Сыныптан тыс және мектептен тыс экологиялық тәрбие: ұйымдастыру ерекшеліктері мен міндеттері


Slide 1

Экология мәселері бойынша мектептен тыс және сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру

Қазіргі таңда оқушыларға экологиялық білім беру мен тәр-биелеуді ұйындастыруда мектепте жүргізілетін сыныптан және мектептен тысжұмыстардың орны ерекше. Оқушылардың са-бақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары көбіне сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл жұмыс мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра жә-не тереңдете отырып, ең алдымен, балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың белгілі бір нәр-сеге кызығуы мен ынтасын оятудың құралы ретіиде ол оқушы-лардың бос уақытын ұйымдастырудын формасы болып табыла-ды және олардың адамгершілік мінез-құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың, адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қа-лыптастырудың негізі ретіндс кызмет атқарады.

Slide 2 Slide 3 Slide 4

Сыныптан тыс жұмысқа сабактан бос кезінде жүргізілетін, тәрбие мен білім беру сипатында ұйымдастырылатын мақсаты мен бағыты бар сабақтар жатады. Қазіргі кездс тәрбие жүйесінде мектептен тыс жұмыстар едәуір орын алады. Сыныптан тыс жұмыстардын өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші ерекшелігі, оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жұмыс ерікті негізінде өткізіледі. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттерімен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уакытта өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаратын жұмыстарға қатысады. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі, оның міндетті бағдарламалар көлемімен байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап-тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады.

Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні ондағы қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз уакыт бұрын сыныптан тыс жұмыста өзара сөйлесу және көңіл көтеру формалары басым болып келсе, казір ол қоғамға пайдасы мол бағытқа ие болып келеді.

Slide 5 Slide 6

Сыныптан тыс жұмысқа қойьлатьн талаптардың ең маңыздыларының бірі: оның өмірмен тығыз байланыстылығы. Кез келген үйірменің, ғылыми коғам-ының жұмысы айнала қоршаған өмірмен танысуға және оны гүлдендіруге белсене катысуға себепші болуы тиіс.

Сыныптан тыс экологиялык тәрбие беру бағытында жүргізілетін жұмыстардың түрі өте көп. Бірак, бәрінің де мақсаты - баланы жан-жақты жетілдіру, оның бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастырып оны аялай білуге тәрбиелеу және эстетикалык сезімін дамыту. Тек олардың қай түрін оқушылармен жүргізу керек дегенде міндетті түрде ескерілетін нәрсе: оқушылардың жас ерекшслігі, жүргізілгелі отырған жұмыс мазмұны, тәрбиенің өз мүмкіндіктері.

Бүгінгі күннің негізгі талабы мен мақсаты табиғатты қорғау шаралары. Жас ұрпақты табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу, яғни жас жеткіншектерге экологиялық тәрбие беру. Экология ұғымы табиғат пен тіршіліктің барлық түрінің арасындағы байланысты білдіреді. Олай болса табиғатты қорғау осы экологияның негізі емес пе? Қазіргі таңда көптеген экологияға байланысты жұмыстар жүргізілуде. Мектептерде табиғатты қорғауға байланысты кеш, апталық, дәріс, т. б. өткізу мәселесі өркендеуде. Көптеген өркениетті елдерде экология жеке пән ретінде жүргізіледі, ал біздің оқу жүйемізде экология ғылымының тек кейбір элементтері мен терминдері ғана жаратылыстану пәндерінде қосымша берілуде.

Slide 7
Ұқсас жұмыстар
Мектептен тыс тәрбие жұмыстары: мазмұны, міндеттері және ұйымдастыру формалары
Сыныптан және мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмыстары: ұйымдастыру мен өткізу әдістемесі
Сыныптан және мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысының мақсаттары, түрлері және ұйымдастырылуы
Сыныптан және мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысының әдістемесі: хордағы ән айту мен көпшілік іс-шараларын ұйымдастыру
Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны, міндеттері және ұйымдастыру әдістемесі
Оқушылардың сыныптан тыс музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Сынып жетекшісінің сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдері
Мектептен тыс мекемелер: ұйымдастыру, мазмұны және қызмет бағыттары
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуы және тәрбиелік маңыздылығы
Мектептегі сыныптан тыс музыкалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz