Эмоциялар мен эмоционалды интеллект: анықтамасы, сыртқы көрінісі, сезімдердің амбиваленттілігі және стресс әсері


Slide 1

ТАҚЫРЫБЫ: ЭМОЦИЯЛАР МЕН ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТЕЛЕКТ

Орындаған: УСЕНҰЛЫ СҰЛТАНБИ

Тобы:ТТ-20-1К

Slide 2

Эмоция латын тілінен аударғанда ‘emoveo’, яғни қобалжу деген мағынаны білдіреді.

Эмоция - бұл адамның айналадағы өмір шындығына және өз басына деген өзіндік қарым-қатынасы.

Эмоция - адамның мінез-құлқына, іс-әрекетіне, пікіріне қанағаттануы немесе қанағаттанбауынан көрінеді.

Slide 3

Эмоцияның сыртқы көрінісі

Егер біздің эмоционалды жағдайымыз жоғарыласа, онда бұл бізің сыртқы қимыл қозғалысымызға әсер етеді. Қатты абыржу, қорқу немеме ашулану кезінде организмде басқарылмайтын процестердің болатынын барлығымыз байқаған шығармыз? Жүрек соғысы мен тыныс алуы жиілеп, дененің терлеуі байқалады. Адамның өзін-өзі ұстай алу қасиетінде де сыртқы эмоцияның көрінуі әсер етеді. Мысалы: қимыл-қозғалыс шапшаң не баяу болып, дауыстың қатты немесе ақырын шығуы да осыған мысал бола алады.

Slide 4

Эмоция мен сезімнің айырмашылығы. Сезімнің амбиваленттілігі

Сезім - адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қажеттігінен туындайтын және біртіндеп дамып қалыптасып отыратын жан қуаты. Мәселен, достық, адалдық сезімдері, адамда бірден қалыптаса қоймайтын белгілер. Ал, эмоция болса, адамның түрлі органикалық қажеттіліктеріне байланысты оқтын-оқтын туып отыратын, кейде шағын, кейде күрделі, ситуациялы көріністері.

Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар (мимика, пантомимика) жөнді байқалмайды, тұрақты терең әсерлі сезім адам психологиясындағы басты белгілердің бірі, ал эмоция болса мәнерлі қозғалыстарға бай келеді, мұнда адам өзін тек организм тұрғысынан көрсете алады. Адамның жоғары сезімдері - имандылық, интеллектілік, эстетикалық. Жоғары сезімдердің қалыптасуына, адамның өскен ортасы, отбасы, ұжымы елеулі әсер етеді. Осы тұрғыдан алғанда, сезім ми қабығының жұмысынан, ондағы динамикалық стереотип жасалып отыратындығынан тәуелді.

Сезімдердің амбивалентілігі (гр. амбі - жұрнақ, екіжақтықты білдіреді, лат. валентіа - күиі) - тұлғаның кұрделі күйі, сезімдердің және эмоциялардың бір уақытта қарсыласуынан туады; тұлғаның ішкі конфликтсінің көрінуі. Көбінесе жасөспірімдерде өзінің құрбыларымен, ата-аналарымен, мұғалімдерімен қатынасқа түскенде байқалады.

Slide 5

Стресс адамның психологиялық та, физикалық та денсаулығына теріс әсерін тигізеді.

Стресс мінез- құлқын өзгертіп, қорқыныш сезімі, депрессия, невроздар, эмоционалды тұрақсыздық, көңіл- күйдің түсуі, есте сақтаудың нашарлауы, ұйқысыздық, селқостық сияқты психоэмоционалды бұзылыстарға алып келеді.


Ұқсас жұмыстар
Эмоциялар мен сезімдердің жіктелуі, нейроанатомиясы және клиникалық әсерлері
Эмоциялар мен эмоционалдық интеллект: функциялар, реттеу әдістері және теориялық модельдер
Эмоциялар және эмоционалдық интеллект: теориясы, функциялары және реттеу механизмдері
Эмоцияның ұғымы, түрлері және эмоционалды интеллект
Эмоциялар, сезімдер және эмоционалдық интеллект: анықтамалар, түрлері және басқару
Эмоционалды стресс: анықтамасы, түрлері, даму сатылары және алдын алу шаралары
Эмоциялар: рөлдері, қызметтері және эмоциялық интеллект
Стресс: анықтамасы, себептері, кезеңдері және денсаулыққа әсері
Күйзеліс (стресс): анықтамасы, денсаулыққа әсері және жеңу тәсілдері
Эмоциялық интеллект пен эмоционалды күйді басқару: теориялық және практикалық негіздер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz