Көрнекілік принципі



Кәсіби оқытудың жүйесі мен принциптері

Жоспар:
1. Педагогикалық процестің мәнін, құрылымын және жобалауын көрсетіңіз. 2. Кәсіби оқыту принципін және оның құрылымын сипаттаңыз.
3. Кәсіби оқыту жүйесіне және оның элементтеріне анықтама беріңіз.
4. Оқушылардың кәсіби оқытылуының негізгі жүйесіне сипаттама беріңіз.
5. Бастапқы кәсіптік білім беру мекемесінің жүйесіне сипаттама беріңіз.
6. Кәсіби білім беруді жүйе деп атауға болама?Белгілерін атаңыз.

Қазіргі қайта құру кезеңінде тұтас педагогикалық процестің мәні өте зор, өйткені осы кездегі қоғамдық-өндірістік қатынастың дамуы оқыту мен тәрбие бірлестігі принципінің толық іске асуын талап етеді.
Орта, жоғары оқу орындары мен мектептен тыс мекемелер жүйесінде білім беру және тәрбие мақсатын жүзеге асыру процесін тұтас педагогикалық процесі деп атайды. Білім беру мен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде әрбір тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестіріп өткізу - оқу-тәрбие процесінің басты шарты.

Педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар коллективі бір жағынан тәрбие обьектісі, екінші жағынан тәрбие субъектісі болады. Осыған орай, оқу тәрбие процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымақтастығы, олардың творчестволық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады. Тәрбиенің субьектілері мен обьектілері арасында әр түрлі байланыстар пайда болады. Мысалы, тәрбиешілер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы, ынтымақтастық немесе бірлестік іс-әрекеті т. б. Мұндай байланыстар педагогикалық процестің табысты болуына игі әсер етеді.


Оқушы - педагогикалық процестің субъектісі. Педагогикалық процестің негізгі белгілері.
Педагогикалық процесте педагог - объект және субъект.
Объект ретінде - тәрбиелік әсерлерге түседі және өзін жетілдіріп отырады.
Бұл үшін оған өзінің диалектикалық ойлауын дамыту, өзіне және тәрбиеленушілерге эмоционалдық қатынас жасай білу қабілеттілігі, өз іс-әрекетіне сынай қарай білу қабілеттілігі қалыптасуы керек.
Субъект ретінде - арнайы педагогикалық білім алады, адам тәрбиесіне қатысты жауапкершілікті мойнына ала алады, дүниетанымы, рухани-құлықтық белсенді қарым-қатынасқа түсу қабілеттілігін дамытады.
Оқушы да педагогикалық процесте - объект және субъект.
Объект ретінде - педагогикалық мақсаттарға сәйкес түрленетін дербестігі бар.
Субъект ретінде - табиғи қажеттіліктері, нышандары, өз қажеттіліктерін, қабілеттіліктерін, қызығушылықтарын, ұмтылуларын түрлендіруге, өзгертуге педагогикалық әсерлерді белсенді меңгеруге немесе қарсы тұруға мүмкіндігі бар.


Педагогикалық процестің жеке дара бөліктері (компонентері) туралы оның теориясын жасаудан біраз бұрын практикада жеткілікті дәрежеде жақсы белгілі болған. Олардың бір бөліктері (мақсат, міндеттері, мазмұны) өзгеру барысындағы қоғамдық өмірге мектептің әлеуметтік тапсырма ерекшеліктеріне байланысты қайта -қайта жаңадан қаралып жетілдіре түседі. Көрсетілген мәселені В. Е. Гмурман, В. С. Ильин, Б. Т. Лихачев және т. б. зерттеген. Г. К. Костюк ұстаздар мен оқушыларды иедагогикалық ироцестің бөліктеріне жатқызады.
М. А Даниловтың көрсетуінше педагогикалық процестің ішкі серпілісі оның негізгі, басты өзегі тәрбиенің мақсаты болады. Жорамалдау бойынша, қандайда болмасын мақсатқа белгілі бір мазмұнды іс-әрекеттер міндеттерін шешу арқылы жетуге болады. Сондықган педагогикалық процестің (әлеуметтік) бөліктеріне ұстаздарды және оқушыларды жатқызған жөн. Бұл педагогикалық процестің адамзатгық факторы болады. Олардың іс-әрекеттерінің бөліктерін (мақсат, міндеттер, мазмұны, құрал, форма, әдістер мен тәсілдер, нақтылы тапсырманың түрі), маңыздылығы олардың оқушыларды оқытудың мәнінің құрамына кіруінде. Сондықтаңда процестің бөліктері «ұстаздар мен оқушылар» жүйесін құрайтын адамдар және олардың іс-әрекетінің бөліктері болды.



Педагогикалық процестің зандылықтары «ұстаздар - оқушылар» жүйе байланысының бейнесі: жүйенің өзінің ішіндегі кейбір жеке қосымша жүйелердің және сыртқы басқа одан жоғары сатыдағы жүйелер байланысы (мектепті қоршаған әлеуметтік орта, қоғам) . Көрсетілген себеп бойынша педагогикалық процестің қызмет істеуінің ерекшелігін (жағдай, байланыс, қатынас көрсететін процестің қасиеті мен оның сапасын), бейнелейтін заңдылықтар анықталады.

Сондықтанда педагогикалық процестін негізгі мынадай зандылықтары болады: - оқу орнының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік экономикалық қажеттілігіне сай болады; - педагогикалық процестің мақсатқа бағыттылығы қоғамның мақсатын көрсетеді, ол әлеуметтік тапсырыс ретінде, білім беру заңдары арқылы талап етіледі; - педагогикалық процесс екі жақгы процесс, ол ұстаздармен оқушылардың, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара әрекетімен байланысты, міндетті түрдегі екі жақты іс -әрекет; - оқушылардың творчестволық белсенділігі мұғалімнің мұқият ойластырған және ұйымдастырылған іс - әрекетінің нәтижесі; - педагогикалық процестің қызметі оның жасалуымен ұйымдастырлуы оқушылар коллективі, соньгмен катар жеке оқушьшардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейлеріне сай келуіне байланысты; - педагогикалық процесс бөліктерінің мағынасы маңыздылығы әртүрлі, олардың бір - біріне бағыныштылығы (иерархия) мен бір - біріне әсері бар; - педагогикалық процесс бір қас қағым сәттік емес ұзақ мерзімге бағытталған; - педагогикалық процестің ішіндегі қосымша жүйелердің ортасы мен өзара қиылысқан бағыттарының әсері көптеген факторларды тудырады, соның ықпалы негізінде ең ақырғы нәтиже қальштасады.

Кәсіби оқыту принципін және оның құрылымын сипаттаңыз.
Оқыту принциптері - мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді. Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я. А. Каменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудық ең басты принципі - табиғатқа сай болу принципі. И. Г. Песталоцци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. К. Д. Ушинский оқытудық халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан қараған. Ы. Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан.

1927 жылғы педагогикалық энциклопедияда педагогика ғылымы мен мектептің жетістіктері жинақталып, "принцип" сөзіне анықтама берілді: мақсаты, құралды таңдауға негіз болатын ой. А. П. Пинкевич ұсынған принциптер: оқытудық өмірмен және қоғамдық еңбекпен байланысы; жас ерекшелігі принципін сақтау; оқытудық белгілі бір жас кезеңіндегі оқушылардың даму деңгейіне сәйкес болуы (оқушылардың күш жігерін дамуға жұмсау, жұмыстың жүйелілігі, шығармашылық - қызығушылықтың басты негізі) ; пән мазмұнының ерекшеліктерін, әдістерін аньщтау. Ол "Оқыту принципін дидактиканың түғырлы ережелері, оқыту процесіне қойылатын негізгі талаптар" - деп тұжырымдалады. Н. Медынский ұсынған принциптер: ғылым негіздерін жүйелі меңгеру; білімді саналы меңгеру; теорияның тәжірибемен байланысы; тәрбие беретін оқыту; оқыту әдістерінің алуан түрі; жалпы және политехникалық білімі. В. Е. Гмурман ұсынған принциптер: оқытудық саналылығы және белсенділігі; оқытудық көрнекілігі; оқытудық жүйелілігі; ғылым негіздерін берік меңгеру. Талданған оқытудық принциптері оқушыларға берік, жүйелі білім беруге бағытталды.







Ынталандыру принципі Бұл принциптің маңызы өте зор. Оқуға, білімге, мұғалімнің жеке басына деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен нысандарына оқушыларда ынта-ықылас болса, олардьщ оқу-таным әрекеті сенімді, ерікті, қуанышты болады. Сондықтан мұғалім, ең алдымен, сабақтарын қызықты, тартымды, әсерлі етіп өткізуге міндетті. Ынталандыру принципі оқушыларға жеке-дара қарауды керек етеді.
Осыған орай В. С. Сухомлинскийдің берген кеңестері мыналар:

1. Балалардың ақыл-ой күштері мен мүмкіндіктері бірдей емес. 2. Оқыту мен тәрбиелеудің барлық заңдарын қолдануға болатын абстрактылы оқушы жоқ: оқушы әрқашан дара, өзінше ерекше. 3. Оқуда барлық мектеп балалары үшін табысқа жетудің бірыңғай алғы шарттары жоқ. 4. Оқу қызметінің берілген сәтінде әр оқушының неге қабілетті екенін аньщтаудық маңызы зор. 5. Оның ақыл-ой қабілетін одан әрі қалай дамытуға болатындығын анықтау маңызды. 6. Оқушыдан мүмкін еместі талап етуге болмайды. 7. Бағдарламада қаралған деңгейге әр оқушы қандай жолмен, қандай кідірістермен және қиыншылықтармен келетінін дұрыс анықтап алу керек. 8. Әрбір оқушының ақыл-ой еңбегінде бағдарламаны қалай нақтылы жүзеге асыру керек. 9. Әрбір баланың күші мен мүмкіндігін ашып, оны ақыл-ой еңбегінде қуанышқа кенелту. 10. Қиын балаларға шамасына қарай ақыл-ой жұмыстарын беру. 11. Әрбір оқушының оқудағы және ақыл-ой еңбегіндегі дара сүрлеуін анықтау керек. Осы сүрлеуді және жақсылық жалынының қызуын сақтау.

Ынталандыру принципінің шарттары:
• жаңа және дәстүрлі емес оқыту нысандарын қолдану; • ділгірлік оқыту; • компьютерлік технологияны қолдану; • интерактивті компьютерлік құралдарды қолдану; • өзара оқыту (жұптық, топтық) ; • білім, іскерліктерді тест сынағы арқылы тексеру; • сыныпта жағымды микроклимат жасау; • мұғалімнің өз пөніне, оқушыларға оң көзқарасы; • оқушылардың оқудағы жетістіктерін көрсету; • білімнің оны ашқан адамдардық тағдырымен байланысы; • оқыту нысандарын және әдістерін тұрлендіру.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz