Мектепке дейінгі балалардың ой-өрісі мен сөздік қорын дидактикалық ойындар арқылы дамыту әдістемесі


Slide 1 Slide 2

Мақсаты:

Балаларға дидактикалық ойын элементтерін үйрету арқылы, ой - өрісін дамыту. Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, балаларды адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелеу.

Балалардың сөздік қорларын молайту, ойынға деген қызығушылығын арттыру.

Балалардың дидактикалық материалдарды қалыптастыруда ойлау қабілеттерін

арттырып, ақыл - ойын дамыту;

Дидактикалық материалды түсіндіру кезінде күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, тақырыпқа сай тәрбиелеу;

Шығармашылықпен байланысты практикалық біліктер мен дағдыларды қалыптастыру, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Slide 3

«Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам

үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында

қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады».

А. С. Макаренко

Slide 4 Slide 5

Заттық дидактикалық ойындар - дидактикалық ойыншықтармен және түрлі

ойын материалдары-мен ұйымдас-тырлады.

Үстел үстінде ойналатын дидактикалық

ойындар - «Лото», «Домино» және тағы басқа.

Дидактикалық ойындар :

Сөздік дидактикалық ойындар.

Slide 6

Ойынды ұйымдастыру үш бағытты қамтиды

ойынға әзірлік

ойынды талдау

ойынды өткізу

Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш

бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.

Slide 7

Дидактикалық ойын сәбилер тобынан басталады. Мұнда жоғары топтарға қарағанда

жеңіл түрлері беріледі, балалар ойланады. Мысалы, бала ойнап отырған машинаның

дөңгелегі нешеу, түсі қандай, кубиктерді түсіне қарай топтастыр, қане «сен көк

кубиктердң әкелші», «үстелге апарып қойшы» т. б. бұл жерде балалар кеңістікті

бағдарлауды үйренеді.

Slide 8

Жалпы және жеке ұғым туралы түсініктерін тереңдету үшін «Жалпы қалай

аталады?», «Жалпы атауын бер»,

«Жеке жеке атын ата» сияқты дидактикалық ойындар ұйымдастырылады.

Мысалы: кесе, қасық, тарелка, шанышқы - «ыдыс- аяқтар», алма, алмұрт, шие- жемістер, қияр, картоп, сәбіз, қызылша- көкөністер т. б.

Slide 9

Ойын : «Формасы ұқсас заттарды тап»

Slide 10 Slide 11

Ойын : «Көлеңкесін тап»

Slide 12 Slide 13

Сюжеттік-рөлдік ойындар мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжеттік-рөлдік ойындардың ерекшелігі - оны балалардың өздері жасайды. Сюжеттік-рөлдік ойында бейнелеу құралы - рөл мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады.

Slide 14

Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т. б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.

Slide 15

Қорыта айтқанда, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да ойын арқылы жүзеге асады.

Ұсынылып отырған дидактикалық ойындардың мақсатына сәйкес шарты нақты көрсетіледі. Бұл ойындарды оқу іс-әрекетінде және оқу іс-әрекетінен тыс уақытта пайдалану арқылы баланың тілін дамытумен қатар ойында өз

шығармашылығымен жалғастыруға, ойын шартын дұрыс орындауға,

белгіі бір нәтижеге жетуге, ұжымдық мақсатқа бағынуға, үлкендер

мен балалар арсында ынтымақтастық қарым - қатынас орнатуға болады.

Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.


Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың ой-өрісін ұлттық ойындар арқылы дамыту
Мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту: әдістемелік тәсілдер мен жаттығулар
Мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамытудағы дидактикалық ойындардың теориясы мен әдістемесі
Мектепке дейінгі балалардың танымдық әрекетін ойын арқылы дамыту
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту: мазмұны мен әдістемесі
Сурет салу арқылы мектепке дейінгі балалардың бейнелеу шығармашылығын дамыту
Мектепке дейінгі балалардың құрылыс, режиссерлік және дидактикалық ойындарының әдістемесі мен тәрбиелік маңызы
Халықтық педагогика негізінде ұлттық ойындар арқылы мектепке дейінгі балалардың тілдік және қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту
Дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Мектепке дейінгі білімде STEM/STEAM технологиялары арқылы балалардың тілдік және ойлау дағдыларын дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz