Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында


Slide 1

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында Орындаған:Мажит М. Ж Тобы:ТОП 20-18

Slide 2

Ұлы Отан соғысы басталуы мен барысы

Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Соғыстың сипаты - Германия тарапына бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды. 1940 жылдың орта кезеңінде - ақ Гитлер командованиесі СССР - ге басып кірудің « Барборосса жоспары » деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты жоспары қысқа мерзім ішінде, яғни « қауырт соғыс » идеясы бойынша соғысты. Және де бұл соғысты 1941 жылдың қараша айында аяқтау тиіс еді.

Slide 3

«Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО - ны « сансыз » көп ұлттың жасанды және « тұрақсыз бірлестігі », өзінше бір « ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат» деп қарастырды. «Россияның кең - байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің саясатымыз, - деді Гитлер өз сыбайластарына, - алауыздық пен жікке бөлінудің кез келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс. Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық - түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.

Slide 4 Slide 5

Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасап «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ - Орал, Түркістан сияқты рейх комиссарияттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді. Фашистер Кеңес адамдарын қырып - жою жолына осылай түсті. Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова : « Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін », - деп әскери комитетке өтініш берді. Республикада 2 млн. - нан астам адам әскери даярлықтан өтті.

Slide 6

Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 - жеке атқыштар бригадасы 30 - дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 - атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды. Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР - нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941 - 1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлектерінің бірі И. Н. Кожедуб үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

Slide 7

Қазақстандықтардың майдан даласындағы ерліктері

Slide 8

Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 атқыштар полкі Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті. Қазақстандықтар жау әскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса, Севостополь, Сталинград түбіндегі, Украина, Белоруссия жеріндегі жанқиярлық қарсылығына қарамастан немістер соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдылыққа ие болды. Оның бірнеше себебі бар еді. Біріншіден, басынан бақайшағына дейін қаруланған, Европаның көптеген елдерін бағындырған жау әскерінің соғыс жүргізу тәжірибесі мол болды. Екіншіден, тұтқиылдан жасалған шабуылға Кеңес әскерлері әзір емес еді. Үшіншіден, Кеңес әскерін қайта құру, қаруландыру тиісті дәрежеде болмады. Төртіншіден, 1939 - 1940 жылдардағы Қызыл Армияны тазалау кезінде әскердің көптеген қолбасшылары, жоғары, орта буындағы офицерлері ұсталып атылып кетті. Осының бәрі Қызыл Армия бөлімдерінің соғыстың бастапқы кезінде үлкен сәтсіздікке ұшырап, мыңдаған жауынгерлерден айырылуына соқтырды.

Slide 9

Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста шықты. Республикада жасақталған 316 - атқыштар дивизиясына Маскваға апаратын негізгі өзекті жолдың бірі - Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар («28 панфиловшы ») тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков «Россия кең - байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» ұранын көтерді. Оның бұл сөзі бүкіл майданға тарады. Кейіннен «28 панфиловшы » ерлігі аңызға айналды. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай - ақ Москва қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Амангелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.

Slide 10

316 - дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші гвардиялық дивизия атағы беріліп, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді. 1942 жылы 3 мамырда 238 атқыштар дивизиясы ұйымшылдығы және ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал 1942 жылы бұл дивизия 30 - гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. Москва шайқасының тарихи маңызы : - Гитлершіл басқыншылардың Москва түбінде талқандалуы жау әскерлерінің рухын түсірді, - Гитлердің қауырт соғыс жоспары «Блицкриг» біржола күйреді, - Қенес армиясы стратегиялық бастаманы қолға алып, түбейгейлі бетбұрыс басталды. - Ленинград шайқасы (1941ж. -1943 ж. -қантар ) . Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. 316-атқыштар дивизиясы (1941 ж. 9 қыркүйек ) және 314-дивизия Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, « өмір жолын » салуға қатысты. Балтық флотындағы «Киров» Қызыл Тұлы крейсерінде 156 қазақстандық шайқасып, ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды. Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар : 1. Партия ұйымдастырушысы Султан Баймағанбетов А. Матросовтың ерлігін қайталап жау дзотын кеудесімен жауып, Батыр атанды. 2. 372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротосының бөлімше командирі Қойбағаров ұрыста неміс траншеяларына бірінші болып кіріп, ержүректілік көрсетті. 3. 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені Дүйсенбай Шыныбеков шайқасты. Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде шайқасты. 314-дивизияның мергендер қозғалысын Солтүстік Қазақстан облысындағы Степан Разин атындағы ауылшаруашылық артелінің бұрынғы колхошысы, қатардағы жауынгер Г. П. Зубков бастады.

Slide 11

Түркістан Легионы

Түркістан легионы - Орталық Азияда туған түркілерден тұратын Вермахттың бөлімі. Кеңес пропогандасы легионның құрылуында Мұстафа Шоқайды айыптаған. Бірақ та кей бір деректерге сүйенсек, мұндай бөлімдерді ашуды немістер 1933 жылдарда-ақ жоспарлап қойған деседі. Негізі, Түркістан Легионы үлкен Шығыс легионының бір бөлігі болатын. Мұны 1941 жылы Мұстафа Шоқайға ұсынады. Бірақ, ол келіспегендіктен Түркістан Легионының басшысы ретінде Уәли Қайюмды сайлайды. Оларды біріктірген негізгі мүдде Түркістанды орыстарды зұлымынан азат ету болды. Бөлім негізінен Қызыл Әскер жағында күресіп жүріп тұтқынға түскен әскерлер мен Еуропа мен Түркияда қоныс аударып кеткен түркі ұлттардан тұрды.

Slide 12

Бұл уақыттарда Түркістан өлкесі 23 жылдан бері КСРО құрамында еді. Түркістан Ресей Империясының құрамында 40 жыл ғана болды. Қолына мылтық ұстап келгендерді жергілікті халық жылы қарсы алмағаны сөзсіз. Көпшілігі жаңа үкіметке қарсы бас көтермесе де, оларды саясатын іштей қолдамайтын еді. Бірақ, 1941 жылдардағы Кеңес пропогандасы өте белсенді түрде жайылып жатқандықтан өсіп келе жатқан ұрпақ жаңа, коммунистік рухта өсіп жатқан болатын. Ал, бұл кезекте Кеңес Үкіметіне қарсы бас көтеру мүмкін еместей көрінетін. Бірақ, үкіметтің қысымымен қоныс аударып кеткендер жергілікті халықтың Кеңес шырмауынан азат болғанын шын жүректен қалайтын еді. Осы адамдар арқылы немістер антикеңестік легиондарды құруда шешім қабылдады. Мақсаты Түркістан Легионының Әскерлеріне Ұлы Түркістан Мемлекетінің құрылуы уәде етілген еді. Сонымен қатар, оның құрамына Орта Азия, Башқұртстан, Еділ бойы, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ және Шыңжаң өлкелері қосылады деп жоспарланған болатын.

Slide 13

ІІ. Дүниежүзілік соғыс кезінде Гитлердің нацистік партиясының басқаруындағы Германияның соғысқұмарлығы Шоқайдың Париждегі күнделікті өмірінің толықтай өзгеруіне себеп болды. Неміс армияларының Польшаны басып алуы Еуропада соғысқа жетелейтін керістікті жағдайдың тууына жол ашты. Мұнымен тек Шоқайдың ғана емес, бүкіл Еуропа елдерінің, әсіресе Германияға көршілес Франция халқының тұрмыс-тіршілігі астаң-кестең болды. Осыған мезгілдес неміс армиясы мен кеңес армиясы жаулап өзара бөлісіп алған Польшаның астанасы Варшавада “Прометей Одағының ” жұмыстарының тоқтап қалуы заңды еді. Алайда әлі соғысқа араласпай бейбіт жатқан Францияның өзінде аласапыран жағдай қалыптаса бастады. Соғыс қаупіне байланысты бұл елдегі босқындардың барлық шығармашылық іс-қимылдары тоқтап қалды. Олардың ішінде Шоқайдың 1929 жылдан бері үздіксіз шығарып келе жатқан “Яш Түркістан ” журналы да бар еді. Жи-жиі Париждегі Ұлттық Кітапханаға барып, әсіресе саяси тарих пен философия туралы кітаптарды оқыды. Осы кітаптар арқылы Германия мен кеңестердің діттеген мақсаттарын және мұнда қаншалықты табысқа қол жеткізе алатындықтарын болжауға тырысты. Әсіресе екі мемлекеттің басшылары, атап айтқанда Гитлер мен Сталиннің әлемдік билік құмарлықтарының адамзатқа қандай ауыртпалықтар әкелетіндігі туралы сауалдың жауабын іздеп шарқ ұратын. Шоқайдың ойынша олардың екеуі де адасқан озбырлар еді. Олар жаратылысынан саясат пен зұлымдықта бір-біріне тең түсетін. Олардың арасындағы дара айырмашылық - біреуінің нацист, ал екіншісінің интернационалист болуы еді. Басқа бір сөзбен айтқанда Гитлер тек неміс халқының атасы, ал Сталин болса халықтардың атасы еді. Шоқай бұлардың бірінің ажалы екіншісінің қолынан болады деген ойда еді. Егер олар әлемді билеу үшін ауызбірлігі жасайтын болса, онда оларға ешкім қарсы тұра алмас еді. Бірақ Шоқай олардың достықтарының өткінші екендігіне сенді.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдарында
Ұлы Отан соғысы жылдарында
Кеңес армияы
Сөз маржан
Соғыс жылдарындағы Қазақстандықтардың қажырлы еңбегі janibek history Қазақстан тарихы
Қазақтың батыр қыздары
Кеңес жауынгерлері
1942 жылдың басы
Одағының Батыры атағын алған қазақтар
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанға шолу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz