Гендік инженерияға анықтама




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының
білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім
атындағы мемлекеттік
университеті

Тақырыбы: Гендік инжинерия

Орындыған: Төлеубаева С.
Жоспар
• Гендік инженерияға анықтама
• Гендік инженериядағы тұңғыш тәжірибе

• Гендерді тасымалдайтын векторлар
• Гендерді тасымалдайтын векторларға қойылатын талаптар

• Гендік инженерияның жұмыс кезеңдері
• Қорытынды
КІРІСПЕ

Гендік инженерия ол функционалдық активті генетикалық
құрылымдарды рекомбинаттық ДНҚ молекулалары түрінде
қолдан құрастыру. Гендік иженерияның мәні жеке гендерді бір
организмнен алып басқа организмге көшіру. Бұған рестриктаза
мен лигаза ферменттерінің ашылуы мүмкіндік туғызады.
Рестриктазалар ДНҚ молекуласын белгілі жерлерден жеке
үзінділерге қиып бөлшектейтін ыдыратушы фермент. Қазір
ДНҚ молекуласын бір-бірінен өзгеше 120 жерінен үзетін 500-
ден астам рестриктазалар анықталған. Алынған полинуклеотид
бөлшектерінінің комплементарлық немесе жабысқыш
ұштарны ДНҚ лигазасы – бір-біріне желімдеп реттеп
жалғасытырып қосады.
Гендік
инженерия
Генетикалық инженерия [1] — генетикалық
және биохимиялық әдістердің көмегімен
түраралық кедергілері жоқ, тұқым қуалайтын
қасиеттері өзгеше, табиғатта кездеспейтін жаңа
гендер алу; молек. биологияның бір саласы.
Гендік инженерия әр түрлі организмдер
геномының бөлігінен рекомбинатты ДНҚ
құрастырумен қатар, ол рекомбинатты
молекулаларды басқа ағза геномына енгізіп,
жұмыс істеуін (экспрессиясын) қамтамасыз етеді.
Гендік инженерияға
тәжірибе жасағандар

Гендік инженериядағы тұңғыш тәжірибені 1972 ж. американ
биохимигі Т. Берг (Нобель сыйл. лауреаты) іске асырды. Ол
маймылдың онноген вирусы SV-40-тың толық геномын,
бактериофаг — L геномының бір бөлігін және Е. Colі
бактериясының галактоза генін біріктіру арқылы рекомбинантты
(гибридті) ДНҚ алды. 1973 — 74 ж. Америка биохимиктері С. Коэн,
Г. Бойер, т.б. түрлі ағзалардан бөліп алынған генді бактерия
плазмидасының құрамына енгізді. Бұл тәжірибе басқа
организмдер гендерінің жаңа ағза ішінде жұмыс істей алатынын
дәлелдеді. Жануарлар клеткаларымен жүргізілген тәжірибелерде
бір клетканың ядросын екіншісімен алмастыруға, екі немесе
бірнеше эмбриондарды қосып біріктіруге, оларды бірнеше бөлікке
бөлшектеуге болатыны анықталды.
Герберт Стенли
Т. Берг Коэн.
Бойер

Гендік инженериядағы тұңғыш
тәжірибе жасағандар
Гендік инженерияның
дамуындағы негіз
жетістіктер:

Рестректазалар мен лигазалардың
ашылуы
Генді химиялық және ферменттерді қолдану
арқылы синтездеу әдісі ;

Бөтен генге ие болған клеткаларды таңдап
бөліп алу жолдарының ашылуы.

Бөтен генді клеткаға тасымалдаушы
векторларды пайдалану;
Гендерді
тасымалдайтын
векторлар

Бөтен генді клетка ішіне тасымалдап
алып баратын арнаулы ДНҚ
молекуласын вектор деп атайды.
Гендерді тасымалдайтын
векторларға қойылатын
талаптар

1. Өз алдына репликациялану, яғни клетка ішіне бөтен генді алып
кірген соң клеткамен бірге немесе өзалдына көбейе алатын болуы
керек; немесе вектор клетка хромосомасының құрамына еніп,
онымен бірге ұрпақ клеткаларға беріліп отыруы керек;
2. Трансформацияланған клеткаларды анықтау үшін оның ерекше
генетикалық белгілері болуы керек;
3. Құрамында рестриктазалар үзе алатын нуклеотидтер тізбегі
болуы керек және репликацияға қабілетін жоғалтпауы керек;
4. Векторға орналастырылған бөтен ген оның атқаратын қызметін
бұзбауы керек, ал вектор болса, ол да енгізілген геннің ішінде дұрыс
реттеліп жұмыс істеуін қамтамасыз ететін болуы керек;
5. Вектордың көлемі кішігірім болуы керек.
Гендік инженерияның
жұмыс кезеңдері

Генетикалық инженерия туындау кезінен
бастап ғалымдар қоғамда кейбір зерттеулердің
қауіптілігіне назар аудартты. Мұндай
қорқыныштын туындаған қауіпсіздік пікір 1974
жылы айтылған болатын. Кейін бірнеше сәтті
эксперименттен соң in vitro әдісі арқылы
рекомбинантты молекуланың ДНҚ алынды.
П.Берг бастаған әйгілі молекулярлы биологтар
тобы гендік инженерия эксперименттерін
жүргізуді шектеуге шақырды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Генетикалық инженерия— генетикалық және биохимиялық
әдістердің көмегімен түраралық кедергілері жоқ, тұқым қуалайтын
қасиеттері өзгеше, табиғатта кездеспейтін жаңа гендер алу;
молекулалық биологияның бір саласы. Гендік инженерия әр түрлі
организмдер геномының бөлігінен рекомбинатты ДНҚ құрастырумен
қатар, ол рекомбинатты молекулаларды басқа ағза геномына енгізіп,
жұмыс істеуін (экспрессиясын) қамтамасыз етеді. Гендік
инженериядағы тұңғыш тәжірибені 1972 ж. американ биохимигі Т.
Берг (Нобель сыйл. лауреаты) іске асырды. Ол маймылдың онноген
вирусы SV-40-тың толық геномын, бактериофаг — L геномының бір
бөлігін және Е. Colі бактериясының галактоза генін біріктіру арқылы
рекомбинантты (гибридті) ДНҚ алды. 1973 — 1974 ж. Америка
биохимиктері С.Коэн, Г.Бойер, т.б. түрлі ағзалардан бөліп алынған
генді бактерия плазмидасының құрамына енгізді. Бұл тәжірибе басқа
организмдер гендерінің жаңа ағза ішінде жұмыс істей алатынын
дәлелдеді.
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі

1. Медициналық микробиология:
оқулық/Б.А.Рамазанова(ж.б.).-Алматы: «Print-S», 2010..
2. Шоқанов Н. Микробиология: оқулық/Н.Шоқанов.-
Алматы, 1997
3. Алекшукина А.В. Медицинская микробиология:
учеб.пособие.-Ростов н/Д, 2003. Борисов Л.Б.
Медицинская микробиология, вирусология,
иммунология: учеб.-2-е изд., доп.и перераб.-М., 2001.
4. Борисов Л.Б. Руководства к лабораторным занятиям по
мединцинской микробиологии, вирусологии и
иммунологии: учеб. Пособие.-М., 1993

Ұқсас жұмыстар
Гендік инжинерия
Өсімдіктердің гендік инженериясының негіздері
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалауға кіріспе
Экологиялық биотехнологияның міндеттері
Жасушалардың бөлінуі
Популяциялардың генетикалық құрылымы
Баланың құқықтары
Гендік инженерия
Гендік инженерияның мәні жеке гендерді бір организмнен алып басқа организмге көшіріп орналастыру
Пәндер