Спастикалық диплегия




Презентация қосу
ДАМУЫНДА АУЫТҚУЛАРЫ БАР
БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ
СФЕРАСЫ ЖӘНЕ ЖЕКЕ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тірек-қимыл аппараты зақымданған
балалар

«Тірек-қимыл аппараты қызметінің
бұзылуы» деген ұғымға әр түрлі
себептерден пайда болған және әр түрде
көрініс беретін қимыл-қозғалыс
бұзылулары енеді
1. Жүйке жүйесінің аурулары:
- БЦСА;
- полиомиелит;
2. Тірек-қимыл аппаратының туа біткен патологиясы:
- туа біткен жамбастың шығуы;
- қисық мойындық;
- маймақ аяқтық;
- табан деформациялары;
- омыртқа дамуының кемістіктері;
- аяқ-қолдардың кеміс дамуы,
- артрогрипоз (құбыжықтық).
3. Мидың, жұлынның және аяқ-қолдың аурулары мен
зақымданулары:
- полиартрит;
- жұлынның және мидың жарақаттануы;
- қаңқа аурулары (туберкулез, остеомиелит);
- сүйек ісіктері;
- қаңқаның жүйелі аурулары (хондродистрофия (ергежейлік), рахит)
Қимыл-қозғалыс функциясының зақымдану дәрежесіне және
қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасу деңгейіне қарай бұл
категориядағы балалар үш топқа бөлініп қарастырылады:
1) қимыл-қозғалыс қызметінде ауыр бұзылулары бар балалар:
олардың кейбіреулерінде түзу тұру мен жүру, ұстау, өзіне-өзі қызмет
ету дағдылары қалыптаспаған; енді біреулері ортопедиялық
жабдықтардың көмегімен қозғалады, өзіне-өзі қызмет ету дағдысы
жартылай ғана қалыптасады;
2) орташа дәрежедегі қимыл-қозғалыс бұзылулары бар балалар (сан
жағынан ең көбі): балалардың басым көпшілігі өздіктерімен
шағын аралықта жүре алады, ең қажетті, Бірақ
автоматтандырылмаған өзіне-өзі қызмет ету дағдылары
қалыптасқан;
3) жеңіл дәрежедегі қимыл-қозғалыс бұзылулары балалар: олар
бөлмеде де, көшеде де өздіктерімен жүре алады, өзіне-өзі қызмет
ету дағдылары қалыптасқан, бірақ патологиялық күйлер, жүрістің
бұзылуы, зорлық қимылдар сияқты көріністер кездеседі
Тірек-қимыл аппараты зақымданған
балалардың 89% БЦСА бар балалар құрайды.
БЦСА – балалардың церебральды сал
ауруы, бұл жүйке жүйесінің ауыр науқасы.
БЦСА – мидың қозғалыс жүйесінің
зақымдануынан пайда болатын және бұлшық
ет қызметіне орталық жүйке жүйесі
тарапынан бақылаудың болмауымен немесе
жеткіліксіз бақылануымен көрініс беретін
қимыл-қозғалыстар бұзылуының бір тобы
БЦСА-ғы барлық танымдық психикалық
процестердің бірқатар жалпы ерекшеліктері бар:
– церебральды сал ауруына шалдыққан
балалардың барлық танымдық жүйесінің
қызметіне кері әсер ететін белсенді ерікті зейін
бұзылады, зейін бұзылулары қабылдау, ес, ойлау,
қиял және сөйлеу бұзылуларына әкеліп соғады;
– төмен интеллектуалдық қабілеттен және зейін,
ес, қабылдау, ойлау кемшіліктерінен,
эмоционалдық орнықсыздықтан байқалатын
барлық психикалық процестердің тым
сарқылғыштығы (церебро-астениялық көріністер)
көзге түседі
Балалардың ЦСА-ң формалары

ЦСА бар балаларда кездесетін психикалық даму тежелуінің 2 варианты бар:
1. Психикалық даму қарқынының уақытша тежелуі. Дер кезінде жүргізілген мақсатты
коррекция жұмыстары оны түзете алады.
2. Тұрақты жеңіл интеллектуалдық кемшілік. Бұл балалардың ой-өріс дамуында дұрыс
динамика жиі байқалады. Олар материалды меңгере алады. Ой-өріс деңгейі жағынан сау
құрбыларын қуып жетуга шамалары келеді.

Ал кемақылдық дәрежесі қабаттасқан гемиплегия мен атоникалық, астатикалық БЦСА
түрлерінде көзге түседі.

БЦСА бар балаларға эмоционалдық және ерік-жігер саласының әр түрлі бұзылулары да
тән. Балалардың бірінде ол жоғары эмоционалдық қозғыштық, ашушаңдық түрінде
кездессе, енді бірінде ұялшақтық, тежелгіштік, көңіл-күйдің ауыспалылығы эмоционалдық
реакциялардың инерттілігімен байланысты болады.
Кейде оларда эйфория сияқты көңіл-күйдің себепсіз жоғары күйлері болады.
Мінез-құлықтың бұзылуы агрессия, қоршаған ортаға жасайтын кері реакциялардан көрінеді.
Ал кейбір балаларда салғырттық, селқостық, апатия байқалады.
БЦСА бар балалардың жеке тұлғалық қалыптасуында да өзіндік ерекшеліктер болады.
Олардың интеллектуалдық дамуы қалыпты болса да, өзіне деген сенімсіздік, сенгіштік және
жеке тұлғалық жетілмеу тұрмыстық-практикалық ситуацияларда көзге түседі. Бұл өз кезегінде
әлеуметтік бейімделуде қиындықтар туғызады. Өкпелегіштік, тұйықтық сияқты мінездер
міндетті түрде кері әсерін тигізеді.
БЦСА­ның формалары:

1. Спастикалық диплегия.
ми қабығының зақымдануы ми қабығынан келетін импульстың
аяқ-қолға жетуіне кедергі жасайды. Сөйтіп, олар сал болып қалады.
Сал аурулары, диплегия, плегия – бұл бұлшық еттегі қимыл-
қозғалыстың жоқтығы, рефлекстер жолының зақымдануы.
Ал қозғалыс функциясының жартылай бұзылуы – парез деп аталады.
Спастикалық диплегияда орталық қозғалыс нейрондары
зақымданады және органикалық парез немесе сал ауруы дами
бастайды.
Спастикалық диплегияда аяқ-қол қозғалысы бұзылады. Мысалы,
жазу жазу, мозайка құрастыру, қол еңбегімен айналысуда
қиындықтар пайда болады.
Аяқ-қолдың жұптасып зақымдануына байланысты диплегия,
параплегия, тетраплегия т.б. түрлері ажыратылады
Спастикалық диплегия симптомдары бала
өмірінің алғашқы күндерінде-ақ көрінеді.
Баланы шомылдырғанда немесе орағанда
бұлшық еттерінде өте жоғары тонус
байқалады. Ал анағұрлым жеңіл түрлері
тек 5-6 ай шамасында көзге түседі.
Спастикалық диплегия БЦСА-ң ең жиі
кездесетін формасы. Ол 45-50 % балада
болады. Литтл ауруы деп те аталады
2. Қосарланған демиплегия

Бұл БЦСА-ң ең ауыр формасы. Нәресте жаңа
туған кезеңде толық диагностикадан өтеді.
Себебі демиплегия аяқта да, қолда да
болатын ауыр қимыл-қозғалыс бұзылулары.
Мұнда интеллект БЦСА­ң басқа формаларына
қарағанда көбірек зақымданады.
Балалардың интеллектуалдық деңгейі
олигофрен балалардың деңгейімен сәйкес
3. Гемипаретикалық форма
Бұл ми қабығының қимыл-қозғалыс зонасының біржақты
зақымдануымен байланысты. Ол көбінесе энцефалит
науқасының нәтижесінде пайда болады. Энцефалит
кезіндегі бұлшық еттер мен сіңірлердің құрысуы
біртіндеп тоқтайды, бірақ біржақты сал болып қалу қаупі
жиі кездеседі. Ол біртіндеп спастикалық түрге ауысуы
мүмкін.
Арнайы мектептердегі балалардың 20-25%-де кездеседі.
Әрбір үшінші балада олигофрения, дизартрия, ал
жартысында психикалық даму тежелуі кездеседі.
Сіңір рефлекстерінде жоғары патологиялық рефлекстер
көзге түседі. Көз жүйкелерінің зақымдануынан қыли
көзділік пайда болады
4. Гиперкинетикалық форма

Мұнда мидың қабық астылық бөліктері зақымданады, яғни ырықты қозғалыс жасауда
маңызды рөл атқаратын бөліктердің жұмысы бұзылады. Ырықсыз, зорлық қимылдар
– гиперкинездер пайда болады. Гиперкинездер еріктен тыс жасалады, ұйқы немесе
тыныштық жағдайларында жоғалып кетеді. Ал қозғалыс кезінде, шаршау, толқу,
эмоциональдық құбылыстар кезінде күшейіп кетеді. Олар әртүрлі бұшлық ет топтарын
қамтиды. Бет, тіл, мойын, дене, аяқ-қол бұлшық еттерінде болады.
Гиперкинездің формалары
Хореиформдық гиперкинездер дегеніміз – жылдам, интенсивті, үйлесімсіз бұлшық ет
қозғалыстары. Қабақты түю, маңдайды жиыру, көзді жыпылықтату, тілді шығару, аяқ-
қолдың тәртіпсіз қозғалыстары, т.б.
Атетоидті гиперкинездер. Бұл саусақтардың құрт тәріздес ақырын қимылдауы. Кейде
таңдаиды тақылдату, ерін шығару, ауызын қисайту, беймаза түрінде болады.
Хореоатетоидтар – бұл жоғарғы екі форманың қосарланған түрі.
Спастикалық қисық мойындық – бұл мойын бұлшық еттерінің құрысып қалуы,
тартылуы, бас бір жаққа қарай ырықсыз түрде қисаяды.
Гиперкинезі бар балалардың 90%-де сөйлеу тілінің бұзылулары болады. Ал есту
қабілетінің бұзылуы 5-20 % балаларда кездеседі. Мұнда психикалық даму аз мөлшерде
ғана бұзылады. Оқу поцесі мен әлеуметтік бейімделуге қимыл-қозғалыс қиындығы
мен сөйлеу тілінің кемістігі әсер етеді. Бұл балалар арнайы мектептердегі балалардың
15-20 %-н құрайды. Гиперкинетикалық форма таза түрінде өте сирек кезігеді,
көбінесе спастикалық диплегиямен қосарлана жүреді
5. Атоникалық-астатикалық форма
Аталған форма өте төмен бұлшық ет тонусымен сипатталады.
Вертикальдық, көлденең күйдің қалыптасу қиындығы – «астазия»
байқалады. Мұндайда балалардың тепе-теңдік реакциялары
қалыптаспайды. Қозғалыс координациясы бұзылады, тіктелу
рефлекстері жетілмейді. Тепе-теңдік пен қозғалыс
координацияларын
реттейтін мидың мишық жүйесі зақымданады.
Атаксия – қозғалыс координацияларының бұзылуы. Баланың
қимыл-қозғалысы үйлесімсіз, тұрпайы болып келеді. Ал мишық
атаксиясы мақсатты қимыл-қозғалыстың, жүрістің бұзылуымен
сипатталады. Оның бірнеше түрлері бар:
– дененің жүріс кезінде немесе тыныштық күйіндегі тепе-
теңдігінің бұзылуы;
– дисметрия – қимыл-қозғалыстың мақсатпен үйлеспеуі;
– интенсиондық, динамикалық тремор – дірілдеу, зорлық
қимылдарға жатады; әсіресе, жазу кезінде кедергі келтіреді

Ұқсас жұмыстар
Ауру синдромы
В12-тапшылықты анемия
Хош иіс терапиясы
Ішкі аурулар пропедевтикасы
Параличтер - бұлшықет күші жойылу салдарынан ерікті қимылдарды орындай алмау
Ауру ағымы
Жіті тыныс жетіспеушілігі - қанның қажетті газдық құрамы қамтамасыз етілмейтін немесе сыртқы тыныстың компенсаторлық мүмкіндігі нәтижесінде ұсталып тұратын патологиялық жағдай
ТАЗАРТУ КЛИЗМАСЫН ҚОЮ
Шашыранды склероз
Терапевт консультациясы
Пәндер