Бейнелеу өнерінің түрлері


Slide 1

Бейнелеу өнерінің түрлері

Slide 2

«Живопись, сурет, мүсін және сәулет өнердің биік шыңы, барлық ғылымның түп тамыры және живопись түрлерінің жанрлары руханиылықтың қайнар көзі» (Микеланджело)

Slide 3

Бейнелеу өнерінің түрлері

Кескіндеме (живопись)

Сәулет өнері

Сәнді қолданалы өнер

Дизайн

Мүсін (скульптура)

Сурет (графика)

Slide 4

Графика

гавюра

линогравюра

ксилография

литография

офорт

Slide 5

Графика «графо»-жазамын, сызамын, сурет саламын деген сөзінен шыққан. Ал жалпы графика дегеніміз-ақ және қара түстердің негізінде, қатаң сызықтармен салынған сурет. Графика бірнеше түрге бөлінеді. Олар: гавюра, литография, офорт ксилография, линогравюра.

Slide 6 Slide 7 Slide 8

Кескіндеме

Қондырғылы кескіндеме

Монументті кескіндеме

Фреска

Витраж

Мозайка

Әсемдік суреттер

Миниатюра

Slide 9

Кескіндеме - белгілі бір заттың бетіне (кенеп, ағаш, қағаз, т. б. ) бояу арқылы салынатын көркем шығармалар атауы.

Монументті кескіндеме-сәндік кескіндеме (қабырға бетіне, үйдің ішкі төбесіне (плафондар), қабырғасына (панно) салынатын суреттер) ;

Қондырғылы кескіндеме - суреттер, яғни картиналар;

сәндік суреттер (театр, кино көріністерін, ондағы киім үлгілерін әсемдейтін суреттер, миниатюра, т. б. ) .

Суреттің өңін келтіретін бояулардың түрлері мен оны салу әдістеріне қарай да кескіндеме туындылары жіктеледі. Мысалы, майлы бояулы кескіндеме, фреска (кеппеген сылаққа сулы бояумен салынады), асекко (кепкен сылаққа сулы бояумен салынады), темпера, желімді бояумен, балауызбен, сырлы бояумен салынатын суреттер.

Кескіндеменің керамикалық бояумен (тез балқитын әйнек-сырды күйдіріп жапсыратын), силикаттық бояумен (еритін әйнек) салынатын, т. б. түрлері бар.

Мозаика мен витраж да кескіндемемен ұштасып жатады.

Витраж- (фр. vitre, лат. vitrum - шыны) - металл (қорғасын) өзек арқылы бекітілген түрлі-түсті әйнектерден жасалатын ою-өрнекті немесе сюжетті-декоративті композиция.

Кескіндеме туындыларын жасауда акварель, гуашь, пастель, тушь та молынан қолданылады.

Slide 10 Slide 11 Slide 12

Мүсін

рельефті

жұмыр

барельеф

контррельеф

горельеф

Slide 13

Мүсін - Әр түрлі материалдармен дөңгелек көлемді кеңістікте сомдалатын көркем шығарма. (саз, ермексаз, гипс, ағаш, қола, темір, т. б. )

Мүсін жұмыр болады, оны барлық жағынан қарауға болады. Мүсінші өз ойын картинадағыдай тек бір жазықтықта кескіндемей, кеңістікте жан-жағынан бірдей көрінетіндей қып, толық мүсіндейді. Қағаз немесе кенеп бетіндегі суретті біз ылғы бір жағынан бір қалыпында ғана көреміз, ал мүсінді жан -жағынан, әр қалыпта көреміз.

Мүсін, скульптура латынның sculptura, sculpo - деген сөзінен шыққан. Кесу, шабу, жону деген мағынаны білдіреді. Мүсін жұмыр болады, оны барлық жағынан қарауға болады. Мүсіндеудің сызба мен кескіндемеден айырмашылығы - барлық көлемін, пішінін анық көрсетеді. Мүсін өнері ежелден келе жатқан көне өнердің бір түрі болып табылады.

Мүсіндеме негізінен 2 түрге бөлінеді:

жұмыр (мүсінді жан-жағынан түгел көрсету) және рельефті (тегіс заттың бетіне бедер түсіру) .

барельеф (фигураның жартысынан көбі сыртқа шығып тұрады) ;

горельеф(фигураның жартысы сыртқа шығып тұрады) ;

контррельеф (фигура сыртқа емес, ішке кіріп тұрады) .

Slide 14 Slide 15 Slide 16

Сәулет өнері

Көлемді құрлыстар сәулеті

Қала құрылысы

Ланшафтты құрлыстар

Slide 17

Сәулет өнері - үйлер, ғимараттар, көшелер жобалау және оны жасау өнері.

Сәулет негізінен үш түрге бөлінеді. Бірінші көлемді құрылыстар сәулеті. Бұған тұрғызылған үйлер, қоғамдық орындар(мектеп, театр, стадион, дүкен т. б. ) Екінші түрі ланшафтты сәулет. Ол негізінен демалыс орындарының құрылыстарымен байланысты. Бұған скверлер, сонымен қатар сәнді орындықтар, субұрқақтары бар саябақтар жатады. Сәулеттің үшінші түрі қала құрылысы. Бұған жаңадан қалалар мен ауылдар салу немесе қала аудандарын өзгерту жұмыстары жатады.

Сәулет өнері- құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды.

Slide 18 Slide 19

Дизайн

Жарнама

Компютерлік

Тырнақ үлгілеу

Сән үлгілеу

Интерьер

Ланшафтты

Үй тұрмысы бұйымдары

Жиһаз

Slide 20

Дизайн - көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі - әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу. Дизайн 1928 ж. АҚШ-та пайда болды.


Ұқсас жұмыстар
Кескіндеме - белгілі бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын көркем шығармалар атауы
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанралры
Бейнелеу өнерінің терминдері мен түсініктері
Сәндік қолданбалы өнер
Бейнелеу өнерінің әдістемелік негіздері
Бейнелеу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі баланың сезімдік эмоционалдық ортасымен эстетикалық талғамын және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту
Графика өнері
Жауынгерлік жанр
Қазақ өнерінің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz