Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығы


Slide 1

Орындаған: Сүлеймен Нургүл

Топ: 305

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университеті

Жыр құлагері

Slide 2

Мазмұны:

Балалық шағы мен еңбек жолы

Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығы

Ілияс Жансүгіровтің отбасы немесе ұл-қызының естелігі

Қазақ ақыны қалай атылды?

Ілияс Жансүгіров мұражайы мен суреттер топтамасы

Slide 3

Балалық шағы мен еңбек жолы

Ілияс Жансүгіров 1894 жылы 14 мамырда Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Анасынан ерте айырылған ол әке тәрбиесін көріп өсті. Әкесі Жансүгір аз ғана дәулеті бар, ескіше хат танитын, батырлық дастандар, тарихи оқиғалар мен аңыз-ертегілерді жақсы білетін, он саусағынан өнер тамған адам болған.

Slide 4

Ақынның өзі туған жылын былай деп еске алады:"Менің жылымды "жылқы" дейді, онысы 1894 жыл болатын. Жазға салым туыппын. Ел ішінде туған ай, күнді, сағатыңды қайдан табарсың. Анамды аз білемін, төрт жасымда жетім қалдым. Әліпбиден әкем өзі оқытты. Менен басқа бала оқытқан кісі емес. Тек қыстың ұзын түндерінде білтелі шамның жарығында бір шыбықты ала отырып, мені тізеге алушы еді".

Slide 5

1912 жылы күзде Қарағаштағы "Мамания" мектебіне қабылданып, төрт жарым ай оқиды. Бірақ түрлі себепке байланысты оқуын тастауға мәжбүр болады.

Ілияс өзі жайлы жазып қалдырған құнды деректе бала кезінде "сөзге үйірлеу, құйма құлақтау" болғанын айтады.

"Қонақ айтқан әңгіме, балалар айтқан жұмбақ, кемпірлердің ескі күндерін ескеріп айтқандары, қыз-жігіт айтысқан қара өлеңдер, ұрыс-соғыс хабарлары - менің ең ұнатып тыңдаған нәрселерім. Хат білген соң, өлең, кітап оқығыш болдым. Қыз Жібек, хиссаларды қызығып оқушы едім. Мен оқығанда, тыңдамайтын жан болмайтын. Кейін аймағымыздың ауыл бозбаласының өлеңшісі болдым. Жарып той бастап, таңдап әріптес алып айтысып, құтырған күндер өтті. Тойды таңға тарқатпай, ауыл әлеуметін ауызға қаратқан түндер кетті. Домбыра шертіп, жыр оқып, үлкен қариялардан бата алдым", - деп жазған еді Жансүгіров.

Slide 6

Білімге құштар жас Ілияс 1920 жылы Ташкент қаласындағы оқытушылар даярлайтын қазақ-қырғыз институтының екі жылдық курсына түседі. Осы уақыт аралығынжа "Ақ жол" газетінде корректор болып жұмыс істеп, Ғани Мұратбаевтың ұйымдастыруымен "Жас Алаш" газетін шығаруға атсалысады.

1921 жылдың жазында қолына "институт мұғалімі" деген бір жапырақ қағазды алып, ауылына қайтады. Жетісуға оралғаннан кейін, Алматыда шыққан "Кедей еркі" газетіне бір-екі өлеңі басылған.

Slide 7

Осы жылдың күзінде Талдықорған уезіндегі Белтоған ауылдық мектебіне мұғалім болып орналасады. 1923 жылы "Тілші" газетінде қызмет атқарды. Сол заманда жарық көрген "Жетісу әйелі", "Жас қазақ", "Сана", "Шаншар" газет-журналдарына материалдар жіберіп тұрған. Алайда олардың бірі басылса, енді бірі басылған жоқ.

1925 жылы Ілияс Жансүгіров Мәскеудегі журналистика институтына оқуға түседі.

Жансүгіров шығармалық жұмыспен қатар Қазақстан Жазушылар одағын ұйымдастыру ісіне де белсене қатысқан. Бұрынғы ҚазАПП (1926 жылы) таратылған соң, 1932 жылы Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланды. Қазақ әдебиетінің қалыптасуы мен алға басуына осы жылдары көп еңбек сіңірді. 1933-1936 жылдары Қазақ КСР Орталық атқару комитетінің мүшесі болды. 1935-1937 жылдар аралығында көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарды.

Slide 8

Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығы

Қолынан қаламын бір сәт тастамаған Ілияс қазақ әдебиетінде өшпес із қалдырды. Ілиястың ақындық қуатын байқаған қатарласы Бейімбет Майлин өлең жазуды біржола қойып, қара сөзге бет бұрыпты деседі.

Slide 9

Ілиястың Абай өлеңдеріне деген сүйіспеншілігі сонау жігіт шағында байқалған. Бұл туралы ақын өз естелігінде былай жазады:

"Абай артық әсер етті. Ойым ояна бастады. Қайта-кайта тоймай оқи беретін болдым. Өзімде біртүрлі сергектік, сілкініс, жүрегімде жаңалық сездім. Жазуға талабым оянды. Келсе де, келмесе де шұқылап, өмірді өлең қыла бастадым".

Абайдың алғаш баспа бетін көрген кітабын қолға түсіріп, күндіз-түні қолынан тастамаған.

Slide 10

Жыр дүлдүлі Жансүгіров өз дәуірінде Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сияқты Алаш зиялыларымен тығыз шығармашылық қарым-қатынаста болды.

Жансүгіровтың шығармашылығы көп қырлы, алуан сырлы. Поэзия, проза, драма саласында өнімді еңбектенді. Шығармаларына өзі ғұмыр кешкен ортадағы өмір шындығы, тарихи оқиғалар арқау болған.

Slide 11

Жансүгіровтің баспа бетін көрген алғашқы туындылары - "Сарыарқаға", "Тілек" атты өлеңдері. 1917 жылы Семейде шығып тұрған "Сарыарқа" газетінде басылған. 1923 жылы "Сана" журналында "Мерген Бөкен" әңгімесі жарияланды. 1928 жылы "Сағанақ" атты алғашқы кітабы жарық көрді.

Ақынның лирикалық өлеңдерімен қоса, "Жетісу суреттері" "Күй", "Күйші" сынды классикалық шығармалары - ешқашан ескірмейтін, қайталанбас туындылар. Ал "Құлагер" поэмасын оқымаған қазақ баласы кемде-кем шығар.

Slide 12

Жансүгіров "Дала" поэмасында Алтай мен Атырау, Алатау мен Еділ, Шу мен Сыр секілді ұлан-ғайыр өлкені мекен еткен қазақ халқының өмір-тұрмысын, дәстүр-өнегелерін шабытпен суреттейді. Ал "Күйші" поэмасында еркіндік пен құлдық, махаббат пен зұлымдық, өлім мен өмір, күйбең тіршілік пен мәңгілік өнер арасындағы күрес тақырыбы суреттеледі.

Қазақ поэзиясының інжу маржаны "Құлагер" - сюжетті поэма. Шығармаға Ақан сері мен оның тұлпары Құлагер арқау болған. Ақын оқырман қауымды Ақан серімен біраз таныстырып, оған мінездеме береді. Ат жарысын, Құлагердің мерт болуын, серінің қайғы-шерге көмілуін суреттейді.

Slide 13

Ілияс Жансүгіровтің прозалық шығармаларының ішіндегі көлемдісі - "Жолдастар" романы. Мұнда қазақ сахарасындағы еңбек адамдарының тұрмыс-тіршілігін, азаттықты көксеген арман аңсарын, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің дүмпуін суреткерлікпен ашып көрсетеді.

Қаламгер әдебиет сыны мен аударма саласында да өнімді еңбектенді. Пушкиннің "Евгений Онегин" романын қазақ тіліне алғаш рет толық аударған. Сондай-ақ, Лермонтовтың, Горькийдің, Некрасовтың, Маяковскийдің көптеген шығармасын қазақ тіліне тәржімалады.

Slide 14

Ілияс Жансүгіровтің отбасы немесе ұл-қызының естелігі

Суреткер ақын төрт рет шаңырақ көтерген. Бірінші әйелі - Жәмила. Жергілікті байдың қызын Ілиясқа әкесі айттырыпты. Алайда екі жастың отбасылық ғұмыры ұзаққа созылмады. Бұл некеден бала жоқ.

Slide 15

Белтоған ауыл мектебінде сабақ беріп жүрген кезінде, екінші жары Аманшаны кездестіреді. Ілияс Мәскеуге оқуға аттанғанда, Аманша жүкті болған. Бірақ, әйелдің денсаулығы сыр беріп, толғақ кезінде дүние салған. Суыт хабар ақынға жетпеген. Кезекті бір оқу демалысында Ілияс сыйлығын алып, ауылына жол тартады. Жолшыбай Алматыдағы жолдастарымен жолыққан. Сол жерде достары оған Аманшаның дүние салғанын естіртеді. Жан жарының қазасы ақынға ауыр тиген.

Аманшадан кейін Ілияс Жансүгіров Фатима Төребаевамен танысады. Фатима Ілиястан он сегіз жас кіші болған деседі. 1930 жылы 21 ақпанда ақынның тұңғыш ұлы Саят дүние есігін ашты. Одан кейін Сайра есімді қыз өмірге келді. Алайда сәби көп ұзамай шетінеп кетті.

Slide 16

"Әкем Ілияс зор тұлғалы, балуан денелі кісі болатын. Отбасында кішігірім отырыстар болып, қонақтар келгенде әкем жанға жайлы қоңыр даусымен домбыра тартып, ән салатын. Алматы қаласындағы Төлебаев көшесінің бойында орналасқан шағын үйде әкем Ілияс Жансүгіров, анамыз Фатима Төребаева, қарындасым Сайра төртеуміз және атамыз Жансүгір бәріміз бірге тұрғанбыз", - деп еске алған еді Саят Жансүгіров сұқбаттарының бірінде.

Алайда көп ұзамай, ерлі-зайыптының шаңырағы шайқалып, 1932 жылы Ілияс пен Фатима ажырасып кетеді.

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Үш бәйтерек
Ілияс Жансүгіров шығармаларының лексикасы
Ілияс Жансүгіровтің туған жылы
Ілияс Жансүгіров лирикасының көркемдігі, сөз жасамы
Ілияс Есенберлин шығармалары-қазақ халқының тарихи ұлттық санасының қалыптасуының қайнар көзі
Көкшетау І.Жансүгіров
С.Сейфуллин. І.Жансүгіров, Б.Майлин, Ж.Аймауытов, Ғ.Қарашев, Б.Күлеев шығармашылығы
Жүрек концептісінің фреймдік құрылымы
Абай ауданында 1897 жылғы
Ақан сері Қорамсаұлы өмірі мен шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz