Жануарлар популяциясы




Презентация қосу
Жануарлар популяциясы
Факультет:География и
природопользования
Кафедра: Картография и
Геоинформатика
Специальность: Геоинформатика
Орындаған: Дулат Нурасыл
Қабылдаған: Жантеева Г.
Популяция (лат. populus — халық, тұрғын халық) —
белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір
түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып
отыратын ағзалар тобы.
Осы топтың популяция болып есептелуі
үшін: тарихи қалыптасқан ареалы және үздіксіз
өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайында өзінің
саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы;
сол түрдің өзге топтарынан қандай да бір табиғи
кедергілермен ажыратылып тұруы; бір немесе
бірнеше экожүйенің құрамына кіріп,
олардағы зат алмасу, энергия тасымалдау
процестеріне қатысуы тиіс.
Топтық бірігу ретіндегі популяция өзіне ғана тән
қасиеттермен қатар әрбір жеке даралардың өзіне тән
қасиеттерге де ие. Топтық ерекшеліктер дегеніміз - бұл
популяциялардың негізгі сипаты. Оған мыналар жатады:
1) жалпы есебі (сан) - бөлінген аумақтағы дарақтардың жалпы саны;
2) тығыздық - популяция мекендеген кеңістіктің ауданына немесе
көлеміне келетін дарақтардың орташа саны;
3) өсімталдық - көбею нәтижесінде уақыт бірлігінде пайда болған жаңа
дарақтар саны;
4) өлім-жітім - белгілі уақыттың бір бөлігінде дарақтар популяциясында
өлгендердің мөлшерін көрсететін көрсеткіш;
5) популяция өсімі - туу мен өлім-жітім арасындағы айырма; өсімнің
пайдалы да, пайдасыз да болуы мүмкін;
6) өсу қарқыны - уақыт бірлігіндегі орташа өсім;
7) жыныстық құрам — берілген популяциядағы еркек және әйел
жынысты дарақтар арақатынасы;
8) жас құрамы - бұл дарақтарды жасы бойынша бөліп тарату.
Арыстан (лат. Panthera
leo) – жыртқыш
сүтқоректілер түрінің
мысық тектес тұқымының
(Felidae) қатарына
кіретін,үлкен мысықтар
тұқым тармағына
(Pantherinae) жататын төрт
пантер (Panthera)
тұқымының бірі.
Жолбарыспен қатар қазіргі
мысық тектес аңдардың ең
ірісі және кейбір
еркектерінің салмағы
250кг-нан асады.
Арыстанның тарихи мекен ету аймағы қазіргіден
әлдеқайда кеңірек болған: ерте орта ғасырда арыстан
Африканың шөлді далалары мен тропикалық
ормандарынан басқа барлық жерінде бар еді, сонымен
қоса Таяу Шығыс, Иран, тіпті кейбір Оңтүстік
Еуропада (мысалы, қазіргі Ресейдің оңтүстігінде,45-
інші солтүстік параллель бойымен көтеріле бере, мекен
еткен) да кездесетін. Солтүстік және Солтүстік-Батыс
Үндістанда арыстан әдеттегі жыртқыш болатұғын.
Алайда адамдардың арыстанның артына түсуі және
мекен ету аймағының құртылуы арыстандардың
Африкада, тек Сахараның Оңтүстігі тарапында ғана
сақталуына әкеліп соқты, қазір олардың мекен ету
аймағы қатты қысқарды. Азияда кішкене популяция
(бірлестік) Гир орманында ғана бар (Үндістанның
Гужарат штатында).
Арыстанның сыртқы көрінісі әртүрлі. Олар
жыныстық диформизм анық байқалатын сирек
жыртқыштардың бірі. Еркектері ұрғашыларынан
үлкен болып қана қоймай, сонымен қатар кейбір
тұқымдарда едәуір дамып, иықтарын, арқасының
кейбір жерлерін және кеудесін жауып тұратын
жалдары да болады. Түсінде сары-сұр түстердің
түрлі реңктері болады, жалы әдетте терімен бір
түстес болады, бірақ қанық тіпті қара да болуы
мүмкін. Арыстанның түрлері көп жағдайда
жалының түсімен анықталады. Жалынан басқа,
денесіндегі жүні қысқа болады, тек құйрығының
ұшында бір шоқ ұзын жүн болады. Арыстан
әдетте саваннаны мекендейді, бірақ кейде бұталы-
ағашты аймаққа немесе орманға да өтуі мүмкін.
Басқа мысық тектес аңдармен салыстырғанда
арыстандар жеке-жеке емес ерекше топтарда –
прайдтарда өмір сүреді. Прайд әдетте туыстас
ұрғашылардан, бірнеше ірі аталықтар мен жас
күшіктерден тұрады. Ұрғашылары бірігіп азық
іздейді, көбіне ірі тұяқты аңдарға шабуыл
жасайды.
Арыстандар популяция санының қайта қалпына
келмейтіндей қысқаруынан қауіпке ұшырау
мүмкіндігі көп түрлерге жатады. Соңғы екі
онжылдықта Африкадағы арыстан саны 30-50%-ға
қысқарды. Арыстанның популяциясы әсіресе
қорғалатын территориялардан тыс жерлерде қауіпке
ұшырау мүмкіндігі көп болып келеді. Санының
азаюының себебі толық зерттелмеген, алайда ең ірі
қауіптеріне мекен ету аймағының жоғалуы мен
адамдар тарапынан браконьерлік жатады.

Ұқсас жұмыстар
Жануарлар экологиясы
Эпидемиялық процесс
Түр аралық байланыс
Трансмиссивтік ауру
Жануарлар дүниесін қорғаудың және пайдаланудың құқықтық режимі
Популяция түсінігі
Клетка культурасы
Өсімдіктер қауымы немесе фитоценоз
БҰЙРАТАУ ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІ ТОБЫ
Қызыл Кітапқа енген түрлердің санын жоғарлатуға арналған биотехниялық шаралар. арналған биотехниялық шаралар. Қарақұйрықтың ҚР-ның оңтүстік аймағында Қарақұйрықтың ҚР-ның оңтүстік аймағында популяциясын ұлғайтуға арналған популяциясын ұлғайтуға арналған биотехниялық шаралар биотехниялық шарала
Пәндер