Конституциялық құқық негіздері


Slide 1

ДАЙЫНДАҒАН:Бейсембай Айбек ҚР106

Конституциялық құқық негіздері

Қазақстан Республикасының Конституциясы

Slide 2

Конституция -

мемлекеттің Ата заңы.

Ең жоғарғы заңдық күші бар,

барлық заңдардың базасы.

Slide 3

КОНСТИТУЦИЯ

тұрақтылық

Грек тілінен аударғанда

Латын тілінен аударғанда

бекітемін

дегенді білдіреді

Slide 4

ӘЛЕМДЕ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ 4 ТҮРІ БАР

Slide 5

КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

ҚҰҚЫҚТЫҚ

САЯСИ

ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ

Slide 6

КОНСТИТУЦИЯНЫҢ 2 МАҒЫНАСЫ БАР

ҚАБЫЛДАУ НЫСАНЫНА ҚАРАЙ КОНСТИТУЦИЯ

Slide 7

Өркениетті қоғам конституциялық заңдылыққа бағына отырып дамиды.

Мемлекет түрлері көп болса да, олардың бәріне ортақ белгілері болады.

Конституцияда мемлекеттік құрылым түрлері, мемлекетті басқарудың формалары анықталады.

Мемлекеттің жоғары органдарының құрылымы, азаматтардың негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері көрсетіледі.

Мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретінде Конституция бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі болып табылады.

Өзге нормативтік актілердің бәрі Конституцияның ережелеріне негізделіп қабылданды. сондықтан оның басқа нормативтік-құқықтық актілерде кездеспейтін өзіне тән белгілері болады.

Конституция-

мемлекеттің

негізгі заңы

Slide 8

Конституция - қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің негізгі заңы.

Конституцияның мәні мемлекеттің негізгі

заңдылық мүдделеріне, халықтың шын мәніндегі еркіне келуімен және құзіреттілігімен айқындалады.

Slide 9

ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ

Қазақстанның жаңа конституциялық заңының қалыптасу тарихы өзінің бастауын 1990 жылы 24 сәуірдегі «Президенттің қызмет орнын белгілеу туралы» Қазақ КСР-ның заңымен Қазақ ССР Конституциясына өзгеріс енгізу кезеңінен басталады.

Конституциялық заңдардың қалыптасуының екінші кезеңі 1991 жылы 10 желтоқсанда «Қазақ Советтік Социалистік Республикасы атауын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаумен басталады.

Slide 10

ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ

ҚР Конституциялық заңының қалыптасуының үшінші кезеңі 1993 жылы қаңтарда Жоғарғы Кеңеспен жаңа Конституцияны қабылдаумен басталады. Бұл құқықтық акт Қазақстанның мемлекеттік және құқықтық құрлысын жаңаша анықтады. Конституция мемлекеттік егемендік жарияланған кезеңнен бастап қабылданған көптеген құқықтық нормаларды, конституциялық заңдардың принциптері мен идеяларын қабылдады

Slide 11

КОНСТИТУЦИЯНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

Бүкіл территориядағы қолданыстағы акт

Ең жоғарғы заңдық күші бар нормативтік акт

Бүкіл заңның базасы

Slide 12

жазылған

тұрақты

жұмсақ

біртұтас

республикалық

болып табылады

Slide 13

Қазақстан Республикасының алғаш Конституциясы

1993 жылы 28 қаңтарды қабылданды.

Ол Конституция 4 бөлім, 21 тарау, 131 баптан тұрды.

Одан кейін Қазақстан Республикасының Конституциясы

1995 жылы 30 тамызда қабылданып,

5 қыркүйекте сағат 9 күшіне енді.

Ол Конституция 9 бөлім, 98 баптан тұрады.

Slide 14

Сонымен Қазақстан республикасының Конститутциясы (Ата заңы) - республикалық референдумда нәтижесінде қабылданды.

Slide 15

Приамбула

Жалпы бөлім

Негізгі бөлім

Қорытынды бөлімнен тұрады

ҚР Конституциясы

Slide 16

Жалпы ереже

Адам және азамат

Президент

Парламент

Үкімет

Конституциялық кеңес

Соттар және сот төрелігі

Жергілікті мемлекеттк басқару және өзін өзі басқару

Қорытынды және өтпелі ережелер

ҚР Конституциясының құрылымы

Slide 17

Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.

Slide 18

ҚР Конституциясына сәйкес (1 б) Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекітеді.

Slide 19

1-бап

1. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

2. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.

Slide 20

1. Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негiзде алынғанына қарамастан, бiрыңғай және тең болып табылады.

2. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. 3. Республика азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды.

10 бап

АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ

Slide 21

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

13 бап

АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ

Slide 22

Бостандықтары

Адамның жеке бас

бостандығы мен қадірі

Экономикалық

құқықтар

мен

бостандықтар

Әлеуметтік құқықтар

мен бостандықтар

Саяси құқықтар мен

бостандықтар

Slide 23

ПРЕЗИДЕНТ

1. Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға. 2. Республиканың Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi. 3. Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.

40 бап

Slide 24

1. Қазақстан Республикасының Президентiн конституциялық заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.

2. Республика Президентi болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген әрi Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады.

41 бап

ПРЕЗИДЕНТ

Slide 25

ПРЕЗИДЕНТ

3. Республика Президентiнiң кезектi сайлауы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиiс. 3-1. Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі.

41 бап

Slide 26

1. Қазақстан Республикасының Президентi: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн", - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi. 2. Ант беру қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң бәрiнiң қатысуымен өткiзiледi. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгiн өзiне қабылдаған адам Республика Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған күнiнен бастап бiр ай iшiнде ант бередi.

42 бап

АНТ ҚАБЫЛДАУ

Slide 27

3.

- Республика Президентiнiң өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен кезден бастап,

Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.


Ұқсас жұмыстар
Конституциялық құқықтық нормалар
Экономика және Құқық факультеті
Заң ұғымы мен оның түрлері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Құқық негіздері курсының жүйесі, пәні. Мемлекеттің құқықтық категориялары мен негізгі ұғымдары
Қазақстан азаматтарының мәртебесі
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫҢ ЖАЛПЫ
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық негіздері
Азаматтық іс жүргізудің міндеттері мен принциптері
Еңбек құқығының принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz