Бастауыш сынып окушыларының психологиялық ерекшеліктері
Презентация қосу
Бастауыш сынып окушыларының
психологиялық ерекшеліктері
Оспанбай Мөлдір
Кіші мектеп балалық кезеңі — бұл 7-11 жас арасындағы жеке
тұлғаның әріқарай дара-психологиялық дамуы және әлеуметтік-
адамгершілік сапаларының қалыптасуы процесі. Бұл кезеңге
тән:
— баланың материалдық, коммуникативтік, эмоционалдық
мұқтаждарын қанағаттандыруда отбасы жетекші (доминация)
роль атқарады;
— әлеуметтік-танымдық қызығушылығын дамыту және
қалыптастыруда мектеп жетекші рольді мектеп атқарады;
— отбасы мен мектептің басты қорғаушы қызметі сақтала отырып,
балада ортаның жағымсыз ықпалына қарсы тұра алу қабілеті арта
түседі. Әлеуметтік статустың өзгеруі: оқушыға айналуы. Жас және
педагогикалық психологияда бастауыш мектеп жасының өзіндік орны
бар. Бұл жаста оқу іс-әрекетін меңгереді, психикалық функцияның
еріктілігі құрылады, рефлексия туындайды, өзін-өзі бақылауы
ерекшеленеді, ал әрекет ішкі жоспарға ара-қатынаста болуды
бастайды. Бастауыш мектептің оқу жұмысының әр саласына бейімделу
балада бірден қалыптаспайды, оған біраз мерзім үйренуі керек. Егер
мектеп жасына дейінгі балалардың негізін әрекеті ойын болып келсе,
оқуға кіргеннен кейін оқу іс-әрекеті шешуші рольді атқарады. Осыған
орай баланың психикалық дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Себебі:
ойынға қарағанда оқу талабы бала үшін қиын. Сонымен қатар, жаңа
ортаға үйреніп, мұғаліммен, құрбыларымен қарым-қатынас жасауына
психологиялық көмек қажет
Бастауыш сынып оқушылары көпке дейін тапсырманы қалай
орындаудың тәсілін жақсы білмейді. Олар берілген тапсырманы
жаттап алғысы келіп тұрады. Осылай болуы олардың жаттауға
икемділігінің молдығынан емес, оқуға әлі төселмегендігінен,
қалай жұмыс істеуге ешкім оны үйретпегендігінен
кездеседі.М.М.Мұқанов өзінің «Жас және педагогикалық
психология» еңбегінде бастауыш мектепте тапсырманың
балаларға екі түрлі жолмен берілітінін көрсетті: біріншіден,
берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен
іздестіреді. Екіншіден, тапсырма жауап іздестіру ретінде
берілмейді. Оны орындау үшін соның үлгісі беріледі, мысалы,
тақпақты жаттау үшін соның тексі беріледі. Осы текске өзгеріс
енгізуге рұқсат етілмейді. Сол текске сүйене отырып бала оны
жаттап алады
Қазіргі балалар психологиясының негізгі мәселелерінің бірі –
бастауыш оқушыларының психикасын дамыту мәселесі. Бала
психикасының дамуын зерттейтін констатациялық серияның
міндеттері:
1. Проблемалы жағдайларды шешуді талап ететін
тапсырмаларды жасау.
2. Оқытуға дейінгі сақталу принципінің деңгейін анықтау.
3. Көрнекті көріністің алдында заттарды бағалау мен сөздік ой-
пікірлердің байланысын зерттеу.
К.Д.Ушинский: «…ең кіші сыныптан бастап оқушылардың жасына
қолайлы өзінің жинақталған көзкарасы болуы керек… Әрбір жыл
сайын бүл көзқарастың тереңдетілуі, кеңеюі, толықтырылуы
тиіс» , — деп жазған. Яғни, оқушының танымдық әрекеті оның
дамуындағы басты шарт болатынын анықтады. Ол даму
оқушының танымдық әрекеті арқылы жүреді, яғни, оқушы өзінің
мүмкіндіктерін жүзеге асырады. Педагогикалық —
психологиялық әдебиеттерде білімнің рөлі, білімнің сенімге
айналуы, оқу-танымдық міндеттерді шешуге қажетті оқушылар
көзқарасының мәні, жас ерекшелік және орта әсері
оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастыруға қажетті және
жеткілікті шарттар ретінде беріледі.
И.П.Подласый, 6 жастан бастап 12 жас аралығы танымдық
әрекетті қалыптастыруға және дамытуға өте қолайлы кез деп
есептейді.
Әр жастағы, оның ішінде бірінші сынып жасындағы баланың
психологиялық ерекшеліктері бірден қалыптаспайды, керісінше,
бұл ерекшеліктер баланың бұдан 18 бұрынғы дамуында
жинақталып, оны өз кезегімен дамудың келесі сатысына көшуге
даярлап отырады, Сондықтан бастауыш мектеп мұғалімі
бастауыш сынып оқушысының ерекшеліктерін зерттей отырып,
сол ерекшеліктерді мектепте дейінгі шағында қалыптасқан
ерекшеліктерден бөлек алып қарамайды және бұдан былайғы
даму перспиктиваларын көрмей тұра алмайды.
Бастауыш саты — оқушыда, оның интелектісі дамуының іргетасы
танымдық әрекеті қалыптасуының куатты жүретін кезеңі.
Танымдык түрлерін меңгеру оқушы ойын тәртіптеп, оның белгілі
бір бағыты жүйелі «арнамен жүруін» қамтамасыз етеді; жеке
тұлғаның негізгі психикалық үрдістері қалыптасып, ырықты,
зейін, рефлексия, өзін-өзі бақылау, әрекет амалдың ішкі жоспары
сияқты нысандар пайда болады. Оқушы әр түрлі оқу
тапсырмаларын өздігінен шешіп орындаудың ортақ тәсілдерін,
өз әректін бақылап бағалаудың, нәтижесін эталонмен
салыстыруды меңгереді.
Бала дүниеге келгеннен бастап, оның танымдық әрекетінің
қалыптасуы үздіксіз жүріп отырады. Мектепке дейінгі шақтың
соңында баланың психикасы мектепте оқи бастауға қажетті және
жеткілікті даму дәрежесіне жетеді. Мәселен, жеті жастағы балаға:
1. Сөйлеудің даму дәрежесі, сөз қоры, белсенді және пассивті
сөздігі қажет;
2. Қоршаған дүние жайлы үғымдар қажет;
3. Қажетті іс-әрекет жайлы икемділігі мен дағдылырының
(қарындашты ұстай білу, желімдеу, кесу, сурет салу) дамуы;
4. Іскерлікке өзін жеге білу үстінде көрінетін бала еркінің дамуы,
күрделігіне қарамастан берілген тапсырмаларды ынталана
орындауы, мұғалім қоятын талаптарға бағынуы тән.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz