КӨРУІНДЕ АУЫТҚУЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ


Slide 1

Көруінде ауытқуы бар балалардың педагогикалық-психологиялық сипаттамасы.

Slide 2

Адам өміріндегі 80% ақпаратты көз арқылы қабылдап алады. Көру қызметі адамға кеңістікті бағдарлау, өзінің қозғалыс аймағын кеңейту, әлеуметтік тәжірибесін байыту сияқты құндылықтарды меңгеру үшін өте қажет. Ал, осы көру функциясы бұзылуының нәтижесінде балалардың даму мүмкіндігі шектеледі.

Slide 3

ТИФЛОПЕДАГОГИКА

Арнайы педагогикада көруі бұзылған тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесін зерттейтін ғылымды - тифлопедагогика деп атайды.

Тифлопедагогика грек сөзінен алғанда «tiflus» - соқыр деген мағынаны білдіреді, педагогика-тәрбиелеймін деген мағынада. Көруі бұзылған тұлғалар, соқырлар және нашар көретіндер тұлғалар арнайы педагогикада психоденелік бұзылысты қамтиды. Бұларда көріп қабылдаудың шектеулілігі анық байқалады. Болу себептері көруі бұзылған тұлғалардың бұзылу себептері мынандай:туғаннан соқыр, көруі бұзылған, жүре бара пайда болу.

Туғаннан ішкі даму жағдайы тұқым қуалаудан, зақымдану әсерінен созылмалы ауруға шалдығудан болады.

Slide 4

Педагогикалық білім және тәрбие

Көру ақаулығы бар балаларды мемлекет жүйесінде арнайы білім беру және тәрбиелеу аркылы ерекше қажетті жағдайда білім беру, оқыту барысында принциптер негізінде іске асыралады.

Арнаулы оқытудың өзіндік принциптерімен ерекше келген міндеттері негізінде тәрбиелеп және оқыта отырып түзетуге бағыттала отырып, жүргізіледі. Сондықтан да соқыр және көзі нашар балаларды оқытуға арналған мектепк елесі қызметтерді орындайды:

- оқу -тәрбие, түзету, дамыту, санитарлық-гигиеналық, емдеу -қалпына келтіру әлеуметтік-бейімделу, бағдарлау.

Мұндай тұлғадағы балалардың психикалық дамуының қалыптасуы ең алдымен білім беруге байланысты болып келеді.

Slide 5

Оку кластары мен болмелері арнайы жабдықталып санитарлық-гигиеналық жағдай қүрылады, емдеу жұмыстары ұйымдастырылады. Түлектерді әлеуметтік -еңбек бейімделулігі жұмысты күшейту . Көруі бұзылған балаларды арнайы мектептерде оқытып, білім береді, арнайы дәптерлер пайдалану, бір орында парталармен қамтамасыз ету. Көру обьектілерің көзден белгілі бір орақашықтықта орналастыру ескеріледі.

Арнайы мектеп 3 сатыдан тұрады:

1-бастауыш;

2-негізгі;

3-орта мектеп сатысы.

Бастауыш мектепте - көріп қабылдауын, түйсінуін дамыту, логопедия, ырғақ, әлеум-тұрмыстың бағдарлау сабағы өтіледі.

Slide 6

Ең бірінші көру мүмкіндігі бұзылған жағдайға, психикалық әрекетіне материалистік мінездеме берген француз ағартушысы Д. Дидроның «Көретіндерге көру мүмкіндігі нашарлар жайлы насихат хат» атты оқулығында, ал одан алдындағы әйгілі «энциклопедиясында» көру мүмкіндігінің бұзылуы жайлы қарастырған. Д. Дидроның еңбектері қоғамның көру мүмкіндігі шектеулі адамдарған деген көзқарасын өзгертіп, олардың міндетті түрде арнайы білім алу қажеттігін дәлелдеді. Көру мүмкіндігі шектеулі адам қараңғылықты сезбейді және түнекте өмір сүремін деп ойламайды. Психологиялық жағынын алғанда көру мүмкіндігі шектеулі адамдар шынында бақытсыздық емес, ол әлеуметтік жайт.

Slide 7

Әдіс түрлері

Ең қарапайым жұмыс - пирамида жинау. Ол баланың үлкен, кіші деген ұғымдарды үйренуіне ықпал етеді. Әрі көру қабілеті төмен балаларда екі қолдың координациясы бірдей жұмыс жасауы міндетті. Жұмыс жасаған уақытта маман баланың артында тұрып, оның қолына өзінің қолын қою арқылы бірге қимылдар жасайды. Сонда науқасқа қабылдау жеңіл болады.

Оқыту барысында тағы бір ескеретін жайт - көру қабілеті нашар балаларға жеміс-жидектерді түсіндіргенде ойыншық муляжды пайдаланғаннан гөрі, шынайы жеміс-жидектерді қолмен ұстатып, дәмін сездіріп, иісін иіскету баланың қабылдауына қолайлы әдіс. Сонымен қатар олармен жұмыс жасағанда нақты негізделмеген «ана қолыңды көтер, мына жақта» деген сияқты ұғымдарды мүлде қолданбаңыздар. Бұны ата-аналар да ескеру керек.

Slide 8

Көру бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктері.

Орта білім алуы төмендегі себептерге:

көрмейтін және нашар көретін оқушылардың танымдық қызметінің ерекшелігіне;

оқу қарқынының баяулығы және жалпы білім беру пәндеріне елестету олқылықтарын толтыру мен оқушылардың қоршаған орта туралы білімдеріне мүмкіндік беретін пропедевтикалық бөлімдерді қосу қажеттілігіне;

көрмейтіндермен ақпарат алудың сукцессивті тәсілін пайдалануына (ұстап көру арқылы ақпарат алуды пайдалану) ;

Брайль жүйесі бойынша жазу мен оқуға үйретудің ерекшеліктеріне; рельефті суреттер және сызбаларды оқуға; тифлоприборларды және бақылау, тәжірибелік және лабораториялық жұмыстар жүргізу барысында кеңістікте бағдарлай алуға арналған құралдарды пайдалану қажеттілігіне байланысты.

Slide 9
Ұқсас жұмыстар
Көру қабілеті бұзылған балаларға инклюзивті білім берудегі ерекшеліктері мен кездесетін қиыншылықтарды шешу жолдары
Психикалық дамуында ауытқуы бар балалар
Арнайы психология
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БҰЗЫЛУЛАРЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық - педагогикалық коррекциялық қолдау
Мүмкіндігі шектеулі балалар категориясы
Психикалық дамуында кемістігі бар балалар
Ата - аналарға арналған психологиялық кеңес беру пункті жұмысын ұйымдастыру
Психологиялық-педагогикалық коррекция пәніне кіріспе
Италияның білім беру жүйесі 1971 жылы Италияда ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беретін мектепте оқыту құқығы туралы бірінші
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz