау жұмыстарын, диктанттарын талдау, оқушылардың жұмысқа деген дайындығын әр сабақ үстіндегі мүмкіншіліктерін анықтауға көмек береді. Балалардың жұмыстарын тексеруін және анамінездік құжаттарын зерттеу жеке топтардың ерекшеліктерін анықтауға және түзету жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Осылайша бірінші, екінші сынып ақыл-ойы кем оқушылардың жазбаша жұмыстарын зерттей келе, оқушылардың сенсомоторлық деңгейі мен қателердің арасындағы байланысты анықтады. Анықталғандар ақыл-ойы кем оқушыларды фонетикалық жазуға үйретуге мумкіндік береді.

5. Ғылыми әдістемелік әдебиеттерді талдау. әдеби құралдарды зерттеу өткен замандағы әдістемеде берілген тақырыптың қандай түрде болғанын білуге мүмкіндік береді. Әдебиетті талдау пәнге арнайы жолдарды табуға көмектеседі. Әдебиетті талдау негізінде және тәжірибенің бар болуы гипотезаға алып келеді. Қазіргі таңдағы әдістеменің негізгі міндеті заңдылықтарды зерттеу негізінде және осы мақсатпен өзіндік концептуалдық жүйені қалыптастыру болып табылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz