Рецептің бөлімдері


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аргарлық- техникалық университеті

«Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институты

Тақырыбы:Жалпы рецептура және оның міндеттері. Фармакопея. Рецептің бөлімдері.

Орындаған:Әтімбетова Аружан

Тексерген:Нұржанова Ф. Х.

Slide 2

ЖОСПАР:

"Жалпы рецептура және оның міндеттері.

Фармакопея.

Рецептің бөлімдері.

Рецептің схемалары.

Рецептің жазылу ережелері.

Қарапайым рецептерді жазу схемалары.

Күрделі рецептерді жазу схемалары"

Slide 3

"Жалпы рецептура және оның міндеттері.

Жалпы рецептура - дәрілердің рецепте жазылу ережелері мен дайындалу және қабылдау тәсілдерін оқытатын дәрі тану ғылымының бір бөлімі. Дәрілік түр - қажетті емдеу немесе алдын алу үшін дәріні қолдануға ыңғайлы етіп беретін түрді айтады. Консистенциясына қарай: •Қатты •Жұмсақ •Сұйық Дәрі-дәрмек - фармакологиялық комитеттің рұқсатымен әртүрлі аурулар мен патологиялық жағдайларды емдеу және алдын алу үшін қолданылатын бір немесе бірнеше дәрілік заттардың қоспасы. Дәрілік зат - дәрі-дәрмек ретінде қолданылатын жекелеген химиялық қосылыс. Дәрілік шикізат -өсімдіктерден, жануарлардан, микробтардан немесе минералдардан алынған дәрілік зат.

Slide 4

Фармакопея (pharmacon- дәрі және poieo - жасаймын деген грек сөздерінен шыққан) . Бұл мемлекеттік кітап; онда аптекада міндетті түрде болуға тиісті дәрілік заттардың тізімі; олардың тазалығын тексеру тәсілдері туралы нұсқаулар, олардың физикалық - химиялық қасиеттері туралы қысқаша мәліметтер, улы және күшті әсер ететін заттардың бір мезгілдік, тәуліктік және ең жоғарғы дозалары туралы мәліметтер, оларды сақтау тәсілдері, кейбір дәрі түрлерін дайындау ережелері және басқа нұсқаулар бар. Сонымен, фармакопея фармоцевт пен дәрігер үшін міндетті заңдардың жыйнағы сыяқты болып келеді. Фармакопеялық комиссия тарабынан фармакоея мезгіл-мезгіл қайта қаралып отырылады.

Slide 5

Фармакопеяға енгізілген барлық препараттар үш топқа бөлінеді:

1) А - тобы - улы заттар (улар - venena) ; олар аузына құлып салынған жеке шкафта сақталады. Улы дәрілік заттар қүйылған шөлмектің сыртындағы қара қағазға ақ түсті әріптермен жазылады. Шкафтардың (сейфтердің) ішкі қабырғасына сақтаулы тұрған улы дәрілік заттардың тізімі мен қанша бар екендігі жазылып қойылуы керек;

2) Б - тобы - күшті әсер ететін заттар (heroica) ; бұлар да құлып салынған жеке шкафта сақталады. Күшті әсер еткіш заттар қүйылған шөлмектін сыртындағы ақ қағазға қызыл түсті әріптермен жазылады;

3) Улы және қатты әсер ететін дәрілік заттардан басқа дәрілер (жай әсер ететін) кәдімгі шкафтарда жалпы ережелер бойынша сақталады. Шөлмектін сыртындағы жазу ақ фонда, қара түсті әріптермен жазылады. Дәріханаларда дайындалған дәрілік зат формаларының жапсырма қағазы (этикетка) да әр түсті болады; ішуге арналған дәрілердің жапсырма қағазы ақ сыртқа қолданылатын дәрілердікі көк түсті.

Slide 6

Медицина мен ветеринарияда тараған, бірақ фармакопеяға кірмеген дәрі қоспалары мануалдар деп аталатын арнаулы тізбеге енгізілген. Мұндай дәрі қоспаларын мануалдық дәрілік қоспалар деп атайды. Оларды аптекадан, немесе атын немесе олардың құрамына кірген жеке заттарды тізіп көрсетіп жаздырып алуға болады.

Slide 7

Рецепт дегеніміз дәрігердің фармацевтке дәрілерді белгілі бір түрде дайындалып ауруға беру туралы жазбаша нұсқауы. Онда дәрінің мөлшері мен қабылдау тәсілдері көрсетіледі. Бұл өте маңызды медициналық және юристік құжат. Рецепт 2005 ж. 3-ақпанда Қ. Р. Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен № 38бұйрыққа сәйкес ережелер бойынша жазылады.

Slide 8

Рецепт арнайы бланкте қатесіз анық жазылуы керек. Қате түзеу рұрсат етілмейді. Бір рецептуралық бланкіде бір ғана дәрі жазылады. Рецептің жарамды мерзімі 7 күнге дейін. Құрамында жай заттары бар рецептер ауруға дайындалған препаратпен бірге қайтарылады. Рецептер анық айқын сиялы қаламмен жазылады. Түзетулер болмау керек. Егер екі немесе бірнеше дәрінің мөлшері бірдей болса, онда тек бір рет соңғы дәріден кейін /аnа- бірдей/ деген белгі қойып жазады. "Аnа" - бәрі бір шамада, тең мөлшерде деген сөз.

Егер дәрігер дәріні фармакопеяда көрсеткен молшерден артық мөлшерде жазғысы келсе, онда ол көрсетілген мөлшердің артынан сөзбен жазып, леп белгісін қояды да, өзіне қажетті мөлшерді жазады. Ал, егер олай көрсетілмесе. улы және күшті әсер ететін заттар дәріханадан жарты мөлшерде беріледі.

Slide 9 Slide 10

Қарапайым рецепт

Емдеу мекемесінің штампы Inscriptio

Рецепттің жазылған күні «___» 2ж. Datum

Жануар Nomen aegroti

Дәрігердің аты - жӛніNomen medici veterinarii

Rp. : (recipe) Praepositio

Calcii gluconatis 0. 6Designatio materiarum

D. t. d. № 6 Subscriptio

S. ішке. 1 ұнтақтан күніне 3 рет. Signatura

Дәрігердің қолы және мӛрі. Nomen medici

Slide 11

Күрделі рецепт

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ветеринарлық клиникасы, Жәңгір хан, 51

31. 03. 2012

Бұзауға

Мал дәрігері Иванов И. И.

Rp. : Natrii salicilatis 12 (basis)

Coffeini - benzoate natrii 2 (adjuvans)

Sirupi simplicis 20 ml (corrigens)

Aquаe destillatae ad 150 ml (constituens)

M. f. mixture

D. S. Ішке. 1 ас қасықтан күніне 3 рет.

Дәрігердің қолы: И. И. Иванов

Мөрі

Slide 12

Рецептің құрамдас бөлімдері:

1. бөлім- Inscription- Кіріспе

2. бөлім- Praeposition- Дәрігердің фармацевке өтініші- қысқаша - Rp-Recipe

3. бөлім-Desiqnation materiarum Дәрігерлік заттардың атаулары

1) remedium basis- негізгі дәрілік зат

2) remedium adjuvans-көмекші зат

3) remedium corrigens- дәмдік заттар

4) remedium constituens- форма түзегіш заттар

4 бөлім- Subscriptio- дәрі жасау және оны босату туралы мәлімет беріледі- / Misce fiat/

5 бөлім- Signatura -тағайындау- /S/

6 бөлім- Nonen medici-дәрігердің қолы

Slide 13

Рецептің түрлері

1. Қарапайым мөлшерленбеген

2. Қарапайым мөлшерленген


Ұқсас жұмыстар
Дәрілік заттардың дозасы
Тәрбие негіздері
Құрамында наркотикалық құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрілік заттармен жұмыс істеуге рұқсат етілген тұлғалардың тізімі
Құрамында наркотикалық заттар, психотроптық құралдар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды сақтау тәртібі
Дәріханада рецептерді қабылдау
Рецептерде дәрілік түрлердің жазылу ережелері
Тағамның шығу тарихынан
Нарықты сегменттеу
Тәрбиенің ұлттық ерекшеліктері
Дәрімен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz