Көк бөрі
Презентация қосу
Түркі мифтерінің ұқсас
қаһармандары: Көк бөрі
Көк Бөрі–түркі
мифологиясында
ғы киелі
ұғымдардың
бірі. Көк Бөріге
қатысты
әңгімелер ежелгі
үйсін, түркі және
моңғол
аңыздарында
кездеседі.
Көк Бөрі туралы аңыздардың қытай тіліндегі жылнамаларда сақталып қалған
біреуінде тұтас бір халықтың жаугершілік заманда қырылғандығы, батпақ
ішінде аяқ-қолы шабылып, жараланған он жасар бала ғана тірі қалғандығы
айтылады. Ол балаға бір қаншық қасқыр жолығып, емізіп, қанын тоқтатып,
жарасын жалап жазып алады. Бала есейгенше сол қасқырмен бірге тұрған
деседі. Кейін жаулар бала жігітті тауып алып өлтіргенде буаз қасқыр Гаочан
тауының терістігіндегі бір үңгірге барып жасырыныпты. Қаншық қасқыр осы
үңгірде 10 бала босанады. Он ұл есейіп, үйленіп, көбейіп үлкен елге айналады.
Он ұлдың ең күштісінің Ашина есімі олардың жалпы атына айналыпты. Кейін
халық үңгірге сыймайтын болған кезде Ашинаның ұрпағы Асянь-шад деген
елбасы (аңыздың басқа бір нұсқасында Асянь-ше) халықты үңгірден шығарып,
олар түрік деген атпен Алтайды қоныс еткен көрінеді.
«Көк бөрі» аңызы бойынша
фильм:
https://www.youtube.com/watch?v=-1szroYgWH0
Театрландырылған
қойылым
Секен Тұрысбек «Көк бөрі» күйі
https://www.youtube.com/watch?
v=Tp8HLsCX7J0&ab_channel=DombyraTV
а) түпсіз тұңғиық аспан әлемі, әуе,
Құс алған көкке қарар (халық даналығы)
ә) Көк аспан – көк жүзі, аспан күмбезі
б) Көк күмбезі – аспан әлемі
КӨК
в) Киіз үйдің керегесінен т.б. көктейтін түйенің терісінен істелген
таспа, қайыс. Қарап тұрдым керегенің көгінен. (С. Сейтқазин)
г) Заттың көгілдір аспан тәрізді түсі. Бала көкке құмар болады.
ғ) көк бөрі – азулы, адуынды деген мағынаны білдіреді.
М. Жармұхамедовтың «оғыз нама» дастанында «көк» сөзі айрықша
жиі қолданылып бір – бірінен алшақ үш түрлі мәнге ие болып тұр:
А) Заттың сын – сипатын білдіретін кәдімгі «эпитет» түрінде («өң –
шырайы көк еді», «көк жарық түсті», «жарық айнадан көгілдірек»,
«көзі көктен көгірек», «көк бөрі», «көкжал арлан»)
Б) Белгілі бір заттың не кісінің тікелей аты («көк шатырымыз болсын»,
«оқты көкке атыңдар», «Көк – Оғыздың ұлының аты»)
В) Жаратушы, әмірі күшті Алла («көк тәңірі», «көктен көк жарық
түсті», «қыз күлсе, көк тәңірі» мағынасында «тәңірі күлер еді, жыласа
көк тәңірі жылар еді», «көк тәңірге мен өтемін»)
«Көк бөрі», «Көк» - сөздері. Біз үшін киелі, қадірлі, қасиетті. Дәл осы сөз алпыс
екі тамырында қазақтың қаны ойнаған бойындағы ар – намыс пен қазақтың қамын
ойлаған мынау алып даламның төсін емген осы бір құт мекенде өсіп – өнген
«көшпенділер» деп аталған бабалардың көшіне енген бар қазақтың қан жүрегінде
сақталатын, құранның аятындай жатталатын сөз болса керек. Арқадағы Ақорданың
төрінен көкке өрлеген көк байрақпен көгіме арғы тегі Көкбөрі деп саналған қайсар
мінез қазақтың тәуелсіздік қыраны қалықтаған күні туды. Қанша ғасыр өтсе – дағы
көнермеген, тозбаған, айтқан сайын рухыңды қозғаған, тыңдағанда көкірегіңде
намыс оты маздаған дәл осындай құдіретті сөз, қазағымның бүгіні мен ертеңінде
талай- талай жас оттарды маздатып, өшкенімізді жандырып, жоғалғанымызды
іздеуге себеп болары қақ. Жаңа ғасыр таңы тағы атқанда, қазағымды әлем танып
жатқанда, Көкбайрағым көтеріліп аспанға, ынтымақ пен ырысымыз жарасқан бұл
шақтарда көк аспан, ата-баба рухына сиына отырып жахандану көшіне алға
тарқанда Қазақстан елі Евразия ғана емес бүкіл әлемге танымал болды. Көк
байрақтың астында, иманды сөзі аузында, «алла» деген, «көк тәңір» деген ел-
жұртымның берекесі берік, алты ауызы түгел болғай!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz