Уақытты тиімді пайдалану: психологиялық маңызы мен практикалық әдістері


Slide 1

Уақытты үнемдеудің психологиялық маңызы.

Уақытты тиімді пайдалану дегеніміз не? Уақытты тиімді пайдалану - ол көп іс атқару емес. Ол өз уақытыңда тиімді және дұрыс пайдалану. Бірақ "дұрыс" деген сөзіміз әр тұлға үшін әрқилы мән береді. Адам баласына шамадан тыс жұмыс істеуден басқа демалыс пен серуенге шығып тұру керек. Сонымен қатар әркімнің өз жеке маңызды істері бар. Біз көп немесе аз жұмыс істеуге, көп немесе аз көңіл көтеруге тиісті емеспіз, біз өз - өзімізбен болуымыз керек.

Slide 2

Уақытты тиімді пайдаланайық!

Ұйқы - уақыт тапшылығын тудыратын негізгі фактор. Уақыт сіздің уысыңызда тұрмайды. Уақытты қалай болса, солай өткізер болсаң үміт артар жол сілтей қоймайды, ал уақытты үнемді пайдаланып, ұлы мақсат жолына құрбан етсең еңбегін еш кетпейді.

Осы турасында «Таңғажайыпты күтпе, таңғажайыпты жаса» деп айтылған қанатты сөз орынды. Сәні мен салтанаты жарасқан жиында сіз үшін ешкім билеп бермейтіні секілді, арманға қол созбасаңыз - өмірдің бекер өткендігі.

Slide 3

Уақытты үнемдеу үшін мен бәріне бірдей үлгеремін деген принциптен бас тартыңыз. Бәріне үлгердім деп жасаған сапасыз дүниеңіз кімге қажет? Оны қайта жасау арқылы бір жұмысты екі жұмысқа айналдырасыз. Өмірге күнде келіп жатқан жоқсыз, ойыңыздағы арманыңыз бен мақсатыңызға жету үшін уақытты тиімді пайдалануды дағды етіңіз. Уақытты тиімді пайдалану дегеніміз - жақсылыққа ұмтылу. Әрбір сағатыңыздың тықылы сіздің өтіп бара жатқан өміріңіз, сіз өз өміріңізге бей - жай қарамайтын боларсыз. ?!Ендеше күн сайын кететін уақытыңыздың бір бөлігін кітапқа арнаңыз, екінші бір бөлігін спортқа дегендей.

Slide 4

Ниет болса болғаны, қалған игі дүниелер табыла кетеді. Күннің шығысынан кештің батысына дейін беріліп жатқан ұзын - сонар сериалдарға қарап, уақытыңызды сарп етпеңіз!

Slide 5

Төмендегі уақытты үнемдеуге септігі тиер кеңестерді оқу арқылы аз мерзім ішінде жақсы нәтижеге қол жеткізе аласыз.

1. Миыңызды артық ақпаратпен шаршатпау үшін барлығын жазып жүріңіз. Жадыңызға сеніп қалмаңыз.

2. Басым талаптар тізімін жасаңыз. Осылайша, қажетсіз істерді екінші қатарға ысырып, бар күшіңізді тек маңыздысына жұмсайсыз.

3. Әр аптаның соңында келер аптаға арнап жоспар құрыңыз. Бір қарағанда, уақытты шығындау болып көрінгенімен, ойдың нәтижелілігін арттырады.

4. Әрдайым өзіңізбен бірге қағаз, қалам алып жүріңіз. Оған ойға келген жақсы идеяларды жазып жүретін боласыз. Немесе диктофонды пайдалануыңызға болады

Slide 6

6. Істі бастамас бұрын парқын танып, жеті рет өлшеп, бір рет кесіңіз. Бірақ, көп ойланбаңыз.

7. Жоспарыңызда өзіңізді дамытатын істер міндетті түрде болсын.

8. Айналысып жүрген ісіңізге саналы түрде баға беріңіз. Сіз өз уақытыңызды не нәрсеге жұмсап жүргеніңізді білуіңіз керек. Әрбір ісіңіз мақсатыңызға жақындатуы тиіс.

9. Уақытты үнемдеуге қатысты кітаптар оқып, оларда жазылғандарды міндетті түрде пайдаланыңыз.

Slide 7

10. Зиянды әдеттеріңіздің қаншалықты көп екенін бақылаңыз. Олар сіздің айтарлықтай уақытыңызды алады. Мұндай әдеттеріңізді тізімдеп, кезекпен арылыңыз. Ең дұрысы - зиянды әдеттерді пайдалысымен алмастыру.

11. Жағымпаздану үшін өзгелердің жұмысына көмектеспеңіз. Осылайша, өзіңізге жұмсауға болатын уақытты шығындайсыз.

12. Мақсатыңызға жету барысында жеткен табыстарыңызды жазып отыратын журнал бастаңыз. Оны үнемі толықтырып, дұрыс бағытта жылжып келе жатқаныңызға көз жеткізіңіз.

Slide 8

13. Барлық істі мінсіз етіп орындаудың қажеті жоқ. Мысалы, Абайдың стилінде жазғым келеді деп, өз өлеңіңізді 20 рет түзетудің нәтижесі болмайтыны анық.

14. Өзіңізге көп жүк артпаңыз. Екінші саптағы жұмыстарды кейінге қалдырып, ең маңызды дегендерін күні бойы отырып жасауыңызға болады.

15. Бәсекелестікпен алданып қалмаңыз. Сіз қазір маңызы жоқ іспен белсенді түрде айналысып кетуіңіз мүмкін. Бұл жағдайда уақытыңызды тиімді пайдаланып жүрсіз деп айта алмаймыз.


Ұқсас жұмыстар
Бос уақытты тиімді пайдалану: сабақ жоспары мен әдістемесі
Оқыту әдістерін тиімді пайдалану: классификациясы және практикалық қолданылуы
Оқу үдерісінде кері байланысты орнатудың тиімді әдістері мен практикалық тәсілдері
Қазақстанда ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану: мемлекеттік саясат, заңнама және практикалық шаралар
Әлеуметтік-психологиялық қақтығыс: манипуляция және тиімді коммуникация әдістері
Уақыттың маңызы және оны тиімді басқару әдістері
Мектепке дейінгі мекемедегі практикалық психологиялық кабинет: қызметтері мен әдістері
Қазақстанның су қорларын қорғау және тиімді пайдалану: экономикалық бағалау әдістері мен ластану себептері
Табиғи ресурстар: түрлері, қорлары және тиімді пайдалану
Қызмет көрсету кәсіпорнының негізгі қорлары: құрамы, бағалау әдістері және тиімді пайдалану көрсеткіштері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz