Фасциолез (бауыр фасциоласы): патологиясы, алдын алу және ветеринариялық-санитариялық бағалау


Slide 1

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы: Фасциолез ауруы

Орындаған:Оразгалиев С. М

Тобы: ВМ-705

Тексерген: Жүзжасарова Г. Е

Slide 2

Жоспар

1. Глоссарий

2. Жалпы түсініктеме

3. Патологиялық өзгерістері

4. Алдын алу жұмыстары

5. Ветеринариялық санитарлық баға

6. Қортынды

7. Пайданылған әдебиеттер

Slide 3

1. Глоссарий

Фасциолез - бауыр фасциоласы әсерінен туындайтын, ішектік құрт ауруы.

Бауырқұрт Fascіolosіs

Ацемидофен - ұсақ кристалды жеңіл қоңыр ұнтақ, дәмімен иісі жоқ, суда ерімейтін, ұзақ уақыт бойы сақтауға төзімді.

Дертил - Ашық сары түстің кішкентай, инелі тәрізді кристалдарынан тұратын тән иісі бар жеңіл сезімтал қосылыс. Іс жүзінде суда ерімейді. Ол этанолдың 110 бөлігінде, эфирде және хлороформда, 1 бөлік диметилформамидпен жақсы ериді.

Slide 4

2. Жалпы түсініктеме

Фасциолез - бауыр фасциоласы әсерінен туындайтын, ішектік құрт ауруы.

Бауырқұрт(Fascіolosіs) - төрт түлік малдың құрт ауруы. Ауруды сорғыш құрттар (фасциола гепатика және фасциола гигантика) қоздырады. Олардың пішіні жалпақ, ұзындығы 20 - 30 мм, ені 8 - 10 мм болады. Ауру, көбінесе, саз-батпақты жерде, өзен-көл жағасында жайылған малда кездеседі. Ауырған малдың нәжісімен ылғалды жерге түскен құрт жұмыртқалайды, одан шыққан дернәсіл судағы ұлуларға немесе су жағасындағы шөптерге жабысады. Мұны мал шөппен қоса жесе не сумен бірге жұтса, бауырқұрт ауруына шалдығады.

Slide 5

3. Патологиялық өзгерістері

Малдың ас қорыту жүйесіне түскен құрт, оның ішегін, бауырын жаралап, өт жолдарына жиналады. Ауру мал арықтайды. Көзі мен аузының кілегей қабықшалары сарғылт тартады. Тамағында, төсінде, буындарында ісік пайда болып, іші кебеді, тышқақтайды.

Slide 6 Slide 7

Сиыр малының фасциолез ауруына шалдыққан бауыры

Slide 8

Фасциолез ауруы

Slide 9

4. Алдын алу жұмыстары

Ауру малды емдеу үшін ацемидофен дәрісінің 10%-тік ерітіндісі, сондай-ақ, дертил, гексихол, төрт хлорлы көміртек, битионол дәрілері қолданылады. Аурудың алдын алу үшін мал жайылымына құрғақ жерлерді таңдап, малды ағынды сумен суғару керек. Бауырқұрттан өлген малдың бауырын жерге көміп залалсыздандыру керек.

Slide 10

5. Ветеринариялық санитарлық баға

Зақымдалған мүшелерді утилизацияға жатқызамыз, не жайып жібереміз. Ал зақымданбаған органдары және ұшасы тағамға бөгетсіз босата береміз. Егер ішкі органның 2/3 бөлігі зақымдалса, онда бүкіл ішкі органды утилизацияға жатқызады.

Slide 11

6. Қортынды

Сонымен фациолез - бауыр фасциоласы әсерінен туындайтын, ішектік құрт ауруы. Бұл ауру тек қана жануарлар ғана емес адамдарда шалдығуы мүмкін екенін білдік. Алдын алу шараларын ескере отырып, ветеринариялық санитариялық баға қоя отырып, фасциолез ауруынан қалай жазылуға болатынын түсіндік. Егер организмнің 3/2 бөлігі зақымданатын болса онда бүкіл органды утилизация жұмыстарына жатқызатын боламыз.

Slide 12

7. Пайданылған әдебиеттер

1. Интернет ресурстар: https://kk. wikipedia. org/wiki/%D0%A4%D0%B0%D1%81%D1%86%D0%B8%D0%BE%D0%BB%D0%B5%D0%B7

http://engime. org/penni-ou-edistemelik-kesheni-mal-sharuashili-onimderin-veterin. html?page=4

http://www. apteka. kurortinfo. ru/spravochnik/02/fatsiolez. html

2. “Иммунология” электронды кітабы(интернет желісінен)


Ұқсас жұмыстар
Құстардағы гистомоноз және ветеринариялық-санитариялық алдын алу шаралары
Балық шаруашылығы өнімдерінің вирустық аурулары бойынша ветеринариялық-санитариялық сараптау, бағалау және алдын алу шаралары
Балық өнімдерін протозойлық аурулармен байланысты ветеринариялық-санитариялық сараптау, санитариялық бағалау, қарсы күресу және алдын алу шаралары
Ара шаруашылығы өнімдерінің ветеринариялық-санитариялық сараптамасы және аралардың бактериалды мен вирустық ауруларына байланысты санитариялық бағалау, алдын алу және күрес шаралары
Шұжық өнімдерін ветеринариялық-санитариялық токсикологиялық бағалау
Жануарлардағы филяриотоздар: клиникалық белгілері, диагностикасы және ветеринариялық-санитариялық алдын алу шаралары
Құс етінің санитариялық-ветеринариялық бағалауы мен жұқпалы ауруларды алдын алу және жою шаралары
Эхинококкоз: анықтау және сою өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау
Зоофилді шыбындардың биологиясы мен ветеринариялық-санитариялық алдын алу және жою шаралары
Инвазиялық аурулар кезінде сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау және бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz